Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОКУШЫЛАРГА ЭТНОМӘДЕНИ БІЛІМ БЕРУ 2015.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
181 Кб
Скачать
☆

Лекция тақырыбы 4. Этникалық тәрбиенің факторлары

Баланың басты психикалық іс-әрекеті-ойын. Бала табиғатынан қимыл-қозғалысқа құмар жан. Ол үнемі секіруді, қарғуды, жүгіруді қалайды. Бала ойыны алуан түрлі. Ойын арқылы бала адамгершілік қасиеттерді бойына біртіндеп сіңіреді және психикалық қабілеттері дамиды.

М.Жұмабаев халықтық педагогика негізінде бала ойынына мынадай мән берген: «Баланың қиялы әсіресе, ойын кезінде жарыққа шығады. Ойын балаға кәдімгідей бір жұмыс.

Психологтардың анықтауы бойынша, балалардың ойыны олардың өмірге бейімделулері. Ойын арқылы бала айнала қоршаған өмірді таниды. Өмір сүрудің белсенді іс-әрекетін, қарым-қатынастарын, адамгершілік мінез-құлық нормаларын игереді, зейін, ес, қиял, ерік, ойлау сияқты психикалық процестерді біртіндеп қалыптастыруға мүмкіндік алып, сөйлеу тілі дамиды. Сана-сезімі, еркі, өзін-өзі бақылауы, өзін-өзі танып білуі жетіле бастайды. Осы жаста ойын арқылы бала адамгершіліктің ең парасатты мінез-құлықтарымен қарым-қатынас жасай бастағанын байқаймыз.

Л.С. Выготский пікірінше, ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін жетекші, басты құбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырып, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып үйрене бастайды. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойнайды, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері мен таным үрдістері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды.

Қарым-қатынас ұғымы адамдардың бір - бірінен күрделі, көптеген түрлі жақындасу процестерін көрсетіп, олардың бірігіп жасайтын іс - әрекеттерінің қажеттіліктерін орындау үшін қолданылады..

Қарым - қатынас мазмұнына ғылыми және тұрмыстық білімдер жүйесі, дағдылар мен іскерліктер, адамның өзі, яғни оның сыртқы келбеті, мінез ерекшелігі, өзін - өзі ұстау мәнері, т. б. міндетті топпен, ұжыммен шешу, әрекет, қарым - қатынас пен өзара қарым - қатынас т. б. жатады.

Қарым - қатынас мазмұны қарым - қатынас құралы арқылы түрлі тәсілдермен беріледі. Адамдар қарым - қатынасының негізгі құралына тіл жатады.

Тілдік қарым - қатынаспен бірге тілдік емес құралдар кеңінен қолданылады. Олар: келбет, дене қимылдар, ым-ишара т.б.

Халықтың замандар бойындағы тұрмыс салты, әдет-ғұрпына байланысты жайлар мен халық жасаған материалды байлық, рухани мәдениетке қатысты жайларды зерттегенде ғалымдар, тіл фактілеріне соқпай өте алмайды. Өйткені тіл - солардың бәрін ұзақ замандардың бойында ұрпақтан- ұрпаққа жеткізген және сақтап қалған құралдардың бірі

Тіл әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға берілетін мұра. “Тіл туралы” заңдағы “Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір адамзатының парызы” – деген. Әрине, ұлттың ең бірінші, ең қасиетті сипаты – оның ана тілі.

Ұлт анасы тіл болып есептеледі. Сонымен бірге ұлттың өмір сүруінің бірінші шарты. Айналаңды танып білу, туған тіліңді білуден басталады. Қазақ халқының тілі өте бай. Ата-бабаларымыз айтайын деген ойын бастан-аяқ тәптіштеп түсіндіріп жатпай, бір ғана сөйлемнен тұратын мақалмен-ақ айтқан.

Анасының тілін жастайынан жанына сіңіріп өскен бала есейіп ержеткенде, елінің намысын ешкімге таптатпайтын азамат болып өсетініне сенімі мол. Өлең, әңгімелерді көп оқыған, сөздің киесін қастерлей білген баланың ой-өрісі, дүниетаным өрісі өзгелерден биік, адамгершілік қасиеттері басқаларға үлгі етердей ерекше сүйкімді болары сөзсіз.

Еңбек- өмір сүруші жеке адамның өркендеуіне әр жақтылы әсер етеді. Адамның адамдық белгісі де, санасы да, қайраты да еңбек әрекетінің ықпалымен қалыптасып жетіледі. Еңбек адамның баласын рухани байытып, оның мәдени өмірінің мол қазынасын жасайды. Еңбек үстінде баланың іскерлік қабілеті күш қайраты, мінез- құлқы қалыптасады. Еңбек арқылы баланың белімі артады, дүниеге көзқарасы тереңдей түседі.

Еңбек жеке адамды тәрбиелеу және дамыту факторы. Еңбек пен адам бірінен- бірі бөлінбейді. Еңбекке дайындау, адамның еңбектің сапасын тәрбиелеу – бұл тек болашағы жақсы, немесе жаман азаматты дайындау, яғни тәрбиелеу ғана емес, оның болашақ тұрмыстық дәрежесін, оның әл- ауқатын тәрбиелеуге болады.

Еңбек үстінде баланың іскерлік қабілеті, күш қайраты, мінез- құлқы қалыптасады. Еңбек арқылы баланың білімі артады, дүниеге көзқарасы тереңдей түседі.

Еңбек әрекетінің негізгі ерекшелігі - оның жоспарлылығы мен белгілі тәртіпке бағынатындығында. Еңбек әрекетінде үлкендердің сөзі, өнегесі адамгершілікпен ұштасып, ол баланың білімі мен қабілетінің өсуіне, тиянақты болына ықпал етеді. Қазақтардың еңбек әрекетінің негізігі түріне балаларды дайындады. Ең басты жұмыс түрі мал бағу, оны күту, мал өнімдерін өңдеп шығару болды.

Еңбекке даярлаудың басқа түрі- қолөнері болды. Бұл тіріден бұйымдар жасау киіз басу, киіз бұйымдарын жасау, ағаштан, темірден жасалатын қолөнер бұйымдары ...

Дәстүрді адамның қай ұлтқа жататындығының бір басты белгісі ретінде қарастырған жөн. Дәстүр, әдет, салт, үрдіс, тіпті дағы, ғұрып деген сөздер кең мағынада адам мінезі мен тіршілігіне байланысты қанға сіңген қылықтар. Демек, ұлттық дәстүр тез жоғалып немесе тез өзгеріп кете қоймайтын құбылыс.

«Дәстүр» әдетке сіңген салт-дәстүр, ғұрып, мирас. Дәстүр (традиция - »передача») берілу немесе қалдыру, «мұра» деген мағынаны білдіреді. Осы берілудің қасиеттерімен сипаттары-күрделі қоғамдық құбылысты-»дәстүр» деген ұғымды туғызады. Осыған байланысты сөздіктен дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын «әдет-ғұрып», ұлт бойында қалыптасып, сіңіп кеткен салт- сана дағдылар, «салт-сана ол қоғамдық ойдың, дәстүрдің жиынтығы» деп түсіндіріледі қазақ тілі түсіндірме сөздігінде.

Ұлттық дәстүр тез өзгеріп, немесе жоғалып кете қойматын, ұзақ дәуірлер бойына екшелеп, сұрыпталып қалыптасқан қазына. Оның ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы зор, халықтың мінез құлқы мен іс әрекетінің рухани негізі. Ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау адалдық әділдік, мейман достық сияқты қасиеттер белгілі бір халықтың ұлттық дәстүрі ретінде қалыптасады.

Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты. Өйткені, мәдениеті дамыған ел дәстүрге де бай келеді. Қазақ ұлтының этностық ерекшелігін байыптаса, бұл халық-ұрпақ сабақтастығын сақтап, алысты жақындатып, аразда татуластырып, ізетті келіннен таныған, татулықты абысыннан тапқан, дархандықты даласынан, даналықты бабасынан пәктікті баласынан алған халық.

Мәдениет толыққанды өмір сүрудің бірден-бір шарты десек онда оның тіл тану және тіл табысу өлшемдерін еске аламыз. Түбірлей келсек «мәдениет- тіршілік ету жолындағы еңбек - бейнеттен туған, табиғатпен адами ортамен үйлесімді өмір сүре білу өнері. Мәдениет - ұлттық сана-сезімінің бірі-біріне деген қатынасы белгілі бір халықтың ұлттық сана-сезімі мен оның ұлттық мәдениетінде нақты байқалады. Демек осы мәдениеті игеру ақылы этностық қауымдастықтың жаңа ұрпақтарының ұлттық сана-сезімі қалыптасады. Сонымен рухани мәдениеттің өзінде-ақ ұлттық сана-сезімінің барлық жақтары көрініс береді, ол дегеніміз халық тарихынының бірлігі, туған жер, туған тілі, яғни өз халқының негізгі ерекшеліктері туралы түсініктері деп білеміз.

Этникалық мәдениет- белгілі бір ұлттың өзіне тән рухани дүниетанымы.

Осыған орай біз профессор Ж.Ж. Наурызбайдың «көпмәдениеті тұлға» деген ойына сүйенсек, онда ол өз мәдениетін игеру арқылы өзге мәдениеттерді игеруге бағыт ұстанған адам болып табылады.

Дінсіз қоғам болмайтындықтан, дінсіз мәдениет те болмайды. Дін әлеуметтік құбылыс һәм қоғамды қалыптастыратын ұйытқы ретінде адамзат өмірінде аса маңызды рөл атқарады, сонымен бірге ұлттық мәдениеттің мәйегі – дін.

Дін – халық рухының ажырамас бөлігі, этнос құраушы күретамыры. Ол ұлтжандылықты, ұлтішілік және елішілік бірлік пен ынтымақты уағыздайтын тәлім –тәрбие көзі.

Дін - рухани құбылыс. Баланың адамгершілік - имандылық және эстетикалық талғамын тәрбиелейтін бірден - бір жол.

Ұсынылатын әдебиеттер: (1,2,3,4,5,6,7,9,10,11,14)

Лекция тақырыбы 5. Мектепке дейінгі ұйымдарда халық педагогикасының пайдалану мүмкіндіктері

Мектепке дейінгі балаларды халық педагогикасы негізінде тәрбиелеу білім берудің алғашқы күнінен бастау алады.

Халық педагогикасының қыры мен сырын көптен бері зерттеп келе жатқан халқымыздың сөз зергерлерінің бірі Мұзафар Әлімбаев атамыз «Халық-ғажап тәлімгер» деген еңбегінде былай деп тұжырымдаған: «Халық педагогикасы ғасырлар бойы қалыптасып, қорлана байып келе жатқан ғылым, яғни ұрықтың ана бойына біткен кезіндегі құрсақ тойынан бастап, бала ер жеткенге дейінгі аралықты қамтитын түрлі жөн-жоралғы, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, тыйым сөздер, түрлі ырымдар-осынау ұғымдардың бәрі халық педагогикасының жүйесін құрайды».

Қазақ халқы арнайы бала тәрбиесімен айналысатын қоғамдық орындары (ясли, мектепке дейінгі ұйымдар т.б.) болмасада, өз ұрпағын бесікте жатқан кезінен бастап-ақ, өлең жырмен, әңгіме, ертегі, тақпақ, санамақ арқылы жеке басын қалыптастырып, психикасын дамытып отырған. Бала аяғын жерге нық басқаннан-ақ, қоршаған ортаның құпиясын ғылыми тұрғыдан сезініп білмесе де, жапан түзде жолсыз жерлермен жұлдыздарға, түрлі белгілерге қарап, жол тауып, қаршадайынан-ақ, есту, көру сезімдері шынығып, алыстағыны болжайтын, жоғалғанды табатын ізшіл де, құралайды көзге атып түсіретін мергенде болған. Кәсібі, тіршілігі мал шаруашылығына байланысты болғандықтан бала 5-6 жасынан-ақ ат құлағында ойнай бастайды. Оқусыз-ақ бір есіткенін қалтықсыз есте сақтайтын қабілеті күшті, әңгімеге үйір көшпелі халықтың баласы небір қызық ертегілерді, жыр-дастандарды жаттап алады. Сөз өнерінің әдемі кестелері олардың сөйлеу қорын байытып, мағыналы да, мәнді сөйлеуге жаттықтыра беретін. Халықтық шығармалар ішіндегі әр жақты айқын бейне, қызықты оқиға, әдемі қисын, жақсы ұйқас – бәрі-бәрі балаларды қуантып, еліктіре әсер етіп, ой-пікірін шыңдап отырған.

Халық педагогикасына әкенің баласына, ананың қызына, ененің жас келінге айтатын ақыл-кеңесі, тағы басқа тұжырымдар, ғылыми тілмен айтсақ, эмпирикалық деңгейдегі тәлім-тәрбиелік ұғымдар жатады.

Халық педагогикасына қазақтың ертеден келе жатқан салт-дәстүр мен ырымдары жатады. Мұның бәрі халқымыздың тарихында бүгінгі күнге дейін өскелең ұрпақты оқытып-тәрбиелеуде қолданылып келе жатқан, тұтас халықтық тәлім-тәрбиенің әдіс-тәсілдері.

Белгілі жазушы Сәбит Мұқанов: «Қазақ халқының халық ауыз әдебиеті – асыл қазына» Оның асылдарын даралап, ұрпақ қажетіне жарату керек», - деген болатын. Ғұлама ақын Абай ауыз әдебиеті түрлерін зерттеп, мақал-мәтел мәнін, маңызын ашып берген.

Қалада өскен балалар мақалмен айтқан ойларды түсінбей қалады. Қазақ халқының тілі өте бай. Ата-бабаларымыз айтайын деген ойын бастан-аяқ тәптіштеп түсіндіріп жатпай, бір ғана сөйлемнен тұратын мақалмен-ақ айтқан.

Анасының тілін жастайынан жанына сіңіріп өскен бала есейіп ержеткенде, елінің намысын ешкімге таптатпайтын азамат болып өсетініне сенімі мол. Өлең, әңгімелерді көп оқыған, сөздің киесін қастерлей білген баланың ой-өрісі, дүниетаным өрісі өзгелерден биік, адамгершілік қасиеттері басқаларға үлгі етердей ерекше сүйкімді болары сөзсіз.

Мектепке дейінгі балаларды халық педагогикасы негізінде тәрбиелеу білім берудің алғашқы күнінен бастау алады. Халық педагогикасы негізінде тәрбиеші әр тақырыпқа өзі жаңа нәрсе ойлап табу керек. Соның ішінде мектеп жасына дейінгі балалардың есте сақтау қабілетін дамытуда халық педагогика құралдарының ролі ерекше екендігін айта кету керек. Ол үшін шығармашылықпен айналысу, әр сабақ сайын халықтық педагогика үзінділерін енгізу, оны баланың жас ерекшелігіне сай етіп алу қажет. Мектепке дейінгі білім беру-үздіксіз білім берудің бастамасы.

Халықтық педагогика негізінде тәрбиелеудің ертеден келе жатқан бір жолы – баланы қиял-ғажайып ертегілеріне әуестендірудің пайдасы зор. Мағжан Жұмабаев: «Балада қиял ерте оянады. Бірақ, оның жанында жігер аз болғандықтан, қиялы да бай емес. Баланың түсінуінше дүниеде мүмкін емес нәрсе жоқ, бәрі болатындай. Бала ертегінің бәрін шын деп ұғады. Құрғақ ақылды ұқпайды, жанжандырып, суреттеп алып келсең ұғады. Мысалы, балаға өтірік айтпа» деген құрғақ сөзің желге айтқанмен бірдей. Егер сен өтірікші туралы ертегі айтсаң, сол ертегі де өтірікшінің өтірігінен қор болғанын, зиян көргенін суреттеп алып келсең, бала өтірік айтпау керек екендігін сонда ұғады және сонымен осы жерде ол оны есте тұтып қалады. Сол арқылы екі процесс қатар жүретіндігін байқаймыз, олар біреуі өтірік айтпауға тәрбиелесек, ал екінші жағынан оның есте сақтау қабілетін дамытамыз. Яғни, ертегі баланы армандауға, қиялдауға жетелейді, ертегі кейіпкерлерініңсуретін салу арқылы оынң іс-әрекеттерін көз алдына елестетуге, ойында ұзақ сақтауға көмектеседі.

Жаңылпаш айтып, жұмбақ шештіріп дұрыс ойлауға дағдыландырамыз, ерлікке, еңбек сүйгіштікке, елін, жерін сүюге, үлкенді сыйлауға үйренеді.

Халықтық тәрбиенің тағылымы орасан зор. Әсіресе, баланың сөздік қорын дамыту, есте сақтау қабілетін дамыту, ойын жеткізе білуге үйрету тәрбиешінің ізденісіне байланысты.

Ұсынылатын әдебиеттер: (1,2,3,4,5,6,7,9,10,11,14)