Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
морф прак КИЛ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
401 Кб
Скачать
☆
  • Жіктеу есімдіктерінің жіктелу ерекшелігіне тоқталып, мысалдармен дәйектеңіз.

    1. Жалғауларын ажыратып түрлеріне талдау жасаңыз

    1. Әйел ферма меңгерушісіне ілесіп бастырмаға кіріп кеткенде, колхоз председателі шоферіне иек қақты (О.С.). 2. Машинасы түскірдің передний мосты отырып қалып... жаяу жүрмін. Әлгінде исполкомға шақырып жатыр еді (О.С.). 3. Августың ортасында егінге орақ түсті. Таңқыбай отағасының күріштігі өзге звеноларға қарағанда бұрынғырақ піскендіктен, колхоз басшылары ең озық комбайнерлерді әуелі осында жұмсап, қос басында кішігірім митинг өткізді (О.С.). 4. Сестра-хозяйка бұдан әрі қазбалап ештеңе сұраған жоқ. Бірақ осыдан кейін коридорда әрлі-берлі өтіп жүріп, тоқайласып қалсақ, алдымен өзі бас изесіп амандасатын болды. Ал мен, әрине, ақ халат кигеннің бәріне құлдық ұрып, құрақ ұшамын (О.С.). 5. Палатаға қайтып келгесін, серігім бір бөтелке минералды суды басына төңкеріп, сіміріп салды да, пердесі түрулі тұрған терезеден сыртқа көз тастап біраз үнсіз отырды (О.С.). 6. Әдетте документ-қағаздар түстен кейін дайындалушы еді, соған шейін сабырым кетіп коридорда сенделіп жүрмін (О.С.). 7. Ортасында мемлекеттік гербтің белгісі бар, оның үстінен «бес», «бес», «төрт» деп сатылай толтырылған көгершін қанат жиырма бес көк аттестат бәріміздің қолымызда отырды (Ә.Нұрш.). 8. Жақсы семьяға қызығуға, сондай семьям болса-ау деп арман етуге болады ғой (Ә.Нұрш.). 9. Алтайдың кенін қайдан кездестірмейміз елімізде. Алтай кені – космоста самғаған корабльдерде! Алтай кені – жасанды спутниктердің денесінде! Аспанда шарықтаған «Ил-18» сияқты самолеттерде де Алтай кені! Мен осыдан екі-үш жыл бұрын Москваға ұшып бара жаттым, ағай. Самолет Свердловскіге қонғанда, мен оның қанатынан сипадым (Ә.Нұрш.). 10. – Бәрі де дачамыздан әкелінген тамақтар, базардан сатылып алынғаны жоқ, - дегенді өте бір мақтанышпен айтады, - біз қазір ара-тұра болмаса, магазин дегенге бармаймыз, бәрін де жерден өндіреміз (Ж. Ж.).

    Глоссарий.

    Жалғаулар – сөйлемдегі жеке сөздерді өзгертіп, түрлендіру арқылы оларға белгілі грамматикалық мағына үстейді.

    Тәуелдеу категориясы – иеленуші үш жақтың біріне белгілі бір заттың меншікті екенін білдіретін грамматикалық категория.

    Әдебиеттер

    А.Ысқақов.Қазіргі қазақ тілі.Алматы, 1991.

    Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002.

    С.Исаев. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. Алматы, 1992.

    Қосымша әдебиеттер

    С.Хасанова, Т.Әбдіғалиева, Қ.Қасабекова, Б.шалабаев. Кестелі грамматика. Алматы, 1996.

    № 11-12 сабақ тақырыбы: Сөздің негізгі түрлері. Қазақ тіліндегі негіз бен түбір.

    Сабақ жоспары:

    1. Теориялық сұрақтарға жауап беріңіз,

    1. Сөздер формалық типтеріне қарай жіктелуі. Сөздің негізгі түрлері.

    2. Құрамына қарай түрлері: Жалаң және күрделі сөздер.

    3. Қазақ тіліндегі негіз бен түбір

    4. Күрделі сөздерді топтастыру,

    5. Негіз түбірлер, оларға тән белгілер, қасиеттер. Негізгі түбірлерді ажырату принциптері

    . Негізгі түбір сөздердің буын құрамы.

    1. Туынды түбір, типтес туынды түбірлер. Туынды түбір тудырудағы жұрнақтардың қызметі, жалғаулардың қатысы.

    2. Күрделі сөздер, негізгі белгілері (семантикалық тұтастық, морфологиялық тұтастық, синтаксистік тұтастық, фонетикалық факторлар), түрлері (біріккен, қос сөз, қысқарған сөз, құрама сөз). Күрделі сөздерді фразеологиялық сөз тіркестері мен еркін сөз тіркестерінен ажырату жолдары.

    Бақылау сұрақтары:

    1. Субстантивтену, адъективтену, проминалдану, адвербиалдану, вербалдану терминдеріне анықтама беріп, мысалдармен дәйектеңіз.

    2. Делексикалану дегенді қалай түсінесіз?

    3. Тірі түбірлер, өлі түбірлер қалай ажыратылады?

    4. Туынды сөзге анықтама беріңіз?

    Глоссарий

    Сөз тудыру – жаңадан сөз жасау заңдары менережелер жинағы.

    Жалаң сөз – құрамында бір ғана негізгі түбір бар сөз.

    Күрделі сөз – құрамында ең кемінде екі (я одан да көп) негізгі түбір бар сөз.

    Түбір - әрі қарай бөлшектенбейтін, морфемаларға мүшеленбейтін, нақты зат я құбылыс жайындағы немесе я әрекет жайындағы ұғымды білдіретін белгілі бір дыбысты я дыбыстық құрам.

    Тапсырмалар:

      1. Морфологиялық талдау жасаңыз

    1.Абайдың бұл келісі: ұрын келу деп, жартыс сала келу деп, кейде есік көре келу, қол ұстау деп те аталады (М.Ә.). 2. Екі жақтың арбасып, қабақ торысқан болыстары: «Бұл билікті кім айтады?» дегенге келгенде, нені тілерін біле алмай жүрген-ді. Ояздарға «өздерің айтып шешіп бер» деген де арыз болған. Бірақ ұлықтар бұдан бас тартқан. Ал төбе биді Асылбекке беруге, керей қарсы. Бұны «Сыбанның күйеуі» деп, «қанды мойын, дұшпан ауылымның бірі – Ақтайлақтың күйеуі» деп, Керей «тіретей» билер алдынан қашып отыр. (М.Ә.). 3. Бір сөзде жұрт: «Құнанбай балалары төбе билікті өзімізге бер деп қанша жабысса да, Абай қарамапты. Ағайын тіліне азбапты. Жұртқа адалдығымен пайда келтірсін деп, алыс ата баласына төбе билікті өз туыстарынан тартып алып беріпті» деседі. Екінші лақап дәл соңғы бірер күн ішінде тарады: «Жатаққа өзі жоқшы бопты, өзі би де боп, кесік айтыпты» (М.Ә.). 4. Мақпал ерінің басына қиындық түскенде қолына қылыш алып, үстіне сауыт киіп, бұрымын дулығаның астына жасыратын да, қас сарбаздай қасына еріп жорыққа бірге аттанатын (Ә.Әлім.). Тоғыз санды торғауыт, Он сандайын оймауыт, Барабан соғып, шың қағып (Ер Тарғын). 6. Қыдыра жалды қыл құйрық, Жылқыдан қалмас дегіздім (Қыз Жібек). 7. Аламанға жол бердік, Аса жұртты меңгердік (М.). 8. Күресте қалың қолды адақтаған, Майданда бетіне жау қаратпаған (С.С.). 9. Жібектейін жеңгемнен бір жауап әкеп бер, аға (Қыз Жібек). 10. Көргендей жол бейнетін жүзің сарық (сонда).

      1. Сөздерден негіз бен түбір сөздерді, күрделі сөздерді ажыратыңыз

    1. Бұлай ұйғарғанда жұмыс күшінің бағасы мен қосымша құнның относительді мөлшерлері үш жағдаймен анықталады: 1) жұмыс күшінің ұзақтығымен немесе еңбектің экстенсивті мөлшерімен; 2) еңбектің қалыпты интенсивтілігімен немесе оның интенсивті шамасымен, - белгілі бір уақыт ішінде белгілі бір мөлшерлі еңбектің жұмсалатындығымен; 3) ақырында, еңбектің өндіргіш күшімен, - өндіріс жағдайларының даму дәрежесіне қарай белгілі бір мөлшерлі еңбектің белгілі бір уақыт ішінде өнімді не аз, не көп бере алатындығымен анықталады (К.Маркс.). 2. Кең көлемді жекешелендірудің тағы бір қыры – оның республика экономикасын Батыс Европа, Азия және Таяу Шығыс экономикалық кеңістігіне бірігуін алдын-ала бағдарлау. Соңғы жылдың ішінде біздің қандай сыртқы және дипломатиялық жұмыстар жүргізгендігімізді сіздер білесіздер. Оның барлық маңызы мынаған – егеменді Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастыққа өркениетті кіруінің барынша қолайлы жағдайын қамтамасыз етуге келіп саяды. Басқа уақытта ондаған жылдар керек болатын нәтижелерге жету үшін бізге бір жылдан астам ғана уақыт қажет болды. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының толық хұқылы мүшесі болды. Батыста және Шығыста көптеген лайықты достар тапты. Ондаған жоғары дамыған елдермен және әлемнің жетекші фирмаларымен тиімді сауда-экономикалық келісімдер жасады («Е.Қ.»).

    Блиц –тест.

    1. Түбірлес сөздерді көрсетіңіз,

    а) білім, білгір, білгіш; ә) ал, біл, аш, б) оқулық, оқу, үздік; в) арзан. арғын; г) мол, мас.

    2). Тіліміздегі сөздер құрамына қарай неше топқа бөлінеді?

    а) 3 ә) 2 б) 5 в) 4 г) 5

    3) Жіктік жалғау мен көптік жалғаудың қатар қолданылуы

    а) сендер барыңдар, біздер оқушылармыз.

    ә) оқушымын, оиламын в) оқушысың, б) үйлер, үйшіктер. г) мұғаліммін

    4. Сөз тудыру –

    а) сөз түрлендіру,

    ә) жаңадан сөз жасау заңдары

    б) көптеу категориясы

    в) жіктеу категориясы

    г) грамматикалық мағына үстеу

    5. Құрамына қарай қалай бөінеді?

    а) жалаң, күрделі ә) түбір, б) біріккен, кіріккен в) қос сөзі г) қысқарған сөз

    Әдебиеттер

    А.Ысқақов.Қазіргі қазақ тілі.Алматы, 1991.

    Қазақ грамматикасы.Фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис. – Астана, 2002.

    С.Исаев. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. Алматы, 1992.

    Қосымша әдебиеттер

    С.Хасанова, Т.Әбдіғалиева, Қ.Қасабекова, Б.шалабаев. Кестелі грамматика. Алматы, 1996.

    № 13-14 сабақ тақырыбы. Біріккен сөз, басты белгілері. Кіріккен, қосарланған, қысқарған сөздер.

    Сабақ жоспары:

    1. Біріккен сөз, басты белгілері, оларды күрделі сөздердің өзге түрлерінен ажырату мәселесі. Кіріккен сөздердің пайда болуындағы фонетикалық факторлардың маңызы, олардың орфограммасы, зерттелуі.

    2. Қос сөздер, сипаттары, түрлері: қайталама қос және қосарлама қос сөз. Қайталама және қосарлама қос сөздердің фонетикалық, морфологиялық және семантикалық сипаттары. Қос сөздердің орфограммасы, зерттелуі.

    3. Қысқарған сөздер және олардың түрлері, олардың жасалу жолдары, жазылуы мен айтылуы.

    4. . Қос сөдер мен біріккен сөздердің, күрделі сөздердің (номинативті атаулардың) құрамы

    5. Сөз формаларының сөз тіркесі мен сөйлемнің бір сыңары немесе бір мүшесі бола алу мүмкіндіктері

    Бақылау сұрақтары:

    1. Қазіргі қазақ тілі интаксис саласының негізігі зерттеу объектілері қандай?

    2. Сөздің және оның формасының синтаксисі дегеніміз не және қандай негізде өз алдыныа синтакасистің жеке категориясы бола алады?

    3. Сөз формаларының құрамына не жатады?

    4. Синтетикалық формалар дегенеміз не?

    5. Аналитикалық формалар дегенміз не?

    3. Қос сөдер мен біріккен сөздердің, күрделі сөздердің (номинативті атаулардың) құрамы қандай және құрамдық бөліктердің байланысы неде?

    4. Сөз формаларының сөз тіркесі мен сөйлемнің бір сыңары немесе бір мүшесі бола алу мүмкіндіктерінің себебі не?

    ГЛОССАРИЙ:

    Сөз - өзара бір-бірімен байланысып, жанаса да, жарыса да өмір сүретін және қызметі жағынан өзара селбесіп, бір-біріне жәрдемдесіп топталатын формалардың жүйесі.

    Сөз формасы— сөздің морфологиялық құрамындағы бөлшектерінің (морфемаларының), синтаксистік байланыс-жалғас тәсілдерінің өзара бір-бірінен ерекшеленіп бөлінерліктей және соған орай қосымша мағыналарды білдірерліктей (я сондай мағыналарға ие боларлықтай) әр алуан түрлері

    Жалаң сөз -- құрамында бір ғана негізгі түбір бар сөздерді айтамыз да, күрделі сөз деп құрамында кемінде екі я онан да көп негізгі түбір бар

    Түбір немесе негізгі форма - сөздің өз алдына тұрып мағына бере алатын, әрі қарай бөлшектеуге келмейтін түпкі мағыналы бөлшегі.

    Туынды сөздер - жұрнақтар арқылы негізгі түбірлерден өрбіген сөздер

    Тапсырмалар:

    1. Өз қалауыңыз бойынша көркем әдебиеттен сөз формаларының құрамына он мысал сөйлемдер тауып, жасалу жолдарын түсіндіріп, толық морфологиялық талдау жасаңыздар.

    2. Берілген мәтіннен аналитикалық формаларды тауып, жасалу жолдарын түсіндіріңіз.

    Қанша күннен бері соңында үн-түнсіз жортып отыратын жігіттердің арғы жағындағы ойынды біле алмай дал. Обалына не керек әйтеуір қанша қиындық көрсе де әлі бірі қыңқылдап қабақ шытқан жоқ. Абай өзіме бірдеме айтпақ па екен деп те ойлайды. Құнанбай естімеген ситяқты ешбір белгі бермеді. Қалау бұл жолы да басын көтермей, тек асынан күңкілдеп бірдеңе дедеі де, үні өшті. Бірақ әкесі мен өзге ешкімге қарамастан келе Абайды құшақтай алды.

    1. Морфологиялық талдау жасаңыз

    Тарбағатай жотасынан созылып түскен әрбір салалардың арасы сайын сарқырап аққан бұлақ, жағасындағы көгал жер, жырақтарда ақ боз үйлі қазақ ауылдары еді. Біз бұл ауылдарды аралап, біріне қонып, біріне түстеніп жүріп, бүгін үшінші қоналқаға Мәсәлім деген бидің аулында едік. Менің еріп жүрген кісілерім бұл елдердің сыйлайтын ағайындары болғандықтан, олар көрген сый-құрметке мен де ортақ едім. (С.Тор.).

    1. Үзіндіден негізгі морфема мен көмекші морфеманы ажыратып,қандай мағыналардан тұратынын айтыңыз.

    ...Қырында киік жайлаған,

    Суында балық ойнаған,

    Оймауыттай тоғай егіннің

    Ойына келген асын жейтұғын

    Жемде кеңес қылмадың,

    Жемнен де елді көшірдің.

    Ойыл деген ойынды,

    Отын тапсаң тойынды,

    Ойыл көздің жасы еді,

    Ойылда кеңес қылмадың

    Ойылдан елді көшірдің.

    Елбең-елбең жүгірген,

    Ебелек отқа семірген,

    Екі семіз қолға алып,

    Ерлер жортып күн көрген,

    Еділ деген қиянға.

    Еңкейіп келдің тар жерге,

    Мұнда кеңес қылмадың.

    Кеңестің түбі нараду,

    Нәлет біздің жүріске,

    Еділ менен Жайықтың

    Бірін жазға жайласаң,

    Бірін қысқа қыстасаң,

    Ал қолыңды маларсың,

    Алтын менен күміске!..

    (Бес ғасыр жырлайды).

    1. Текстегі келтірілген сөздердің қосымшаларын тауып, олардың атқарып тұрған қызметін, сөз мағынасына әсерін анықтаңыздар. Әр қосымшаны құрамына қарай талдап, сөзде қандай тәртіпте жалғанғанын көрсетіңіздер.

    Абылай тұқымынан қыз ұзатылса, жиһаздары жаңадан жасалады екен. Ал, келін түссе, жақсы мүліктері ордаға тартылады екен. Құрала-құрала ондай мүліктер көбейіп кетіп, «орда» деген, тек қана киіз үй болған шақта, жайлауға көшерде тең-тең ғып, «Сырымбет» тауының «Қойма» аталатын үңгірлерінде тастап, басына күзет қойып кетеді екен. Орда ағаштан жасалғаннан кейін, мүліктер алғашқы жылда берік сарайларда сақталып, келер жылда Айғаным – «жайлаудан қыстауым тиыш», деп ағаш ордадан көшпей қоятын дағды шығарған екен. Мүліктер жыл сайын көктемде – бір, күзде – бір жайылып кептіріледі екен, сонда нелер ғажап бұйымдарға, көргендердің көзі сүрінеді екен. (С.М.).

    Блиц тест

    1.Сөздің лексикалық мағынасының абстракциялануы арқылы жалпы грамматикалық мағынаның пайда болуын білдіретін тәсіл

    А.Аналитикалық

    В.Синтетикалық

    С.Семантикалық.

    Д.Фонетикалық

    2.Қосымша арқылы грамматикалық мағынаның берілу тәсілі

    А.Аналитикалық

    В.Синтетикалық

    С.Семантикалық.

    Д.Фонетикалық

    3. Сөз формасы дегеніміз –

    А. Қимылдың, іс-әркеттің мекенін, мезгілін, жай-күйін, мақсатын, сын-бейнесін, себебін білдіріп, граматикалық жағынан түрленбейтін сөздер

    В. Басқа сөз таптарымен салыстырғанда, фонетикалық, грамматикалық және семантикалық жақтарымен ерекшеленіп көрінетін, сонымен бірге әуезділікке, арнайы ырғаққа, эмоциялы құбылысқа, интонацияға бай сөз табы.

    С. Өзіне тән лексика-семантикалық мағынасы адамның есту мүшесі құлақ арқылы дыбысқа еліктеу

    Д. Сөздің морфологиялық құрамындағы бөлшектерінің (морфемаларының), синтаксистік байланыс-жалғас тәсілдерінің өзара бір-бірінен ерекшеленіп бөлінерліктей және соған орай қосымша мағыналарды білдірерліктей (я сондай мағыналарға ие боларлықтай) әр алуан түрлері.

    4. Негізгі форма -

    А. Құрамында бір ғана негізгі түбір бар сөздерді айтамыз да, күрделі сөз деп құрамында кемінде екі я онан да көп негізгі түбір бар

    В. Өзара бір-бірімен байланысып, жанаса да, жарыса да өмір сүретін және қызметі жағынан өзара селбесіп, бір-біріне жәрдемдесіп топталатын формалардың жүйесі.

    С. Сөздің өз алдына тұрып мағына бере алатын, әрі қарай бөлшектеуге келмейтін түпкі мағыналы бөлшегі

    Д. Жұрнақтар арқылы негізгі түбірлерден өрбіген сөздер

    Пайдаланатын әдебиеттер

    1. Қазақ грамматикасы. А., 2002.

    2. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А., 1994.

    3. .Исаев. С Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар. Алматы, 1992.4-13-бб.

    4. Исаев С. Қазақ тілі. А., 1996.

    5. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. А.,1998.

    56