- •Қысқартылған сөздер тізімі
- •Пародонтология практикасында қолданылатын физиотерапия әдістері Гальванизация және электрофорез
- •Диадинамометрия
- •Электроұйқы терапия
- •Ультратонды терапия
- •Флюктуоризация
- •Дарсонвализация
- •Диатермокоагуляция және диатермотомия
- •Микротолқындық терапия
- •Жарықпен емдеу
- •Ультражоғары жиіліктегі ауыспалы токпен емдеу (ужж-терапия)
- •Инфрақызыл сәулелену
- •Ультракүлгін сәулелену
- •Емдік факторы: ультракүлгін (ук) сәулелер
- •Пародонтология практикасында толқынының ұзындығы 253,7 нм қысқа ультракүлгін сәулелер кеңінен пайдаланылады.
- •Лазерлік терапия
- •Пародонтологиядағы лазерлік терапия әдістемелері
- •Биоптронды жарық терапиясы
- •Магниттік терапия
- •Ультрадыбыстық терапия
- •Аэроиондық терапия
- •Парафиндік терапия
- •Криотерапия
- •Табиғи емдік факторлар Бальнеотерапия
- •Пелоидотерапия
- •Оксигенотерапия
- •Озонды терапия
- •4 Сурет. Озонатор «отри-01».
- •5 Сурет. Пародонтологияда қолданылатын озонотерапия әдісі.
- •Қорытынды
- •Тақырыпты меңгеруге арналған тестер
- •40. Адамның тінінде ультрадыбысты алаңда форецияға ұшыраған дәрілік заттар қанша уақыт сақталады?
- •D). Биологиялық
- •Жауаптар эталоны
- •Әдебиеттер тізімі
- •30. 03. .2010Ж. Басуға қол қойылды
- •100 Дана
Пародонтологиядағы лазерлік терапия әдістемелері
Пародонтит. Лазерлік терапия курсын тістегі қалдықтарды мұқият тазартудан, көрсеткіштер бойынша хирургиялық араласудан кейін тағайындайды. Сондай-ақ лазерлік фотофорез әсерін – лазерлік сәуле шығару әсерінен метаболистикалық процестерді жергілікті қуаттандыру есебінен патологиялық ошақ тіндерімен дәрілік құралдардың жұтылуын қарқындату процесін пайдалана отырып, дәрі-дәрмектік және лазерлік терапияны үйлестіру де мақсатқа сәйкес болады.
Бүртікті және маргинальды қызыл иек аймағын (өрісін), сонымен бірге пародонт қалтасы проекциясындағы альвеолярлы өскін аймағын сәулелендіреді.
Сәулелену параметрлері:
100-150 мВт/см2 қуатты тығыздық кезінде әрбір өрістің «Галамед» аппаратымен 15-20 сек. сәулеленуі.
Бір сеанста сәулеленудің жиынтық уақыты - 3-5 мин артық емес. Емдеу курсы – 6-10 процедура.
Алдын алу мақсатымен (қалпына келтіру және тұрақтандыру фазасында) курс 3-6 айдан кейін қайталанады.
Лазер-терапевттен басқа, лазер-хирург - көмірқышқылды лазерді (СО2), толқын ұзындығы 10,6 мкм, қуаты 35 кВт дейінгі лазерді қолданады. СО2 лазері жарық ағынының жоғары энергиясын иеленеді (20-60 Вт). Оның жұқа фокусталған шоғырында (диаметрі 0.2-1 мм) тіндерді тілуге болады, ал фокуссыздандыру кезінде оны қабаттарға бөліп буландыруға болады. Әсер еткен жерде пайда болатын тығыз коагуляциялық қабық микробтар үшін тосқауыл болып табылады, тіндік сұйықтықтың булануы мен сары су жиналуын болдырмайды.
Көрсеткіштері: қызыл иектің ұлғайған тіндерін қабатқа бөліп буландыру үшін, ауыз қуысындағы ойық жаралы процестер кезінде және грануляциялық тінді жою және жамау операциялары кезінде деэпителизациялау.
Аппаратурасы: қуаты 5-тен 60 Вт-қа дейінгі және толқын ұзындығы 10,6 мкм «Ланцет», «Доктор» және «Скальпель -1» аппараттары.
Соңғы жылдары пародонтологияда неодимиум-иттрий-алюминий-гранатты лазерінің (Nd : ҮАG лазері) үзік сәулеленуін кеңінен қолданады.
Nd : ҮАG лазері толқын ұзындығы 1064 нанометр болғанда когерентті жарық энергиясын шығарады. Осы инфрақызыл спектр аймағында энергия талшықтарының 200-ден 400 мкм дейін өте жұқа диаметрі бар фиброоптикалық жүйесі арқылы беріледі. Лазер сәулесінің осы маңызды қасиеті оператордың энергия импульсін тиесілі тіндерге әсер етусіз, тым шектелген бөлікке бағыттауына мүмкіндік береді. Nd: ҮАG лазері энергиясының микротұтануын тудыратын, импульстік әрекетті прибор болып табылады (әрбір импульстік ұзақтығы 150 микросекунд).
Осының нәтижесінде салыстырмалы төмен қуат деңгейі және үздіксіз әрекетті лазерлермен салыстырғанда аса төмен термиялық ықпал алынады. Лазер жүйесінің басқа пайдалы қасиеті, әсіресе пародонтальды қалтаны сауықтыру кезінде, лазер сәулесінің барынша көп ықпал етуінің микробтардың қара дақтанған клеткаларына келуінен тұрады және микробтар клеткалары неғұрлым қаралау болса, бұл ықпал да соғұрлым күштірек болады. Ал дәл осы пародонтальды инфекцияны қоздырушылар болып табылатын микробтардың қара дақтанған субстанциясы бар болады. Зерттеулер дәстүрлі аспаптық емдеуді Nd:ҮАG лазерін пайдаланумен үйлестіргенде үлкен әсер болатынын көрсетті. Сондай-ақ бұл деректер бактериялардың азаятынын және лазерді қолданғанда олардың мөлшерінің қалпына келуі үшін едәуір көп уақыт қажеттілігін көрсетті. Осы үйлескен емдеу әсері кәдімгі тіс шөгінділерін жою кезіндегіден едәуір ұзаққа созылады. Nd:ҮАG лазерін пайдалану қалтаны сауықтырып қана қоймай, сонымен бірге қызыл иек астындағы тіс шөгінділерінен микробтық қатпар қабатын жояды.
Бактерияға қарсы әсерге қосымша ретінде ауырсыздандыру және қан тоқтату әсерлері айқындалған, бұл операцияны қансыз дерлік жасаудан және операциядан кейінгі кезеңде ауруды сезінбеуден байқалады.
Көрсеткіштері: Пародонтологияда тіндерді кесуді гингивопластика, гингивоэктомия, френулэктомия жүргізу, фибромаларды алу, қызыл иек асты тіс тасын алу кезінде, тістердің қатты тіндерінің басым сезімталдығын емдегенде, пародонт тіндеріне жасалған хирургиялық әрекеттерден кейін пайдаланады, кюретажды жүргізу үшін.
Лазерлі кюретаж әдісі. Лазерлік кюретажды жүргізген кезде шағын фиброоптикалық ұштық тіндердің эпителийлік және тиесілі қабынған бетінің бойымен тік және көлденең бағыттарда қозғалады. Лазерлік ұштықтың қалтаның эпителийлік төсеніші бойымен қозғалуы нәтижесінде патологиялық өзгертілген тін буланады. Берілген жағдайда талшығының диаметрі небары 300 мкм фиброоптикалық ұштық қолданылуы тиіс. Лазермен әсер етудің жиынтық уақыты қалтаның тереңдігіне байланысты (дәстүрлі әдістемелерден ерекшелігінде) бір тіске небары 10 секундтан 90 секундқа дейінгі уақытты құрайды.
