- •1.Кәсіби психология пәні, мақсаты мен зерттеу объектісі
- •«Идеалды эмпирикалық обьект» ретіндегі еңбек орны және кәсібі
- •Кәсіп обьектісі және оның негізгі түрлері
- •Кәсіптегі жұмыс орны динамикалық компонент ретінде
- •Кәсіп субьектісінің сыртқы құрылымы
- •Кәсіби іс-әрекеттегі басқарушы және коммуникативті процестер
- •Қабілет және интеллект
- •Адамның еңбек әрекеті
- •Кәсіпкердің өзіндік сана-сезімі.
- •Еңбек әрекетіндегі тұлғаның кәсіби қалыптасуы
- •Кәсіптің психологиялық басқарушылары туралы түсінік.
- •Кәсіп, мамандық, іскерлік, лауазым түсініктері
- •Еңбек постысының құрылымы.
- •Еңбектің заттық және әлеуметтік жағдайлары.
- •Кәсіпті топтастыруды құрастырудың психологиялық белгілері.
- •Кәсіптің көп белгілі және көп деңгейлі психологиялық топтастырылуы
- •Профессиография туралы түсінік.
- •Кәсіптік бағдар беру сабақтарының жүйесі.
- •Профессиографиялық экскурсияларды ұйымдастыру
- •Өндірістік оқыту аймағындағы еңбек психологиясының міндеттері.
- •Аналитикалық әдістер мен іріктеу.
- •Оқыту мен іскерлікті жоғарлату
- •Өнімділік, қабілеттілік түсініктерінің анықтамасы.
- •Өнімділік көрсеткіштері.
- •Адам ағзасындағы жұмысқа қабілеттерінің өзгеруі
- •Еңбек іс-әрекетіндегі адамның функциональды күйі.
- •Психикалық қажу күйі
- •Психикалық қажу мен басқа күйлерді өлшеу әдістері
- •1.Травматизмге байланысты Марбе теориясы.
- •2.Жүйке жүйесі сапасы және травматизм
- •3.Травматизмді анықтайтын психофизиологиялық факторлар
- •3 Практикалық және семинар сабағының сұрақтары.
- •4. Студенттің өздік жұмысы
- •5.Студенттердің өз бетінше жұмысы
Өндірістік оқыту аймағындағы еңбек психологиясының міндеттері.
Аналитикалық әдістер мен іріктеу.
Оқыту мен іскерлікті жоғарлату
Жастарға дұрыс мамандық таңдауға көмектесу – оқу орындарының, бүкіл оқу-тәрбие процесінің ең негізгі міндеті. Негізгі мақсат пен міндет белгілі еңбек түрін таңдап, жастардың таңдаған мамандықтарына танымдық ықыласы мен бейімділігін қалыптастыру. Бұған, ең адымен, оқушылапрды үйірме жұмысын тарту арқылы қол жеткізіледі. Үйірме сабақтары кезінде оқушы өзінің мүмкіндіктері туралы үйірме жетекшісімен әңгімелеседі, білімін әрі қарай тереңдетіп, кеңейту жөнінде кеңес алады, мамандық таңдау жөніндегі жоспарын нақтылайды.
Мектепаралық оқу - өндірістік комбинаттардағы сабақ – оқушы бейімі дамуының бір шарты. МАОӨК-да оқушылар еңбек қызметін оқумен ұштасқан кең политехникалық негізде жүзеге асырады, мұнда игерген еңбек түрінде тұрақты ықылас қалыптасады. Еңбекке үйренуге кеңес берген кезде класс жетекшісі жұмысшы мамандығы оқушының таңдаған мамандығына тектес екендігін ескеруі қажет.
Мамандыққа және оның талаптарына оқушының ықыласы мен бейімі, жеке басының ерекшеліктері сәйкес келген жағдайда мамандықты әрі қарай игеруі үшін нақты жағдайлар мен әрекеттер жасалады. Егер мұндай сәйкестік болмаса, онда оқушыға МАОӨК-да оқудың басқы профилі ұсынылады.
Жеткіншектің қабілеті мен икемі туралы мәлімет жинау үшін класс жетекшісіне «Оқушы әрікеті түрлерінің кестесін» толықтырылуға кеңес беріледі. Кестенің көмегімен жеке оқушы белсенділігінің, оның түрлі бағытына бөлінген жалпы келбетін алуға болады, «Социометриялық анкета» арқылы жүзеге асырылатын оқушының іcкерлік қасиеттері туралы кластарының пікірін білген де пайдалы. Ол оқушы әрекетіне кластастары қойған 5 балдық бағадан көрінеді
Сұрақтардың нөмірі |
3 балл |
2 балл |
1 балл |
1. 2. 3. 4. 5. |
|
|
|
Жұмыс әр оқушының өзін-өзі тануы мен тәрбиеленуіне көмектеседі, әр оқушы өз бетінше жауап беру керектігін мұғалім ескертеді де, мұнадай мысалды келтіреді: «әрқайсыларына жұмыс 4-7 адамнан тұратын бригада құру керек. Еңбек ақы жұмыстың саны мен сапасына қарай, бірақ бәріне бірдей млшерде төленеді. Кластастарымен кімдерді бригадаларына алар едіңдер? Үш оқушыны таңдап алыңдар да, менің түсіндіруімнен кейін олардың аты-жөнін тиісті сұраққа орай жазындар. Ең жақсы деген бригада мүшесіне үш балл беріп, оның аты-жөнін тиісті торға жазындар т.б. жауаптарыңды маған аты-жөндаріңді жазбай өткізіңдер, олар құпия, оны мен ғана білетін боламын»
Бұдан соң мынадай сұрақ берілуі мүмкін:
Қолдарынан үздік іс келеді деген 3 оқушының аты-жөні (схема бойынша радиоқабылдағышты жинау, киім тігу, орындық жасау, ас әзірлеу т.б)
Оқушылардың бәрі қызығатындай баяндама жасап, жиналысконференция өткізуге өз кластарыңнан кімді таңдар едің?
Көңілді, салтанатты мектеп кешін ұйымдастырғанда кластарыңның ішінде кімнен көмек сұрар едің?
Күштілікті, шыншылдықты, ұжымдық сезімді қажет ететін қиын туристік сапарға класыңнан кімджі алар едің?
№ |
Аты-жөні(алфавит бойынша) |
Сұрақтың нөмірі |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
||
1 2 |
Ахметов Н Ақанов А |
52 15 |
10 7 |
5 4 |
12 12 |
17 27 |
Әр фамилияның тұсын жолдастарының пікірі бойынша оқушы жинаған балл мөлшері қойылады, ең жоғары және төменгі балл мөлшері қасиеттерінің айқын көрінісі болып табылады.
№ 13-дәріс
Тақырыптары: Кәсіби қабілеттерді жоғарлатудың психологиялық аспектілері
Сұрақтары:
