Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
морф прак КИЛ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
401 Кб
Скачать
☆
  • Жіктеу есімдіктерінің жіктелу ерекшелігіне тоқталып, мысалдармен дәйектеңіз.

    1. Жалғауларын ажыратып, түрлеріне талдау жасаңыз

    1. Әйел ферма меңгерушісіне ілесіп бастырмаға кіріп кеткенде, колхоз председателі шоферіне иек қақты (О.С.). 2. Машинасы түскірдің передний мосты отырып қалып... жаяу жүрмін. Әлгінде исполкомға шақырып жатыр еді (О.С.). 3. Августың ортасында егінге орақ түсті. Таңқыбай отағасының күріштігі өзге звеноларға қарағанда бұрынғырақ піскендіктен, колхоз басшылары ең озық комбайнерлерді әуелі осында жұмсап, қос басында кішігірім митинг өткізді (О.С.). 4. Сестра-хозяйка бұдан әрі қазбалап ештеңе сұраған жоқ. Бірақ осыдан кейін коридорда әрлі-берлі өтіп жүріп, тоқайласып қалсақ, алдымен өзі бас изесіп амандасатын болды. Ал мен, әрине, ақ халат кигеннің бәріне құлдық ұрып, құрақ ұшамын (О.С.). 5. Палатаға қайтып келгесін, серігім бір бөтелке минералды суды басына төңкеріп, сіміріп салды да, пердесі түрулі тұрған терезеден сыртқа көз тастап біраз үнсіз отырды (О.С.). 6. Әдетте документ-қағаздар түстен кейін дайындалушы еді, соған шейін сабырым кетіп коридорда сенделіп жүрмін (О.С.). 7. Ортасында мемлекеттік гербтің белгісі бар, оның үстінен «бес», «бес», «төрт» деп сатылай толтырылған көгершін қанат жиырма бес көк аттестат бәріміздің қолымызда отырды (Ә.Нұрш.). 8. Жақсы семьяға қызығуға, сондай семьям болса-ау деп арман етуге болады ғой (Ә.Нұрш.). 9. Алтайдың кенін қайдан кездестірмейміз елімізде. Алтай кені – космоста самғаған корабльдерде! Алтай кені – жасанды спутниктердің денесінде! Аспанда шарықтаған «Ил-18» сияқты самолеттерде де Алтай кені! Мен осыдан екі-үш жыл бұрын Москваға ұшып бара жаттым, ағай. Самолет Свердловскіге қонғанда, мен оның қанатынан сипадым (Ә.Нұрш.). 10. – Бәрі де дачамыздан әкелінген тамақтар, базардан сатылып алынғаны жоқ, - дегенді өте бір мақтанышпен айтады, - біз қазір ара-тұра болмаса, магазин дегенге бармаймыз, бәрін де жерден өндіреміз (Ж. Ж.).

    Глоссарий.

    Жалғаулар – сөйлемдегі жеке сөздерді өзгертіп, түрлендіру арқылы оларға белгілі грамматикалық мағына үстейді.

    Тәуелдеу категориясы – иеленуші үш жақтың біріне белгілі бір заттың меншікті екенін білдіретін грамматикалық категория.

    Блиц-тест

    1. Сөздердің септелуінің екі түрі: а) жай, күрделі септелу в) тәуелді, қарапайым септелу. С) жай, тәуелді септелу д) ілікті, себепті септелу е) ықшам, толық септелу

    2. Жай септелудің сұрақтары: а) кімінде, кімде в) кімінің, несіне? С) кіміне, кімінен? Д) кімді, неде? Е) кімімен, кімнен?

    3. Тәуелді септелген сөзді табыңыз:

    А) басшыға в) басшылықтың с) басшысында д) басшылықпен е) басшыдан

    1. Ілік септіктің тұлғасы: а) –ны, -ні в) –нікі,-дікі с) -ының, -інің д) –дың, -тың е) -тіңде, - тыңда.

    2. Ілік септіктің қосымшасыз қолданылуын табыңыз: а) мал базар в) мал қорасы с) мал-мүлкі д) малының басы е) біздің мал

    3. Көмектес септіктің тұлғасы

    А) –ман, -бан, -пан в) -ман, -мен с) бен,-пен д) –манан, -менен е) -панан

    1. Көмекші есімді тіркес

    а) ақ пен қызылдың арасында в) барып қайтқан еді с) құлап қала жаздады д) өзімен бірге жүр е) елес емес екен

    Әдебиеттер

    А.Ысқақов.Қазіргі қазақ тілі.Алматы, 1991.

    Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002.

    С.Исаев. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. Алматы, 1992.

    Қосымша әдебиеттер

    С.Хасанова, Т.Әбдіғалиева, Қ.Қасабекова, Б.шалабаев. Кестелі грамматика. Алматы, 1996.

    № 7 практикалық сабақ тақырыбы: Сын есім. Шырай категориясы.

    Сабақ жоспары:

    1. Сын есім.

    Сапалық сын есімдердің мағыналық жағынан, түрлену жағынан өзіндік ерекшеліктері, белгілері. Қатыстық сын есімдердің басқа сөз таптарына қатысы. Қатыстық сын есімдердің сын есімнің категория көрсеткіштерімен түрленбейтін ерекшелігі.

    1. Шырай категориясы.

    Шырай категориясының мағыналық құрамының түрлілігі. Шырай категориясының мағына түрлілігіне морфемдік көрсеткіштердің сәйкестігі. Шырай түрлері топтастыру, жіктеу туралы ғалымдар пікірі. Шырай түрлері: 1) жай шырай, 2) салыстырмалы шырай, 3) күшейткіш шырай, 4) асырмалы шырай. Шырай түрлерінің әрқайсысының мағынасы, жасалу жолдары, әр шырайдың өзіндік тұлғасы. Сын есімнің синтаксистік қызметі.

    Бақылау сұрақтары:

      1. Сын есімнің лексика-грамматикалық сипаты қарай қалай жіктеледі?

      2. Сын есімнің құрылымы жағынана қандай топтарға бөлінеді?

      3. Сын есімнің түрлену жүйесі қандай?

      4. Шырай ұғымның берілу жолдары қандай?

      5. Сын есім семантикалық сипатына қарай қандай топтарға бөлінеді? Мысалдармен дәлелдеңіз.

    8. Сын есімнің шырай категориясы дегеніміз не? Мысалдармен көрсетіңіз.

    Глоссарий:

    Синтаксистік тәсіл – көптік мағынаның сөз тіркесі арқылы берілу жолы.

    Лексикалық тәсіл – тіліміздегі көптік ұғымды біоліретін төздер тобы: жеке-даралап санауға келмейтін заттардың аттары; ру, халық, ұлт, ел аттары, әр қилы жәндіктер, аң, хайуанат атаулары; өсімдік аттары, адамның ішкі құбылыстарынының, дүниелегі сын-сипаттардың, іс-әрекеттердің, күй-жайлардың аттары.

    Морфологиялық тәсіл – көптік мағынаның сөздерге тиісті қосымшалар қосылу арқылы берілу жолы.

    Сапалық сын есімдер – қосымшасыз тұрып, өзінің семантикалық жағынан тікелей заттың сынын білдіретін түбір сөздер.

    Қатыстық сын есімдер – морфемдік құрамы жағынан әр түрлі жұрнақтар арқылы басқа сөз таптарынан жасалатын туынды сөздер.

    Күрделі сын есімдер – тіліміздегі заттың белгісін білдіретін екі немесе одан да көп сөзден құралып, сындық белгіні білдіретін сөздер.

    Сын есімнің шырай категориясы – бір түрлі сындық белгінің ақиқат өмірде түрлі дәрежеде болуын білдіретін сөздер.

    Тапсырмалар:

    1. Сын есімдерді теріп алып, мағынасына, категориясына қарай кесте сызып, топтап жазыңыздар.

    Тұлпардан тұлпар туады,

    Сұңқардан сұңқар туады.

    Асылдан асыл туады,

    Жалқаудан масыл туады.

    Масылдан малбақпас туады,

    Тілазардан қалжақпас туады,

    Таздан жарғақбас туады,

    Сараңнан бермес туады.

    Соқырдан көрмес туады.

    Мылжыңнан езбе туады,

    Қыдырмадан кезбе туады.

    1. Мәтіннен туынды және негізгі сын есімді, сапалық және қатыстық сын есімді теріп алып кесте арқылы көрсетңіз.

    Адырсыз, жотасыз жазық алап,

    Барса, тамда бір гүл тұр солқылдаған.

    Басында үш жеміс бар былқылдаған,

    Бірі-ақ, бірі –қызыл, бірі –сары.

    -Тыңдап ал, мен берейін бірін саған /Абай/

    Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ /Абай/.

    Қар аппақ, бүркіт қара, түлкі қызыл,

    Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға /Абай/

    1. Есімдіктің зат есім, сын есім, сан есімнің орнына жүретін жағдайына бірнеше мысалдар жазыңыздар, олардың түрлену ерекшелігін түсіндіріңіщдер.

    2. Мен, сен, ол деген есімдіктердің қай сөз табының орнына жұмсалатынын айтып, оларды септңіздер де, ондағы өзгерісті түсіндіріңіздер.

    3. Толық морфологиялық талдау жасаңыз

    Жабылған кең желеуіш сықылданып, сол алапта бәрі де жауқазын гүлдей он бес мың отау-шатыр құрылған. Әр шатырдың үстінде әуелеп тұрған гүлге ұқсап, жүздеген жібек жалау желкілдеп тұр. Сол шатырдың ортасында, күңдердің ортасында тұрған ханышадай Ақсақ Темір көрегеннің шатыры тұр. Бұл шатыр төрт бұрышты, кеңдігі жүз адым, биіктігі үш найза (М.Ж.).

    1. Үзіндідегі сын есімдерге жалпы талдау жасаңыздар.

    Енді сол көп қыздардың ішінен бөлініп қалған бір ғана ұзын бойлы, ақ сары қыз бар. Сұлу денелі, ашық нұр жүзді, әсем бой жеткен. Жіңішке қап-қара қасы Абайға алдымен байқалады. Кейбір кішкентай қозғалыстарымен Тоғжанның қасын еске түсірген. Ұзынша боп біткен, үлкендеу келген қоңырқай көздері саналы сияқты. Анда-санда күле қарап, жалт етіп қалғанда, әлдеқандай көп шұғылалы, мол сәуле төккендей болады. Сопақша біткен сұлу жүзінде жұқалаң, әсем қызылы бар (М.Ә.).

    Содан былай бетінде қорасаннан қалған дағы бар бұжыр адамдай кейіпсіз, жаралы жартасты жергілікті жұрт Жүректас атап кетіпті. Ұсқынсыз тастың жүрекке ұқсайтын ештемесі болмаса да, адам баласы қасында барса-ақ, екі сәбидің қосыла соққан жүрек дыбысындай, әлгі жер бүкіл алапатымен дүңк-дүңк етіп, баяу соғып тұрады екен. (С.Ж.).

    Блиц тест:

    1. Сын есімнің тұлғасына қарай жіктелуі.

    А. Дара, күрделі сын есім.

    В. Деректі және дерексіз, жалпы және жалқы есімдер.

    С. Нақты және абстрактілі, жанды және жансыз есімдер

    Д. Жалпы және жалқы, күрделі және дара есімдер

    2. Зат есімнің құрылымы жағынана қандай топтарға бөлінеді?

    А. Туынды және түбір

    В. Күрделі, біріккен

    С. Жалаң, күрделі

    Д. Қысқарған және негізгі

    3. Заттың санын дәл атауды қажет етпейтін көптік ұғымды беретін сөздер

    А. Бірнеше, кейбір, соншалық

    В. Қымыз, бидай, тары

    С. Біршама, көп, қыруар

    Д. Жидектер, гүлдер.

    4. Көптік мағынаның сөздерге тиісті қосымшалар қосылу арқылы берілу жолы .................. Деп аталады.

    А. Синтаксистік тәсіл

    В. Морфологиялық тәсіл

    С. Семантикалық тәсіл

    Д. Лексика-синтаксистік тәсіл

    5. Тәуелдік мағынаны білдіретін жұрнақтар

    А.-к, -қ

    В. –сыңдар, -сіңдер; -ларың

    С.-нікі, -дікі; -тікі

    Д. –мыз; -міз; -ымыз; -іміз

    6. Зат есімнің септік категориясы –

    А. Сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен қарым-қатфынасын, байланысын қамтамасыз ететін категория.

    В. Түркі тілдерінің ерекшелігін білдіретін категория.

    С. Көптік мағынаның сөздерге тиісті қосымшалар қосылу арқылы берілу жолы.

    Д. Көптік мағынаның сөз тіркесі арқылы берілу жолы.

    7. Сын есім семантикалық сипатына қарай

    А.Туынды, негізі

    В.Күрделі, жалаң

    С.Сапалық, қатыстық

    Д. Қатыстық, түбір

    8. Қатыстық сын есімдер –

    А. Морфемдік құрамы жағынан әр түрлі жұрнақтар арқылы басқа сөз таптарынан жасалатын туынды сөздер.

    В. Тіліміздегі заттың белгісін білдіретін екі немесе одан да көп сөзден құралып, сындық белгіні білдіретін сөздер.

    С. Қосымшасыз тұрып, өзінің семантикалық жағынан тікелей заттың сынын білдіретін түбір сөздер.

    Д. Бөлшектеуге келмейтін бір түбір морфемадан тұратын сөздер.

    9. Сын есімнің шырай категориясы –

    А. Қосымшасыз тұрып, өзінің семантикалық жағынан тікелей заттың сынын білдіретін түбір сөздер.

    В. Тіліміздегі заттың белгісін білдіретін екі немесе одан да көп сөзден құралып, сындық белгіні білдіретін сөздер.

    С. Бір түрлі сындық белгінің ақиқат өмірде түрлі дәрежеде болуын білдіретін сөздер.

    Д. Морфемдік құрамы жағынан әр түрлі жұрнақтар арқылы басқа сөз таптарынан жасалатын туынды сөздер.

    Әдебиеттер

    А.Ысқақов.Қазіргі қазақ тілі.Алматы, 1991.

    Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002.

    С.Исаев. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. Алматы, 1992.

    Қосымша әдебиеттер

    С.Хасанова, Т.Әбдіғалиева, Қ.Қасабекова, Б.шалабаев. Кестелі грамматика. Алматы, 1996.

    № 8 сабақ тақырыбы: Сан есім. Сан есімнің синтаксистік қызметі. Сан есімнің мағыналық топтары.

    Сабақ жоспары:

      1. Сан есім.

    Сан есім сөздердің өзіндік ерекшеліктері, оның басқа сөз таптарына ұқсамайтын жақтары. Сан есімнің құрылымы. Дара және күрделі сандар. Күрделі сандардың жасалу ерекшелігі.

      1. Сан есімнің синтаксистік қызметі. Сан есімнің мағыналық топтары.

    Сан есімнің мағыналық топтарының әрқайсысының бір-бірінен мағыналық ерекшелігі, жасалу жолдары, зат есіммен тіркесте қолданылуы мен зат есім тіркесінсіз қолданылуы, түрлену мүмкіндігі.

    Тапсырмалар:

    1.Теориялық сұрақтарға жауап беріңіз:

    1. Сан есімнің лексика-семантикалық өзгешелігі

    1. Сан есімнің морфологиялық өзгешелігі

    2. Сан есімнің синтаксистік қызметі

    3. Сан есімнің семантика- морфологиялық топтары

    4. Есептік сан есімдер.

    5. реттік сан есімдер.

    6. жинақтық сан есімдер

    7. Топтау сан есімдері

    2.Сан есімдерді топтастырыңыз.

    Екі, елу, жүз-жүзден, алпыс екі, елу бес, екіден бір, жиырма шақты, он алтыншы, төртеу, үш жүздей, жиырмадан алтысы, сегіз мың, сегіз жүз.

    3. А. Ысқақовтың «Қазіргі қазақ тілі» еңбегіне сүйене отырып сан есімнің сызбасын жасаңыз, түсіндіріңіз

    4. «Бір» сөзінің ерекшелігіне тоқталыңыз. (201 – 202)

    5. Толық морфологиялық талдау жасаңыз

    Жұпыны болса да, бірыңғай орысша киінген үш жас жігіт қос қара кер жегілген әдемі тарантасты биік күрең қақпаға тірей тоқтатып еді. Қатты келген бойлары кілт тоқтатты: жетек ұшы қақпаны нұқып та қалды. Берік жабылған биік қақпа бөгемесе, кең қоршалған тас ауланың ортасында дәулет құдіретін көрсетіп тұрған күрең төбелі үлкен үйдің тап есік алдына барып тоқтардай екен. Бұлар байлық салтанатынан ығыспайтын жігіттер сияқты еді.

    Қақпа алдын тегістетіп, едәуір жерге дейін құм төсетіп тастапты. Орыс адамдардың қолы оңай танылып тұр. Үй маңайы өте таза, айналасына бір малдың тісі де, тұяғы да тимеген сияқты.

    Келген үшеудің бірі Жабай еді, өз қолынан болған іске өкініш сезініп, енді Омардың бетіне қарамауға тырысты.

    Жабайдың бетіне өз қолынан салған таңбасын Омар да көрді. Бұл онша емес екен деп өкінді. Шығып кеткен көзі шодырайып тұрады екен деп еститін еді, олай емес, тапталып барады екен. Шойнақ деуші еді, енді екі аяқ теңеліп кетуге жақын екен. (Ғ.М.).

    4. Сан есімдерді мағыналық топтарына қарай талдау жасаңыз.

    1-нұсқа. Біреулер саптамасын мақтап жатқанда, екіншісі жайнамазын: «Құдірет күш иесі Бұхарадан шыққан» деп дәріптеп тұр. Үшінші біреу, шекпенді сілкілейді. Керкілдескендер бірін-бірі жұлқи тартып, шаппа-шап қол соғысып, қайта ажырасып, қайта табысыды. (К.О.). Енді, міне, екі әнші өзімен-өзі жеке отырып, мұңдарын шағысып, көп жайды ойлап, әрнеден түңіліп не замананы, не адамдарды жазғырарын білмей тұйыққа тіреледі. Екеуін де өмір қыспағы қинайды (И.Ж.). ...Бұл арада отбасында үш бұлжымас ереже орын алды. Біріншіден, егер бірдеңені жасауға болмайды екен, онда ол жасамауға тиіс. Екіншіден, балалар неліктен істеуге болмайтынын түсінуге тиіс. Және үшіншіден, үлкендер де, кішілер де орнатылған тәртіпті бірдей дәрежеде жақтауы керек (И.Печерникова).

    2-нұсқа. - Ар жағында емес, сол жеті өзеннің бойына қоныс тепкен жеті рулы ел бар... Бұдан елу жыл бұрын – мың да тоғыз жүз отызыншы жылдың жаз айы – мамырдың орта шені болатын. Күні бойы жүріп жырынды аңшылардың атып алғаны – бір кекілік, екі шіл. Жаңа ғана бұғақ пайда болып, сәл толыса бастаған жиырма екі, жиырма үш жастағы қыз аппақ сүйріктей саусақтары майыса құстың жүнін жұлып отырып:

    - Ертеден қара кешке жүріп атқанымыз үш-ақ құс... Мың да тоғыз жүз отызыншы жылдың, қазақша қараша айының жиырма үшінде дүниеге айғайлап келер, қалың қабағының астынан отты көзі жайнап туар, өзің сияқты ұлдың шілдеханасына дайындала бер. Осылайша арада екі-үш ай уақыт қас пен көздің арасында зымырап өте шықты. Бір түстік өмірің болса, екі кештік мал жина деген (С.Ж.).

    Бақылау сұрақтары

    1. Болжалдық сан есімдерге тоқталыңыз.

    2. Бөлшектік сан есімдердің ерекшелігі

    3. Дара, күрделі сан есімдерге мысал келтіріңіздер (10 мысал)

    4. Аралас күрделі сан есімдер тіркесіне анықтама беріңіз

    5. Жинақтау сан есімнің синтаксистік қызметі: мысалдармен дәйектеңіз.

    6. Реттік сан есімдердің қосымшасы.

    Глоссарий.

    Сан есім – есімдер тобына жататын сөз таптарының бірі. Заттың мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табы.

    Есептік сан есім – заттың, зат есімнен туған сандық белгінің немесе іс-әрекеттің амалын, ұзын –ұрға санын, сандық мөлшерін білдіреді.

    Реттік сан есім – есептік сандарға – ыншы, - (інші) аффиксін қосу арқылы жасалады да, белгілі бір заттар мен құбылыстардың ретін білдіреді.

    Жинақтық сан есім – бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге – ау – еу аффикстінің қосылуы арқылы жасалды.

    Топтық сан есім – біркелкі заттар мен құбылыстардың сан мөлшерін топтап көрсетеді.

    Болжалдық сан есімдер – белгілі бір заттар мен құбылыстың сан мөлшерін дәл атамай, тұспалмен атайтын сөздер.

    Бөлшектік сан есім – таза математикалық ұғымға байланысты туған сөздер. Олар белгілі бір заттар мен.

    Әдебиеттер

    А.Ысқақов.Қазіргі қазақ тілі.Алматы, 1991.

    Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002.

    С.Исаев. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. Алматы, 1992.

    Қосымша әдебиеттер

    С.Хасанова, Т.Әбдіғалиева, Қ.Қасабекова, Б.шалабаев. Кестелі грамматика. Алматы, 1996.

    № 9 практикалық сабақ. Есімдік.

    Сабақ жоспары:

    1. Есімдіктердің түрлері. Жіктеу сімдіктерінің септелуі, жіктелуі есімдіктердің септелуінің өзіндік ерекшелігі. Жіктеу есімдіктерінің жіктік жалғауы бойынша түрленуі, оның өзіндік мағыналық ерекшелігі, жіктеу есімдіктерінің жіктелуінің синтаксистік белгілі қызметті атқаруына қатысы. Тәуелдік жалғауымен түрлену жіктеу есімдіктерінің 3-жағына қатысы. Жіктеу есімдіктерінің синтаксистік қызметі. Сілтеу есімдіктері, оның мағынасы, оған жататын сөздер. Сілтеу есімдіктерінің түрленудегі ерекшелік, сілтеу есімдіктерінің ішкі топтарының түрленуі, оның айырмасы. Сілтеу есімдіктерінің синтаксистік қызметі. Сұрау есімдіктері, оның мағынасы, сұрау есімдіктеріне жататын сөздер. Сұрау есімдіктерінің ішіндегі кім? не? сөздерінің түрленуі. Сұрау есімдіктерінің қолданылуына қарай сұрау мағынасын білдірмейтін жағдайлары. Белгісіздік есімдік, оның мағынасы, құрамындағы сөздер, олардың морфемдік құрамы. Белгісіздік есімдік жасауға белсенді қатысатын морфемалар. Белгісіздік есімдіктердің түрленуі, синтаксистік қызметі. Болымсыздық есімдіктер, олардың мағынасы. Болымсыздық есімдіктердің жасалуына белсенді қатысатын морфемалар. Болымсыздық есімдіктердің түрленуі, жіктелуі, олардың тілде қолданылу аясы. Болымысзыдқ есімдіктердің синтаксистік қызметі. Жалпылау есімдіктері, оның мағынасы, құрамындағы сөздер. Жалпылау есімдіктерінің тәуелденуінің ерекшелігі. Жалпылау есімдіктерінің сөйлемдегі қызметі.

    Тапсырмалар:

    1. Үзіндідегі есімдіктердің құрамын анықтап, жасалу жолын көрсетіңіз.

    Ешкімге тіл қатушы болма (Х.Е.). Өле-өлгенше ешбір қазаққа қол көтермеуге ант етемін (Х.Е.). Бүгінгі жігіт Оспан мен аңғал мінезді бала Оспанның екі арасында әлденеше жылдар белесі жатыр екен (С.О.). - Қорыққанмен жан қала ма, ешқандай да кетпейміз, - деді (С.О.). Терезе алдында әлдекім ерсілі-қарсылы жүргендей болады (С.О.). Иә, тағдыры, тілек-мақсаты, жүрегі бір жандардың ой-пікірі әрқашанда бір жерден шығады (С.О.). Енді ақ боз ат та бірдемеге тіреліп тоқтағандай (М.Ә.). Кейбір өзі білмейтін қиын сөздерін ұстап қалады (М.Ә.). Әрқайсысы да бір-бір қайырған-ды (М.Ә.). Әлдекімнің рақаты, әлдекімдердің қызығы, сайраны үшін болар (М.Ә.).

    Әдебиеттер

    А.Ысқақов.Қазіргі қазақ тілі.Алматы, 1991.

    Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002.

    С.Исаев. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. Алматы, 1992.

    Қосымша әдебиеттер

    С.Хасанова, Т.Әбдіғалиева, Қ.Қасабекова, Б.шалабаев. Кестелі грамматика. Алматы, 1996.

    № 10 практикалық сабақ.

    Сабақ тақырыбы Етістік.

    Сабақ жоспары:

    Етістік.

    Етістік сөз табының қазақ тіл білімінде зерттелу жайы. Негізгі түбір етістіктер, туынды түбір етістіктер. Дара, күрделі етістіктер. Негізгі және көмекші етістіктер. Етістіктің лексика-грамматикалық және грамматикалық категориялары. Салттылық және сабақтылық категориясы. Етіс түрлері, ол жөніндегі зерттеу мен оқулықтардағы ой-пікірлер. Өздік етіс, жасалуы, жұрнақтары. Ырықсыз етіс, мағынасы, жасалуы, жұрнақтары. Оның басқа тұлғалармен ұқсастығы және айырмашылығы. Ортақ етіс, мағынасы, жасалуы, жұрнақтары. Оны басқа ұқсас тұлғалардан ажырату. Етістік жұрнақтардың бір сөзде қабаттаса қолданылу ерекшелігі. Етістіктің болымды-болымсыз категориясы. Есімше, көсемше, тұйық етістік тұлғаларының етістіктің грамматикалық категориялары ішіндегі орны. Модальдық категория, модальдылық жөніндегі көзқарастар, пікірлер. Модаль сөздер.

    Модаль сөздердің лексика-грамматикалық ерекшеліктері. Модаль сөздердің қалыптасу көздері. Модаль сөздердің семантикалық сипаты. Модаль сөздердің қолданылу ерекшеліктері.

    Бақылау сұрақтары:

    1. Етістіктің түбір тұлғасы дегеніміз не?

    2. Бол, ет, қыл көмекші етістіктердің атқаратын қызметі қандай?

    3. Етістіктің аналитикалық форманты дегеніміз не?

    4. Аналитикалық форманттардың жасалу жолдары қандай?

    5. Сабақты және салт етістіктердің бір-бірінен айырмашылығы неде?

    6. Етіс категориясы дегеніміз не?

    7. Есімшенің есімдерге және етістікке жақын белгілері мен өзгешелігі неде?

    8. Көсемшенің жасалу жолы мен сөйлемдегі қызметі қандай?

    9. Тұйық етістік дегеніміз не?

    10. Етістіктің таза грамматикалық категориясына не жатады? Толық анықтамасын көрсетіңіз.

    ГЛОССАРИЙ

    Етістіктің түбір тұлғасы қимылды, іс-әрекетті, процесті т.б. білдіреді және етістіктің жеке сөз табы ретіндегі жеке тұрғандағы семантикалық белгісі, негізгі жалпы гармматикалық мағынасы, ал бұйрық райдың екінші жағы сол етістіктің сөйлеу процесінде басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсудің нәтижесінде пайда болатын, граматикалық нөлдік форма арқылы көрінетін түрлену мағынасы.

    Етістіктің аналитикалық формант - қосымша мен көмекші етістіктен тұратын, белгілі бір категорияның мағынасын білдіретін біртұтас күрделі морфологиялық көрсеткіш.

    Етіс категориясы тілдің грамматикалық жүйесінде орын алатын қимыл, іс-әрекеттің, субъекті мен объекті арасындағы әр түрлі қатынасын білдіретін, белгілі қосымшалар жүйесі арқылы жасалатын етістіктің лексика-гармматикалық категорияларының бірі.

    Есімшенің етістікке тән басты белгісі – қимыл-қозғалысқа байланысты мағынадан алыстамайды.

    Көсемше тұлғалық жағынан да, мағыналық жағынан да тиянақсыз болатындықтан, қысқа қайырылып, өзінен кейін тиянақтаушы етістікті қажет етіп тұрады да, кем дегенде екі сыңардан құралып, жаңа мағына түзетін күрделі етістіктердің көптеген түрін жсауға негіз болатын категория.

    Тұйық етістік етістіктің мағына жағынан да, түрлену жүйесімен де ерешеленетін функциялық форманың бір түрі.

    Тапсырмалар:

    1. «Абай жолы» романының бірінші бөлімі бойынша етістіктің лексика‑грамматикалық категориясына мысалдар теріп, кестеде ажыратып көрсетеңіз.

    2. Төменде берілген сөйлемдерден есімше, көсемше формалы етістіктерді тауып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіз.

    Көкшенің көлеміндегі сұлу жерден оның араламағаны болған жоқ. (С.М.). Көкшені анасындай сағынатын еді.(С.М.). Қайт, шырағым, ауылға ренжіткенімнің алды‑арты осы болар... –Тартыңдар қолдарыңды – деді Бүркітбай, айнала адырая қарап, сендерсіз менің өзім де жететінмін. Жөн бергенде талай қиын жерден қаралған кісіні ақтап, алып шығатынмын. Ботакөз араларына келгенге шейін, олардың көпшілігі қала ішінде жөнін тауып жүре алмайтын да еді.(С.М.),

    1. Етістіктің рай категориясына Абайдың қарасөзінен мысалдар теріп, жасалу жолдарын көрсетіңіз.

    2. Толық морфологиялық талдау жасаңыз

    Жұман үйі ескі әдетінше көшіп, ескі әдетінше қонып, ескі әдетінше әбігер еді. Бар әбігерліктің айыпкері Жұман байдың өзі болса да, тағы сол ескі әдет бойынша, бар салмақ Көпей бәйбішеге түсіп жатыр...

    Үйге кіре бере қара саба жарылып кетті...

    Жұман отыратын жерге бір ояң кез келіпті...

    Адалбақан уықтың қырына дұрыс бекітілмегендіктен, Жұманға қарай құлап, бір ашасы шекесін тырнап кетті. Осының бәрі аз болып отырғандай, жиенімсіп, еркінсіп, қылжақтап Сейіт келе қалыпты.

    Бүгін бұл үйдің жылқышыларына да бірдеме болған сияқты. Іңір түсе қалып еді, құрық үстіне құрық жаудырып жылқыны әлдеқайда қуып бара жатқандары естіледі.

    Осының қайсысына бастап бәйбішеге байланысарын біле алмай отырғанда, Жұманның қолына Көпей бәйбішенің өзі келіп ілінді, қапысыз ілінді... (Ғ.М.).

    Блиц тест

    1. Аналитикалық форманттардың жасалу жолдары

    А. Ааналитикалық, синтаксистік, күрделі етістік,

    В. Күрделі етістік, еді, екен, емес, жоқ көмекші етістіктер, аналитикалық форманттардың өзара бірігуі арқылы

    С. Болымды етістік, синтетикалық, аналитикалық форманттардың өзара бірігуі арқылы

    Д. Аналитикалық форманттардың өзара бірігуі арқылы, семантикалық. екен, емес, жоқ көмекші етістіктер

    1. Сабақты және салт етістіктердің бір-бірінен айырмашылығы неде?

    А. Қимылдың болуы мен болмауында

    В. Қимылдың тек субъектіге байланыстылығында

    С. Қимылдың субъектіге не объектіге бағытталуында

    Д. Қимылдың объектінің қозғалысына байланытылығында

    3. Субъектінің қимылы басқа объектіге емес, субъектінің өзіне қарай жұмсалуын етістің қай түрі деп аталады?

    А. Өзгелік етіс

    В. Ырықсыз етіс.

    С.Өздік етіс

    Д. Ортақ етіс

    4. Іс істеуші арнайы айтылмай, ол іспен байланысты зат өздігінен амалға ие бола алмайтындығын көрсететін етістің бір түрі

    А. Ортақ етіс

    В. Өздік етіс.

    С. Өзгелік еті

    Д. Ырықсыз етіс

    5. Істің басқа біреу арқылы істелетінін көрсететін етістің бір түрі

    А. Ырықсыз етіс

    В. Өзгелік етіс

    С. Өздік етіс

    Д. Ортақ етіс

    6. Қимыл іс-әрекеттің бір емес, бірнеше субъекті арқылы іске асатынын білдіретін етіс түрі

    А. Өздік етіс

    В. Ортақ етіс

    С.Өзгелік етіс

    Д. Ырықсыз етіс

    7. Дағдылы өткен шақ есімше жұрнақтары

    А. –ған, ‑ген,‑қан,‑кен

    В. –ар, ‑ер, ‑р

    С. –атын, ‑етін, ‑йтын, ‑йтін

    Д. –мақ, ‑мек, ‑бақ. ‑бек

    8. Есімдерше түрлене алатын етістіктің категориясы

    А. Тұйық етістік

    В. Есімше

    С. Көсемше

    Д. Етіс

    9. Көсемшенің жұрнағын ажыратыңыз.

    А. –ар, ‑ер, ‑р

    В. –ғалы, ‑гелі, ‑қалы, ‑келі

    С. –ды, ‑ді, ‑ты, ‑ті

    Д. –са, ‑се

    10. Көсемше ......

    А. Тұлғалық жағынан да, мағыналық жағынан да тиянақсыз болатындықтан, қысқа қайырылып, өзінен кейін тиянақтаушы етістікті қажет етіп тұрады да, кем дегенде екі сыңардан құралып, жаңа мағына түзетін күрделі етістіктердің көптеген түрін жсауға негіз болатын категория.

    В. Қосымша мен көмекші етістіктен тұратын, белгілі бір категорияның мағынасын білдіретін біртұтас күрделі морфологиялық көрсеткіш.

    С. Тілдің грамматикалық жүйесінде орын алатын қимыл, іс-әрекеттің, субъекті мен объекті арасындағы әр түрлі қатынасын білдіретін, белгілі қосымшалар жүйесі арқылы жасалатын етістіктің лексика-гармматикалық категорияларының бірі.

    Д. Қимылды, іс-әрекетті, процесті т.б. білдіреді және етістіктің жеке сөз табы ретіндегі жеке тұрғандағы семантикалық белгісі, негізгі жалпы гармматикалық мағынасы

    11. Тұйық етістік .........

    А. Тілдің грамматикалық жүйесінде орын алатын қимыл, іс-әрекеттің, субъекті мен объекті арасындағы әр түрлі қатынасын білдіретін, белгілі қосымшалар жүйесі арқылы жасалатын етістіктің лексика-гармматикалық категорияларының бірі.

    В. Етістіктің мағына жағынан да, түрлену жүйесімен де ерешеленетін функциялық форманың бір түрі.

    С. Қосымша мен көмекші етістіктен тұратын, белгілі бір категорияның мағынасын білдіретін біртұтас күрделі морфологиялық көрсеткіш.

    Д. Қимылды, іс-әрекетті, процесті т.б. білдіреді және етістіктің жеке сөз табы ретіндегі жеке тұрғандағы семантикалық белгісі, негізгі жалпы гармматикалық мағынасы

    12. Қалау рай жұрнағы

    А. ‑са, ‑се

    В. –сын,‑сін

    С. –ғай, ‑гей

    Д. – а, ‑е

    13. Жедел өткен шақ жұрнағы

    А. –ған, ‑ген

    В.‑ ып, ‑іп

    С.‑ды, ‑ді

    Д. – атын, ­етін

    Пайдаланатын әдебиеттер

    1. Қазақ грамматикасы. А., 2002.

    2. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А., 1994.

    3. .Исаев. С Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. Алматы, 1992.4-13-бб.

    4. Исаев С. Қазақ тілі. А., 1996.

    5. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. А.,1998.

    № 11 практикалық сабақ тақырыбы:

    Рай категориясы.

    Сабақ жоспары:

    Рай түрлері: ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, қалау рай. Бұйрық рай, оның білдіретін мағыналары. Бұйрық райдың синтетикалық және аналитикалық формалары. Бұйрық рай формаларындағы етістіктің жіктелу ерекшеліктері. Бұйрық райдың жақ тұлғасы, етістіктің түбір тұлғасы, нөлдік тұлға ұғымдарының бір-бірімен арақатынасы туралы қазақ тіл біліміндегі зерттеушілердің ой-пікірлері. Шартты рай, білдіретін мағыналары, жасалу (синтетикалық, аналитикалық) көрсеткіштері. Жіктеу ерекшелігі, -са, -се жұрнағының қосалқы қызметтері және одан туындайтын модальдық мәндер. Қалау рай, білдіретін мағынасы, қалау мағынасының түрлі нүктелері және олардың берілу жолдары. Қалау райдың синтетикалық және аналитикалық формалары. Шақ категориясы. Шақ түрлері: осы шақ, келер шақ, өткен шақ. Шақ түрлері және оның атаулары жөніндегі қазақ тіл біліміндегі ғалымдар пікірі. Осы шақ, оның мағынасы, сол мағынаны білдіретін амал-тәсілдер. Осы шақтың түрлері. Осы шақтағы етістіктің болымды-болымсыз формада қолданылуы. Өткен шақ, оның сөз ішінде бөлінуі, өткен шақтың түрлері, олардың берілу жолдары. Келер шақ, оның түрлері, жасалуы. Етістіктің жіктелуі. Етістіктің жақ категориясы. Етістіктің сөйлемдегі синтаксистік қызметі. Глоссарий

    Етістіктің рай категриясы сөйлеушінің қимыл, іс-әркетке көзқарасын, қимылдың, іс-әркеттің шындыққа, болмысқа қатысын, модальдық мәнін білдіріп, белгілі парадигмалық тұлғалар жүйесінен тұратын етістіктің грамматикалық категориясы

    Етістіктің шақ категориясы қимыл, іс‑әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен байланысты болып өткендігін, бірақ болатынын білдіріп, белгілі жолдармен жасалатын етістіктің грамматикалық категориясы.

    Тапсырма мазмұны:

    1. Берілген тақырыпқа қатысты кестелі-слайд сызу, сол бойынша мазмұндау.

    2. Рай, жақ, шақ категориялардың жасалу жолдары мен мағыналық ерекшеліктеріне «Абай жолы» романы бойынша мысалдар теру, картотекаға түсіру, жасалу жолдарын көрсету.

    1. Тақырыпты конспектілеп, хабарлама жасаңыз.

    2. Толық морфологиялық талдау жасаңыз

    Абай мен Ербол қалаға кеп жатқалы бірталай күн өтті. Құнанбай балалары қалаға келсе, Тінібек байдың үйінде жатушы еді. Семейге Абайдан бұрын келген Тәкежан сол құданың үйіне түскен екен. Қасында Майбасар мен тілмаш, атшабарлары бар. Қоршап жүрген топыры көп. Соны көріп Абай мен Ербол Семей қаласының өз ішінен пәтер алды. Орталық тұста Кәрім дейтін момындау саудагер бар еді. Балалар жоқ, ерлі-қатынды екі бас. Үш бөлмесі бар екен. Сол үйге түсті... (М.Ә.).

    1. Үзіндідегі етістікті тіркестерге морфемдік талдау жасаңыздар.

    Абылай ханның Кенжетай, Нияз деген екі биі болыпты, басқа он биі бұларды күндеп «Кенжетай мен Нияз ханды қалжақтайды, ал оларды хан жақтайды», - деп мәтел қылып халыққа таратыпты. Мұнда Абылай естіп бір күні күндеуді он биден: «Жердің құты, елдің құты, ауылдың құты, аймақтың құты не?» - деп сұрапты. Билер шеше алмайды. Сөйтіп отырғанда Кенжетай, Нияз келіпті. Келіп отырысымен Абылай: «Белдеріңді шешпес бұрын мына жұмбақты шешіңдер», - деп әлгіні айтыпты. Нияз: «Меніңше, жердің құты – жаңбыр; елдің құты – азамат; ауылдың құты – жақсы әйел; аймақтың құты - әділ басшы», - депті (Шешендік сөздер).

    Пайдаланатын әдебиеттер

    1. Қазақ грамматикасы. А., 2002.

    2. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А., 1994.

    3. .Исаев. С Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. Алматы, 1992.4-13-бб.

    4. Исаев С. Қазақ тілі. А., 1996.

    5. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. А.,1998.

    № 12 практикалық сабақ тақырыбы: Үстеу. Еліктеу сөздер. Одағай.

    Сабақ жоспары:

    1.Үстеу, үстеуге тән ерекшеліктері, морфологиялық құрылысы мен құрамы. 2. Негізгі үстеулерге тән үш түрлі ерекшелік. Туынды үстеулер, оларды тудыратын жұрнақтар (-ша, -лай, -шалық, -лай, -шылап, -қары, -ын, т.б.). Көнеленген септік (барыс, жатыс, шығыс, көмектес) формалары арқылы туған туынды үстеулер. Күрделі туынды үстеулер, жасалу жолдары. Үстеудің мағынасына қарай бөлінуі: мезгіл үстеулер, мекен үстеулер, мөлшер үстеулер, сын, бейне үстеулері, күшейту (ұлғайту) үстеулері, мақсат үстеулері, себеп-салдар үстеулері, топтау үстеулері. Үстеулердің синтаксистік қызметі, зерттеулері.

    3. Еліктеуіш сөздер. Еліктеуіш сөздердің мағыналық топтары. Еліктеуіш және бейнелеуіш сөздер. Еліктеуіш сөздердің фонетикалық ерекшеліктері. Негізгі түбір және туынды түбір еліктеуіштер, оларды жасайтын жұрнақтар (-ң, -ың, -ің, -аң, -ең, -лаң, -алаң, т.б.). Еліктеуіш сөздердің синтаксистік қызметі.

    4. Одағайлар, оларға тән ерекшеліктер. Негізгі және туынды одағайлар. Одағайларды мағынасына қарай көңіл-күй, ишарат, шақыру деп бөлу. Одағайлардың синтаксистік қызметі, тыныс белгілері, зерттелуі.

    Бақылау сұрақтары:

    1. Негізі түбір, туынды түбір үстеулер дегеніміз не және туынды үстеулердің жасалу жолдары қандай?

    2. Құрамына қарай үстеулер қалай бөлінеді?

    3. Үстеудің мағынасына қандай түрлерге бөлінеді және олардың мағыналық ерекшеліктері неде?

    4. Шылаулар білдіретін грамматикалық мағынасы мен сөйлемде атқаратын қызметіне қарай қандай топтарға бөлінеді және олардың грамматикалық қызметі қандай?

    5. Жалғаулықтардың түрлері.

    6. Септеуліктердің екі сөзді байланыстыратындығы неде?

    7. Демеуліктердің өздері тіркескен сөздерге түрлі қосымша қандай рең жүктейді?

    8. Еліктеу сөздердің өзіндік ерекшелігі неде?

    9. Еліктеу сөздердің қандай түрлері бар және олардың фоно-морфологиялық сипаты қандай?

    10. Одағайлар білдіретін мағыналарының әр түрлілігіне қарай қандай топтарға бөлінеді?

    11. Одағайдың құрамы мен қызметі қандай?

    ГЛОССАРИЙ

    Үстеу – қимылдың, іс-әркеттің мекенін, мезгілін, жай-күйін, мақсатын, сын-бейнесін, себебін білдіріп, граматикалық жағынан түрленбейтін сөздер.

    Үстеудің сөз табы ретіндегі бір белгісі – оның лексика-грамматикалық сипаты.

    Еліктеуіш сөздер -- өзіне тән лексика-семантикалық мағынасы адамның есту мүшесі құлақ арқылы дыбысқа еліктеу ұғымын білдіретін еліктеу сөздердің бір мағыналық түрі.

    Бейнелеуіш сөздер – табиғаттағы құбылыстар мен заттардың және неше алуан жан-жануарлардың сыртқы сын-сипаттары мен әрекет қимылдарын көру мүшесі –көз арқылы қабылданған бейне-көріністердің атаулары.

    Шылаулар – толық лексикалық мағынасы жоқ, тек сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын, белгілі бір сөздердің жетегінде қолданылып, түрлі грамматикалық мағына үстейтін көмекші сөздер.

    Демеуліктер –шылаулардың құрамына енетін көмекші сөздер.

    Одағай – басқа сөз таптарымен салыстырғанда, фонетикалық, грамматикалық және семантикалық жақтарымен ерекшеленіп көрінетін, сонымен бірге әуезділікке, арнайы ырғаққа, эмоциялы құбылысқа, интонацияға бай сөз табы.

    Императивтік ишарат одағайлар – адам не хайуанатқа бағышталып айтылатын шақыру, жекіору, тыйым салу, бұйыру мақсатымен қолданылатын одағай сөздер.

    ТАПСЫРМАЛАР:

    1. Негізігі, туынды үстеулерді ажыратып, туынды үстеулердің қалай жасалғандығын талдаңыздар.

    2. Үстеудің аналитикалық немесе синтетикалық тәсіл арқылы жасалғанын ажыратыңыздар.

    Мәтін.

    1.Ертеңгі құрықтан, бүгінгі өкпе артық.

    2.Ерте шықсаң, алдыңнан күн шығар, кештеу шықсаң, алдыңнан түн шығар.

    3.Баяғыда атқа міну тойы баланың мейлінше әжетке жарап, тысқары еңбекке араласуы азаматтықтың басы деп ұққан.

    4.Осылай балаға да үлкен ой туғызып, тіпті тез есейуіне әсер еткен. 5.Шақыру мен Оспанның жылын беруді Абайдың жалғасытар айтқанын Дәрмен өзінше түйді.

    6. Жал-құрығы сүзілген бәйгелер де киікше басып, ойқастап шықты.

    7.Орысша оқуға сахара елінің балаларын беруге ата-аналарының санасында өзгеріс қандай, жаңғыру қаншалық, осыны да білгісі келеді.

    8.Өлімнен ұят күшті дегенді кейінірек естісем де осы арада өз басымнан бір өткіздім-ау деймін.

    2. Өзіңіздің қалауыңыздағы мәтін бойынша еліктеу сөздерді тауып, мағынасына, құрамына және синтаксистік қызметіне қарай талдаңыздар.

    3. Өзіңіздің қалауыңыздағы мәтін бойынша одағай сөздерді мағыналық, интонациялық және граммтикалық ерекшеліктеріне қарай талдаңыздар.

    3. Толық морфологиялық талдау жасаңыз

    Жұман бай көш алдын Майқұдық бұлағына жақындай бергенде ғана қуып жетіп еді. Оған дейін Игілік көшінің қайда тартқанын болжай алмай әуре болды. Сүзісер жеріміз осы болар ма деп, Шерубай Нұрасына аялдап еді, Игілік көші әрі асып кетті деген хабар алды. Көп салт аттының қоршауында кетіп бара жатқан, қос-қос түйе жегілген көк арбалы ұзын көш, алысқа тартқандай жинақы кетіп бара жатты. Сүріндірер жерім осы шығар-ақ деп, Соқыр өзеннен тосып еді, ол болжалы да дұрысқа шықпады. Сонымен, Жұман байдың жіпсіз жетеленіп, он екі күн көшіп, әрең аттан түсіп отырған ызалы жайы бар.

    Блиц -тест

    1. Үстеудің сөз табы ретіндегі бір белгісі

    А. Лексика-грамматиклық сипаты.

    В. Морфо-фонологиялық сипаты.

    С. Лексика-семантикалық сипаты.

    Д. Фонети-морфологиялық сипаты

    2. Мөлшер үстеуді табыңыз

    А. Ділдә кетуге ыңғайланып тұрып: -Ертең біздікіне келесіз бе? – деді.

    В.Тоқты желініп, үйдің жатқанына едеуір уақыт болған.

    С. -Әдейі істедің провалды, тұра тұр, саған көрсетермін провалды,- деп айқай салды.

    Д. Ішкері енуге тырысатын сияқты.

    3.Мақсат үстеудің көрсетіңіз.

    А. Әдейі, жорта, қасақана.

    В. Өңкей, дәл, керемет, мүлде, әбден

    С. Жылдам, лезде, үнемі, менше, ақырын

    Д. Әзірше, ерте, енді, жаңа

    4. Еліктеуіш сөздер дегеніміз –

    А. Табиғаттағы құбылыстар мен заттарыдң және неше алуан жан-жануарлардың сыртқы сын-сипаттары мен әрекет қимылдарын көру мүшесі –көз арқылы қабылданған бейне-көріністердің атаулары

    В. Қимылдың, іс-әркеттің мекенін, мезгілін, жай-күйін, мақсатын, сын-бейнесін, себебін білдіріп, граматикалық жағынан түрленбейтін сөздер

    С. Басқа сөз таптарымен салыстырғанда, фонетикалық, грамматикалық және семантикалық жақтарымен ерекшеленіп көрінетін, сонымен бірге әуезділікке, арнайы ырғаққа, эмоциялы құбылысқа, интонацияға бай сөз табы.

    Д. Өзіне тән лексика-семантикалық мағынасы адамның есту мүшесі құлақ арқылы дыбысқа еліктеу ұғымын білдіретін еліктеу сөздердің бір мағыналық түрі.

    5. Еліктеу сөздердің негізгі сипаты қандай?

    А. Адам не хайуанатқа бағышталып айтылатын шақыру, жекіору, тыйым салу, бұйыру мақсатына байланысты қолданылады

    В. Заттанғанда болмаса, көптік, септік, тәуелдік және жіктік жалғаулары жалғанбайды.

    С. Қимылдың, іс-әркеттің жай-күйін білдіреді.

    Д. Әуезділікке, арнайы ырғаққа, эмоциялы құбылысқа түседі.

    6. Берілген сөйлемде жалғаулықтың қай түрі қолданылған?

    Түн ол күні бұлтты, көзге түртсе көрінбейтін қараңғы еді, әйткенмен Ботагөз қайда келе жатқанын шамалайды (С.Мұқанов)

    А.Салдарлық жалғаулық

    В. Шарттық жалғаулық.

    С. Қарсылықты жалғаулық.

    Д. Талғаулық жалғаулық.

    7.Сөйлемнен шартылық жалғаулықты көрсетіңіз.

    А. Егер алдамшы сөзімнің арбауына түспесем ажарға жолар ма едім.

    В. -Әлжан аға, өзіңізге қатысты мәселе туралы айтыңызшы,- деп Ержан сөзге араласты.

    С.Қосқа бір кірдім, бір шықтым.

    Д. Бар дүние жансыз да, ажарсыз.

    8. Атау септік тұлғасындағы сөзбен тіркесетін септеуліктер

    А. Шейін, қарай, салым

    В.Үшін, сайын, туралы

    С.Гөрі, кейін, соң

    Д. Қатар, бірге

    9. Императивтік ишарат одағайлар—

    А. Толық лексикалық мағынасы жоқ, тек сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын, белгілі бір сөздердің жетегінде қолданылып, түрлі грамматикалық мағына үстейтін сөздер.

    В. Басқа сөз таптарымен салыстырғанда, фонетикалық, грамматикалық және семантикалық жақтарымен ерекшеленетін сөздер

    С. Табиғаттағы құбылыстар мен заттардың және неше алуан жан-жануарлардың сыртқы сын-сипаттары мен әрекет қимылдарын көру мүшесі –көз арқылы қабылданған бейне-көріністердің атаулары

    Д. Адам не хайуанатқа бағышталып айтылатын шақыру, жекіору, тыйым салу, бұйыру мақсатымен қолданылатын одағай сөздер.

    Пайдаланатын әдебиеттер

    1. Қазақ грамматикасы. А., 2002.

    2. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А., 1994.

    3. .Исаев. С Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. Алматы, 1992.4-13-бб.

    4. Исаев С. Қазақ тілі. А., 1996.

    5. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. А.,1998.

    № 13Сабақ тақырыбы: Көмекші сөздер, олардың көмекші есімдер мен көмекші етістіктерге бөлінуі. Шылаулар, олардың мағынасы, тілдегі қызметі, қолданылуы, түрлері

    Сабақ жоспары:

    1.Көмекші сөздер, олардың көмекші есімдер мен көмекші етістіктерге бөлінуі.

    2.Шылаулар, олардың мағынасы, тілдегі қызметі, қолданылуы, түрлері: септеуліктер, демеуліктер, жалғаулықтар және олардың түрлері, қолданылу ерекшеліктері, жазылу емлесі, тыныс белгілері. Салаластырғыш және сабақтастырғыш жалғаулықтар. Септеуліктердің септік жалғауларын меңгеретін көмекші сөздер екендігі. Демеуліктер, олардың лексика-грамматикалық сипаты, түрлері. Сұраулық демеуліктер, күшейткіш демеуліктер, нақтылдық демеуліктер, шектік демеуліктер, болжалды демеуліктер. Олардың қолданылу ерекшеліктері, жазылу емлесі, тыныс белгілері. Зерттелу тарихы.

    3. Модаль сөздер, олардың ерекшеліктері.

    Бақылау сұрақтары:

        1. Көмекші сөз дегеніміз не?

      1. Көмекші сөздердің қандай түрлері бар?

      2. Көмекші есімдердің ерекшеліктері неде?

      3. Шылаулардың қызметі не?

      4. Көмекші етістіктер туралы не білесіз?

      5. Модаль сөздерге қандай сөздер жатады?

    Тапсырма.

    1. Көмекші сөздерді теріп жазыңыз, негізгі (атаушы) сөздерге үстейтін қосымша мағынасын анықтаңыз. Омар ұшы-қыры жоқ, даудың ішіне кіріп кетіп, шатасты да жүрді (С. Торайғыров) Құнанбайдың мықты жері тобықты іші болса, әлсіз жері де осы Тобықты ішінде (М. Әуезов). Ой артынан ой туар, желге мінсең, жеткізбес (Абай). Сыртын көріп ішінен түңілме. Ол қанша артта қалса да, пікірі алда.

    (Ғ. Мустафин).

    2. Көмекші және модаль сөздерді қатыстырып «Көмекші сөздер» тақырыбына шағын мәтін құрастырыңыз.

    3. Толық морфологиялық талдау жасаңыз

    Жаңа жеккен ат басымен алысады. Ендігі кішкене жүрсек, өтіп те кетеміз. Бірақ өткіміз келмейді. Аттың басын тежей берем. Кім біледі, бұдан кетсе Әбдірахман Шұғаны мәңгі көре алмас, яки көрсе де біраз уақыт сағынуға тура келер деген ой елестейді. Бірімізге біріміз сөйлеспесек те біріміздің ойлағанымызды екіншіміз біліп келеміз. Бұрын түнде барғанда маңынан жүргізбейтін Есембектің аю төбеттері үріп алдымыздан шықты. Есіктің алдында бірталай адам жағалай отыр, көздері бізде. Әңгімені соғып отыр. Кім біледі, әлде бізді мазақ қылып отыр ма?! Басына кимешек киген Шұғаның үлкен жеңгесі қараша үйдің белдеуінде ботаны байлап, түйе сауып отыр. Үлкен үй мен отаудың арасында бәйбіше теңселіп жүр. Бәрі де маған қуанышты секілді көрінді. Біздің кетіп бара жатқанымызға таңырқаған ешкім жоқ секілді, ұсталып айдалатынын әлдеқашан бірі де біліп қойған тәрізді. Бәрі де күліп жүр, бәрі де босап жүр...

    Бірақ Шұға жоқ... (Б.М.).

    1. Текстегі шылауларға жалпы талдау жасаңыздар.

    1-нұсқа. Бірақ Шымырдың қойшы деген аты ғана (Б.Т.). – Бөлмелеріңіз жақсы екен, бірақ ыстық қой өзі, - деді (Ә.О.). Өйткені, ол ширақ басып, сәл ілгерірек келе жатты (Ә.О.). Оның мойны бір ғана елідей тым қысқа еді. Сондықтан үлкен семіз кеудеге саптап қойған жұмыр шар сияқты болатын (Ә.О.). Біресе жүзі сұрланып, көк көзі жарылып кететіндей шатынап, біресе құлағына дейін қызарып кетеді. Сондықтан болуы керек атын дамылсыз шаужайлап, ерінің қасын сығымдап ұстап береді (Ә.О.). Ол өзінің сезіп-білгендерін, сол үшін қатты ұялғандығын, жұмысшы табының алдында Сейіт үшін енді ұяла алмайтындығын бірде зәрлі, бірде назды нақышпен айтып шықты (Ә.О.).

    2-нұсқа. Қарамоланың жәрмеңкесі түгіл, елі мен жерін бірдей билейтін Елемеспен құда болу Молдажанға да теріс көрінбейді. Әрі баласы Төлеубек болыс, қала-даламен бірдей байланыста, ұлық атаулымен бастасып-аяқтасып жатқан соң кісілікті де уысынан шығарғысы келмейтін Молдажанның ойлағаны табылды (К.О.). Өзінің жасы үлкен ағалар да, болыс сайланып ұлықтыққа қолы жеткен оқыған баласы Сіләл да бар. Олардың бәрін былай қойып, сөз кезегін берер ретін білмеген-ді (К.О.). Тәрізі жолдастары көніп тұр ма, деді-ау деймін (К.О.). Ерінбей еңбек етсең, шындап егер, тікен де гүлге айналып шыға келер (Сағди).

    Аралық бақылау

    І. Теориялық сұрақтарға жауап.

    1. Сөздердің күрделену процесіне әсер етуші факторлар

    2. Күрделі сөздің түрлері

    3. Фонетикалық фактор

    4. Күрделі сөздерді негізгі белгілері

    Бақылау сұрақтары.

    1. Грамматикалану дегенді қалай түсінесіз?

    2. Күрделі сөзге анықтама беріңіз?

    3. Күрделі сөздер фразеологиялық сөз тіркестері мен еркін сөз тіркестерінен қалай ажыратылады. Мысалдармен дәлелдеңіз.

    Тапсырма.

    І. Компоненттері дыбыстық өзгеріске ұшырап, түр- тұрпаттары мүлдем басқаша болып қалыптасқан кіріккен сөздерді бір бөлек, өзгеріске ұшырамай бастапқы тұрпатын сақтаған күрделі сөздерді бір бөлек жазыңыз.

    Білезік, сексен, тасбақа, аққу, ақсақал, асқазан, қарапайым, қосаяқ, атамекен, күні бүгін, бүгін, биыл, бүрсігүні, таңертең, қайны, ата-ана, ағайын-туыс, туған-туысқан.

    Глоссарий:

    Күрделі сөз – кемінде екі я онан да көп дара сөзден (жалаң я туынды түбірлерден) құралып, ритм, ырғақ жағынан бір ұзай, лексика – семантикалық жағынан біртұтас, лексика-грамматикалық жағынан бір бүтін тұлға болып бірлесіп тұрақталған құрама сөз (я сөз тіркесі).

    Фонетикалық фактор – күрделі сөздердің компоненттерінің әр қилы дыбыстық өзгерістерге ұшырауы

    Лексика семантикалық факторәуелі жай сөз тіркестерінің идиамалану, лексикалану, делексикалану құбылыстары.

    Тапсырма

    Сөз тіркестері мен күрделі сөздерді ажыратып жазаңыз, ата-ана, бүгін жазғұтырым, әнеугүні, былтыр, аққұтан, шыбын, шіркей, түйе үстінен сирақ үйіту, қас пен көздің арасында, таяқ тастам жер, ақ шұбар, қара шұбар, көк ала, бара бер, темір жем, асқар тау, табан тіреу, алааяқ, ауыу жаласу.

    Рай категориясы. Рай түрлері: ашық рай, бұйрық рай, шартты рай, қалау рай. Бұйрық рай, оның білдіретін мағыналары. Бұйрық райдың синтетикалық және аналитикалық формалары. Бұйрық рай формаларындағы етістіктің жіктелу ерекшеліктері. Бұйрық райдың жақ тұлғасы, етістіктің түбір тұлғасы, нөлдік тұлға ұғымдарының бір-бірімен арақатынасы туралы қазақ тіл біліміндегі зерттеушілердің ой-пікірлері. Шартты рай, білдіретін мағыналары, жасалу (синтетикалық, аналитикалық) көрсеткіштері. Жіктеу ерекшелігі, -са, -се жұрнағының қосалқы қызметтері және одан туындайтын модальдық мәндер. Қалау рай, білдіретін мағынасы, қалау мағынасының түрлі нүктелері және олардың берілу жолдары. Қалау райдың синтетикалық және аналитикалық формалары. Шақ категориясы. Шақ түрлері: осы шақ, келер шақ, өткен шақ. Шақ түрлері және оның атаулары жөніндегі қазақ тіл біліміндегі ғалымдар пікірі. Осы шақ, оның мағынасы, сол мағынаны білдіретін амал-тәсілдер. Осы шақтың түрлері. Осы шақтағы етістіктің болымды-болымсыз формада қолданылуы. Өткен шақ, оның сөз ішінде бөлінуі, өткен шақтың түрлері, олардың берілу жолдары. Келер шақ, оның түрлері, жасалуы. Етістіктің жіктелуі. Етістіктің жақ категориясы. Етістіктің сөйлемдегі синтаксистік қызметі.

    Жетекші етістік пен көмекші етістік. Олардың арақатынасы.

    Көмекші етістік және аналитикалық форманттар.

    Көмекші етістіктер. Көмекші етістіктердің түрлері. Аналитикалық форманттар, олардың мағыналары, құрылымы, аналитикалық форманттардың етістіктің грамматикалық категорияларына қатыстылығы.

    Қимыл есімі.

    Тұйық етістік. Тұйық етістіктің көптелуі, септелуі, тәуелденуі, сөйлемдегі синтаксистік қызметі. Көсемше.

    Көсемшенің мағынасы, жасалуы. Көсемшенің әрі қимылды, әрі қимылдың амалын білдіретін қызметі туралы. Көсемше формаларының күрделі етістік, аналитикалық формалы етістік құрамындағы қолданысы, орны. Көсемшенің жіктелуі, сөйлемде атқаратын қызметі. Есімше.

    Есімше, оның түрлері, мағынасы, жасалуы. Есімшенің екі жақты қызмет атқаруы. Есімшенің түрленуі: көптелуі, тәуелденуі, септелуі, жіктелуі. Есімшенің сөйлемде атқаратын қызметі.

    Үстеу.

    Үстеу – сөз табының бірі, оның семантикалық сипаты. Дара және күрделі болып келуі, жасалу жолдары, сөйлемдегі орны, атқаратын синтаксистік қызметі. Мақсат, себеп-салдар, топтау үстеулері, білдіретін мағыналары, сұрақтары, оларға жататын үстеу сөздер. Үстеудің сөйлемдегі қызметі.

    Еліктеу сөздер.

    Еліктеу сөздердің фонетика-морфологиялық сипаты. Күрделі еліктеу сөздер. Еліктеу сөздердің синтаксистік қызметі.

    Шылау.

    Шылаулардың басқа сөз таптарынан ерекшелігі. Жалғаулықтар, олардың өздеріне тән грамматикалық қызметі. Ыңғайлас, талғаулықты, қарсылықты, себеп-салдар, шарттық, ұштастырғыш жалғаулықтар, олардың қатары, сипаттамалары. Септеулік шылаулардың жалғаулық шылаулармен қызметтерінің ұқсастығы мен айырмашылығы. Демеуліктер.

    Одағай.

    Одағайлардың зерттелуі. Одағайлардың түрлері: негізгі одағайлар, туынды одағайлар. Одағайлардың мағынасына қарай бөлінулері: көңіл-күй, ишарат одағайлары. Одағайлардың құрамы.

    № 3-4 практикалық сабақ тақырыбы. Грамматикалық мағына берудің тәсілдері. Қосымшалардың жіктелуі. Сөзформа- сөздің өмір сүру тәсілдері, оған тән белгілер. Сөз формалары. Негізгі және туынды формалар. Сөз таптарының формалану мүмкіндіктері.

    Сабақ жоспары:

    1. Грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері мен жолдары. Грамматикалық форма.

    2. Грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың байланыстылығы.

    3. Нөлдік форма.

    4. Граматикалық категория және оның түрлері.

    Бақылау сұрақтары:

    1. Грамматиканың ең басты объектісі не?

    2. Грамматикалық ұғымдарға нелер енеді?

    3. Сөздің лексикалық мағынасы мен грамматикалық мағынасының айырмашылығы неде?

    4. Грамматикалық мағынаның жасалу тәсіліне, грамматикалық сипатын айқындаудағы мәнін қарай түрлері.

    5. Қазіргі қазақ тілінде грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері қандай?

    6. Грамматикалық мағына мен граммтиаклық форманың байланыстылығы неде?

    7. Грамматикалық категория болудың алғы шарттары қандай?

    Глоссарий:

    Грамматикалық мағына – сөздің тым жалпы мағынасы, сол сөздің лексикалық мағынасының жалпылануы немесе оған әр түрлі тұлғалар үстелу арқылы түрленуінің нәтижесінде немесе басқа сөздермен әр алуан қарым-қатынасқа түсу салдарынан пайда болатын және сөздерді бір-бірінен бөлмей, керісінше белгілі бір грамматикалық топтарға ортақ қасиеттер арқылы біріктіретін жалпы мағыналар болып табылады.

    Жалпы грамматикалық мағына (ЖГМ) лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы пайда болатын грамматикалық мағына. ЖГМ сөз таптарының семантикалық сипаты болып табылады.

    Сөздерді топтастырудың семантикалық принципі сөздердің ЖГМ негізделеді.

    Категориялық грамматикалық мағына (КГМ) қазақ тілінде грамматикалық форма арқылы берілетін мағына.

    КГМ белгілі грамматикалық сөздер тобының түрлену жүйесін, парадигмалық сипатын, соның нәтижесінде ол топтарыдң грамматикалық, лексика-грамматикалық категориялар шеңберін, мәнін айқындайды да, сөздерді таптастырудың морфологиялық принципіне негіз болады.

    Қатыстық грамматикалық мағына (ҚГМ) сөйлеу процесінде сөздің басқа сөздермен тіркесіп, байланысқа түсуі, негізгі сөзге көмекші сөздің тіркесуі арқылы, орын тәртібі, интонация т,б, аналитикалық, қатыстық тәсілдер арқылы да берілуі.

    Семантикалық тәсіл лексикалық мағынаның жалпыланып, абстаркциялануы арқылы жалпы грамматикалық мағынаның пайда болуы қазақ тілінде негізгі грамматикалық-семантикалық процесс болып табылады.

    Синтетикалық тәсіл - қосымша арқылы грамматикалық мағынның берілуі.

    Аналитикалық тәсіл негізгі сөздердің тіркесуі арқылы грамматикалық мағынаның берілуі, сөздердің өзгермеген сол тұлғаларында тұрып бір-бірімен тіркесуі арқылы жеке тұрғандағысынан өзгеше, жаңа грамматикалық мағынаны білдіруін айтады.

    Грамматикалық форма белігілі топтағы сөздердің қосымшалар, грамматкалық тұлғалар (жалғау, жұрнақ) арқылы белгіл жүйе парадигма бойынша түрленуі болып табылады да, сол арқылы әр тұлғаға сай категориялық грамматикалық мағына беріледі.

    Нөлдік форма деп арнайы қосымша көрсеткіші болмай, тұлғасы көрінбей тұрып-ақ белгілі грамматикалық (категориялық грамматикалық) мағына берілуді атайды.

    Грамматикалық категория - өз ішінде бір-біріне қарама-қайшы қасиетте бола алатын бірнеше (кем дегенде екі түрлі) тектес, мәндес граммтикалық мағынаның жиынтығы, бірлігі.

    Тапсырмалар:

    І. Бір грамматикалық мағына беріп тұрған әр түрлі грамматикалық формаларды беретін мағынасына қарай топтастырып жазыңыздар.

    1. Жас інілер сағынғанын көрсетіп, мойнынан құшақтап, бауырына оралып, мәз болысты. ()М.Ә. Бет ашатын жігіт таяқты қолына ұстап тұрып, дағдылы жырды шұбырта жөнелді. (Б.Алд.). Өрістен мал қайтып, бала шу-шу, әп-сәтте ауыл үсті азан-қазақ болып кетті. (И.Ж.). Тәттімбеттің сұлық кейпіне бір суық діріл соғып кетті.(И.Ж.). Алға түсіп бір түрлі баяу келе жатқан Абай бір кезде арт жағынан дүрсілдеп келе қалған ат дүбірін естіді. (М.Ә.).

    ІІ. Мәтіндегі сөздерді сөз табына қарай талдап, таптастырудың қай ұстанымына сай, қай ұстанымына қайшы келіп тұрғанын дәлелдеңіз.

    Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті. Қайрат айтыпты: «Ей, ғылым, өзің де білесің ғой, дүниеде еш нәрсе менсіз кәмелетке жетпейтұғынын, әуел өзіңді білуге, ерінбей, жалықпай үйрену керек, ол менің ісім, құдайға лайықты ғабдат қылып, ерінбей, жалықпай орнына келтірмек те – менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абұйыр, мансапты еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, боымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойыды таза сақтайтұғын, күнәкәрліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады» депті (Абай).

    ІІІ. Жоспар бойынша берілген тапсырмаларға сөзжұмбақ құрастырыңыз.

    Блиц тест

    1. Грамматиканың ең басты объектісі не?

    А. Сөйлем ішіндегі сөздердің қарым-қатынасын.

    В. Сөз тіркестерінің байланысу тәсілдерін.

    С. Сөз мағыналары.

    Д.Грамматикалық ұғымдарды ажырату.

    1. Грамматикалық ұғымдарға ннелер енеді?

    А. Грамматикалық катгория, дыбыс, сөз, сөйлем

    В. Грамматикалық форма, сөздік қор, грамматикалық мағына.

    С.Грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық категория

    Д.Грамматикалық форма, сөз тіркесі ,сөзжасам.

    3. Грамматикалық мағынаның жасалу тәсіліне, грамматикалық сипатын айқындаудағы мәнін қарай түрлері.

    А. Жалпы грамматикалық мағына, гармматикалық форма.

    В. Жалпы грамматикалық мағына, категориялық грамматикалық мағына, қатыстық грамматикалық мағына.

    С. Қатыстық грамматикалық мағына, грамматикалық нөлдік форма.

    Д. Категориялық грамматикалық мағына, семантикалық мағына.

    4 Жалпы грамматикалық мағына (ЖГМ) дегеніміз не?

    А. Лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы пайда болатын грамматикалық мағына, сөз таптарының семантикалық сипаты болып табылады.

    В. Қазақ тілінде грамматикалық форма арқылы берілетін мағына, белгілі грамматикалық сөздер тобының түрлену жүйесін, парадигмалық сипатын, соның нәтижесінде ол топтарыдң грамматикалық, лексика-грамматикалық категориялар шеңберін, мәнін айқындайды да, сөздерді таптастырудың морфологиялық принципіне негіз болады.

    С. Сөйлеу процесінде сөздің басқа сөздермен тіркесіп, байланысқа түсуі, негізгі сөзге көмекші сөздің тіркесуі арқылы, орын тәртібі, интонация т,б, аналитикалық, қатыстық тәсілдер арқылы да берілуі.

    Д. Сөздерді таптастырудағы сөздердің синтаксистік қызметі принципі.

    5. Қазіргі қазақ тілінде грамматикалық мағынаның берілу тәсілдері қандай?

    А. Ішкі флексия жолы, аналитикалық тәсіл, супплетивті жол.

    В. Семантикалық тәсіл, аналитикалық тәсіл, синтетикалық тәсіл.

    С. Қосымша қосылу жолы., синтетикалық тәсіл, екпін арқылы.

    Д. Синтетикалық, аналитикалық, қосымша қосылу арқылы.

    6. Грамматикалық форма белігілі топтағы сөздердің қосымшалар, грамматкалық тұлғалар (жалғау, жұрнақ) арқылы белгіл жүйе парадигма бойынша түрленуі болып табылады да, сол арқылы әр тұлғаға сай ..................... беріледі.

    А. Категориялық грамматикалық мағынын

    В. Қатыстық грамматикалық мағына.

    С. Граммтикалық нөлдік форма.

    Д. Жалпы грамматикалық мағына

    7. Нөлдік форма деп -

    А. Арнайы қосымша көрсеткіші болмай, тұлғасы көрінбей тұрып-ақ белгілі грамматикалық (категориялық грамматикалық) мағына берілуді атайды.

    В. Негізгі сөздердің тіркесуі арқылы грамматикалық мағынаның берілуі, сөздердің өзгермеген сол тұлғаларында тұрып бір-бірімен тіркесуі арқылы жеке тұрғандағысынан өзгеше, жаңа грамматикалық мағынаны білдіруін айтады

    С. Лексикалық мағынаның жалпыланып, абстаркциялануы арқылы жалпы грамматикалық мағынаның пайда болуы қазақ тілінде негізгі грамматикалық-семантикалық процесс болып табылады.

    Д. Қосымша арқылы грамматикалық мағынның берілуі.

    8. Грамматикалық категория -

    А. Тек қана белігілі топтағы сөздердің қосымшалар, грамматкалық тұлғалар (жалғау, жұрнақ) арқылы белгіл жүйе парадигма бойынша түрленуі

    В. Өз ішінде бір-біріне қарама-қайшы қасиетте бола алатын бірнеше (кем дегенде екі түрлі) тектес, мәндес граммтикалық мағынаның жиынтығы, бірлігі.

    С. Арнайы қосымша көрсеткіші болмай, тұлғасы көрінбей тұрып-ақ белгілі грамматикалық (категориялық грамматикалық) мағына берілуі.

    Д. Лексикалық мағынаның жалпыланып, абстаркциялануы арқылы жалпы грамматикалық мағынаның пайда болуы қазақ тілінде негізгі грамматикалық-семантикалық процесі

    9. Морфологиялық категория неге байланысты жіктеледі?

    А. Сөз таптарына

    В. Сөз тіркестеріне

    С. Сөздердің орын тәртібіне.

    Д. Сөздердің құрамына

    10. Аналитикалық тәсіл деп

    А. Негізгі сөздердің тіркесуі арқылы грамматикалық мағынаның берілуі, сөздердің өзгермеген сол тұлғаларында тұрып бір-бірімен тіркесуі арқылы жеке тұрғандағысынан өзгеше, жаңа грамматикалық мағынаны білдіруін айтады.

    В. Лексикалық мағынаның жалпыланып, абстаркциялануы арқылы жалпы грамматикалық мағынаның пайда болуы қазақ тілінде негізгі грамматикалық-семантикалық процесс болып табылады.

    С. Қосымша арқылы грамматикалық мағынның берілуі.

    Д. Өз ішінде бір-біріне қарама-қайшы қасиетте бола алатын бірнеше (кем дегенде екі түрлі) тектес, мәндес граммтикалық мағынаның жиынтығы, бірлігі.

    Пайдаланатын әдебиеттер

    1. Қазақ грамматикасы. А., 2002.

    2. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А., 1994.

    3. .Исаев. С Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. Алматы, 1992.4-13-бб.

    4. Исаев С. Қазақ тілі. А., 1996.

    5. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. А., 1998.

    № 5-6 практикалық сабақ тақырыбы. Морфемалар. Оның түрлері, қосымша морфемалардың деривациялық және реляциялық мағыналары.

    Сабақ жоспары:

    1. Теориялық сұрақтарға жауап дайындау:

    1. Морфемалар туралы түсінік.

    2. Морфемалардың түрлері.

    3. Түбір морфема, оның белгілері, сипаттары.

    4. Қосымша морфемалар, олардың деривациялық және реляциялық мағыналары.

    5. Қосымшалар (аффикстер). Жұрнақтар мен жалғаулар.

    6. Жұрнақтар, олардың түрлері мен белгілері.

    7. Жалғаулар, олардың түрлері мен белгілері.

    2. Жаттығулар орындау.

    2.1 Мына сөздерге жазбаша морфологиялық талдау жасаңыздар:

    Қызметкер, басшы, ұшқыш, қоғамдық, жаңалық, талантты, алғашқы, астаналық.

    Үлгі: қайраткерлік

    1) бұл сөз құрамы үш морфемадан тұр: қайрат – кер –лік

    1 түбір морфема (қайрат), 2 қосымша морфема (-кер, -лік- - өнімді, есімнен есім туғызатын жұрнақтар);

    2) Тұлғасына қарай:

    а) қайрат – негізгі түбір

    ә) қайраткер – туынды түбір;

    б) қайраткерлік - туынды түбір

    3) Құрылысына қарай: дара. Себебі синтетикалық немесе морфологиялық тәсілмен жасалған бір ғана туынды түбірден тұрады.

    2.2. Төмендегі сөз құрамындағы аффикстерге сипаттама беріңіздер:

    Бұдырландыру, бұдырлану, бұдырлау, бұдырлы, бұдырсыз, бұжырландыру, бұжырлану, бұжырлау, бұзақылану, бұзақылау, бұзақылық, бұзаубас.

    Қаққыш, қаққыштау, қақпақты, қақпақтық, қақпақыл, қақпақылдау, қақпалау, қақпалы, қақпаншы, қақпашы.

    Қалбақта, қалбаңда, қалбақтау, қалбалақ, қалбалақтау, қалбаңдау, қалбаң-құлбаң, қалғу, қалғызу, қалдық, қалдырту.

    Бақылау сұрақтары

    1. Морфема дегеніміз не?

    2. Ең негізгі морфеманы атаңыз және оның анықтамасын беріңіз, мысалмен түсіндіріңіз.

    3. Қосымша морфема дегеніміз не?

    4. А.Ысқақовтың топтастырған қосымша морфеманың үш тобын атаңыз.

    5. Жұрнақ дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?

    6. Жалғау дегеніміз не және оның түрлерін атаңыз.

    7. Қосалқы сөздер қандай морфема қатарында аталады?

    8. Түбір морфема мен қосымша морфеманың айырмашылығын санамалаңыз.

    9. Лексика-грамматикалық категория қатарына жататын қосымша морфеманы атаңыз.

    10. Функционалды-грамматикалық категория қатарына қандай қосымша морфема жатады?

    11. Жалғаулар қандай категорияға жатады?

    Глоссарий

    Деривациялық мағына - өз алдына дербес қолданылмайтын сөзжасам жұрнақтары білдіретін үстеме мағына. Ол арқылы сөздің лексикалық мағынасына өзгеріс кіріп отырады: көл – көлшік.

    Реляциялық мағына – сөйлемдегі, сөз тіркестеріндегі сөздердің өзара қарым-қатынасынан туатын грамматикалық мағына.

    Аффикс – қосымша, түбірге жалғанып, грамматикалық немесе сөзжасамдық мағына тудыратын сөз бөлшегі, сөздің ең кіші құрылымдық элементі, көмекші морфема. Ол түбірге қатысына қарай мынадай түрлерге бөлінеді: түбір алдынан қосылатын аффикс – приставка, префикс бей –мәлім, түбірдің ортасында қосылатын – инфикс (stand- стоить, stood-стоял ), екі түбірді жалғастыратын – интерфикс (фон-о-логия), префикс пен постфикстің комбинациясынан жасалған – конфикс (бей-қам-дық), постфикс: 1) сөз соңында қосылатын сөзжасам қосымшасы- суффикс (жылқы-шы), 2) сөз соңында қосылатын жалғау – флексия (бала-ға)

    Жалаң жұрнақ деп мағына жағынан да, форма жағынан да бөлшектенбейтін бір бүтін жұрнақты айтамыз.

    Құранды жұрнақ деп мағына жағынан бір бүтін бола тұрса да, құрамы жағынан кемі екі я онан да көне жалаң жұрнақтардан құралып жасалған жұрнақты атаймыз.

    Тапсырма

    1. А.Ысқақовтың «Қазіргі қазақ тілі» Алматы, 1991.32-38-бб. аралығындағы материалдарды негізге ала отырып, «Жұрнақ және оның түрлері» тақырыбына кесте сызыңыз және соған сүйене отырып, жұрнақтардың мағыналары мен ерекшеліктерін сипаттаңыз.

    2. Абайдың « Қырық бірінші сөз» мәтінінен алынған үзіндідегі сөздерге морфологиялық талдау жасаңыздар.

    Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі түрлі нәрсе керек.

    Әуел – бек зор өкімет, жарлық қолында бар кісі керек. Үлкендерін қорқытып, жас балалрын еріксіз қолдарынан алып, медреселерге беріп, бірін ол жол, бірін бұл жолға салып, дүниеде есепсіз ғылымның жолдары бар, сол әрбір жолдабір медресе бар, соларға тоздырып, бірін сен бұл жолды үйрен, сен ол жолды үйрен деп жолға салып, мұндағы халыққа шығынын төлетіп жіберсе, хәтта қыздарды да ең болмаса мұсылман ғылымына жберіп, жақсы дін танырлық қылып үйретсе, сонда сол жастар жетіп, бұл аталары қартайып сөзден қалғанда түзелсе болар еді.

    Екінші – ол адам есепсіз бай боларға керек. Аталарын паралап, балаларын алып, бастапқы айтқандай жолға салып, тағлим берсе, сонда түзелер еді.

    1. А.Ысқақовтың «Қазіргі қазақ тілі» Алматы, 1991.38-80-бб. аралығындағы материалдарды негізге ала отырып, 10 тест тапсырмасын құрастырыңыз. Ол тапсырманың әрбіріне ұсынылатын жауап нұсқалар саны 5-еу болсын.

    2. Реляциялық және деривациялық мағына тудырушы қосымшаларға талдау жасаңыз.

    1. «Неткен жан, әлде даңғыл, әлде мұңғыл?

    Бұл өзі ән күңірентіп айтады жыр»,

    Осылай ертегі қып кетуінде

    Елдің де ескі аузында жоқ па екен сыр? (І.Ж.)

    2. Екпіні үй соққандай пысқырғанда,

    Шалдырмас көктен құсқа, жерден аңға.

    Жықпаса жалғыз қазық жануарды,

    Бұл әзір жеткізбей тұр жылқы малға (І.Ж.).

    3. Кей уақыт өткелі жоқ теңіз келер,

    Кей уақыт ат табылмай өгіз келер.

    Жақсыға тасып, жаманға жасуым жоқ,

    Бар ынтам есік ашу мақсатқа өнер (С.Тор.).

    4. Дұрыстыққа шаттанып, бұрыстыққа –

    Жәбірленіп, кек тұтып, күйгім келер.

    Сыйлағанды сыйлағым менің келер,

    Қинағанды қинағым менің келер.

    5. Анау Жақып, сән түзеп, сауық құрған,

    Құрдасым емес пе еді бір күн туған?

    Мен туғанда табылмай қара сабын,

    Ол туғанда иіс сабын тәнін жуған.

    Менің сорлы шешеме қалжа қайда?

    «Қой сат» деп, әкем шапты көрші байға.

    «Тағы бізге жүрерсің не болмаса...»

    Деді оған, қой бере ме байлар жайға.

    Ол туғанда малына тойға сойған

    Ауыл тұрсын, бір тайпы елі тойған.

    Құттықтап әркім келіп, қалау алып,

    Ат мінді молдадағы атын қойған.

    Сүйіншіге тай беріп жақындары,

    Құтты болсын айтысты жас пен кәрі.

    Мен туғанда білген жоқ аулым тегіс,

    Ол туды деп қуанды елдің бәрі.

    Тілеулес біреуі әже, біреуі ата,

    Солай деп келгендер көп, тарту тарта (С.Тор.).

    6. Ақын жаны жараланады, оңай жазылады, емі көп (Ғ.М.). 7. Мықтысы әлсізін талап, қырқысып жатқан мынау қиянаты мен күнәсі мол дүниеде күнәһар болмай, тал бойын таза алып жүрген жалғыз кісі бар өзі сияқты (Ә.Н.). 8. Енді бұрынғыдай біреудің ығын паналамай, жауласқан жерде бойын көрсетіп қап жүр. (Ә.Н.) 9. – Сізді тыңдап тұрған кезекші кіші лейтенант Ақәділов, айта беріңіз, - деді де, өңі бір қуарып, бір қызарып, даусы дірілдеп шықты (Ә.Ш.). 10. Екі жақсы қосылса, бірін-бірі қиыспайды, Екі жаман қосылса, кең дүниеге сыйыспайды (мақ.). 11. Аттының несібесі – алтау, жаяудың несібесі – жалқы (мақ.). 12. Айыратын жаман бар, қосатын жаран бар (мақ.). 13. Шығасы шықпай, кіресі кірмейді (мақ.).

    Блиц-тест

    1. Әрбір тілдің өзіне тән грамматикалық амал-тәсілдерінің жиынтығы немесе сөз құрамының өзгеру, түрлену, мағына тудыру, сөздердің тіркесу, сөйлем құрау туралы ережелерінің жиынтығы – А) тілдің грамматикалық құрылысы В) тілдің дыбыстық құрылысы С) орфография мен пунктуация Д) фонология мен синтаксис Е) көркем мәтінді талдау ережелері

    2. Сөздердің грамматикалық сипаттарын зерттеп айқындайтын тіл білімінің саласы – А) лексикология В) морфология С) синтаксис Д) фонетика Е) сөзжасам

    3. Сөздердің түрлену жүйесі мен грамматикалық мағыналарын, олардың арасындағы байланыс пен қарым-қатынастарды, сөздердің тұлғалану ерекшеліктерін, сөздердің бір-бірімен тіркеске түсіп, сөйлем құрау қасиеттерін қарастыратын тіл білімінің саласы – А) мәтін теориясы В) фонетика С) грамматика Д) морфология Е) сөзжасам

    4. Қазақ тіліндегі көптік ұғымды білдіру үшін жалғанатын морфологиялық форманы белгілеңіз: А) –ыз, -із, -з; -қ, -к В) –ым, -ім, -лар С) –лық, -лік Д) көп, аз Е) –сын, -сін

    5. Көптік ұғымның лексикалық тәсілмен берілуі дегеніміз – А) көптік ұғымның сөздің лексикалық мағынасымен берілуі В) көптік ұғымның сөз тіркестерімен берілуі С) көптік ұғымның тиісті қосымшалармен берілуі Д) қос сөздермен берілуі Е) біріккен сөздермен берілуі

    Әдебиеттер

    А.Ысқақов.Қазіргі қазақ тілі.Алматы, 1991.23-80-бб.

    Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002. 409-410-бб.

    С.Исаев. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. Алматы, 1992.4-13-бб.

    Қосымша әдебиеттер

    С.Хасанова, Т.Әбдіғалиева, Қ.Қасабекова, Б.шалабаев. Кестелі грамматика. Алматы, 1996.49-75-бб.

    № 7-8 практикалық сабақ тақырыбы. Қосымшалар, олардың түрлері, пайда болу, даму жолдары Қосымшалар, олардың түрлері, құрамы, мағыналық түрлері, қолданыс ерекшклігі, қос функциялы жұрнақтар.

    Сабақ жоспары:

    1. Теориялық сұрақтарға жауап дайындау:

    1. Морфема туралы түсінік. Түбір және қосымша морфемалардың айырым белгілері.

    2. Қосымшалардың жіктелуі.

    3. Сөз тудыратын (сөзжасам) қосымшалардың өзіндік белгілері. Функциялы қосымшалар.

    4. Форма тудыратын (сөз түрлендіретін) қосымшалардың белгілері, түрлері.

    5. Қазақ тіліндегі модификациялық жұрнақтар

    6. Қазақ тіліндегі грамматикалық жұрнақтар

    7. Функциялық қосымшалар.

    8. Қазақ тіліндегі қосымшалардың түбірге жалғану рет тәртібі.

    9. Қосымшалардың мағыналық, құрамдық ерекшеліктері.

    10. Қосымшалар, олардың түрлері, құрамы, мағыналық түрлері, қолданыс ерекшклігі, қос функциялы жұрнақтар.

    11.Жұрнақтардың мағыналары, қолданылу ерекшелігі.

    1. Омоним жұрнақтар.

    2. Төл және кірме жұрнақтар

    3. Көне, жаңа жұрнақтар

    4. Тірі және өлі жұрнақтар

    5. Жалаң, құрамды жұрнақтар

    6. Бақылау сұрақтары

    7. Бір немесе бірнеше мағынаны білдіретін жұрнақтар?

    8. Қос функциялы жұрнақтар.

    9. Құнарлы және құнарсыз жұрнақтар болып бөліну негізі

    10. Омоним жұрнақтарға мысал келтіріңіз.

    2. Жаттығулар орындау.

    2.1 Мәтіндегі сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз, қосымшалардың әрбіріне толық сипаттама беріңіз.

    Келген күннің ертеңінде Абай шешесімен ұзақ әңгімелесіп отырып, өздері кеткеннен бергі ел ішіндегі жаңалықтарды есітті. Сол әңгімелерге қарағанда Құнанбай жиын жиып, тынымсыз қимыл үстінде екен. Алғаш келген кезегі көкқасқа, ақсарбас сойылған топтардан басқа, кейін де талай әңгіме дүкен құрыпты. Біреуге сый беріп, біреуге серт, уәде беріп, кейбіреулерді салқын ызғар, сәлем хатпен тартып, әйтеуір бір ай шамасында талай туды қайырып, баурап апты. Сол ретпен анықтап кеп, қолтығына кірген Қаратай сияқты белділер бар. Бұрын ара ағайын боп, сулық тартып жүрген рудың көбін де жақынырақ тартқан тәрізді. Қысқасы, ел сыртқа шығуға бет алып, қыстау-қыстау тұсынан өтер кезде, Құнанбай қарсысында қалған шалғай топ, белгілі үш-төрт қана ру бопты (М.Ә.).

      1. Төмендегі аффикстерді сипатына қарай екі бағанға бөліп топтастырыңыздар:

    Сөзжасам қосымшалары Форма тудырушы қосымшалар

    -шы, -ім, -лық, -лік, -дік, -ғы, -гі, -сыз, -сіз, -дай, -дей, -лап, -леп, -н, -м, -үр, -ғылт, -шыл, -ша, -ше, -ы, -ар, -ер, -нікі, -тікі, -дікі, -ым, -ім, -ыңқыра,

    -іңкіре,- ңқра, -ңкре, -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер.

    3. А.Ысқақовтың «Қазіргі қазақ тілі» кітабынан 71-78- беттер аралығын оқып шығып, кесте құрастырыңыздар.

    1. Кестені толтырыңыз.

    1. Сөз тудыру өнімділігіне қарай: құнарлы құнарсыз.

    2. Формасы бірдей, мағыналары басқа: синоним

    3. Формасы басқа, мағынасы бірдей: омоним

    4. Бір бірнеше мағыналы: - дара, көп

    5. Құрамындағы морфем-ң дара күрделігіне қарай: жалаң құрамды.

    6. Сөз тудыру қабілеттілігі бар, жоқ: тірі, өлі.

    7. Ерте, кеш қалыптасуына қарай: көне, жаңа жұрнақ.

    8. Басқа тілден енгендігіне қарай; төл, кірме.

    4. Сөздердің қосымшаларын ажыратып, талдаңыз

    1. Тәңірберген оны оңаша алып отырып, қайын атасы мен екеуінің арасына делдел дәнекер болуын өтініп еді: анау құлшына кірісетін пейіл білдіріп, жүгініп отыра қалды (Ә.Н.). 2. Сопы пәтуасын айтқанда, олар да шұғыл құптап, бастарын шұлғып құнжыңдады да қалды. (Ә.Н.). 3. Көп ішінен оның бір өзіне ілтифат етіп, оң тізесін сәл бүгіп сәлем беріп еді (Ә.Н.). 4. Жарайт, Ебейсіннен базарға қосқан малыңның құнын өндіріп алыпсың (Ә.Н.). 5. Арғы ойы белгілі: соңында сырқатынан тәуір боп қызметке орналаса қалса, қысылған жерде оны өздерінің бір кәдесіне жаратпақ (Ә.Н.). 6. Ақбала басқа кісінің сөзіне шұбәланса да, Тәңірбергенге сенетін, әсіресе оның ісінде қателік болмасына кәміл сенуші еді (Ә.Н.). 7. Мықтысы әлсізін талап, қырқысып жатқан мына қиянаты мен күнәсы мол дүниеде күнәһар болмай, тал бойын таза алып жүрген жалғыз кісі бір өзі сияқты (Ә.Н.). 8. Оны осы сәтте көрген кісі: «Ойпырмай, мына баланың иман жүздісін-ай!» - деп ойлаушы еді. Болыс ағасы өлгесін бұрынғы мүләйім мінезін қойып, бет пердесін сыпырып тастады (Ә.Н.). 9 Мұнда келгесін Ебейсін өзінің дағдылы кәсібіне кірісіп, жұрттың тері-терсегін шай, шекерге айырбастай бастады (Ә.Н.). 10. Қасына келген кісіні сезбеді: ауру мен азаптан басқа, бұл дүниеде ана махаббаты, әке жүрегінің ыстық лүпілі болатынын сезбей, шерлеп өскен балапан (Ә.Н.).

    Бақылау сұрақтары

    1. Жіктік жалғауының ықшамдалған түрлері туралы баяндаңыз.

    2. Жіктік жалғаудың болымсыз түрде жалғануына сипаттама беріңіз

    3. Жіктік жалғаудың қолданылмайтын орындары әңгімелеңіз

    4. Жіктік жалғаудың өзге жалғаулармен қабаттасуы туралы баяндап беріңіз.

    5. Жіктеу есімдіктерінің жіктелу ерекшеліктеріне тоқталыңыз.

    6. Көптік категориясы, оның берілу жолдары

    7. Қазақ тілінде көптік ұғымды білдіру үшін жалғанатын 3 түрлі морфологиялық форма, олардың қалыптасуы.

    Глоссарий

    Қосымша морфемалар дегеніміз - өз алдына жеке тұрып ешбір мағына бере алмайтын, тек түбір морфемаларға қосылып, оған әр түрлі қосымша мағыналар үстейтін морфемалар.

    Жалғаулар – сөйлемдегі жеке сөздерді өзгертіп, түрлендіру арқылы оларға белгілі грамматикалық мағына үстейтін морфологиялық формалар.

    Тәуелдеу категориясы – иеленуші үш жақтың біріне белгілі бір заттың меншікті екенін білдіретін грамматикалық категория.

    Тәуелдік жалғау – бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретін, зат есімге және заттанған басқа да сөз таптарына жалғанатын қосымша.

    Блиц-тест

    1 Грамматикалық форма арқылы берілетін мағына – А) категориялық грамматикалық мағына В) жалпы грамматикалық мағына С) қатыстық грамматикалық мағына Д) морфологиялық Е) синтаксистік

    2 Сөйлеу процесінде сөздің басқа сөздермен тіркесіп, байланысқа түсуі, негізгі сөзге көмекші сөздің тіркесуі арқылы, орын тәртібі, интонация т.б. аналитикалық, қатыстық тәсілдер арқылы берілетін мағына – А) қатыстық грамматикалық мағына В) жалпы грамматикалық мағына С) морфологиялық Д) синтаксистік Е) лексикалық

    3 Арнайы қосымша көрсеткіші болмай, тұлғасы көрінбей тұрып-ақ белгілі грамматикалық (категориялық грамматикалық) мағына білдіруші форма – А) нөлдік форма В) грамматикалық мағына С) грамматикалық категория Д) лексикалық мағына Е) сөз форма

    4 Тек лексикалық мағынаға тән белгі А) бірінші пайда болатындығы В) екінші пайда болатындығы С) сөздің түрленуі негізінде пайда болатындығы Д) грамматиканың зерттеу нысаны екендігі Е) бір сөзде бірнешеу болатындығы

    5 Басқа сөздермен әр қилы қарым-қатынасқа түсуі не сөздің түрленуі арқылы пайда болатын мағына – А) лексикалық В) грамматикалық С) лексика-грамматикалық Д) синтаксистік Е) морфологиялық

    6.Тікелей көптік ұғымды білдіретін сөздер,

    а) сорпа, қымыз, тұз, ә) қыз, билор, ұн; б) өзбек тәжік, адам; в) көбелек, құрт – ұмысқа, жәндік; г) шөп, арпа, өсімдік.

    7. Көптік ұғымды сөздің тікелей лексикалық мағынасы арқылы білдіру –

    а) морфологиялық тәсіл; ә) лексикалық тәсіл б) семантикалық тәсіл; в) лексика-синтаксистік; ә) синтаксистік,

    8. Көптік ұғымдардың сөздерге тиісті қосымшалар қосылу арқылы берілуі –

    а) морфологиялық тәсіл; ә) лексикалық тәсіл б) семантикалық тәсіл; в) лексика – синтаксистік; ә) синтаксистік.

    9. Көптік ұғымдардың сөз тіркестері арқылы берілуі –

    а) морфологиялық; ә) лексикалық; б) семантикалық в) лексика- синтаксистік; г) синтаксистік;

    10. Синтаксистік тәсіл арқылы көптік ұғымның берілуі –

    а) жас – кәрі, ә) апа –іні, жора –жолдас, б) елу дәптер, он оқушы; в) ұн, тары, нан г) оқушылар, студенттер, біздер.

    Әдебиеттер

    А.Ысқақов.Қазіргі қазақ тілі.Алматы, 1991.23-80-бб.

    Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002. 175-190-бб.

    С.Исаев. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. Алматы, 1992.4-13-бб.

    Қосымша әдебиеттер

    С.Хасанова, Т.Әбдіғалиева, Қ.Қасабекова, Б.шалабаев. Кестелі грамматика. Алматы, 1996. 57-73-бб.

    № 9-10- сабақ тақырыбы: Жалғаулар оларға тән белгілер, көп вариантты болуының себептері, түрлері: көптік, септік, тәуелдік, жіктік.

    1. Сабақ жоспары: Теориялық сұрақтарға жауап дайындау:

      1. Жалғаулар, оларға тән белгілер, көп вариантты болуының себептері, түрлері: көптік, септік, тәуелдік, жіктік.

      2. Морфемалар, олардың түрлері.

      3. Көптік жалғаудың ерекшеліктері. Көптік категориясының тарихы. Көптік категориясының берілу тарихы.

      4. Тәуелдік жалғау. Тәуелдеу категориясы, тарихы, зерттелуі және тәуелдік жалғау.

      5. Септік жалғауы, тарихы, зерттелуі. Септеудің екі түрі: жай және тәуелді септеу, оларға тән ерекшеліктер. Септік жалғауының көп вариантты болу себептері.

      6. Жіктік жалғау, зерттелуі, тарихы, оның мағынасы, жалғаулары, синтаксистік қызметі. Ықшам түрлерінің пайда болу себептері.

    Бақылау сұрақтары:

    1. Жалғаулардың көп варианты боллуының себебін түсіндіріңіз.

    2. Жалғаулардың мағыналық, тұлғалық дербестігі туралы баяндаңыз.

    3. Көптік жалғаудың қолданылуындағы негізгі грамматикалық ерекшелік қандай?

    4. Көптік жалғаудың грамматикалық қызметімен байланысты стилистикалық ролі қандай

    5. Тәуелдеу категориясын жасайтын синтаксистік тәсіл мен аралас тәсілдің ерекшеліктері?

    6. Жіктік жалғаудың қолданылуындағы кейбір ерекшеліктерге тоқталыңыз.

    1. Тапсырма:

  • нікі формасына қатысты А. Ысқақовтың пікірін тауып, талдаңыз,өзге ғалымдардың бұл тұлғасында қандай ой айтқан?