- •Бізге үш белгісізді сызықтық үш тендеулер
- •Крамер әдісі
- •Гаусс-Жордан әдісі
- •1. Вектор. Векторларға қолданылатын сызықтық амалдар
- •2. Вектордың проекциясы
- •3. Вектордың координаталарымен анықталуы
- •4. Нүкте координаталары. Вектор координаталары
- •Скалярлық көбейтіндінің қасиеттері:
- •Екінші ретті сызық төмендегі теңдеу арқылы беріледі:
- •Эллипстің түрін оның жабайы теңдеуі бойынша зерттеу.
- •Гипербола және оның қасиеттері
- •Парабола және оның қасиеттері
- •1. Жазықтағы полярлық координаттар жүйесі
- •2. Конустық қималар
- •3. Тік бұрышты декарттық координаттар жүйесіндегі конустық қималардың теңдеулері
- •4. Конустық қималардың диаметрлері
- •Цилиндрлік және сфералық координаталар системалары
- •Цилиндрлік және тік бұрышты декарттық координаталар системаларының байланысы
- •Сфералық координат системасының тік бұрышты декарттық системамен байланысы
- •Екінші ретті беттер
- •Цилиндрлі беттер
- •Раздел 5 – Методические рекомендаций по срсп
- •Раздел 5 – Методические рекомендаций по срсп
- •Раздел 6 – Методические рекомендации по срс
- •13. Практикалық сабақтардын тақырыптары.
- •6. Машықтану сабақтарының жоспары.
Гаусс-Жордан әдісі
n белгісіздігі n сызықтық теңдеулер жүйесін Крамер ережесімен шешуде n-i ретті (n+1) анықтауышты есептеу өте күрделі жұмыс.
Екіншіден, бас анықтауыш нөлге тең болғанда және белгісіздер саны теңдеулер санымен сәйкес келмесе Крамер әдісі қолданыла алмайды. Сондықтан, бірте-бірте белгісіздерді жою әдісі (Гаусс әдісі) қолданылады, ал бұл әдіс матрицаларды қолдану арқылы кеңейтіледі.
Белгісіздер саны мен теңдеулер саны бірдей болған жағдай үшін Гаусс әдісін қарастырамыз
а11х1 + а12х2 + … + a1nxn = b1
а21х1 + а22х2 + … + a2nxn = b2
…………………………………..
аn1х1 + аn2х2 + … + annxn = bn
к
оэффициент
а11=
0 деп есептелік, бірінші теңдеуді осы
коэффициентке бөлеміз:
1
( а11х1 + а12х2 + … + a1nxn = b1) = х1 + а12х2 + … + a1nxn = b1 . (*)
а11
Алынған теңдеуді (-а21) – ге көбейтемізде (6) жүйенің екінші теңдеуіне қосамыз, сонда ′ ′ ′ ′
а22х2 + а23х3 + … + a2nxn = b2
және дәл осылай жалғастырамыз, соңында (*) теңдеуін (-аn1)-ге көбейтіп соңғы теңдеуге қосамыз, сонда
′ ′ ′ ′
аn2х2 + аn3х3 + … + annxn = bn.
Сонымен, (n-1) белгісіздігі жаңа теңдеулер жүйесін аламыз
а22х2 + а23х3 + … + a2nxn = b2 ,
а32х2 + а33х3 + … + a3nxn = b3 , (7)
…… …… …… …… ……
′ ′ ′ ′
аn2х2 + аn3х3 + … + annxn = bn .
(7) жүйе (6) жүйеден теңдеулерді сызықтық түрлендірулер арқылы алынғандықтан, бұл жүйе (6) жүйемен мәндес, яғни (7) жүйенің шешімдері берілген теңдеулер жүйесінің де шешімдері болады.
Үшінші, төртінші және т.б. n-і теңдеулердегі х2 – ден құтылу үшін (7) жүйенің бірінші теңдеуін а22 санына бөлу қажет және осы теңдеуді х2 – нің кері таңбасымен алынған коэффициентіне көбейтіп және оларды қосып мына жүйені аламыз:
′ ′ ′ ′
х1 + а12х2 + а13х3 … + a1nxn = b1 ,
х2 + а23(2) х3 + … + a2n(2) xn = b2(2) ,
а33(2) х3 + … + a3n(2) xn = b3(2),
…… …… …… …….. .
аn3(2) х3 + … + ann(2) xn = bn (2) .
Бұл алгоритмді n рет қайталап теңдеулер жүйесін диагональді түрге келтіреміз:
′ ′ ′ ′
х1 + а12х2 + а13х3 … + a1nxn = b1 ,
х2 + а23(2) х3 + … + a2n(2) xn = b2(2) ,
х3 + … + a3n(2) xn = b3(3),
…… …… …… …… .
аnn (n) хn = bn (n) .
Соңғы теңдеуден xn –і табамыз, оның мәнін алдындағы теңдеуге қойып xn-1-ің мәнін аламыз, осылай жоғары қарай жылжи отырып x1-ің мәнін табамыз. Бұл Гаусстың классикалық әдісі. Енді n белгісізі бар m теңдеулер жүйесін қарастырамыз:
а11х1 + а12х2 + … + a1nxn = b1 ,
а21х1 + а22х2 + … + a2nxn = b2 , (8)
…… …… …… …… …….
аm1х1 + аm2х2 + … + amnxn = bm .
Анықтама.
(8) теңдеулер жүйесінің белгісіздерінің коэффициенттерінен құрылған матрица негізгі матрица деп аталады.
Егер осы матрицаға бос мүшені (n+1) тік жолы (бағаны) етіп алатын болсақ, онда ол кеңейтілген матрица деп аталады:
a11 a12 … a1n b1
a21 a22 … a2n b2
A = … … … … .
am1 am2 … amn bm
Матрица жолдарына сызықтық амалдар қолдануға болады:
жолдарды ауыстыру;
жолды кез келген санға көбейтуге және оны басқ жолдың сәйкес элементтеріне қосуға;
бағандарды ауыстыру (қай белгісізге олар сәйкес келетінін есте сақтау керек);
баған элементтеріне амалдар (қосуға, көбейтуге және т.б.)қолдануға болмайды.
Гаусс-Жордан әдісі жолдарға сызықтық амалдар қолдана отырып негізгі матрицаны бірлік матрицаға келтіру болып табылады, яғни
1
0 … 0 с1
0 1 … 0 с2
… … … … … .
0 0 … 1 сm
Сонда, егер тік жолдар орындарын ауыстырмаса, онда жүйенің шешімі:
х1= с1; х2 = с2;…; хm = сm
Қайталау сұрақтары:
Алдын ала нөлдерге келтіру
Тура жүру әдісі
Кері қадам
Элементар түрлендіру
Әдебиеті: [1], [3], [4].
Дәріс 7-9.
Тақырып: Векторлық алгебра.
Мақсаты: Векторлық алгебраға кіріспе. Вектор ұғымы, оған қолданылатын амалдарды қаарастыру.
Қарастыратын сұрақтар:
1. Вектор. Векторларға қолданылатын сызықтық амалдар
2. Вектордың проекциясы
3. Вектордың координаталарымен анықталуы
4. Нүкте координаталары. Вектор координаталары
