- •1.1 «Қоршаған орта» ұғымы және балаларды тәрбиелеудің маңызы
- •1.2 Отансүйгіштікке тәрбиелеу мәселесінің зерттелу жағдайы
- •2.1 Мектепке дейінгі балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің мүмкіндіктерін зерделеу
- •2.3 Тәжірибелік – эксперимент жұмысының мазмұны мен нәтижелері
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Сауалнама
Қорытынды
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуда патриотизм басты ұстаным ретінде қаралады. Сондықтан, зерттеу нысанамызға сәйкес ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды егемендігіміздің болашақ патриот азаматы ретінде оларға әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету өзектілігін айғақтады.
Аталған мәселенің шешімін табуда алыс және жақын шетел және отандық ғалымдардың, арнайы мамандардың зерттеу әдебиеттерін жинақтап, танысып, теориялық талдау жасалды. Зерттеу нәтижелері арнайы мектеп тәрбиеленушілерін отансүйгіштікке тәрбиелеудің әлеуметтік – педагогикалық жұмыс мүмкіндіктерін анықтауға жол ашты:
1. Жетім балаларды әлеуметтендіруде олардың психологиялық және педагогикалық даму ерекшеліктерін ескеріп білім беру мен тәрбиелеудің негізін ұсынған Х.Т.Шерьязданова, Ю.Н.Галагузова, Б.А.Расчетина, А.А.Тынышбаева, І.Халитова және Ә.Әтемова ұсынған еңбектер негізінде отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңыздылығын айқындауға негіз болды. Ғалымдардың зерттеулеріне сүйене келе, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтендіруде оларға отансүйгіштік тәрбие берудің әлеуметтік – педагогикалық мүмкіндіктерін қарастыру жұмыстары тиімдірек болады деген тұжырымға келеміз.
2. Ғалымдардың зерттеулеріне сүйене отырып, біз жетім бала – бұл, ата-анасының екеуi де немесе жалғызбасты әкесі немесе анасы қайтыс болған балана жатқызамыз.
Ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала – бұл, қандай да бір себептермен ата-анасының бала қарау құқықтарының шектелуiне немесе олардан айырылуына, ата-анасы хабарсыз кетуіне, немесе олардың өлдi деп жариялануына байланысты, сондай-ақ бала тәрбиелеу әрекетіне қабiлетсiз (толық емес отбасы, ішімдікке салынған отбасы, соттылығы бар отбасылардың балалары) ата-ана құқықтарынан айырылған отбасының балаларын жатқызамыз.
Ал ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың отансүйгіштік тәрбиесі - ең алдымен, өзін қоршаған ортаға: табиғатқа, адамзатқа және олардың мәдени мұрагерлік құндылықтарына деген рухани-адамгершілік қатынас ретінде сүйіспеншілігін қалыптастыру үдерісі екендігін айта аламыз.
3. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды ғалымдардың еңбектері мен әдістемелік әдебиеттерге сүйене отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеудің әлеуметтік мүмкіндіктерін келесі аталған мазмұндық көрсеткіштері анықталды. Олар:
Айналасында қоршаған жақын адамдарға жағымды эмоцияналды қарым-қатынас (арнайы мектептің қызметкерлері: тәрбиешілер, әлеуметтік педагог, психолог. пән мұғалімдері, мектеп басшылары және сондағы балалар);
Табиғатқа деген ізгілік қатынас, қамқорлық жасай білу;
Халықтың мәдени мұрагер дәстүрін мақтан тұту;
Отанға деген сүйіспеншілік (мемлекет рәміздері, қоғам қайраткерлері, мемлекет жетістіктеріне қуану).
Анықтау барысында тәрбиеленушілердің отансүйгіштік сезімін аталған мазмұндық көрсеткіштері экспериментке дейін: айналасында қоршаған жақын адамдарға жағымды эмоцияналды қарым-қатынас эксперимент тобында 45,2%, бақылау тобында 43,5%; халықтың мәдени мұрагерлік дәстүрлеріне құрмет, мақтаныш сезіміэксперимент тобында 19,5%, бақылау тобында 18,6%; табиғатқа жағымды эмоцияналдық қатынасы, қамқорлық жасай білу эксперимент тобында 9,8%, бақылау тобында 10,1; Отанға деген сүйіспеншілікэксперимент тобында 20,2%, бақылау тобында 20,2% құраса, эксперименттен кейін: отансүйгіштік сезімін аталған мазмұндық көрсеткіштері экспериментке дейін: айналасында қоршаған жақын адамдарға жағымды эмоцияналды қарым-қатынас эксперимент тобында 62,5 %, бақылау тобында 44,5%; халықтың мәдени мұрагерлік дәстүрлеріне құрмет, мақтаныш сезімі эксперимент тобында 30,5%, бақылау тобында 17,6%; табиғатқа жағымды эмоцияналдық қатынасы, қамқорлық жасай білу эксперимент тобында 18,9%, бақылау тобында 10,3%; Отанға деген сүйіспеншілік эксперимент тобында 50,2%, бақылау тобында 23,2%көрсеткішімен нақтыланды. Мәселен эксперимент тобында 24,4% көрсеткіш 40,4% өссе, бақылау тобында 23,7% есебінен тек 23,9% ғана құра отыр. Аталған көрсеткіштер зерттеу болжамымыздың дұрыстығын дәлелдей алды.
Зерттеу нәтижелері бойынша мынандай ұсыныстар жасауға болады:
- ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтендіру мақсатында міндетті түрде оларға отансүйгіштік тәрбие беру керек. Себебі, ата – ана қамқорлығынан айырылған бала мейлі жетім болсын ол болашақ мемлекетіміздің саналы отансүйгіш азаматы болып табылады.
- зерттеудің теориялық және тәжірибелік нәтижелерін арнайы мектеп пен балалар үйлері қызметкерлерінің күнделікті тәрбиелеу мен білім беру іс-тәжірибесінде қолдануға болады.
Зерттеу мәселесі көп қырлы болғандықтан, оның барлық салаларын қамтып шығу мүмкін емес. Осы зерттеуді келешекте отансүйгіштікке тәрбиелеудің әлеуметтік-педагогикалық жұмыстарының мүмкіндіктерін, тиімділігін арттыру дербес дипломдық зерттеудің нысанына айналатынына сенімдіміз.
