Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.Основы интел. собств._КАЗ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
95 Кб
Скачать
☆

Тауарлық таңбалар ретінде бола алатын белгілеулер

Жоғарыда айтып өткеніміздей, ҚР Заңына сәйкес, тауарлық белгі, немесе, таңба ретінде - сөзбен, бейнемен, көлемдік фигурамен, немесе, олардың комбинациясы түрінде көрсетіле алады.

Сөйтіп, тауарлық белгі, бір, немесе бірнеше сөзден, цифрлардан және әр түсті бейнелерден, немесе оларды бір бірімен араластыру (комбинациялау) арқылы жасақталуы мүмкін.

Сөзбен құралатын тауарлық белгілердің мысалдары

Сөзбен жасақталынатын тауарлық белгілерге сөздер, немесе сөздер мен әріптердің жиынтығы, сондай ақ белгілі бір түсінік беретін сөздер құрамы мен сөйлемдер жатады.

Сөзбен жасақталынатын тауарлық белгілерге практикада қолданылып жүрген, немесе, жаңадар ойлап табылған сөздер, сонымен қатар, сөздер жиынтығы мен сөйлемдер жатуы мүмкін, мысалы:

- күнделікті қолданылып жүрген сөз бен сөздер жиынтығынан құрылған тауарлық белгілердің мысалы:

«АСТАНАЛЫҚ», «САПА КЕПІЛІ»,  «ДЕНСАУЛЫҚ КӨЗІ», «ДАСТАРХАН», «ДӘМНІҢ АТАСЫ», ПАЛАУ ОРТАЛЫҒЫ т.с.с.;

- фантазиялық құрастырулар арқылы ойлап табылған сөздер:

"ВИТАМАМА", "КОМПАШКИ", «У БАРАБАШКИ», «ХАЛЫҚНАН»;

- фирмалық ұран немесе фирма сөзі (слоган):

"БІЗ БАҚЫТ ТҰРҒЫЗАМЫЗ", "СІБІРЛІК САПА СІЗДІҢ БАҚЫТЫҢЫЗҒА", "ХЛЕБНИЦА ОТ ПОЛЮШКА ДО ХЛЕБУШКА", "ДӘРІГЕР – СІЗДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫҢЫЗҒА";

- Бейне түріндегі тауарлық белгілер

Бейне түріндегі тауарлық белгілерге тірі жандардың, нәрселердің, табиғи немесе басқа да нысандардың, сонымен қатар, кез келген жазыңқы және кеңістік фигуралардың, түзулердің, немесе, дақтардың және олардың композициясын бейнелейтін белгілер жатады.

Бейне түріндегі тауарлық белгілердің мысалдары:

Бейне түріндегі тауарлық белгі "Цесна Банк"

Бейне түріндегі тауарлық белгі "ЕХРО-2017" 

Комбинацияланған тауарлық белгілер

Комбинацияланған тауарлық белгілерге араластыру арқылы жасалынған белгілеулер жатады (яни, бейнелік, сөздік, көлемдік және т.с.с әр түрлі белгілеулерден құрылған).

Комбинацияланған тауарлық белгілердің мысалы ретінде логотиптерді алуға болады:

"Аэропорт Толмачево" 

"Казақтелеком"

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеттің

гоготипі «ЕНУ»

Шығатын өнімнің этикеткасы:

"РАХАТ" кондитерлік фабрикасы өнімдерінің этикеткасындағы эмблема

Өскемен құс фабрикасы өндіретін өнімдерінің этиктекалық эмблемасы "Кус Вкус"

Көлемдік (кеңістік) тауарлық белгілер:

Көлемдік тауарлық белгілерге кеңістіктегі үш өлшемдегі нысандар, фигуралар және фигуралар мен сызықтардың комбинациялары жаталы.

Көлемдік тауарлық белгілердің мысалы:

"Нью-Йорк Пицца" компаниясының көлемдік тауарлық белгісі – басына наубайшының ақ қалпағын және үстіне ақ халатшасын киген наубайшы бейнесінлегі куклалық ер адам фигурасы.

Тауарлық белгі және тауарлық марканы тіркеу – нарық жүйесінде өзіміздің тауарларды, жұмысымызды немесе қызмет көрсетуімізді дараландыруға арналған белгілеулерді тиімді құқықтық түрде қорғауға бағытталғын аса қажетті қадам болып табылады. Тіркелмеген логотип, мекемедегі коммерциялық қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылса, кейіннен ол пайда әкелудің орнына, керісінше, фирманың экономикалық жағдайын нашарлатып жіберуі де мүмкін.

Тауарлық белгіге түпкілікті құқығымыз болуы үшін тауарлық белгі арнайы тіркеуден өтікізіліп, өған куәлік алынуы қажет. Берілген куәліктің қолданылу мерзімі 10 жылға дейін созылады және осы уақыт өткен соң келесі осындай мезгілге уақытында ұзартылады.

Тауарлық белгіні қалайша тіркеуден өткізуге болады және онымен кім айналысады?

ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік жөніндегі Комитетінің Ұлттық зияткерлік меншік институтының (ары қарай Институт) патенттік бюросына келесідей құжаттар тапсырылады:

1. Заңды тұлға немесе Жеке кәсіпкердің тіркелу куәлігінің көшірмесі (нотариалды түрде бекітудің қажеті жоқ, тек қана e-mail электрондық поштасына жіберілген сканерлік көшірме жеткілікті);

2. Тауарлық белгінің суреті (JPEG форматында e-mail поштаға жіберіледі);

3. Қол қойылып, мөр соғылған сенімхат;

4. Институт сарапшыларының арнайы классификациялаудан өткізуі үшін фирмада өндірілетін тауарлардың немесе көрсетілетін қызмет түрлерінің тізімі.

Тауарлық белгіні тіркеуден өткізу келесідей тәртіппен істелінеді.

Қазіргі кездегі қолданыста бар заңға сәйкес тауарлық белгі алу үшін берілген өтінішті сараптау жұмысы ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік жөніндегі Комитетінің Ұлттық зияткерлік меншік институты (ары қарай Институт) арқылы жүзеге асырылады.

№

Тауарлық белгіні тіркеудің кезеңдері мен ұзақтылығы

1

Сарапшы мекемеге өтінімді дайындау және беру; (Бюроның қызмет көрсету құнын төлегеннен кейінгі 1 жұмыс күні ішінде)

2

Формалды сараптама; (өтінім берілгеннен кейінгі 1 ай ішінде)

3

Толық сараптау; (өтінім берілгеннен кейінгі 9 ай ішінде (формалды сараптауға кететін уақытты қоса есептегенде)

4

Тауарлық белгіге куәлік берілу (куәлікті беру үшін төленуге тиісті тариф есеп шотқа төленген мезгілден бастап 1-1,5 ай шамасында)

Егерде берілген өтінімді қарастыру мезгілін тездету қажет болса, онда арнайы қарастырылған тездету процедурасын қолдану мақсатында өтініш беру арқылы, өтінімді қарастыру мерзімін құжат түскеннен кейінгі 6 ай ішінде қарастырылуын қамтама ете аламыз. Ол үшін, есеп шотқа, сараптаушы мекеме тарифында қарастырылған қосымша төлемақы төленеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]