- •Емтихан билеті № 1
- •Даму психологиясының дамуы пәні мақсаты, міндеті.
- •2. Жас ерекшелік психологиясының бөлімдері.
- •Емтихан билеті № 2
- •1.Даму аймақтары
- •2.Психология және адам дамуының негізгі ұғымдары
- •3.Экологиялық жүйелер модельі.
- •1.Даму психологиясының зерттеу әдістері
- •3.Жасөспірімдердің физиологиялық даму ерекшеліктері
- •1.Әртүрлі жас сатыларындағы психикалық және физикалық даму ерекшеліктері
- •2.Оқушы тұлғасы қалыптасуының психологиялық мәселелері
- •2.1 Жастағы балалардың психологиялық процестері.
- •3.Зейін және зейіннің шашыраңқылығына түсінік беріңіз
- •Емтихан билеті № 5
- •1.Психология және адам дамуының зерттеу әдістерінің ерекшеліктері.
- •2. Сәбилік кезеңнің дамуына сипаттама.
- •3. Тест әдісі туралы айтыңыз.
- •Емтихан билеті № 6
- •1.Бюллер теориясы
- •2. Даму, оқыту,тәрбие,қоршаған орта,тұқым қуалаушылық рөлі .
- •3. Үш жас кезеңіндегі балада кездесетін дағдарыстар.
- •Емтихан билеті № 7
- •1.Д.Б.Эльконин тұжырымдамасы.
- •2.Оқыту мен тәрбиелеу кезеңіндегі баланың мінез-құлқын қалыптастыру жолдары.
- •3. Нәрестенің ересектермен қарым-қатынасы.
- •Емтихан билеті № 8
- •Кіші мектеп жасындағы оқушылардың психологиялық дамуы пәні және міндеттері.
- •Балалар психологиясының даму тарихы,теориялары туралы жалпы түсінік.
- •Баланың психологиялық дамуы және факторлар.
- •Бала психикасының даму заңдылықтарын зерттеу әдістері.
- •Емтихан билеті № 10
- •Даму, оқыту,тәрбие,қоршаған орта,тұқым қуалаушылық рөлі .
- •Дамыту мен оқытудың өзара байланысы.
- •Емтихан билеті № 11
- •Д.Б.Эльконин тұжырымдамасы.
- •Емтихан билеті № 13
- •Үш жас кезеңінде жаңадан пайда болатын заттық әрекеттер.
- •Көрнекі бейнелеу және логикалық ойлау.
- •Сәби тілінің дамуы
- •Емтихан билеті № 14
- •Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық даму ерекшеліктері.
- •Сәбилік кезең дамуының басты белгілері.
- •Үш жас кезеңіндегі балада кездесетін дағдарыстар.
- •3 Жас дағдарысының 7 сипаттамалары:
- •Емтихан билеті № 15
- •Емтихан билеті № 16
- •Бала психикасының зерттеу әдісінің жіктелуі. Емтихан билеті № 17
- •Мектепке дейінгі кезеңдегі баланың ес процессінің дамуы.
- •Емтихан билеті № 18
- •2.Кіші мектеп психикалық жасы.
- •Қартаң (кексе) психикалық жас
- •Емтихан билеті № 27
- •Емтихан билеті № 28
- •2. Сәбилік кезең дамуының басты белгілері.
- •Емтихан билеті № 29
- •Нәрестелік кекзеңде психикалық дамуға шартты,шартсыз рефлекстің ықпалы .
- •Психикалық дамудың қозғаушы күші оның шарттары.
- •Баланың ақыл-ойын дамыту. Емтихан билеті № 30
Емтихан билеті № 2
1.Даму аймақтары
Даму 3 түрлі аймақта жүреді: физикалық, когнитивтік және психосоциалдық.
Физикалық аймақтарға мынадай физикалық мінездемелер кіреді:
Дене мен ішкі құрылыстардың формасы мен өлшемдері, ми құрылысының өзгерісі, сенсорлық мүмкіндіктер.
Когнитивтік аймақ блқ ақыл – ой қабілеттіліктерін және пихикалық процестерді, сонымен қатар нқтақыл – ой ұйымын қосады.
Бұған мынадай аймақтар жатады: қабылдау, ойлау, тапсырмаларды шешу, сөз, қиял.
Психосоциалдық аймаққа жеке адам қасиеті мен әлеуметтік білімдер жатады: Жеке адамға тән индивидуалдық және эмоционалдық стиль ерекшеліктері. Адамдардың әлеуметтік шындыққа көңіл бөлу ерекшеліктері.
Адамның бұл үш аймақта дамуы бір уақытта және өзара байланысты жүріп отырады.
Тәжірибе жүзінде оны баланың алғашқы өмір кезеңдерінен байқауымызға болады.
2.Психология және адам дамуының негізгі ұғымдары
Пісіп – жетілу (созревание) – генетикалық тұрғымен сәйкес дамып, жетілу, даму процесі.
Пісіп - жетілу процесі алдын – ала жоспарланып, бағдарланған өзгерістер бойынша жүреді. Организмнің сртқы пішіні ғана емес, сонымен қатар оның күрделі формалары, функциялары, интеграциясы.
Дұрыс тамақтанбау немесе организмнің ауруға шалдығуына байланысты пісіп – жетілуді бөгеуі мүмкін. Бірақ, мұның барлығысы жеткілікті болған күнде де, арнайы стимулдар қолданылса да адам жедел дамымайды. Адамның дене органдары мен моторлық қабілеттерінің дамуы әртүрлі жылдамдықта жүреді.
Өсу функционалдық мүмкіндіктердің және күрделі органдардың немесе тұтас организмнің оптималды жетілгенге дейінгі өлшемдерінің ұлғаюы.
Қартаю Оптималдық жетілгеннен кейін болатын организмдегі биологиялық өзгерістер.
3.Экологиялық жүйелер модельі.
Бұл модель американдық психолог Ури Бронфенбреннермен енгізілген, ол бүгінгі күнде адам дамуына ықпал ететін модель түрі. Бұл психолог бала дамуының экологиялық ортасы бір – бірін сәйкестестіріп тұратын 4 жүйеден тұрады деген. Олар: микросистема, мезосистема, экзосистема, макросистема.
Микросистема – Баланың жақын ортасы: жанұя, бала бақша немесе мектеп. Микросистеманы психологтар жиі зерттеген.
Мезосистема – 2 немесе одан да көп микросистемалардың өзара байлансы. Бұл жерде дамуға мектеп пен жанұя қарым – қатынасы, немесе мектеп пен құрбыларының арасындағы ресми және бейресми байланыстар қатты ықпал етеді. Мысалы: ата – аналардың мұғалімдермен үнемі қарым – қатынасы. Баланың мектептегі жетістіктеріне ықпал етуі мүмкін.
Экзосистема – Балаға әлеуметтік орталардың немесе қоғамдық құрылымдардың әсер етуі. Мыс: ата – аналарының жұмыс орны, өмір жағдайының жақсаруы.т.б.
Макросистема – Ол өзіне өмірлік құндылықтарды, заңдарды, индивидум өмір сүретін ортаның заңдары мен дәстүрлерін қосады.
Емтихан билеті № 3
1.Даму психологиясының зерттеу әдістері
Зерттеу әдістерінің екі жолы бар. 1. Салыстыру2. генетикалық.1 салыстыру жолында әр жастағы адамның психологиялық дамуын зерттеді. Мысалы 7-11 жасында. Әр жас туралы табылған мағлұматтарды статистика амалын қолдану арқылы салыстырды. Салыстыру жолының мұндай түрін кесенді тәсіл деп атайды. Себебі салыстыру кезінде бала психологиясы үздіксіз зерттелінбейді. Екінші генетикалық жол: бұл салада баланың бір қасиетін алады да ұзақ уақыт зерттейді. Мысалы: 10 жылға созылуы мүмкін. Зерттеудің бұл жолы сирек кездеседі. Яғни бір немесе бірнеше адамды ұзақ жылдар бойы үздіксіз зерттеуі қиын. Бақылау әдісі кенінен қолданады. Ол әдейі мақсат қойып адамның мінез-құлқын іс-әрекетін тексеру. Адамдар ісінің нәтижесіне қорытынды жасау зерттеу әдісінің бір түрі. Адам ісінің қорытындысына мысалы: қыздың тіккен кестесіне, суретшінің салған суретіне, шебердің салған мүсініне қарап психологиялық ерекшелігін байқауға болады.
Әңгімелесу әдісі: адам психологиясының сырын білудегі әдіс. Бірақ кез келген әңгіме адам сырын білуге мүмкіндік бермейді. Мұндай дәрежеге жету үшін әңгімелер арасындақандай сұрақтар қою жөнінде ойлау керек. Әңгімеде көлденен сұрақ тәсілі деген әдіс кездеседі. Мысалы: бала мұғалімге шының айтқысы келмесе, шының айтуға біреуден қорықсапсихологиялық жағдайға байланысты сұрақ ойлау керек.
Жас ерекшелік психология әдістерінің бірі австирияның психологы Морено Ұсынған социометрия әдісі. Бұл тәсіл бір ұйым немесе топ адамдарының психикалық дамуын зерттейтін тәсіл.
Тест тәсілі: адамдарға белгілі бір тапсырма беру арқылы оның жеке психикасын анықтау.
