- •Жаңақорған аудандық білім бөлімінің
- •Қызылорда 2016 Мазмұны:
- •Аннотация
- •Зерттеу жұмысының бағдарламасы
- •Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы жылдарындағы этносаралық қатынастары
- •Бірліктің биік парасатының Кіші Ассамблеясы мен сессиялары
- •Қазақстан Халқы Ассамблеясының қызметі
- •Ел бірлігінің экономикалық негіздері
- •Қ азақстандық толеранттылық үлгісі
- •Қазақстандағы этноконфессиялық қатынастар және рухани келісім
- •Ынтымақтастықтың ел ішіндегі көрінісі – Тоқтыбибі әжемізбен сұхбат
- •Қорытынды
Қазақстандағы этноконфессиялық қатынастар және рухани келісім
Елбасының қай кезде болсын қайталап айтатын сөзі: «Саяси тұрақтылықтың, қоғамдық келісімнің, ұлтаралық татулықтың арқасында ғана экономикалық реформа табысты болады». Ал экономикалық реформа табысты болған жерде осындай әлем жұртшылығының назарын өзіне аударған аса ірі халықаралық шараларды өткізуге мүмкіндік тумақ. Бұны да біздің еліміздің, халқымыздың, мемлекетіміздің халықаралық аренадағы жетістігі деп таныңыздар!
Қазір ақпараттың көпке аян ауқымы адам қабілеті қорыта алар мүмкіндіктен анағұрлым асып кеткен тұста, қауіп - қатердің жаңа түрі бой көтеріп, сыни зердеге зәрулік айқын аңғарылуда. Сөйтіп адамдардың көпшілігі бір қалыпты ойлаудың әлдиіне бөленуді әлдеқайда қолайлы санап отыр. Бүгінгі адам әрине, біздің ата - бабаларымызға қарағанда анағұрлым білімді, алайда сонымен бірге анағұрлым салғырт, әсершіл және ұрандар аясында ойлауға бейім.
Барлық халықтар үшін дін - жаулаудың тәсілі мен тәпсірі емес, жан сақтаудың тәсілі болғанын еске салудың зияны жоқ. Әр түрлі себептерге байланысты мемлекеттік немесе ұлттық тұтастық идеясы дағдарысқа ұшыраған шақта елдің қоғамдық және саяси өмірінің сахнасына бүкіл рухани идеяға ұйытқы болып дін шығады. Көп жағдайда сенімнің біртұтастығы тарихтың тайғақ кешулерінде халық тағдырына араша түсіп отырады. Алайда кейбір жағдайларда, мемлекет рөлі баяу да басыңқы болғанда өмірдің барлық саласында діннің бел алуы сайқымазақтық сипат алып қана қоймайды, сонымен бірге қауіп - қатер төндіретін де кездері бар. Мұның өзі жеке адамдар мен халыққа ғана қауіп төндіріп қоймайды, кейде тұтас адамзат үшін де қатерлі. Мәселен, мұндай жағдай жалаң дінді жамылғы еткен ауыздықсыз агрессия кезінде көрініс табуы мүмкін.
Әлемнің көптеген бөліктерінде, әсіресе, Еуразияның азиялық бөлігінде діни экстремизмнің, «псевдодіндердің» күшейе түсуі, әр қилы себептерге орай туындауы мүмкін болатын салдары тұрғысынан да, әрі ескерту саясаты мен ауыздықтау әрекеттерінің нұсқаулары тұрғысынан да, бұл құбылысқа бізді ыждағатпен қарауға мәжбүр етеді.
Қазақстанда діни экстремизм үлкен аяда көрініс таба қоймаған құбылыс, алайда түптің түбінде, конфессиялық тұрақсыздық үрдісі бізде де төбе көрсетуі мүмкін - ау деген қауіп белгілі дәрежеде бар. Демек, біздің көп ұлтты және көп конфессиялы қоғамымызда конфессиялық экстремизмнің пайда болу мүмкіндігіне үстірт қарауға тіпті де болмайды, олай ету мейлінше қауіпті.
Жалпы, қазіргі экстремистік ұйымдар тарапынан төнген қауіп - қатер олардың бар болуымен шектеледі деп есептеуге болмайды. Олардың қару - жарағы қаншалықты сақадай сай болса да, олар іс жүзіне асырмақ болып отырған идея мен идеологияға қарағанда олардың қарайып жүргенінен келетін қауіп анағұрлым аз.
Конфессиялық қауіпсіздік деген кең мағынасында - мемлекеттік кепілдіктер мен халықтардың және ұлттардың рухани әлеуметін қорғаудың, сондай - ақ діни сенім еркіндігіне қауіп төндірушілік пен дінаралық келісімге бір мезгілде қарсы тұрушылық әрекеттерінің жүйесі.
Біріншіден, Құдайға құлшылық ету және белгілі бір діндердің ережелеріне сәйкес ырым - жораларды сақтау үшін, ұлтына қарамастан, Қазақстанның әрбір азаматының діни толық еркіндігі мен бостандығын алдағы уақытта да қамтамасыз ету үшін мемлекеттің кепілдігі мен қолдауы қажет.
Екіншіден, Қазақстан зайырлы мемлекет ретінде конфессияаралық қақтығыстарға қарсы әрекет ететін шаралар қолдануы керек.
Үшіншіден, мемлекет ұлттық қауіпсіздікке, қазақстандық азаматтардың өмірі мен сау - саламаттылығына қатер төндіретін діни экстремизмнің кез келген көрінісімен мақсатты түрде және нәтижелікпен күрес жүргізіп, оны жүзеге асырады.
Сонымен, еліміз зайырлы мемлекет ретінде дін істеріне мемлекеттің араласпауы, осыған сәйкес мемлекеттің тікелей басқару процестеріне діннің де араласпауы принциптерін ұстанады.
Дей тұрғанмен, мұның өзі, конфессиялық құрылыс пен мемлекет дамуының мәселелерінен мемлекет сырт қалады немесе сырт қалуға тиіс еместігі сияқты, діндер адамдар мен діннің өзі де қоғам мен мемлекет өміріндегі қоғамдық, керек болса саяси мәнді рөл атқармауы керек дегенді де мүлде білдірмейді.
Жалпы, Қазақстан формалды тұрғыда ғана зайырлы мемлекет емес, шынымен іс жүзінде Қазақстан халқының төл табиғаты мен рухы, сана - сезімі дінге деген тарихи кеңшілікте қалыптасқан.
Түпкі мақсатымыз діни мемлекет құру емес, керісінше, экономиканың жетістіктері мен адам шығармашылығының еркіндігіне негізделген демократиялық және азаматтық қоғам болып табылатын, біздің қоғамның транзиттілігі дейтіннен бастау алады.
Сондай-ақ, Қазақстандағы діни экстремизм қаупі жай ғана болжал еместігі тағы бар. Атап өткендей, негізгі қауіп ең алдымен, шырқы бұзылған сырттың әсерінен болуы және ондай қауіпті нақты тұлға танытып, экстремизм элементтері қазірдің өзінде бой көрсетіп отырған Еуразияның төңірегіміздегі аймақтарынан бастау алуы мүмкін.
Қазақстан демографиялық және мәдени тұрғыдан Еуропа мен Азияны қосады. Осы себептен, ол Еуразиялық өркениеттің бір бөлігі болып саналады. Бұл орайда Еуразиялық кеңістікте екі ірі әлемдік діндердің шекарасының өтетіндігін баса айту қажет, бұл екі ірі этнос: тұран және славяндық діни ұстанымды көрсететін ислам және христиан діні. Қазақстанның қазіргі кезгі дамуының табиғи жолы оның түрік - ислам әлеміне қадам басуы секілді болып көрінеді. Алайда, біздің шығыс көршілерімізге қарағанда елімізде тек мұсылман мәдениеті түрлерінің басым болуы мүмкін емес.
Осындай этноконфессиялы Қазақстандағы конфессияаралық келісім де баса назар аударарлық мәселе. Көптеген деноминациялардың бір территорияда бейбіт өмір сүруі үшін мұқият жасалған саясат қажет. Және бұл елбасымыздың, Парламенттің тарапынан жасалып отырған саясат. Біздің елімізде айтарлықтай ірі конфессияаралық қақтығыстар орын алмаған, мұның өзі біздің басымдылығымыз деп білемін.
Қазақстан көп ұлттың басын ынтымақтастықпен біріктіріп отырған, этноконфессиялы, зайырлы мемлекет. Біздегі тұрақтылық пен ынтымақтастық әлем елдерінің назарын өзіне аударды, біз мұнымен мақтанамыз!
