Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МК коры.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
78 Кб
Скачать
☆

2.2. Қарапайым мәліметтер қорының құрылымы

Базаға ешқандай мәліметтер енгізілмеген жағдайда да мәліметтерқоры болып қала береді. Өйткені ондай мәліметтер болмаған күннің өзінде де, қандай да бір ақпарат бар – бұл мәліметтер қорының құрылымы. Ол мәліметтерді енгізудің және сақтаудың әдістерін анықтап береді. Мәліметтер қоры көптеген объектілерден тұрады, бірақ солардың ең негізгісі кесте болып табылады. Ең қарапайым мәліметтер қоры бір ғана кестеден тұрады. Сәйкесінше, ең қарапайым мәліметтер қорының құрылымы сол кестенің құрылымымен анықталады.

Мәліметтер қоры мен қосымшалардың өзара орналасуларына байланысты келесі мәліметтер қорларын бөліп көрсетуге болады:

  •  Локальды мәліметтер қорлары;

  •  Жойылған мәліметтер қорлары. 

Локальды мәліметтер қорларымен операциялар жасау үшін локальды қосымшалар, ал жойылған мәліметтер қорларымен операциялар жасау үшін клиент – серверлік қосымшалар дайындалады.

Мәліметтер қорының орналасуы көптеген жағдайда осы қорда бар мәліметтерді өңдейтін қосымшалардың дайындалуына әсер етеді. Осылайша, келесі қосымшалар түрлерін бөліп көрсетуге болады:

  • Локальды мәліметтер қорын пайдаланатын қосымшаларды бір деңгейлі (бір буынды) қосымшалар деп атайды. Себебі, қосымша мен мәліметтер қоры біртұтас файлдық жүйені құрайды;

  • Жойылған мәліметтер қорын пайдаланатын қосымшаларды екі деңгейлі (екі буынды) және көп деңгейлі (көп буынды) қосымшалар деп бөледі. Екі деңгейлі қосымшаларда клиенттік және серверлік бөлшектер бар;

  • Көп деңгейлі (әдетте үш деңгейлі) қосымшалар клиенттік және серверлік бөлшектер мен қоса қосымша бөлшектерге ие. Мысалға үш деңгейлі қосымшаларда клиенттік бөлшек, қосымшалар сервері мен мәліметтер қорының сервері бар.

Бір және екі деңгейлі Delphi қосымшалары келесі механизмдерді қолдана отырып локальды және жойылған мәліметтер қорына қол жеткізе алады:

  • BDE (Borland Database Engine – Borland фирмасының мәліметтер қорының процессоры) мәліметтер қорымен әрекеттесу үшін AP1 дамыған интерфейсін ұсынады.

  • ADO (Active X Date Objects – Active X мәліметтерінің объектілері) OLE DB (Objects Linking and Embedding DateBase – мәліметтер қорының объектілерін байланыстыру мен ендіру) көмегімен ақпаратқа қол жеткізуді жүзеге асырады;

  • dbExpress драйверлер жинағы көмегімен мәліметтер қорындағы ақпараттарға тез қол жеткізуді қамтамасыз етеді;

  • Interbase тікелей Interbase мәліметтер қорына қол жеткізуді іске асырады.

Мәліметтер қорындағы ақпараттарға қол жеткізу технологиясының вариантын таңдау өңделген қосымшаны жан – жаққа тарату дайындығының ыңғайлығын ескере отырып, сондай – ақ жады ресурстарының қосымша шығындарын ескере отырып анықталады. Мысалы BDE үшін инсталляция дискдегі сыртқы жадының шамамен 15 Мб – тын және мәліметтер қорында пайдаланатын псевдонимдерді қалпына келтіруін талап етеді.

Үш деңгейлі Delphi 7 қосымшаларын DataSnap механизмі көмегімен құрастыруға болады. Мәліметтер қорының үш деңгейлі қосымшаларын құрастыру кезінде пайдаланатын компоненттер DataSnap пен DataAccess беттерінде орналасқан.  

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]