- •Оқулық. М.Б.Усманова, к.Н.Сакарьянова Алматы «Атамұра»-2016 Химия 9 сынып
- •11 Сынып Қоғамдық-гуманитарлық бағыт
- •Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптары үшін «Химия» пәнінен типтік оқу бағдарламасы
- •3. Оқыту міндеттері:
- •7. «Информатика» пәнімен:
- •8. «Химия» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
- •Химия 10 сынып
- •11 Сынып Қоғамдық-гуманитарлық бағыт
- •3. Оқыту міндеттері:
- •4. «Химия» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
- •6. «Биология» пәнімен:
- •8. «Алгебра» және «Геометрия» пәндерімен:
- •Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Химия» пәнінен типтік оқу бағдарламасы
- •10. «Информатика» пәнімен:
- •Жаратылыстану- математика бағыты
- •11 Сынып
- •Жаратылыстану- математика бағыты
- •10 Сынып
- •Химия учебная программа
- •Пояснительная записка
- •Химия 8 класс. Всего 68 часов, в неделю 2 часа.
- •Пояснительная записка
- •Предмет: химия
- •10 (Естественно- математическое направление)
- •11 (Естественно- математическое направление)
- •Общественно-гуманитарное направление Химия 10 класс
Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптары үшін «Химия» пәнінен типтік оқу бағдарламасы
1. Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
2. Оқыту мақсаты:
химия бойынша дамыған жаратылыстану ғылыми білімі мен білігі дағдысын болашақ өз кәсіби қызметіне қолдану, сонымен қатар қоршаған ортаны өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтан ластанудан қорғауда экологиялық мәдениет пен өзінің азаматтық позициясын көрсету қабілеті.
3. Оқыту міндеттері:
1) практикаға бағытталған білім, түсінік, химия ғылымының теориялары мен заңдарын игеру;
2) күнделікті өмірде, химиялық лаборатория мен өндірісте, табиғатта болатын химиялық құбылыстарды бақылау және оларды түсіндіруді игеру;
3) қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, заттар мен лабораториялық құралдарды қолданып, химиялық тәжірибелерді жасау мен түсіндіру дағдысын жетілдіру;
4) эксперименттік жұмысты жүргізу барысында және өз бетінше алған білімді күнделікті өмірде қолдану мақсатында танымдық және зияткерлік қабілетін дамыту;
5) химияға жаратылыстану мен жалпы адамзат мәдениетінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде көзқарасын дамыту;
6) адамзат алдында тұрған проблемаларды шешуде химияның қоғамдық мәні мен гуманистік бағыттылығын дамыту;
7) оқушының химиядан алған білімі мен біліктілігін заттар мен материалдарды тұрмыста, ауыл шаруашылығында және өндірісте қауіпсіз пайдалануға, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін құбылыстардың алдын алуға қолдану.
4. «Химия» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
10-сыныпта оқу жылына 68 сағат, аптасына 2 сағаттан;
11-сыныпта оқу жылына 68 сағат, аптасына 2 сағаттан.
5. Химияны оқыту үдерісінде оқу пәндерімен пәнаралық байланыстар жүзеге асырылады.
6. «Биология» пәнімен:
1) микро, макроэлементтердің (металл және бейметалл) биологиялық маңызы;
2) көмірсу, май, белок, амин қышқылдарының биологиялық және қоректік маңызы;
3) гендер, тұқымқуалаушылық, ДНҚ мен РНҚ маңызы, гендік инженерия туралы түсінік;
4) тірі ағзалардың химиялық құрамы;
5) медицина, экология саласындағы биотехнология, биохимия жаңалықтары;
6) әртүрлі заттарды тұрмыста қолданудың экологиялық қауіпсіздігі.
7. «География» пәнімен:
1) пайдалы қазбалардың, көмір, мұнай және табиғи газдың кен орындары;
2) Қазақстандағы табиғи шикізат ресурстары және негізгі металлургиялық, химиялық және өңдеуші өндірістер, олардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызы;
3) минералды ресурстарды тиімді пайдалану.
8. «Алгебра» және «Геометрия» пәндерімен:
1) химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулерде формулаларды қолдану;
2) электрондық бұлттың кеңістіктегі құрылысы мен молекулалар геометриясы.
9. «Физика» пәнімен:
1) атомның, ядроның құрамы мен құрылысы, изотоптар, радиоактивтілік, ядролық реакциялар;
заттардың агрегаттық күйі, кристалдық торлар, газ заңдары;
2) тұздар балқымасы мен ертінділерінің электролизі, Фарадейдың электролиз заңы;
3) баламалы энергия көздері, Қазақстанның энергетикалық потенциалы.
