- •Жаңақорған аудандық білім бөлімінің
- •Қызылорда 2016 Мазмұны:
- •Аннотация
- •Зерттеу жұмысының бағдарламасы
- •Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы жылдарындағы этносаралық қатынастары
- •Бірліктің биік парасатының Кіші Ассамблеясы мен сессиялары
- •Қазақстан Халқы Ассамблеясының қызметі
- •Ел бірлігінің экономикалық негіздері
- •Қ азақстандық толеранттылық үлгісі
- •Қазақстандағы этноконфессиялық қатынастар және рухани келісім
- •Ынтымақтастықтың ел ішіндегі көрінісі – Тоқтыбибі әжемізбен сұхбат
- •Қорытынды
Зерттеу жұмысының бағдарламасы
1) Зерттеу тақырыбы – Ассамблея – татулық темірқазығы
2) Зерттеу нысаны – Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы
3) Зерттеу мақсаты – Ел бірлігін сақтаудағы Ассамблеяның маңызын айқындау;
4) Зерттеу міндеті – Ассамблеяның жұмысын кеңінен насихаттау.
Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы жылдарындағы этносаралық қатынастары
1991 жылы 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды. Осы кезеңде елде экономикалық құлдырау басталды. Оның үстіне халыққа алда не күтіп тұрғаны бұлыңғыр болатын. Осы екі себептен Қазақстаннан үдере көшу басталды. Көпшілігі тарихи Отандарына бет алды. Немістер Германияға кетті, орыстар Ресейге, шешендер Шешенстанға және тағы басқалар да көшті. Бірақ, барлық ұлт өкілдері көшіп кеткен жоқ. Кейбір көшіп кеткен ұлт өкілдерінің қайтып келгендері де кездесті. Сондықтан елімізде татулық пен тұрақтылыққа тәуелсіздік алған жылдан бастап ерекше мән беріліп келеді. Қазақстанда өмір сүріп жатқан этнос өкілдерінің мүддесі Елбасымыздың тікелей қадағалауында. Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын да алғаш рет Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 1992 жылдың желтоқсанында өткізілген Қазақстан халқының бірінші форумында айтқан болатын. Кез келген мемлекет үшін қоғамдық келісімнің маңыздылығы ерекше. Халық үшін бейбіт заманда мамыражай өмір сүруден артық ешқандай бақыт жоқ. Тарих қойнауында алтын әріптермен таңбаланған аталмыш форум жұмысында Мемлекет басшысы баяндама жасап, Қазақстан дамыған елдер қатарына қосылу үшін, ел тұрғындары бай, әл-ауқаты жоғары өмір сүру деңгейіне жету үшін халықтың ынтымағы, бірлігі мен татулығының негізгі рөл атқаратынын ерекше атады. Осыған орай, 1995 жылғы наурыз айында Қазақстан Республикасының Президенті жанынан консультативті-кеңестік орган ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Жиырма жылдан астам тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды.
Кеңес одағы кезінде Қазақстанда 100 халық, яғни, 100 ұлттың өкілдері тату-тәтті тұрды. ҰОС кезінде де сол ұлттардың арасында бір-бірін жатсыну қасиеттері болмаған. Бұл тек Қазақстан жерінде емес Тәжікстанда да соғыс болды, Армения мен Әзірбайжан да, Ресейдің өзінде соғыс болды.Бірақ дәл Қазақстанда тұратын ұлт өкілдері секілді достық пен бейбітшілікті олар сақтай алған жоқ. Қазіргі кезде барлық ұлт өкілдері Қазақстан заңына бағынады. Және қазақ тлі мен салт-дәстүріне құрметпен қарайды. Әрине мұның барлығы ең алдымен елбасының стратегиясына, сарабдал саясатына және қазақ халқының дархандығына байланысты.
Ассамблея
қай халық үшінде керек нәрсе. Бірақ
ассамблея туралы көзқарастар әртүрлі.
Мәселен қазақ халқының көп бөлігі
ассамблея керек емес деп ойлайды.
Негізі,
ассамблея ұғымы, оның
жұмысы мемлекетке керек нәрсе.
Басқа ұлт өкілдері өздеріне
деген құрметті сезіне біліп, «біз
Қазақстан азаматымыз»
деп айтуы керек. Себеп
– ассамблея Қазақстанда
тұратын 100-ден астам халықтың бас
қосатын орны. Саясат өз арнасымен
ағады. Бірақ көп ұлтты саясат
деген тағы бар. Қазақстан осы
саясаттың жолымен қадам басып
келе жатыр. Көп адамға біліне
бермеген-мен көп ұлтты саясат
өзінің қиындығын қашанда әкеліп
отырады. Бір үйдің балаларын мысал ретінде алсаң
әр ұлт 1 баланың ролінде тұрғандай
болады. Бір отбасының балаларына бір
балаға артық көңіл бөліп біреуіне азырақ
көңіл бөлме-ген
секілді әр ұлт өкіліне де тең дәрежеде
қарауымыз керек. Яғни оның жеке басына,
ұлтына, дініне ешқандай сөз келмеуі
керек. Қазіргі Қазақстан
жерінде тұрып жатқан өзге ұлт
өкілдеріде, ассамблеяға шет елден
келіп отырған адамдар да
Қазақстан үкіметінің жүргізіп
отырған саясатына дән риза. Себебі
қай халықты да алаңдататын тіл мәселесіне
Қазақстан мемлекетінде шектеу жоқ.
Яғни Қазақстанда тұрып жатқан әр
ұлт өз тілінде сөйлеуіне болады.
Сондықтан да алыстан келген
делегация өкілдері Қазақстанның
дін, тіл бостандығына деген ыстық
көңіл жақсы қабылдайды.
Республиканың кейбір саясаткерлері “Қазақстан халықтары Ассамблеясын” Қазақстан президентінің қол шоқпарына айналған институт деп атап көрсетеді. Бұл сөздің екі ұшы бар.Яғни бұл оймен келісуге де ,келіспеуге де болады.Оны біз Қазақстандағы ұйғыр қауымдастығының жетекшісі Хахраман Қожамберді мырза-ның ойынан байқаймыз:
«Ассамблея Қазақстан көп ұлтты мемлекет болғандықтан, барлық ұлттардың мүддесін ортаға салу үшін, Президенттің қолдауымен дүниеге келген институт, бірақ қазір бұл институт өзіне сай келмейтін саяси мәселелермен жұмыс жасайды. Мысалы, 1995 жылы конституцияны талқылау мәселесін ортаға салу жөнінде мәселе көтерді. Соңынан осы институттың көтермесімен Президенттің басқару мерзімін 2007 жылға дейін созу жөнінде мәселе көтерілді. Менің пікірімше, негізінен Қазақстан халықтары Ассамблеясының мақсаты, сол Қазақстандағы ұлттардың мәдени, салт-дәстүр және де басқа мәселелерін ортаға салып, талқылап, осы мәселелер бойынша, құжат әзірлеп, соның негізінде үкіметке, парламентке ұсыныс жасау керек. Сонымен қатар барлық халықтарға ортақ мәселелерді көтеріп отыруы қажет. Мысалы, жер туралы мәселе көтергенде, ассамблея үн шығармады. Осы мәселе бойынша, пікірін білдіргенде дұрыс болар еді.”
Ж
алпы,
ассамблея мүшелерінің ойталқысынан
аңғарылғандай Қазақстан халқы
Ассамблеясының қазақ қоғамындағы рөлі
мен маңызы тұрғысындағы ой-пікірлер
бір арнада тоғыспайды. Азаматтардың
бірі оның маңыздылығын алға тартса,
енді біреулері қолдан жасалған мұндай
ұйымның тек көзбояушылық үшін қажет
екенін айтады. Бірақ бұл ойдың теріс
екенін Ғабит Нұрәділ сөзімен дәлелдеуге
болады.Ғабит Нұрәділ: «Ассамблея еліміз
тәуелсіздік алғалы өзінің функциясын
атқарып келеді. Біздің бәрімізге
төзімділік қажет...» Және Мырзан Кенжебай
сөзімен қорытындылауға болады. Мырзан
Кенжебай: «Біздің қазақ газеттері
толеранттылық дегенді жаттап алыпты,
бұл жоғарыдан түсірген ұран. Алла тағала
Жерге түсірген Құранда «төзімді бол»
дейді, бірақ төзімді болу үшін еліңді,
ұлтыңды сат демейді...»
Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні мәні ерекше мереке болып табылады. Бұл мерекенің атауының өзі - адамзаттың ең игі істерінің негізі болып табылатын - бірлік сияқты ауқымды түсінікті насихаттайды. Бүгінгі таңда аталған мереке халқымыздың бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық үлгісін әлемге танытушы айрықша дәстүрге айналды. Әрбір қазақстандық азамат үшін ұрпақтар сабақтастығы арқылы тарихи қалыптасқан татулық, сенім мен тең құқықтылық ең маңызды қасиеттер екенін дәріптейді. Еліміздегі барлық этностар арасындағы шынайы келісім мен бірлікте тұрмыс кешуі, ең алдымен, қазақ халқының ата-дәстүрі мен табиғи кеңпейілдігі, ұлттық ділінің кеңдігі арқасында екендігіне дау жоқ.
Дегенмен, Қазақстан тәуелсіздік алған кезеңде, ел басшылығы алдында халықтың келісімін сақтап қалу, қоғамның барлық күш-әлеуетін бір мақсатқа жұмылдыру басты назарда ұсталды. Себебі 100-ден астам этнос өкілдерінің басын біріктірмесе, «бас-басына би болып», әрқайсысы «көрпені өзіне тарту» басталар еді. Сонымен қатар саяси күштер бұл жағдайды өзіне қарай бұрып, қолдана бастар қаупі бар еді.
Қазіргі таңда Ассамблея этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы маңызды құралға айналып, елімізде тұрмыс кешіп отырған барлық этностардың өзара тең құқықты қатынасын қамтамасыз етуші алаң рөлін атқаруда. Жиырма бір жылдың ішінде аталған құрылым қоғамдағы тұрақтылықты сақтаушы құралға айналғанын уақыттың өзі дәлелдеп отыр.
Кеңес Одағының сүлдесінен шыққан егемен Қазақ еліне көптеген беделді сарапшылар ядролық қаруға сүйене отырып, қатал державалық саясат жүргізеді деп баға беріп, қауіп күткені белгілі. Алайда қоғамда демократиялық құндылықтар орнату және азаматтық қоғам құру бағытында батыл іс-қимылға көшкен Қазақстанның Семей ядролық полигонын жабуы, әлемде төртінші орында деп ресми бағаланған ядролық арсеналынан бас тартуы ғаламдық саясаттағы қайталанбас оқиға ретінде мойындалды. Қазақстанның өзінің алдына қойған негізігі мақсаты бейбіт өмір, келісімді қоғам, ынтымақтастық пен бірігу екенін дәлелдеді.
Қазақстанның жүргізіп отырған ТМД шеңберіндегі бірігу, ЕурАзЭК, АӨСШК, Әлемдік діндер съезі сияқты тың бағыттары еліміздің халықаралық қауымдас-тықта танымал елге айналып, посткеңестік кеңістіктегі экономикалық, саяси тұрғыда ең қарқынды дамушы мемлекет ретінде бағалануына өз оң ықпалын тигізді.
А
лып мемлекет
ыдырап, оның аумағынан жас, егемен
елдер пайда болған мезетте ел
басшылығы алдында жүзеге асуы
өте қиын маңызды міндеттер тұрды:
орталықтанған жүйеден шыққан,
мешел күйге түскен шаруашылықты
аяғына тұрғызу; бодандық сана-сезімнен,
тоталитарлық жүйенің бойды әбден меңдеген
енжарлық, масылдық қамытынан шыққан
қоғамға демократиялық тетіктерді
енгізу; нарықтық өтпелі кезеңде
әлеуметтік ауыр жағдайдың негізінде
туындауы мүмкін ішкі этностық қатығыстарға
жол бермеу, т.б.
Жұрттың бәрі байыбына бара алмаған, шексіз бостандықтар берілген тәуелсіздіктің алғашқы жылдары мемлекетаралық егестерге, ұлтшылдық сезімнің өріс алмауына, қоғамдағы бір топтың келесі топқа қысым жасауына жол бермеу қажеттілігі күн тәртібіне шықты. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың басты мақсаты қоғамдағы барлық этностардың толықтай құқығы мен бостандығын сақтай отырып, жергілікті, байырғы ұлтқа негізделген жоғары әлеуетті қоғам құру болды.
Тоқсаныншы жылдарың алғашқы жартысында елдегі жаппай орын алған әлеуметтік-экономикалық дағдарыс саяси дағдарысқа ұласты. Қазақстанда елдің болашақ даму жолын, мемлекеттің саяси бағдарын таңдау жөнінде пікірлер сан-салаға жарылып, түрлі саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар сан алуан жолдарды жүзеге асыруды талап етті.
Партия аралық күрес белең алып, әр тарап аталған үдеріске тұрғындарды өз жағына тарту мақсатында іс-әрекет жасады. Қазіргі уақытқа дейін кейбір проблемалары шешілмей келе жатқан мемлекеттік тіл, мемлекеттік сәйкестілік, жерге деген жеке меншік құқық мәселелері туралы қоғамда тұтас пікір қалыптаспай, түрлі топ жан-жаққа тартты. Сондықтан тәуелсіздіктің ең алғашқы күндерінен бастап Қазақстан халқын ортақ мақсатқа жұмылдыру, барлық этностық топтардың тең құқықта тұрмыс кешуіне жағдай жасау мемлекеттік ұлттық саясаттың басты, басым бағытына айналды. Ал кез келген мемлекеттің саяси, экономикалық тұрақты дамуының басты шарты тату этносаралық қарым-қатынасты қалыптастыру екендігі тарихи тұрғыдан өзін толық дәлелдеген. Жоғарыда аталған жағдайлар тұрғысынан қарасақ, Қазақстан халқы Ассамбле-ясының құрылуы еліміздегі этносаралық қатынастар саласын реттеп, жүйелеп отыратын жүйені қалыптастырды. Сонымен қатар, Ассамблея - сол кезеңде демократиялық жаңаруларды бастан кешіп жатқан Қазақстандағы азамат-тық қоғамның алғашқы қарлығашы болғаны даусыз.
