- •Қысқартылған сөздер тізімі
- •Пародонтология практикасында қолданылатын физиотерапия әдістері Гальванизация және электрофорез
- •Диадинамометрия
- •Электроұйқы терапия
- •Ультратонды терапия
- •Флюктуоризация
- •Дарсонвализация
- •Диатермокоагуляция және диатермотомия
- •Микротолқындық терапия
- •Жарықпен емдеу
- •Ультражоғары жиіліктегі ауыспалы токпен емдеу (ужж-терапия)
- •Инфрақызыл сәулелену
- •Ультракүлгін сәулелену
- •Емдік факторы: ультракүлгін (ук) сәулелер
- •Пародонтология практикасында толқынының ұзындығы 253,7 нм қысқа ультракүлгін сәулелер кеңінен пайдаланылады.
- •Лазерлік терапия
- •Пародонтологиядағы лазерлік терапия әдістемелері
- •Биоптронды жарық терапиясы
- •Магниттік терапия
- •Ультрадыбыстық терапия
- •Аэроиондық терапия
- •Парафиндік терапия
- •Криотерапия
- •Табиғи емдік факторлар Бальнеотерапия
- •Пелоидотерапия
- •Оксигенотерапия
- •Озонды терапия
- •4 Сурет. Озонатор «отри-01».
- •5 Сурет. Пародонтологияда қолданылатын озонотерапия әдісі.
- •Қорытынды
- •Тақырыпты меңгеруге арналған тестер
- •40. Адамның тінінде ультрадыбысты алаңда форецияға ұшыраған дәрілік заттар қанша уақыт сақталады?
- •D). Биологиялық
- •Жауаптар эталоны
- •Әдебиеттер тізімі
- •30. 03. .2010Ж. Басуға қол қойылды
- •100 Дана
Ультражоғары жиіліктегі ауыспалы токпен емдеу (ужж-терапия)
Емдік факторы: ультражоғары жиілікті 40, 68 МГц (λ= 7,37 м) және 27,12 МГц (λ= 11,05 м) импульсты немесе үзіліссіз электр өрісімен әсер ету.
Физиологиялық әсері: капиллярлар кеңейеді, қан ағысы жеделдейді, макрофагтардың белсенділігі артады, ісігі азаяды, алмасу процестері жақсарады, жас дәнекер тінінің өсуі жеделдейді, нерв рецепторларының сезімталдығы азаяды.
Терапиялық тиімділігі: қабынуға қарсы, ауыруды бәсеңдетуші, зақымданған тіндердің жазылуын қуаттандырушы.
Көрсеткіштері: пародонтиттің асқынуы (абсцесті шығарғаннан кейін), қанды ісік болған кездегі пародонт хирургиясы.
Қарсы көрсеткіштері: жаңа түзілістер, қан аурулары, жүрек-қан тамыры жетіспеушілігі, жүктілік, қан қысымының төмен болуы, тиреотоксикоз, безгекті күйде болу, науқастың денесінде металл ұшқындарының болуы.
Аппаратурасы: УВЧ-66, УВЧ-30, УВЧ-1, УВЧ-50, УВЧ 80-01.
Мөлшерлемесі: өрістің атермиялық қуаты, ұзақтығы 5-10 минутқа дейін, емдеу курсы – 5-8 мәрте (процедура).
Микротолқындық терапия
Емдік факторы: 433, 460 және 915 МГц жиілігіндегі микротолқындық диапазонның электр-магниттік тербелістері; микротолқынның дециметрлі диапазоны (460 МГц; 65 см), микротолқынның сантиметрлік диапазоны (2375 МГц; 12,6 см).
Физиологиялық әсері: капиллярлар кеңейеді, қан ағысы жеделдейді, макрофагтардың белсенділігі артады, алмасу процестері жақсарады, нерв рецепторларының сезімталдығы азаяды.
Терапиялық тиімділігі: қабынуға қарсы әсер, ауыруды бәсеңдетуші, қан тамырларын кеңейтуші.
Көрсеткіштері: гингивиттердің жедел ағымы, пародонтиттің асқынуы, іріңдік болған жағдайда (жалқықтың қайтуы бар болғанда).
Қарсы көрсеткіштері: қанағыштыққа бейімділіктің болуы, қатерлі ісіктер, қан аурулары, безгекті күйде болу, жүктілік, қан қысымының төмендеуі, тиреотоксикоз, денеде бөгде металл ұшқындарының кездесуі.
Аппаратурасы: «Луч-2», «Луч-3», «Мирта», «Луч-58», «Луч-58-1», «Луч-11», «Ромашка», «Термо», «Ранет».
Мөлшерлемесі: режим қарқындылығы 5 Вт, сеанстың ұзақтығы 5-8 минут, 3-5 процедура.
Жарықпен емдеу
Фототерапия (жарықпен емдеу) – жарықтың сәуле шығаруының емдік тиімділігін пайдаланатын физикалық емдеу әдісі.
Физикалық қасиеті бойынша жарық - оптикалық диапазондағы электромагнитті тербеліс шоғыры, әр түрлі энергиялы толқын ұзындығы 400 мкм – 2 нм дейінгі квант (фотон).
Жарықтың биологиялық әсерінің негізі болып физикалық энергия мен оның кванттарының тіндерге сіңіп, оның басқа энергия түрлеріне, ең алдымен жылу және химиялық энергия түрлеріне айналуы жатады.
Жарықтың әсерінен бірнеше эффект пайда болады: көрінетін сәуле көздеріне әсері (жарық эффектісі); кейбір химиялық заттарға, субстраттар, фермент, энзимдерге әсері (фотохимиялық эффект); сәуле сіңіру нәтижесінде жылудың пайда болуы (жылу эффектісі).
Оптикалық сәулелену толқын ұзындығына байланысты ультракүлгін (400 нм -180 нм), көрінетін (760 нм-400 нм), инфрақызыл (400000 нм – 760 нм) болып бөлінеді.
Емдік мақсатта барлық электр магниттік жарық ағынын қолданады, алайда пародонтологияда кең таралған инфрақызыл сәулелер, ультракүлгін сәулелер мен полярланған жарық көздері (лазер, биоптрон лампасы) болып табылады.
