Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор бха.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

7.ЦитохромВ, өкілдері, құрылысы, рөлі.

Өкілдері: цхв және цхв5. Цхв5 ксенобиотиктердің метаболизміне қатысады, ал цхв БТ тізбегіне тікелей қатысады. Цхв коферменті гем, екі компонентті фермент. Гемнің құрылысы гемоглобин мен миоглобиндікіндей. Рационалды аталуы: -1,3,5,8- тетраметил, -2,4-дивинил, -6,7- дипропион қышқылының темір(ІІ) порфині.

Гемнің формуласы:

Цхв-ның биологиялық рөлі ол электрондарды тотықсызданған КоQ-дан алып цхс1-ге береді. КоQ тотығады да, цхв тотықсызданады.

цхв(Fe3+)-------- цхв(Fe2+)

39. Цх с, өкілдері, гемнің құрылысы, тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысуы. ЦитохромС, өкілдері, құрылысы, рөлі.

Өкілдері: цхс және цхс1.Коферменттері гем түрінде бірдей, апоферменттері әртүрлі екі компонентті фермент. Гемнің ааталуы:

-1,3,5,8- тетраметил, -2,4-диэтил, -6,7- дипропион қышқылының темір(ІІ) порфині. цхс1 –дің биологиялық рөлі ол цхв- ны тотықтыру арқылы одан электрондарды алып өзі тотықсызданады:

Цхс1(Fe3+)-------- цхС1(Fe2+) одан кейін цхс цхс1 ді тотықтырып, өзі тотықсызданады: Цхс(Fe3+) →цхс(Fe2+)

40. Цх А, өкілдері, гемнің құрылысы тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысуы. ЦитохромА, өкілдері,құрылысы,рөлі.

Өкілдері: цха және цха3. Коферменттері бірдей, апоферменттері әртүрлі. Гемнің құрылысы мынандай: 1-ші,3-ші орындарда метил тобы, 2-ші орында 15 көміртек атомдарынан тұратын радикал, 8-ші орында формил тобы,4-ші көміртекте винил тобы, 6-шы және 7-ші орындарда пропион қышқылының қалдықтары орналасқан. Цха электрондарды тотықсызданған цхс –дан алып тотықсызданады, ал цхс тотығады.

Цха(Fe3+) →цха(Fe2+)

Цха электрондарды цха3-ке беріп тотығады, ал цха3 тотықсызданады.

Цха3(Fe3+) →цха3(Fe3+)

Цитохромоксидаза(ЦХО).

Цха мен цха3 бір комплекс -цитохромоксидаза түрінде байланысқан. Бұл ірі молекула, өте үлкен молекулалық массалы, ол 2 молекула цха+4молекула цха3+ 6 мыс иондарынан(І,ІІ) тұрады. ЦХО-дағы мыстың валентілігі ауыспалы,сондықтан электрон көзі бола алады.

Трансферазалар, құрылысы,жіктелуі, өкілдері, каталитикалық әсері, таралуы.

Трансферазалар - атомдарды немесе атомдар тобын бір субстраттан басқа субстратқа тасымалдайтын ферменттер класы. Бұлар негізінен екі компонентті, жасушаішілік ферменттер. Тасымалдайтын топтарына қарай олар бірнеше топшаларға жіктеледі: аминотрансферазалар, метилтрансферазалар, ацилтрансферазалар, фосфотрансферазалар

  1. Метилтрансферазалар, құрылысы, химиялық табиғаты, каталитикалық әсері.

Метилтрансферазалар метилдену реакцияларын тездетеді, яғни метил тобын тасымалдайды. Коферменті ТГФҚ(тетрагидрофоль қышқылы)- Вс витаминінің гидроксилденген туындысы, екі компонентті фермент.

13. Ацилтрансферазалар, құрылысы, химиялық табиғаты, каталити-калық әсері.

Ацилтрансферазалар ацилдену реакцияларын тездетеді , яғни карбон қышқылдарының қалдықтарын тасымалдайды. Егер олар сірке қыш-қылының қалдығын тасымалдаса оларды ацетилтрансферазалар деп атайды. Карбон қышқылдарының қалдықтары ферментпен макроэр-гиялық байланыс арқылы қосылады. Бұл ферменттер екі компонентті, коферменті НSKoA(пантотен қышқылы+ аденозин-3- монофосфат+ фосфор қышқылының 2 қалдығы+ тиоэтаноламин). Функционалдық тобы тио топ –SН болғандықтан кофермент НSKoA түрінде жазылады. Ферменттің субстратқа қосылуы коферментті активтендіреді. Сірке қышқылының активті формасы ацетил- KoA деп аталады.