- •Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
- •«Дене мәдениеті» кафедрасы
- •«Әскери әуендік тәрбие негіздері»
- •5В010400-«Бастапқы әскери дайындық» Түркістан 2016
- •1.Жоспары:
- •1.Әскери-патриоттық тәрбиенің жалпы мәселелері.
- •2.Әскери-патриоттық тәрбиенің мақсаты мен міндеттері.
- •3.Әскери-патриоттық тәрбиені оқыту қағидалары.
- •4.Әскери-патриоттық тәрбиенің әдісі мен формасы.
- •4.Бақылау сұрақтары:
- •5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:
- •6. Студенттердің аудиторияда тапсыратын cөж тақырыбы:
- •8.Сабақ тақырыптарына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:
- •1.Жоспары:
- •1.Жоспары:
- •4.Бақылау сұрақтары:
- •5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:
- •6. Студенттердің аудиторияда тапсыратын сөж тақырыбы:
- •8.Сабақ тақырыптарына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:
- •1.Жоспары:
- •4.Бақылау сұрақтары:
- •5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:
- •6. Студенттердің аудиторияда тапсыратын сөж тақырыбы:
- •8.Сабақ тақырыптарына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:
- •1Жоспары:
- •4.Бақылау сұрақтары:
- •5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:
- •6. Студенттердің аудиторияда тапсыратын сөж тақырыбы:
- •8.Сабақ тақырыптарына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:
4.Бақылау сұрақтары:
1. Қоғамдық ұйымдар.
2. Қазақ батырлары туралы көркем әдеби шығармаларды атау.
3. Қазақтың әйгілі үш биі.
4. Қазақ халқының атақты үш батыры.
5. Қазақстанның елордасы.
6. Қазақстандық патриоттық тәрбие.
7. Қазақтың ұлтжандылығы, отансүйгіштігі.
8.Отанды қорғауға дайындық құрылымы
5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:
1. Сабақтың тақырыбы мен жоспарына сәйкес пікір-талас өткізу.
2. Студенттерді бағалау.
6. Студенттердің аудиторияда тапсыратын сөж тақырыбы:
1.Оқу үдерісі бойынша оқушыларда Отан қорғау дайындығының қалыптасуына әсер ету қызметі.
2.Тактикалық оқ ату,саптық дайындықта,тарих,әдебиет,география және т.б пәндерінде оқушылар бойында Отан қорғауға дайын болу сезімін қалыптасуындағы оқытушының жұмыс жүйесі.
7. Үй тапсырмасы:Оқу үдерісі бойынша оқушыларда Отан қорғау дайындығының қалыптасуына әсер ету қызметі,тактикалық оқ ату,саптық дайындықта,тарих,әдебиет,география және т.б пәндерінде оқушылар бойында Отан қорғауға дайын болу сезімін қалыптасуындағы оқытушының жұмыс жүйесі.
8.Сабақ тақырыптарына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:
1 Г.В.Средина Москва, «Просвещение» 2001г. Основы военно-патриотического воспитания.
2.Организация внеклассной работы по начальной военной подготовке и военно-патриотическому воспитанию. (под. ред. Ф.Е.Штыкало). Москва, «Просвещение» 2000г.
3. Б.Ахметов,Т.Қарғабаев Әскери патриоттық тәрбие негіздері оқу құралы Түркістан 2010
http://mod.go.kz-Қорғаныс министрлігі. asker.kz-Қазақстан Әскері сайты
№5 СӨЖ сабақ
Тақырыбы:" Оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие берудің тиімді жолдарын қарастырып оқу үрдісіне енгізу"
1Жоспары:
1.Оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие берудің тиімді жолдарын қарастырып оқу үрдісіне енгізу
2.Сабақтың мақсаты Жастарды әрі қарай патриоттық және әскери-патриоттық тәрбиелеуде ел Президентінің баяндамасында,үндеуінде,жарлықтар-ында жетілдіру мәселелері.
3.Қысқаша мәтіні: Жастарды әрі қарай патриоттық және әскери-патриоттық тәрбиелеуде ел Президентінің баяндамасында,үндеуінде,жарлықтар-ында жетілдіру мәселелері.
Жастар – бұл біздің қоғамымыздың болашағы және оның қандай болып қалыптасуынан біздің қоғамымыздың болашағы мен еліміздің мемлекеттілігі байланысты.
Қазақстандық отансүйгіштік және ұлттық келісім Қазақстан республикасының азаматын тәрбиелеудегі негіз болып табылады.
Қазақстанда патриоттық тәрбиенің біртұтас жүйесі жасалып, әсіресе қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы рөлі шынайы бағалануы тиіс. Сондықтан да үкімет тарапынан арнайы бағдарламалар қабылдануы тиіс. Олар мерзімді баспасөздерде толығымен жарияланып, сол қабылданған бағдарламалардың жүзеге асырылуының нәтижелері басылым беттерінен көрініс тауып жатса, жастардың бойында қазақстандық патриотизм қалыптастыруда оң шешім болар еді.
Қазақстандық патриотизмді еліміздің әрбір азаматтарының санасына сіңіру - кезек күттірмейтін мәселе. Сондықтан біз өз зерттеуімізде патриотизм, әскери патриотизм, ұлтаралық қатынас мәдениеті тұрғысынан интгеративті құрылым ретінде қазақстандық патриотизмнің мәнін ашып көрсеттік (сурет 1).
Сурет 1 – Қазақстандық патриотизмнің мәні
Патриотизм дегеніміз – Отанға деген сүйіспеншілік, әрбір азаматтың мемлекет алдындағы борышын жанқиярлықпен орындау.
Ал қазақстандық патриотизм Қазақстан азаматының өзін осы елдің төл баласы, нағыз азаматы ретінде сезінгенде, Қазақстанды өзінің туған елі, Отаны деп есептеген жағдайда ғана қалыптасады дей келе, Қазақстанның патриоты қандай болу керек екенін белгілесек, онда оның ерекшеліктері мынада:
Қазақстанда 130–дан астам ұлт өкілдері тұрады, көп ұлтты мемлекет. Барлығы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне ерекше құрметпен қарайды, шын ниетімен қадірлейді. Қазақстан азаматының Конститутциялық құқығын сақтайды. Әрбір ұлттың Қазақстанды ортақ үйіміз деп санай білуі.
Қазақстанда тұратын барлық халықтардың ұлтына қарамай, Отанды қорғауға дайын болуы. Қазақстан халықтары Ассамблеясында қабылданған барлық шешімдердің іске асуына өз септігін тигізуі.
Бұл әрбір азаматтың тек өзінің конституциялық борышын өтеуі ғана емес, сонымен бірге оның тұлғалық сапаларының қалыптасуы.
Қазақстан халықтарын ұлы державалық патриоттық сезімге ұмтылдыру мақсатында қазақстандық ғажайыпқа сендіру, оны мақтаныш еткізу.
Қазақстан Республикасының азаматының Отанын қорғауға деген оң көзқарасын қалыптастырып, Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің әскер қатарында болатынына ұлттық патриоттық мақтаныш сезімін тудыру.
Қазақстан Республикасының әскери доктринасына сай Қазақстан халқының мүддесін көздеуде патриоттық сезімдерін ояту.
Бүгінгі күні біз Қазақстан Республикасының тәрбиелік білім беру жүйесінде бұл бағытсыз болашақ жоқ екеніне көзіміз жетіп отыр. Бұл біз үшін жастардың келешекте қандай азаматтар және қандай патриот болып шығатынын толғандыратын мәселе болып отыр.
Туған халқымыздың өткен тарихына көз жіберсек, отансүйгіштіктің керемет үлгілерін көреміз. Бүгінгі күні егеменді ел болып, қазақ деген ұлт болып отыруымыздың өзі ата-бабаларымыздың теңдесі жоқ ерлігінің арқасы.Тарихи мәліметтерден байқайтынымыздай, жоңғар шапқыншылығы кезі мен одан бертіндегі ұлт азаттық көтерілісін алып қарасақ , ондағы батырлардың ешқайсы бүгінгідей (кеңес дәуірдегідей) жүйелі патриотизмге тәрбиелеудің тезіне салынбаған.Бірақ елін, жерін, Отанын қорғауда жанын, тәнін аяп қарап қалмаған. Осындай көптеген тарихи тәжірибелерден, сол кездегі отбасы тәрбиесіндегі отансүйгіштік сезімнің қалыптасуына отбасындағы тәрбиенің ықпалын елемей қоюға болмайды.
Отан - әрдайым туған анамызбен бір деңгейде тұратын, тіпті мазмұны жағынан одан әлдеқайда биік бағалануға тиісті ең қасиетті, ең ұлы анамыз.
Белгілі ақын және саяси қайраткер М. Шахановтың айтуынша қазақстандық патриотизмнің бастауында қазақ халқының еркіндік пен тәуелсіздік үшін күресінің белгісі болған үш ірі тарихи оқиға тұр:
Отырар шайқасы. Шыңғыс хан әскеріне қарсы алты ай күрес қазақ халқының зор рухани күшін әлемге танытты.
Еркіндік пен ұлттық мемлекетілікті сақтап қалу үшін болған бір жарым ғасырға созылған жоңғар басқыншыларына қарсы күрес.
1986 жылғы желтоқсан оқиғасы. Тоталитарлық режимге қарсы алғашқы бас көтеру қазақ жерінде болып, әлемге өлмеген ұлттық рухты паш етті.
Біздің тарихымыз өте бай. Сол тарихта орын алған тұлғалар, батырлар өмірі, саяси қайраткерлер, қиын-қыстау кезіндегі халықтың ерлігі қазіргі жастарда отансүйгіштік қасиетті тәрбиелеуде үлгіге айналуы тиіс. Өз елінің тарихы үшін, ата-бабаларының жасаған ерліктері үшін үлкен мақтаныш сезімін тәрбиелеу арқылы отансүйгіштік қасиетті бойға сіңіре білу. Өзінің тіліне, дініне, тарихына, діліне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру. Тіл, діл, дін - тұтас ұғым. Осы тұтас ұғым ұлттық өлшем. Осының бірінен ажырағанда ұлт ұлт болып қалыптасудан қалады.
Сабақта патриоттық тәрбиеге байланысты барлық жайларды толығынан қамту мүмкін емес. Сондықтан, біздің ойымызша, міндетті түрде қосымша іс-шаралар жүргізу керек. Мысалға, сыныптан тыс жұмыс. Біз сыныптан тыс жұмысты оқу-тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі ретінде қарастырамыз. Оның мазмұны жан-жақты болуға тиіс. Ол оқушылардың мүдделік жағынан бірігуіне әсер етіп, олардың шығармашылық талабын және өзіндік тәуелсіздігін арттырып, жалпы мектеп ұжымын біріктіре отырып, жолдастық қатынастарды бекітіп, жеке тұлғаның және қоғамның мүддесін қорғауға бағытталуы тиіс. Біз неге жоғарғы сынып оқушыларын алып отырмыз. Себебі Г.В.Мизиковскийдің пікірінше: "Бозбалалар мен қыздарды 15-17 жаста дүние танымның және өмірге бағытталуының негізі қаланады, олар өмірде өзінің орнын табуды белсенді іздестіреді, олардың таным үрдісі белсенді жүреді" екен. Отан туралы оның әлемдік тарихи үрдістегі орны, жолы туралы қөзқарасы тереңдей түседі.
Жастар өз елінің тарихын зерделей отырып, өз бойларынде келесі қасиеттерді қалыптастырады: көрнекті қайраткерлердің, қарапайым халық өкілдерінң тарихтағы орнын бағалау;
халықтар тағдырының ортақтығына, әдет ғұрыптарының, салт-дәстүрлерінің ортақтығына назар аудару;
ұлттық мәдени-тарихи құндылықтарымызды бойына сіңіру.
Сонымен қатар жастады отансүйгіштікке тәрбиелеу үшін олардың бойында ұлттық сана-сезімді қалыптастыру қажет. Ұлттық сана-сезім. Деген туған-туысыңның, ағайыңныңның жағдайын емес, ұлтыңның қамын ойлау деген сөз. Ең алдымен жастарда ұлтжандылықты тәрбиелеу керек. Жас отансүйгіш-қазақстандық - ол ұлтжанды азамат болуы тиіс. Олар ең алдымен елім, жерім, ұлтым аман болса екен деп ойлайтындар.
Ұлттық
қасиеттеріміздің ұрпақ бойында қалыптасуы
қоғам игілігі үшін маңызды. Студенттерге
ұлттық патриоттық тәрбие беру жоғары
оқу орындарында кең көлемде жүргізілуі
тиіс. Этнопедагогика – ұлттық тәрбие
негізі деп білеміз. Ал ұлттық тәрбие
ғаламдағы құндылықтарды бойына сіңіріп,
өз құндылықтарын арттыра береді. Бірақ
ол өндіріс және экономика сияқты
«ғаламдастыруға» келмейді, өркениеттілікпен
дамып, қалыптасады. Қазақ этнопедагогикасы
- өркениеттілік қасиеттерді бойына
сіңірген ғылым. Сондықтан студенттер
ұлттық патриотизммен сусындасын десек,
қазақ этнопедагогикасы негізінде
патриоттық тәрбие беруді жүйелі талдап,
зерттеп, жоғары оқу орындарында патриот
студенттер тәрбиелеуде енгізілуі керек.
Ұлттық патриоттизмді қалыптастырудың
құралдары болып саналады: ұлттық тіл,
ұлттық-әдеп ғұрыптар мен салт-дәстүрлер,
ауызекі халық шығармашылығы, ұлттық
тарих, ұлттық сәндік-қолданбалы өнер,
ұлттық ойындар, тб. Осыған сәйкес біз
ұлттық патриотизм ерекшеліктерін
айқындайтын маңызды мәнін ашып
көрсеттік
(сурет 2).
Сурет 2 – Ұлттық патриотизмнің мәні
Қазақ халқының өткені мен бүгінін таразыға сала отырып, келешегіне отаншылдық туын арқау еткен асқақ, жандары таза жас ұрпақты тәрбиелеу мен қасиетті отанының қадірін ұғындыру, ар, намыс, ождан сөздерін ұлт, атамекен, халық сияқты киелі түсініктермен байланыстыру арқылы болашаққа бағыт сілтеу әрбір ұстаздың міндеті.
Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мәселесі Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде ең басты бағыттардың бірі болып табылады? Білім беру мекемелері қазіргі заман талаптарына сай, кәсіби дайындығы жоғары маманды дайындап қана қоймай, рухани-адамгершілігі жоғары мамандарды дайындау қажет. Оқу орындарының түлектері біздің қоғамда тек қана білікті маман ғана емес, патриот – азамат ретінде де қажет. Бүгінгі күні мемлекеттік білім беру бағдарламасында тәрбие жұмысының негізгі мақсаты - Қазақстандық патриотизм, азаматтық, ізгілік және жалпы азаматтық құндылықтар идеяларының негізінде тәрбиеленушінің жеке тұлға ретінде сапа қасиетін қалыптастыру деп атап көрсетілген. Білім беру мен тәрбиенің негізгі міндеті - өз елінің азаматын, патриотын тәрбиелеу болса, осыған сәйкес «қазақстандық патриотизм мен азаматтылық» жас ұрпақтың тәрбиелік деңгейін бағалаудағы көрсеткіш болып табылады. Ұлттық патриоттық сезімін қалыптастырудың, адамгершілікке негізделген ұлтаралық береке-бірлікті, ынтымақтастықты, бейбітшілікті нығайтудың маңызы зор.
Елдің тәуелсіздігі көп нәрсеге ой салдырады. Мұнда тарихи сананы ояту, жоғалғанын өзіне қайтару, өрлеу дәуіріне жол ашу деген мағына, сондықтан қазақстандық патриоттық тәрбие деген ұғым тек қана айтыла салатын дерексіз ұғым емес, ол ең алдымен нақты, өз ұлтына, сонда тұрып жатқан халықтарға берілген, адал еңбек ете алатын, жалпы халықтық, әлеуметтік мәдениетті түсініп, білетін соның нұсқаларын өз халқының қажетіне жарата алатын, басқалары түсіне білетін нағыз адам сүйгіштік, қазақстандық патриоттық рұхтағы белсенді адамдарды тәрбиелеу үшін керек.
Тәрбиенің негізі, оның мақсаты, міндеті, мазмұны, түрі, құрылымы, әдісі, тәсілі, заңдылықтары, принциптері, құралдары бар. Сол сияқты қазақстандық патриотизмнің мақсат, міндеті, түрі, әдіс-тәсілі бар. Егер патриоттық тәлім-тәрбиемізде осы негіздер болмаса ол жәй сөз болып қалуы мүмкін. Өзін-өзі білмеген адам өзінің кім екенін түсінбейді.
Қазақстандық патриотизмнің негізі-ежелгі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, аңыз, ертегілер, жырлар, кешегі кеңестік ортақ дәуір, Ұлы Отан соғысындағы түрлі ұлт өкілдері-қазақстандық батырлардың ерліктері туралы тарихи деректер болып табылады.
Тарих тұңғиығынан Қазақстанның мәдени қазыналарын тауып, бүгінгі ұрпақтың ол байлықты сақтауына, танып білуіне, рухани-мәдениет саласындағы білімін дамытуға ұсынған еліміздің ғұлама ғалымдарының қажырлы еңбектері – жастардың патриоттық тәрбиесінің асыл арналары.
Сонымен жас ұрпақты тәрбиелеу жұмысы қазіргі білім жүйесінің қажетті компоненті болып табылады. Тәрбиенің күрделі процесінің маңызды бір қыры студенттердің патриоттылыққа бағдарланған тұлғасын тәрбиелеу болуы тиіс. Жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу тек қоғам мен мемлекеттің сұраныстарына ғана емес, әрбір студенттің дара тұлғалық дамуына бағытталған педагогика ғылымының қазіргі бағыттарына да сәйкес келуі қажет. Өйткені отанға сүйіспеншілік адамның өзін тұлға ретінде сезінуіне, өз елін мақтан тұтуына, өзін онымен байланысты сезінуіне мүмкіндік береді, ал бұл болса, оның өмірде өзіне сенімді болуына, рухани және адамгершілік құндылықтарының артуына септігін тигізеді.
Осыған байланысты жас ұрпақты отансүйгіштікке, ерлікке, адамгершілікке, елін, жерін қорғауға, шыншылдыққа, төзімділікке тәрбиелеу қажет.
