Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор бха.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

13. Нағыз гликопротеиндердің құрылысы туралы түсінік, негізгі өкілдері. Нағыз гликопротеидтер, құрылысы, өкілдері.

Нағыз гликопротеидтердің өкілдеріне: муциндер; иммуноглобулиндер; қанның тобын анықтайтын белоктар; гормондар; тасымалдаушы белоктар жатады.

Нағыз гликопротеидтерде белоктың мөлшері шамамен 80%, ал простетикалық топ – шамамен 20%. Простетикалық тобының құрамында түрлі полисахаридтер және олардың амин туындылары, нейраминдер, сиал қышқылдары әр түрлі мөлшерде болады, белгілі бір жүйелілік байқалмайды, яғни жүйесіз көмірсулардан тұрады. Нағыз гликопротеидтер ағзада кең таралып, алуан түрлі қызметтер атқарады:

14 Протеогликандар, құрылысы туралы түсінік, негізгі өкілдері, ролі. Протеогликандар, құрылысы, өкілдері, олардың маңызы.

Протеогликандар аздаған 2-2,3% белоктан ( 10%), ал қалғаны простетикалық тобы көмірсулардан – 90-98% тұрады. Протеогликандар құрамындағы көмірсулардың құрылысы жүйелі түрде болады.

Протеогликандар – күрделі белоктар. Олар үлкен теріс зарядты полианион болғандықтан катиондармен байланысып, олардың диффузиясын қамтамасыз етеді, фибриллярлы структура түзуге қатысады, базальды мембрананың құрамына кіре отырып, заттардың диффузиясын қамтамасыз етеді. Протеогликандар құрылымдық белоктармен байланысып, молекулалық елек түзеді, олар метаболиттердің, судың диффузиясын реттейді, катиондардың алмасуын қамтамасыз етеді. Протеогликандардың простетикалық топтары гликозамингликандар (ГАГтар). Олар үш топқа бөлінеді: гиалурон қышқылы, хондроитинсульфат, гепарин

15.Гиалурон қышқылының құрылысы мен ролі. Гиалурон қышқылы -1,4-гликозидтік байланыс арқылы құрылған 100 ден 20000-ға дейін дисахаридтер қалдығынан тұратын күрделі қосылыс. Дисахаридтік қалдықтар -глюкурон қышқылы мен - ацетилглюкозаминдерден тұратын, -1,3-гликозидті байланыс арқылы құрылған. Гиалурон қышқылы шыны тәрізді денеде, кіндік бауда кездесіп, патогенді агенттің таралуына жол бермейді. Дәнекер тіндерде кездесіп, өткізгіштігін реттеуге, дәнекер тінінің негізгі цементтеуші заты болып табылады. Гиалурон қышқылы буынаралық сұйықтықта майлау рөлін атқарып, буындардың беттерінің бір бірімен үйелісін азайтады. Митозды жылдамдататын фактор.

16. Хондроитинсульфаттың құрылысы мен ролі. Хондроитинкүкірт қышқылы – қысқа тізбекті сульфатталған полисахарид. Молекулалық тізбегінің құрамында 20 дан бірнеше жүзге дейін дисахаридтер қалдығынан тұрады. Дисахаридтік құрамы -глюкурон қышқылынан және - ацетилгалактозаминсульфаттан,олар бір бірімен -1,3-гликозидті байланыс арқылы қосылған. Хондроитинсульфаттар үш түрде болуы мүмкін. Хондроитинкүкірт қышқылы сүйек және шеміршектің тіндерінде минералдануға, кальцилену және фибриллогенез процестеріне қатысып, митозды баяулатады.

17 .Гепариннің құрылысы мен ролі. Гепарин құрамында күкірт қышқылы бар қысқа тізбекті, дәнекер тінінің міндетті құрамдас бөлігі. Гепариннің мономері дисахаридті қалдық, -глюкуронилсульфаттан және -ацетилглюкозаминсульфаттан тұрады. Олардың арасындағы химиялық байланысы -1,4-гликозидті. Гепарин дәнекер тінінің семіз клеткаларында синтезделеді. Қанның ұю процесінде антикоагулянт және липидтер алмасуын реттеп, антиатерогенді қасиет көрсетеді. Гепарин кейбір ферменттерді активсіздендіреді, мысалы, гиалуронидазаның әсеріне кедергі жасап, капиллярлардың өткізгіштігін төмендетеді, тіндерді гистаминнің артық мөлшерінен босатады. Осы қасиетіне сүйене отырып, гепаринді қабыну процесіне қарсы қолданады.