Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zhogargy_Oku_Oryndarynyng_Arasyndagy_Parlamenttik_Pikirsayystan_Elem_Chempionaty.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
78 Кб
Скачать
☆

2.7 Дебаттағы оппозиция

Сонымен, үкімет ұсынысты неге қабылдау керек немесе өз ойы неге дұрыс екенін көрсететін аргументтерін ұсынады. Ал Оппозиция мүшелері не істеу қажет? Нақты шаралар туралы пікірталаста Оппозиция неге осы шараны істемеу керек екенін, яғни бұл ұсынысқа тиімдірек альтернатива бар екенін көрсетуге тиіс. Сондықтан, Үкімет қандай дефиниция беретінін таңдай алса, Оппозиция статус квоны қорғау мақсатында екі жолдын біреуін таңдай алады: альтернативті шешу жолын қорғау немесе Үкімет берген қарардағы ешбір шараны істемеу. (Әрине, екінші жолды таңдаған жағдайда команда толық әрекетсіздікті ұсынбайды, тек неге осы қарарды қабылдау мемлекеттін ситуациясын ушықтырытанын көрсетеді)

Контр-ұсыныс

Егер Оппозиция ұснылған қарардан бас тарту себептерін көрсетіп жатса, контр-ұсынысты енгізу легитимді болып саналады. Үкіметтін іс-шарасына нақты альтернативаны көрсетуге оппозиция міндетті емес. Алайда, егер оппозиция қаласа, Үкіметтін ұсынысына балама әрекеттерді қорғауға мүмкіндік бар. Бұл “контр-ұсыныс” немесе “контр-пропозиция” деп аталады. Егер Үкімет жағынан тек Премьер-министр дефиниция енгізуге құқылы болса, Оппозиция үстелдерінде тек Оппозиция Лидері альтернативті моделді көрсете алады. Альтернативті метод үкіметтін механизмімен қатарлас жұмыс істелуі мүмкін, бірақ бұл төрешіні сендіруде көп пайда әкелмейді, өйткені екі механизмді де бірдей қабылдауға болады. Сондықтан, өз моделін ұсынған Оппозиция неге бұл модель жақсы екенін түсіндіргеннен бөлек, неге бұл моделді Үкіметтің моделінін орнына қабылдау қажет екенін көрсеткені жөн.

Мысалы: Бұл Палата Сирияға әскер енгізеді

Мысал 1:

Премьер-Министр: «Біз АҚШ тез арада Сирияға әскер енгізіп, сол жерде жаңа үкімет орнатуға тиіс деп есептейміз»

Оппозиция Лидері: «Біз АҚШ тез арада Сирияға әскер енгізіп қана қоймай, Сирияның жаңа режиміне эконмикалық көмек беру керек деп есептейміз»

Төреші қандай қорытынды жасайды?

Ашушы Оппозицияның контр-ұсынысы Ашушы Үкіметтің ұсынысымен қатарлас жұмыс істей алатындықтан, Үкіметтін кейсін қабылдайды.

Мысал 2:

Премьер-Министр: «Біз АҚШ тез арада Сирияға әскер енгізіп, сол жерде жаңа үкімет орнатуға тиіс деп есептейміз»

Оппозиция Лидері: «Біз Сирияға әскерді енгізгеннін орнына АҚШ бүлікші топтарға әскери көмек бергені дұрыс деп есептейміз»

Төреші қандай қорытынды жасайды?

АО контр-ұсынысы толықтай Үкіметтін идеясын жоққа шығармайды, бірақ олар оны альтернатива ретінде көрсетті (әскер енгізу болмауы және әскери көмек берілуі анық).

Басқа аргументтерге байланысты, бұл баламаны лайықты деп есептеуге болады.

АО контр-ұсыныс енгізбеген жағдайда Үкімет командалары нақты альтернативаны талап ете ала алмайды. Оппозиция тобының басты мақсаты берілген мәселені шешу емес, Үкімет ұсынысын жоққа шығару болып табылады (Оппозиция кейбір кезде нақты мәселе жоқтығы туралы аргумент бере алады). Алайда, егер Оппозиция мәселенін бар екендігін мойындаса, АҮ ұсынған іс-әрекеттер қалыптасқан жағдайды ушықтарытынын дәлелдеу қажет.