Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5 ШЖМ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
537 Кб
Скачать
☆

«Мен және менің айналам» фск (функционалдық- семантикалық кесте) бойынша тапсырмалар

1 Практикалық тапсырма

1.1 «My biography» тілдік тақырып

1.1.1 Фонетикалық-орфоэпиялық жұмыс:

- кестенің бірінші қатардағы берілген сөздер мен сөз тіркестерін тыңдаңыз;

- мұғалімнан кейін дауыстап айтыңыз (жанды дауыс және аудиожазба).

1.1.2 Лексикалық немесе орфографиялық жұмыс:

- дәптерге өзіңіздің туған күніңізді, өз мұғаліміңізді, мектеп атауын жазыңыз (жұмыс мұғалімнің жетекшілігімен орындалады);

- өз жазуларыңызды дауыстап оқыңыз;

1.1.3 Аудару және сөйлеу бойынша жұмыс:

-Бірінші қатардағы сөздерді қолданып, оқытушының сұрақтарына жауап беріңіз (Қашан тудың? Қайда тудың? Мектепке дейін немен айналыстың? Мектепте қай кезеңде оқыдың? Бірінші мұғалімнің аты кім? Сенің дамуыңа әсер еткен кім?)

1.1.4 ФСК сүйенбей өзіңіздің өмірбаяныңызды жазбаша түрде құрастырып көріңіз;

1.1.5 Жазуға сүйенбей өз өмірбаяныңызды құрастырып көріңіз.

1.2 «Family relationships» тілдік тақырып

1.2.1 Фонетикалық-орфоэпиялық жұмыс:

- Екінші қатардағы берілген сөздер мен сөз тіркестерін тыңдаңыз;

- оқытушыдан кейін дауыстап оқыңыз (жанды дауыс немесе аудиожазба);

1.2.2 Лексикалық және орфографиялық жұмыс:

-дәптерге әкеңнің, анаңның, ағаңның, әпкеңнің, туыстарыңыздың мамандықтарының атауын жазыңыз («Субъект және оның біліктілік мінездемесі» мағыналық типтегі сөйлемді белсенді түрде қолдануға үйрету: My father/mother is a doctor/teacher (оқытушының жетекшілігімен орындалады);

- өз жазуларыңызды дауыстап айтыңыз.

1.2.3 Аудару және сөйлеу бойынша жұмыс:

- екінші қатардағы сөздерді қолданып, оқытушының тапсырмаларын орындаңыз (Өзіңнің әкең туралы айтып бер. Өзіңнің анаң туралы айтып бер. Өзіңнің ағаларың мен әпкелерің туралы айтып бер) («Субъект және оның сандық мінездемесі» сөйлеуде белсенділік жұмысы : I have two brothers and one sister.)

1.2.4 ФСК сүйенбей өзіңіздің туыстарыңыз туралы жазбаша түрде монолог құрастырып көріңіз;

1.2.5 Жазуға сүйенбей өзіңіздің отбасыңыз туралы монолог құрастырып көріңіз.

2 Практикалық тапсырма

2 «House. Flat» тілдік тақырып

2.1 Фонетикалық-орфоэпиялық жұмыс:

- үшінші қатардағы берілген сөздер мен сөз тіркестерін тыңдаңыз;

- оқытушыдан кейін дауыстап оқыңыз (жанды дауыс немесе аудиожазба);

2.2 Лексикалық және орфографиялық жұмыс:

- дәптерге қала/ауыл/ауданның және сіздің мекенжайыңызды жазыңыз (оқытушының жетекшілігімен орындалады);

- өз жазуларыңызды дауыстап айтыңыз;

2.3 Аудару және сөйлеу бойынша жұмыс:

- үшінші қатардағы сөздерді қолданып, оқытушының тапсырмаларын орындаңыз (Өзіңнің үйің/өзіңнің пәтерің туралы айтып бер. Пәтерді/бөлмені сипаттап бер. «Субъект және оның сыны» семантикалық типтегі сөйлемдерді белсенді түрде қолдануды үйрену: My house / flat is large)

2.4 ФСК сүйенбей өзіңіздің үйіңіз/пәтеріңіз туралы жазбаша түрде әңгіме құрастырып көріңіз.

2.5 Жазуға сүйенбей өзіңіздің үйіңіз/пәтеріңіз туралы әңгіме құрастырып көріңіз.

3 Практикалық тапсырма

3 «Friends» тілдік тақырып

3.1 Фонетикалық-орфоэпиялық жұмыс:

- төртінші қатардағы берілген сөздер мен сөз тіркестерін тыңдаңыз;

- оқытушыдан кейін дауыстап оқыңыз (жанды дауыс немесе аудиожазба);

3.2 Лексикалық және орфографиялық жұмыс:

- дәптерге достарыңыздың есімдерін жазыңыз (оқытушының жетекшілігімен орындалады);

- өз жазуларыңызды дауыстап айтыңыз;

3.3 Аудару және сөйлеу бойынша жұмыс:

- төртінші қатардағы сөздерді қолданып, оқытушының тапсырмаларын орындаңыз (Өзіңнің досың/құрбың туралы айтып бер. Оның түрі мен мінезін сипаттап бер. «Субъект және оның сыны» сөйлеуде белсенділік жұмысы:My friend is tall, nice. He is kind, honest.)

3.4 ФСК сүйенбей өзіңіздің досыңыз/құрбыңыз туралы жазбаша түрде монолог құрастырып көріңіз;

3.5 Жазуға сүйенбей өзіңіздің досыңыз/құрбыңыз туралы монолог құрастырып көріңіз.