Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№3-лабка. Ш. Диодтар.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10 Мб
Скачать
☆

Ескерту! Диодтардың электрлік бұзылуының алдын алу үшін зерттеуерді тек рұқсат етілген жұмыс режимінің аймақтарында ғана жүргізу керек.

2. 3.15,а суретінде көрсетілген схеманы жинаңыз, және тапсырма қағазында көрсетілген диодтардың ВАС тура тармағын зерттеңіз.

3. 3.15,б суретінде көрсетілген схеманы жинаңыз, және тапсырма қағазында көрсетілген диодтардың ВАС кері тармағын зерттеңіз. Стабилитронның кері тармағын зерттеу үшін, 3.15, в суретті қолданыңыз.

4. 3.15,г суретте көрсетілген схеманы жинаңыз және түзеткіш және импульсты диодтардың кері қалпына келу уақытына tвос өлшеу жүргізіңіз. Тікбұрышты импульстар генераторы ретінде төменгі жиілікті Г3-112 генераторын амплитудасы Um=5 B болатын меандр генерациясы режимінде қолданыңыз. Меандр жиілігін өз қалауыңызша, қалпына келу уақытын tвос осциллограф көмегімен өлшеу ыңғайлы болатындай таңдауға болады. Алынған нәтижелерді салыстырыңыз.

5. Тұрғызылған ВАС-ң тура тармақтары бойынша Iпр = 8 мА нүктесіндегі диодтың статикалық кедергісін Rпр және дифференциалдық кедергісін rпр есептеңіз.

6. Стабилитрондар үшін тұрғызылған ВАС бойынша статикалық R0 және дифференциалдық rст кедергілерді есептеңіз.

7. Диодтағы кернеу диапазоны -20...0.8 В аралығында I0=0,01 мкА және Т=300 К болғандағы Диодтың теориялық (3.9) ВАС-н есептеңіз.

3.3. Есеп беру мазмұны

1. Жұмыс мақсаты.

2. Шалаөткізгіштік диодтардың ВАС-н зерттеуге қажетті электрлік схемалар.

3. Кесте және графикте түрінде тәжірибелік зерттеу нәтижелері.

4. Зерттелген диодтардың параметрлерін есептеу.

5. Кесте және график түрінде теориялық ВАС-ны есептеу нәтижелері.

6. Қорытынды.

3.4. Бақылау сұрақтары

1. Қандай электронды қондырғыны шалаөткізгіштік диод деп атайды?

2. Шалаөткізгіштк диодтарда электрлік өткелдердің қандай түрлері қолданылады?

3. Динамикалық тепе-теңдік жағдайында p-n-өткелде қандай құбылыстар байқалады?

4. p-n-өткелдің енін азайту үшін легирлейтін қоспаның концентрациясын қалай өзгерту керек?

5. p-n-өткелдің барьерлік сыйымдылығының кері кернеуден тәуелділік графигін салыңыз.

6. p-n-өткелдің диффузиялық сыйымдылығының тура кернеуден тәуелділік графигін салыңыз.

7. Тура және кері қосылу кезінде реал диодтың ВАС-ң идеалданған ВАС-дан айырмашылығы қандай?

8. Температура өзгерісі диод ВАС-на қалай әсер етеді?

9. p-n-өткелде қандай пробой түрлері бар және олардың айырмашылықтары қандай?

10. Түзеткіш электрлік өткелдің қандай физикалық құбылыстары мен қасиеттері түзеткіш, импульсты диодтарда, стабилитронда, варикапта қолданылады?

11. Түзеткіш, импульсты диодтардың, стабилитрондардың, варикаптардың негізгі параметрлерін атаңыз.