Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
приклад.экол.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
137 Кб
Скачать
☆

6.2.2. Оптималдық заңы және түрдің аралдық майдалану ережесі.

Оптималдықтың қағидасы: ешқандай жүйе шексіз тарыла алмайды немесе кеңейе алмайды. Ешқандай ағза өзінің энергетикасын қамтамасыз етіп отырған белгілі бір өлшемен асып кете алмайды. Бұл өлшемдер қоректену жағдайына және өмір сүру факторына тәуелді. Өсімдіктер мен жануарлар үшін, өздері орналасқан алқаптардың оптималды болуына, өсіп өнуіне табиғатты пайдалану кезінде үлкен нәтижелерге жетуіне оптималдық заңы көмектеседі. Бұл заңды бұрмалау - кең аумақты монокультуралық алқаптарды құру, құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін ландшафттардың жаппай тегістеу – үлкен территориялардың жасанды біркелкілігіне әкеп соқты және экожүйелердің қызметін бұзып, экологиялық кризге ұшырады. Аралдық майдалану ережесі- аралда тұратын белгілі бір түр жануарларының материкте тұратын жануарлардан кіші болуы, яғни өзі тіршілік ететін жер территориясына сай көлемде болуы.

6.2.3. Табиғатты пайдалануда энергия тиімділігінің төмендеу заңы.

Табиғатты пайдалануда энергия тиімділігінің төмендеу заңы – табиғат жүйесінен пайдалы өнім алу кезінде уақыт өткен сайын, оның бірлік жүйесіне кететін энегрия шығынына есептеледі.

6.2.4. Экожүйелер туралы ақпараттың толықсыздық принципі.

Табиғаттың мүмкіндігін суреттеу немесе түсіну үшін табиғат құбылыстарының өзгерісі туралы ақпарат жеткіліксіз.

6.3. Медициналық экология пәні, анықтамасы және қағидалары.

Әр ғылым саласымен түйісетін жаңа пәндер және ғылыми бағыттар туындауда. Медициналық экология осы ғылымдардың негізіне кіреді. Әсіресе, медициналық география, адам экологиясы, әлеуметтік экология, гигиена, экотоксикология, медициналық статистика және экоинформатикамен (информатизациялау және мо­делдеу) тығыз байланыста.

Медициналық экологияның зерттейтін сұрақтары:

  • адам ағзасы жүйесінің және әр түрлі ағза қызметтерінің көрсеткіштері қоршаған орта сапасын бағалау критериі ретінде;

  • қоршаған орта факторларының адам денсаулығына жинақталған әсерінің (пестицидтер, радионуклидтер, минералды тыңайтқыштар, басқа да химиялық заттар, электромагнитті өрістер және т.б.) алатын орны және ролі;

  • қоршаған ортаның нега­тивті және позитивті факторларының адамға бірігіп әсер етуінің экологиялық аспектілері;

  • ландшафттардың медико-экологиялық қатерін және медико-экологиялық көлемін бағалау;

  • медико-экологиялық нормативтерді өңдеу.

Медициналық экология пәніне ғалымдар әр түрлі анықтамалар береді. Мысалы, И.И.Дедю (1990) «медициналық экология – адам ағзасының табиғи- антропогендік ортаға морфофизиологиялық және генетикалық түрде бейімделу сұрақтарын өңдеумен айналысатын және медико-биологиялық ғылымның әр түрлі саласын дамытатын экологиялық бағыт», - деп есептейді.

Н.Ф.Реймерс (1990) : "Медициналық экология – гигиена, ток­сикология және адам экологиясын бір кешенді интеграцияланған ғылымның білім саласы",- деп жазды. Автор медициналық экологияны әлеуметтік экологияның бір бөлігіне жатқызады да, одан канцерогенез экологиясын бөліп алғысы келеді.

Сонымен, «медициналық экология» - медицина және экология ғылымдары түйіскен, қоршаған ортаның тұрғындар денсаулығына әсерінің жалпы заңдылықтарын зерттейді, зерттеу объектісі – қоршаған орта, кеңістіктік-территориалды антропо-экологиялық жүйе; пәні – тұрғындардың денсаулығы және сырқаттанушылығына қоршаған ортаның тигізер әсері; мақсаты –нақты территориялардағы тұрғындардың денсаулығының оңтайлы экологиялық балансын қорғауды қамтамасыз ететін шараларды өңдеу.

Қазіргі кезде, көбінесе тұрғындардың денсалық жағдайы – адам ағзасына табиғи және антропогенді факторлардың әсерінің соңғы экологиялық көрсеткіші ретінде қабылдануда. Денсаулыққа берілетін анқытамалар мен моделдер өте көп, солардың ішінен мысалға голландия ғалымы С.Varkevisser дің (1995) ұсынған схемалық байланысын ұсынамыз.

Профилактикалық медицина

емдік медицина

Генетикалық факторлар

М едициналық ақпарат

Денсаулық

Өмір сүру тәртібі

Қоршаған орта

Физикалық

Саясаттық ұлттық және

Экономикалық халықаралық

Әлеуметтік-мәдениеттік

Кесте 1. Денсаулық моделі С.Varkevisser (1995)

Тұрғындардың жеке, қоғамдық денсаулығы мен сырқаттанушылығына әсер ететін тікелей және және жанама мыңдаған факторлардың бар екендігі белгілі.