- •Емтихан билеті № 1
- •Даму психологиясының дамуы пәні мақсаты, міндеті.
- •2. Жас ерекшелік психологиясының бөлімдері.
- •Емтихан билеті № 2
- •1.Даму аймақтары
- •2.Психология және адам дамуының негізгі ұғымдары
- •3.Экологиялық жүйелер модельі.
- •1.Даму психологиясының зерттеу әдістері
- •3.Жасөспірімдердің физиологиялық даму ерекшеліктері
- •1.Әртүрлі жас сатыларындағы психикалық және физикалық даму ерекшеліктері
- •2.Оқушы тұлғасы қалыптасуының психологиялық мәселелері
- •2.1 Жастағы балалардың психологиялық процестері.
- •3.Зейін және зейіннің шашыраңқылығына түсінік беріңіз
- •Емтихан билеті № 5
- •1.Психология және адам дамуының зерттеу әдістерінің ерекшеліктері.
- •2. Сәбилік кезеңнің дамуына сипаттама.
- •3. Тест әдісі туралы айтыңыз.
- •Емтихан билеті № 6
- •1.Бюллер теориясы
- •2. Даму, оқыту,тәрбие,қоршаған орта,тұқым қуалаушылық рөлі .
- •3. Үш жас кезеңіндегі балада кездесетін дағдарыстар.
- •Емтихан билеті № 7
- •1.Д.Б.Эльконин тұжырымдамасы.
- •2.Оқыту мен тәрбиелеу кезеңіндегі баланың мінез-құлқын қалыптастыру жолдары.
- •3. Нәрестенің ересектермен қарым-қатынасы.
- •Емтихан билеті № 8
- •Кіші мектеп жасындағы оқушылардың психологиялық дамуы пәні және міндеттері.
- •Балалар психологиясының даму тарихы,теориялары туралы жалпы түсінік.
- •Баланың психологиялық дамуы және факторлар.
- •Бала психикасының даму заңдылықтарын зерттеу әдістері.
- •Емтихан билеті № 10
- •Даму, оқыту,тәрбие,қоршаған орта,тұқым қуалаушылық рөлі .
- •Дамыту мен оқытудың өзара байланысы.
- •Емтихан билеті № 11
- •Д.Б.Эльконин тұжырымдамасы.
- •Емтихан билеті № 13
- •Үш жас кезеңінде жаңадан пайда болатын заттық әрекеттер.
- •Көрнекі бейнелеу және логикалық ойлау.
- •Сәби тілінің дамуы
- •Емтихан билеті № 14
- •Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық даму ерекшеліктері.
- •Сәбилік кезең дамуының басты белгілері.
- •Үш жас кезеңіндегі балада кездесетін дағдарыстар.
- •3 Жас дағдарысының 7 сипаттамалары:
- •Емтихан билеті № 15
- •Емтихан билеті № 16
- •Бала психикасының зерттеу әдісінің жіктелуі. Емтихан билеті № 17
- •Мектепке дейінгі кезеңдегі баланың ес процессінің дамуы.
- •Емтихан билеті № 18
- •2.Кіші мектеп психикалық жасы.
- •Қартаң (кексе) психикалық жас
- •Емтихан билеті № 27
- •Емтихан билеті № 28
- •2. Сәбилік кезең дамуының басты белгілері.
- •Емтихан билеті № 29
- •Нәрестелік кекзеңде психикалық дамуға шартты,шартсыз рефлекстің ықпалы .
- •Психикалық дамудың қозғаушы күші оның шарттары.
- •Баланың ақыл-ойын дамыту. Емтихан билеті № 30
Баланың психологиялық дамуы және факторлар.
Даму факторлары — баланың психикалық және қылықтық дамуын анықтайтын факторлар жүйесі. Даму факторытәрбиелеу, оқыту, тәрбиешілер мен оқытушылардың педагогикалық дайындықтарын, оқыту құралдары мен әдістерін және баланың психологиялық дамуына әсер ететін басқа да жағдайларды қарастырады. Даму шарты — адамның дамуына ықпал ететін факторлар (оның айналасындағы бала кезінен қоршаған адамдар, олардың арасындағы қарым-қатынастар, материалдық және рухтық, мәдени заттар мен құбылыстар және т.с.с.). Дамудың эволюциялық теориясы — баланың психикалық және қылықтық дамуындағы үрдістердің барлығы генотиппен анықталады және ұрықта болмаған нәрсенің ешқайсысы даму кезінде көрініс бермейді деп түсіндіретін теория. Сензитивтік кезең — адамдағы психологиялық қасиеттер мен қылық түрлерін дамытуға ыңғайлы жағдай тудыратын адам өмірінің кезеңі.
2.Сәбилік кезеңнің дамуына сипаттама. Сәбилік кезең дұрыс даму линиясында өзіне деген сенімділік бала қарапайым іс әрекеттерді өздігімен істегенді ұнатады дегенменде ата анасының көмегін қажет етеді. Аномальды даму линиясында сенімсіздік, қарапайым қимыл дағдылардың дұрыс қалыптаспауы,сөз қорының дұрыс дамымауы, өз әрекеттеріне сенімсіздікпен қарауы болып табылады.
Бала психикасының даму заңдылықтарын зерттеу әдістері.
Балалар психологиясының пайда болуы мен бала психикасының даму заңдылықтарын зерттеу биология ғылымының жүйесіне енген үлкен бір жаңалық болды.XIX ғ. Чарлз Дарвиннің жасаған эволюциялық ілімі аса маңызды кезең болды. Адам соған сәйкес органикалық дүниенің дамуының тұтас жүйесіне енді.
Көрнекті чехтың ұлы педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670ж) балаларды сезім ерекшеліктеріне байланысты оқыту жүйесін құру керектігі туралы ең алғаш өз пікірін ұсынып, мектепке дейінгі тәрбиенің алғашқы жүйесін жасады. Осы негізде «Ұлы дидактика», «Суретті көрнекі әлем» еңбектері шықты.
1712-1778 жылдары мектеп жасына дейінгілердің психикалық ерекшеліктерін егжей-тегжейіне дейін толық байқаған Жан-Жак Руссо баланың өздігінен дамуына ерекше мән беріп, оның дүниені танып білу негізі табиғат болуы керек деді. Табиғаттың өзі баланың ақыл-ойын дамытудың негізі. Ал тәрбиешінің рөлі – іс-әрекет барысында әрі қарай ұйымдастыру.
1746 - 1824 ж Генрих Пестолоций баланы үлкендердің жүйелі түрде үйретіп отыруына үлкен мән беру маңызды мәселе деп қарастырды. Ол кісі баланың жеке басын қалыптастыруда отбасының, әсіресе анасының рөлі ерекше деп бағалаған. Онда табиғи дарындылық принциптерін басшылыққа ала отырып, баланың жас ерекшелігін ескеруді талап етті.
Емтихан билеті № 10
Даму, оқыту,тәрбие,қоршаған орта,тұқым қуалаушылық рөлі .
Даму деген ұғымды көпшілік әдебиеттерде қарапайым түрден күрделі түрге көшу деп түсінеді. Психологияда көптеген теориялар жас ерекшеліктерінің психикалық дамуын түрліше түсіндіреді. ХІХ ғ Э. Геккел онтогенез филогенезді қысқаша қайталау деген заң қалыптастырды.
Жас ерекшелік психологиясына енген биогенетикалық заң психикалық дамуын биологиялық эволюцияның негізгі сатыларын және адамның мәденитарихи кезеңдерін қайталау ретінде бейнелеуге мүмкіндік береді.
Бала психикасының дамуына қарама-қайшы бағыт социологизаторлық бағытта байқалады. Оның негізі – ХVІІ ғ. философ Джон Локктың идеясынан шыққан. Оның ойынша, бала дүниеге таза санамен келеді, таза тақта ретінде деген.
Бала дамуына әсер етуші биологиялық факторлар:
1.Тұқымқуалаушылық
2.Орта
3.Тәрбие
Бала дамуына әсер етуші биологиялық факторға бірінші тұқымқаулаушылық жатады. Психологтардың ойынша темпераментжәне қабілет нышандары тұқым қуалайды. Әр адамда орталық жүйке жүйесі түрліше қызмет етеді. Күшті және қозғалғыш жүйке жүйесі; қозу процесі басым, холерик, қозу және тежелу процестерінің аз қозғалатын және тежелу процесіне ие – флегматик. Меланхоликтің жүйке жүйесі әлсіз, сезімтал.
Бала дамуына әсер етуші екінші фактор – орта. Табиғи орта психикалық дамуға жанама әсер етеді.
Баланың жеке басының дамуындағы күрделі үдерістерге ойдағыдай басшылық жасауда тәрбие баланың психикалық даму деңгейінің не екенін жақсы түсіну керек.
Бала дамуына әсер етуші екінші фактор – тәрбие. Баланың психикалық дамуына үлкендер тәрбиесінің әсері мол.
Баланың санасы мен психикасы көпшілік жағдайда қоршаған ортаның ықпалы мен оған берілетін тәрбиеге байланысты дамиды.
