- •5. Сабаққа дайындалау сұрақтары:
- •6. Ақпараттық – дидактикалық блок
- •6.1. Қолданбалы экологияны оқытудың нысандары мен тапсырмалары.
- •6.2. Қолданбалы экологияның қағидалары мен ережелері және негізгі заңдары.
- •6.2.1. Ішкі динамикалық тепе-тендік заңы.
- •6.2.2. Оптималдық заңы және түрдің аралдық майдалану ережесі.
- •6.2.3. Табиғатты пайдалануда энергия тиімділігінің төмендеу заңы.
- •6.2.4. Экожүйелер туралы ақпараттың толықсыздық принципі.
- •6.3. Медициналық экология пәні, анықтамасы және қағидалары.
- •6.3.1. Медициналық экологияның құрылымы.
- •6.4. Концептуальды-әдістемелік түсініктер.
- •6.5. Адамның тіршілік ортасының экологиясы.
6.5. Адамның тіршілік ортасының экологиясы.
Техногенді өзгертілген ауа ортасы: қазіргі заманғы қалалардың атмосфералық ауасында жүздеген органикалық және органикалық емес табиғаты бар химиялық заттар анықталады. Ластағыш заттардың негізгі көздері — өнеркәсіп, автокөліктер, зауыт, жылу энергетикасы, соғыс қаруларын сынау, ғарыш кемелері мен ұшақтар, т.б. болып саналады. Аталған нысандардан атмосфераға түскен заттар ауа қабаттарында химиялық немесе фотохимиялық өзгерістерге ұшырайды. Содан соң пайда болған химиялық өнімдер суға, жерге түсіп, ауаға тарай отырып қоршаған ортаны ластап, адам денсаулығына зиянын тигізеді. Сонымен қатар барлық тірі организмдерге, ғимараттарға, құрылыс материалдарына зиянды әсер етеді. Атмосфераның ластануының екі типі бар: газдану және тозаңдану.
Газдану — атмосфераға газ тәрізді ластағыш заттардың түсуі. Олардың негізгілері өздеріне таныс иіс газы, көмірқышкыл газы, күкірт оксиді, азот оксиді, күкіртті сутек, аммиак, метан, фреондар, т.б. Бұл газдар өз кезегінде кышқыл жауындар, парниктік эффектісі, озон қабатының тесілуі, т.б. ғаламдык проблемалар туғызады.
Тозаңдану атмосфераға ұсақ дисперсиялық сұйықтар және қатты заттардың көп түсуінен болады. Бұл заттар ауада зиянды аэрозольдар түзіп, адамдарға әсер ететін зиянды қосылысқа айналады. Тозаңдану, сол сияқты жанартаулар атқылағанда, күшті жел кезінде күкірт оксидтері, су және оттектен күкірт қышқылы түзіледі. Ал қышқылдар тірі организмдерге кауіпті.
Атмосфералық ластардың адам ағзасына әсер етуі жедел және созылмалы болып бөлінеді.
"Смог" (улы тұмшалар). Смог - ағылшын сөзі - түтін деген мағынаны білдіреді. Аталған улы түтін өнеркәсіп, баска да қажеттіліктер үшін көмір мен мазутты жаққанда пайда болады. Тұмшаның 2 типі бар:
1. Лондондық тұмша типі — негізгі көзі көмір мен мазутты пайдаланғанда түзілетін күкіртті газдың атмосферада концентрациясының көбейіп кетуі. Бұл құбылыс Лондон қаласының ауа бассейінінде алғаш рет есепке алынған. Осы азапты тарихи оқиғадан Лондон түрғындары 1873, 1882, 1891, 1948, т.б. жылдары зардап шекті. Улы тұманның ең ірі апаты 1952 жылы Лондонда болған еді. Температураның төмендеуі мен желдің мүлдем жоқтығына байланысты Лондон 5 (2 жұма) күн бойы тұманға оранды. Сонда SО2 мөлшері 5-10 мг/м3 жетті. Сол уақыт ішінде 1000 ға (4000) жақын адам қырылды. 10 000 адам уланумен қатты ауырды. Осындай үлгідегі түтінді тұманды лондондық немесе қысқы түтінді тұман деп атайды.
Қысқы түтінді тұман атмосфералық ауада күкірт қостотығы мен қалықтап ұшқан қатты бөлшектердің аса көп мөлшерде шоғырлануы және құрамында күкірт бар отынның жануы нәтижесінде болатын құбылыс.
2. Фотохимиялык тұмша. Атмосфера қабатында азот оксидтері, көміртегі, озон, күннің радиациясының фотохимиялық, реакцияға ұшырауы нәтижесінде пайда болатын улы түтін. Оның Лондондық тұмшадан айырмашылығы автокөлік моторларынан шығатын газдар күндізгі жағдайда желсіз күні улы түтін түзуге бейім келеді. Желсіз күні фотохимиялық тұмша алғаш peт 1930 жылдары Лос-Анджелес қаласы үстінде есепке алынған. Одан соң бұл құбылыс Нью-Йорк, Токио, Сеул, Афин, т.б. қалаларда байқалғаны тарихқа мәлім.
Жер шарының аса ірі қалаларында «фотохимиялық тұман (смог)» түзілу үрдісі жылдан-жылға қарай өсіп отыр. Фотохимиялық тұман (улы қосылыс) өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесіне, сондай-ақ, адамзат баласына өте үлкен зиян келтіруде. Осы жағдайларға сәйкес, шет елдің мемлекеттерінде және біздің республикамызда атмосфералық ауаны қорғау мақсатында автомобильдердің қозғаушы күшін жетілдіру, нейтрализаторлар орнату, газбен электр қуатымен жүретін электромобильдерді шығару проблемалары туып отыр. Сонымен бірге сутек отындарын пайдалану және жанар майлардың альтернативті түрлерін жасау проблемаларын шешу жолдары зерттелуде.
Су - жұқпалы және жұқпалы емес ауруларды таратушы көз ретінде.
Судың сапасының қанағаттарлықсыздығы және сумен қамтамасыздандыру жұмысының санитарлық-гигиеналық кемшіліктері тұрғындар арасында сырқаттанушылықтың пайда болуына себеп болуда. Қазіргі кезде бұрын жиі кездесетін ішек таяқшалар тудыратын холера, іш сүзегі ауруларының орнына вирустар мен қарапайымдылардың адам ағзасына түсу салдарынан туындайтын сырқат саны көбеюде. Қалымдар оны адам ағзасының иммунитетінің төмендеуіне, қоздырушының репродукциясының өзгеруіне, берілу жолдарының өзгеруіне қоршаған ортаның антропогендік трасформациясының әсерімен байланыстырады.
Судың экзогенді химиялық заттармен ластануы химиялық этиологиялы сырқаттардың дамуына әкеледі. Химиялық заттармен ластануы судың органолептикалық қасиеттерін (иісін, түсін, дәмін және т.б. көрсеткіштерін) және химиялық құрамын бұзады, жедел және созалмалы уланулар туындайды. Мысалы:
мышьяк - су және тағам үшін улы контоминант, табиғи жер қыртысында орналасқан мышьяк грунт суларымен шайылып жер асты суларына түседі. Адам ағзасы үшін мыщьяктың үш валентті қосындысы өте зиянды, ағзада жылдам тарайды. Жасанды көзі: электростанциялардың, металлурги өндірісінің, құрамында мышьяк бар пестицидтердің қалдықтары.
Мышьяктың ағзадағы метаболиттік жолы: АІЖ - қан – бауыр – бұлшық ет тіндері – бүйрек – талақ – тері жамылғысы. Адам ағзасы үшін тәуліктік нормасы 3 мг.
Кадмий – суға түсу жолы жасанды, себеп болатын жағдайлар: коррозияға ұщырыған құбырлар, полихлорвинилді су құбырлары, болат құйушы және пластмасса өндірістерінің қалдықтары. Жедел улану кезінде құсу, жүрек айну, іштің бүріп ауыруы, өте ауыр жағдайларда диарея және шок болады. Тератогенді әсеріне жеткізетін доза 11,1 мкмоль/кг, өлім дозасы – 150мг/кг; тәуліктік нормасы – 35 мг\кг.
Сынап және оның қоспалары ағзада жинақталуға өте бейім, өте улы және қауіпті заттардың біріне жатады. Қазіргі кездегі сынаппен уланудың жасанды жолы Минамата ауруы болып табылады. Сынаптың тәуліктік рұқсат етілген дозасы – 0,05мг/л. Созылмалы улану орталық және вегетативті жүйке жүйелерінің, бауыр және бүйрек, асқазан ішек жолдарының зақымдалуымен жүреді.
Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың жасанды ортасы.
Адам өзінің тіршілік жағдайының 90% бөлме ішінде, яғни жасанды тұйық ортада өткізеді. Тұрғын бөлмедегі ішкі ортаның сипат ерекшелігіне оның көп факторлығы және көп кешенділігі кіреді.
Химиялық ластағыштар: тұрмыстық химия құралдары және полимерлі заттар, газды құбырлар, бөлмедегі адам саны және болу ұзақтығы, ғимараттың эксплуатациялану мерзімі, ауа алмасу жиілігі.
Физикалық ластағыштар: ғимарат орналасқан жерді клиаттық жағдайы және ауа райы, атмосфералық ауаның ластану сипаты, электромагниттік өрістер, шу, діріл, электрлік қондырғыларды пайдалану жиілігі және т.б.
Қоршаған ортаның физикалық факторларының әсері және химиялық этиологиясы бар факторлардың экологиялық сипаттағы сырқаттардың туындауында алатын орны.
Қоршаған ортада адамға әсер ететін қолайсыз физикалық факторлар кешенін шу, діріл, электромагниттік өрістер, ультра және инфрадыбыстар құрайды.
Қазіргі заманғы өмірдің «индустриализациялануы» мен «химиялануы» көптеген себебі анықталмаған аурулардың туындауына себеп болып отыр. Химиялық заттармен улану себептері мен жолдарымен бізге таныс, мысалы: сынаппен улану Минамата ауруын, кадмиймен улану «итай-итай» ауруын, афлотоксиндер – жедел сару ауруды тудырады және т.б.
Тұрғындар денсаулығына қоршаған орта факторларының әсерін бағалау әдістері:
- жануарларға моделдеу әдісі;
- тұрғындардың жағдайын қадағалау әдісі (анкеталық-сұрақ, статистикалық және эпидемиологиялық (клинико-диагностикалық) мәліметтерді өңдеу);
- денсаулыққа қатер жағдайын бағалау әдісі.
Студенттердің өзіндік жұмысы
Есеп № 1
Ірі теміржол тоннелін құрылыстау ауданында орналасқан жеке меншік фермерлер өздерінің қарамағындағы ірі қара малдың координациясының бұзылуын, тремор және ұстамасының болуын байқайды. Біраз уақыт өткен соң он шақты ірі қара малдың өлуі басталды. 1 км қашықтықта орналасқан су тағамында өлген балық денелері су бетінде қалқып жүреді.
Бір айдан кейін тоннел құрылысы жүріп жатқан жерде орналасқан елді мекеннің 15 – тұрғыны бұлшық еттерінің әлсіздігіне, аяқ-қолдарының ұюына, әлсіздіктің күшеюіне, ұйқысы келу, есте сақтау қабілеттілігінің төмендеуіне және басының айналуына шағымданып, жергілікті ауруханаға қаралды. Обьективті қарау кезінде дерматит, сіңір рефлекстерінің төмендеуі, нистатм, мақсатсыз жүріс (атактическая походка) анықталды.
Тапсырма: Берілген жағдай бойынша тұрғындар арасында туындаған сырқат түріне сипаттама бер, себебін анықта.
Сұрақ: 1. Сырқаттың таралу жолы қандай?
2. Адам ағзасында орталық жүйке жүйесі және вегетативті жүйке жүйесінде өзгерістер тудыратын химиялық зардаптарды ата?
Есеп № 2
Атмосферадан алынған сынаманы зерттегенде озон, органикалық тотықтар, нитриттер көлемінің ШРЕК-дан екі есе жоғары екені анықталды.
Автокөліктер жүретін негізгі автомагистралды жолдың бойында түтіндердің қоюлануы байқалды.
Күндізгі ауа температурасы +270С, ауа қозғалысы анықталмайды, ылғалдылығы 30%, барометрлік қысым 714 мм сын бағ. Ауа – райы күрт өзгеріп, желсіз ауадан жағымсыз иістер пайда бола бастады. Жергілікті ауруханаға көзінің жас ағып, түйілуіне, тітіркендіргіш жөтелге және демікпеге шағымданған тұрғындар келе бастады.
Сұрақ: Атмосфералық ауада қандай құбылыстар байқалады?
Тұрғындар арасында пайда болған улану себебін анықта.
Есеп № 3
Өскемен қорғасын-мырыш комбинатына жақын орналасқан елді мекен жанындағы ауыз су ретінде қолданалытан су тоғанынан су сынамасы алынды. Жүргізілген зерттеулер нәтижесі бойынша токсикологиялық лимитті зияндылық көрсеткіші бар келесі химиялық заттар анықталды: берилий – 0,002 мг/л (ШРЕК – 0,002 мг/л, зияндылық классы – 1), молибден-0,5 мг/л (ШРЕК – 0,5 мг/л, зияндылық классы - 2), мырыш – 0,06мг/л (ШРЕК – 0,05 мг/л, зияндылық классы -2), кадмий- 0,002 мг/л (ШРЕК - 0,001 мг/л, зияндылық классы - 2). Органолептикалық қасиеттері өзгеріссіз (иісі және түсі 2 балдан аспайды).
Тапсырма: Ауыз су ретінде қолданылу мүмкіндігіне қорытынды беріңіз.
Келесі сұрақтарға жауап беріңіз:
Су арқылы берілетін жұқпалы ауруларды ата.
Химиялық элемент кадмийдің адам ағзасына тигізетін зияндылығын бағала.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Негiзгi:
1. Келлер А.А., Кувакин В.И. “Медицинская экология”.-СПб.: /Петроградский и К/,
1998. - 256 с.
2. Шилова И. А “Экология”. - М.: Высш. шк., 2000,512 с,
3. “Экология человека: Основные проблемы” /Под ред. В. П. Казначеева В. С.,
Преображенского. М.; Наука, 1988,221 с.
4. Медицинская экология. Учебн. пособие для студентов высш.учебн. Под ред. А.А.Королева. – М.: Издательский центр «Академия», 2003.-192с.
Қосымша:
1. Дювинью П., Танг М. “Биосфера и место в ней человека”.-М.:Прогресс,1975,150с.
2. Меллер Т. ”Жизнь в окружающей среде”: Пер. с англ.В 3 т. ТЛ./Т .Миллер;Под
ред. Г.А.Ягодина, - М. :Прогресс- Пангея, 1994
3. Реймерс Н.Ф.”Охрана природы иокружаюшей человека среды: Словарь-
справочник”./Н. Ф .Реймерс.-М:Просвещение, 1992.-320с.
