Қорытынды
Ақпараттарды сақтау — компьютердің маңызды функцияларының бірі. Осындай сақтаудың кең таралғандарының бірі мәліметтер қоры. Мәліметтер қоры — бұл белгілі бір тұрғыда құрылған, ақпараттарды қамтитын арнайы форматтағы файл. Көптеген мәліметтер қоры кестелер түрінде беріледі. Біздің білетініміздей, кестелік құрылымда мәліметтердің мекен жайы бағандар мен жолдардың қиылысуы арқылы анықталады. Мәліметтер қорында бағандар өрістер деп, ал жолдар жазбалар деп аталады. Өріс мәліметтер қорының құрылымын жасаса, ал жазбалар ондағы бар ақпараттарды құрайды. Мәліметтер қорының құрылымы түсінігін жеңіл меңгеру үшін, ең алдымен ешқандай мәліметтері жоқ бос қорды қарастырамыз. Бұл жерде ешқандай қордың болмауына қарамастан, бәрібір онда ақпарат болады. Бұл қордың құрылымы, яғни өрістер жиынтығы. Олар бұл қорға нелердің, және қандай түрде жазылатындығын анықтайды.
Мәліметтер қорында кодталған ақпарат негізінде бір кестенің немесе осындай обьектілер жиынтығының құрамында болады. Кестелер бір типтегі тізбектеле орналасқан жазбалардыңжиынтығы – кестелер жолдары түрінде болады. Тұтынушылар өдерінің қалаулары бойынша кестелер жолдарын еркін меңгеруіне болады – оларға қосуға, жоюға немесе өзгертуге болады. Жазбалар құрылымы негізінен, өздеріне еркін ақпараттарды енгізуге болатын, ат берілген өрістердің (ұяшықтардың) жиынтығы. Сонымен, сіз мәліметтер қорының кестесінде бухгалтерияда еңбек ақы есептеуге сәйкес келетін өзіңіздің табельдік нөміріңіз сияқты қарапайым мәліметтерді кодттай аласыз, сол сияқты, атом бомбасын жасауға арналған безендірілген жазбалар түріндегі мәліметтердің күрделі құрылымын да сақтай аласыз. Соңғы ақпараттың ерекше құпия екендігін ескере отырып, сіз мәліметтер қорының әкімшілік құқындағы адам ретінде, оны қызыққұмар тұтынушылардан қорғай аласыз. Егер әртүрлі жазбалардың құрамына бір ғана типтегі өрістер енетін болса, олар кесте бағанын құрайды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Гейн А.Г., Сенокосов А.И. Информатика. - М.: Дрофа, 1998.
2. Кушниренко А.Г. и др. Информатика. - М.: Дрофа, 1998.
3. Кузнецов А.А. и др. Основы информатики. - М.: Дрофа, 1998.
4. Лебедев Г.В., Кушниренко А.Г. 12 лекций по преподаванию курса
информатики. - М.: Дрофа, 1998.
5. А.Бозенко, А.Федоров. Мультимедиа для всех, 2-е издание.
6. Леонтьев В.П. ПК: универсальный справочник пользователя Москва 2000.
7. Каталог «Весь компьютерный мир», желтоқсан 1995.
8. Прейскурант «ТелеКом Ростов» Ростов на Дону, сентябрь 2001.
9. «Домашний компьютер» журналы, тамыз 2001.
10. Вычислительные машины, системы и сети / Под ред. А.П. Пятибратова.
11. Фигурнов В.Э. IBM PC для пользователя. М.: Инфра-М, 1995
12. А.Марголис. Поиск и устранение неисправностей в персональных
компьютерах. Фирма "Дианетика", 1994г
Мазмұны
I. |
Кіріспe |
3 |
II. |
Негізгі бөлім |
4 |
2.1 |
Мәліметтер қорын құру қағидалары |
4 |
2.2 2.3 |
Қарапайым мәліметтер қорының құрылымы Мәліметтер қорлары мен қосымшалар |
9 11 |
III. |
Қорытынды |
16 |
IV. |
Пайдаланылған әдебиет |
17 |
