- •1. Қр зияткерлік нысандар жөнінде жалпы түсініктер мен анықтамалар
- •1.1. Тауарлық белгіні тіркеу (тауарлық марка).
- •Тауарлық белгінің негізгі атқаратын функциялары:
- •Тауарлық таңбалар ретінде бола алатын белгілеулер
- •- Бейне түріндегі тауарлық белгілер
- •Комбинацияланған тауарлық белгілер
- •1.2. Қазақстан Респубикасында өнертабысты патенттеу рәсімі жөнінде.
- •Патенттік құқық субъектілері.
- •Өнертабыстың қорғаныс қабілеттілігінің шарттары.
- •Патенттік құқықтардың көлемі.
- •Қорғау нысаны.
- •Басымдық құқығы (Право приоритета).
- •Өнертабысты қолдану.
- •1.3. Қазақстанда пайдалы моделді патенттеу.
- •1.4. Патентование промышленного образца в Казахстане
- •1.5. Регистрация авторских прав в Казахстане.
Патенттік құқықтардың көлемі.
Қорғау нысаны және оның жұмыс жасау шекарасы патентте көрсетілген өнертабыстың тәуелсіз пункттерімен шектеледі. Өнертабыстың сипаттамасы және онда қолданылатын фигуралар, тек қана өнертабыс формуласын түсіндіру үшін ғана қажетті. Өнертабыс атауының оны құқықтық қорғауға қатысы жоқ. Өнертабыстың соңында келтірілетін реферат, тек қана ол жөнінде ақпарат беру үшін қажет, сондықтанда өнертабыс формуласын талқылауға қолданылмайды.
Құқықтық қорғауға тек қана өнертабыстың тәуелсіз пункітінде көрсетілген түсініктемемен дәл келетін шешімдер ғана емес, сонымен қатар, өнертабыста көрсетілген аналогтегі ортақ белгілердің орнына эквивалент ретінде қолданылып отырған шешімдер де жатады.
Қорғау нысаны.
Негізгі бабы (статья): Айрықша құқық (Исключительное право)
Қорғау нысаны деп өнертабысты қолдануға берілетін айрықша құқықты — яғни, өнертабысты басқа да қолданушыларға рұқсат немесе тыйым салуға хақы бар құқықты айтамыз.
Өнертабысты қолдануға айрықша құқықты тек қана өнертабысты иеленуші ғана ала алады.
Өнертабыс иесінің рұқсатынсыз немесе келісімінсіз оны қолдану, ҚР нормативтік актілер шеңберінде жауапқа тартылуға әкеліп соғады.
Патенттік құқық субъектілері.
Өнертабыс авторы деп (өнертабысшы, зияткерші) — осы өнертабысты өзінің шығармашылық еңбегімен ойлап тапқан азаматты айтамыз.
Өтініш беруші деп — өз атына патент сұрап отырған субъектіні, патент ізденушісін айтамыз.
Патентті иеленуші деп — өнертабысты қолдануға айрықша құқығы бар тұлғаны айтамыз.
Өтініш беруші немесе патентті иеленуші болып физикалық немесе заңды тұлға, сонымен қатар жеке кәсіпкерлер мен бір топ тұлғалар болуы мүмкін.
Авторға кедесідей субъективтік құқық беріледі:
патентті алу құқығы (яғни өтініш беру құқығы) — бұл құқық басында авторға беріледі, егерде заң тарапынан немесе белгілі бір келісім шарттар тарапынан басқа ешқандай да қосымша шарттар айтылмаса;
авторлық құқық (яғни жеке заттай емес мүлік (неимущественное)) — өнертабыстың авторы болып саналу құқығы;
сыйақы (яғни жеке заттай мүлік (личное имущественное вознаграждение) алу құқығы — ол тек сол жағдайларда болуы мүмкін, егерде, өнертабыс қызметтік бапта орындалса, немесе ол келісім шарт негізінде орындалып, айрықша құқық авторға берілмеген болса.
Патентті алу құқығымен салыстырғанда авторлық құқықтың ерекшелігі – ол талқылауға жатпайды және өнертабыс басқа бір тұлғаға беріліп, ол айрықша құқыққа ие болған жағдайда да, немесе, осы патентті басқа бір тұлғаның қолдануына рұқсат етілген жағдайда да басқа бір тұлғаға берілмейді.
Әлемдегі өнертабыстардың (до 95 %) көп бөлігі қызметтік бапта жасалып жатады, немесе арнайы берілген тапсырыс шеңберіндегі ізденіс жұмыстары ретінде жүзеге асырылады. Бұл жағдайда өнертабысқа деген құқық жұмыс берушіге немесе тапсырыс берушіге беріледі.
Өнертабыстың қорғаныс қабілеттілігінің шарттары.
Қабылданған техникалық шешім өнертабыс ретінде құқықтық қорғауға қабілетті (яғни патент алуға қабілетті), егерде ол патентке ие болудың келесідей шарттарына сай болса:
жаңашылдық — егерде өтінішті берілген мезгілге дейін (приоритет, яғни басымдық) ұсынылған техникалық шешім ешбір техникалық деңгейде бұрын соңды қарастырылмаған болса;
өнертабыстық деңгей — егерде техникалық нәтижеге жеткізетін техникалық шешімнің ерекшеліктері жөніндегі ақпарат ешбір техникалық деңгейде бұрын соңды қарастырылмаған болса;
өнеркәсіптік қолданылыс — техникалық шешім күнделікті тәжірибеде қолданыла алады, егерде ол өтініште көрсетілген ерекшеліктерді орындауға жарамды болса.
Техника деңгейі деп, жалпылама жағдайдағы, өтініш берілген мезгілге дейінгі әлемнің кез келген түкпіріндегі қол жететін кез келген мәліметтерді айта аламыз.
Кейбір айрықша жағдайларды, жаңашылдықты бағалау мақсатында техника деңгейі деген ұғымға тағыда қосымша түсініктер енгізілуі мүмкін, егерде олар ашық түрде баспа бетінде жарияланған соң жалпылай қол жететін мәліметтер қатарына енсе.
Өнертабыстың жаңашылдығын анықтау кезіндегі жеңілдіктер қатарына келесідей жағдайлар жатады:
жаңашылдық бойынша жеңілдік — өнертабыс авторларынан шығатын мәліметтер өтініш бергенге дейін алты ай немесе одан аз уақыт аралығында жалпыға қол жетімді болып, бірақта патенттеу үшін кедергі келтірмесе; бұл жағдайда бұл мәліметтердің шығу тегін дәлелдеу ауыртпалықтары өтініш беруші тұлғалардың өздеріне жүктеледі;
селективтік өнертабыстар — химиялық қосылыстардың кең ауқымды түрде белгілі болуы, олармен салыстырғандағы бұрын соңды алынбаған және зерттелмеген кіші топтағы химиялық қосылыстар бойынша ұсынылған жаңашылдықты жоққа шығара алмайды, егерде олардың бойынан белгілі класқа жатпайтын қасиеттер табылса.
Өнеркәсібі дамыған көптеген мемлекеттермен салыстарғанда (ең алдымен, еуропа елдерімен), біздің елімізде, емдеу, диагностикалау, және алдын алу (профилактика) тәсілдері өнеркәсіптіқ қоданысқа ие бола алатын шешімдер қатарынан әзірше шығарыла қойған жоқ.
