Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6m070100_kaz.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
163 Кб
Скачать
☆

1.4 Микробиология және вирусология

Микроорганизмдердің физиологиясы мен биохимия пəні. Оның басөқа ғылымдар арасындағы орны, микроб физиололгиясы мен биохимиясының міндеттері. Методологиялық негіздері. Даму сатылары. Микроб жасушасындағы физиология мен метаболизмді зерттеудегі жаңа бағыттар. Микроорганизмдер физиологиясы мен биохимиясының биотехнологиямен байланысы. Микроорганизмдерді бөліп алу жəне өсіру. Жинақтаушы дақылдары мен элективті принциптер. Микроорганизмдердің таза дақылдары, оларды анықтаудың жəне алудың əдістемелері. Штамм, клон туралы түсінік. Моно – жəне араласқан дақылдар. Өсіру үшін пайдаланатын орталардың негізгі түрлері. Қоректік орталарды жасау принциптері. Табиғи жəне синтетикалық орталар. Аэробты жəне анаэробты жəне фототүзуші микроорганизмдерді өсіру. Үстіңгі бетінде жəне тереңде өсіру. Мерзімдік жəне үздіксіз өсіру. Үздіксіз өсіруге арналған аппараттар (хемостат пен турбидостат). Өнеркəсіптегі микроорганизмдердің қасиеттерін зерттеу үшін үздіксіз өсірудің əдістемесінің мəні. Микроорганизмдердің өсуі. Теңгермелі жəне теңгермесіз (басталған жəне баслалмаған) өсу. Микроорганизмдер дақылдарының өсуін анықтау тəсілдері. Мерзімді өсірілетін дақылдар популяциясының өсу заңдылықтары. Оларды өсу қисық сызығы жəне фазаларының ерекшеліктері. Өсу жылдамдығын, генерация мезгілін, жасуша өнімін анықтау. Диауксия. Жасушалардың өсу шектелуінің жəне өсу шектелуін жəне өлуінің себептері. Үздіксіз дақыл микроорганизмдердің өсуі, өсудің математикалық көрсеткіші. Синхронды өсетін дақылдар, оларды алудың тəсілдері жəне маңызы. Микроорганизмдердің өсуін бақылау. Ортаның түрлі факторларына микроорганизмдердің қатынасы. Өсуіне температураның əсері. Психрофилдер, мезофилдер, термофилдер, олардың ерекшеліктері жəне температураға əртүрлі қатынасы болуының себептері.

1.5 Өсімдік биотехнологиясы

Биотехнология – биологияның екпінді өркендеп келе жатқан саласы. Биотехнологияда биологияның жəне басқа ғылымдардың көптеген салаларының бірлесуі. Биотехнологияның даму кезеңдері. Биотехнологияның объектілері мен əдістері. Биотехнология процестерінің əр алуандығы. Биотехнологияның негізгі бағыттары. Өсімдік биотехнологиясы жəне оның өзгешелігі. Биотехнологияның даму болашағы. Клеткалар мен ұлпаларды жасанды ортада өсіру əдісінің даму тарихы. Əдістің терминдері. Іn vіtro жағдайында өсірілетін өсімдік клеткаларынын ерекшеліктері жəне соның арқасында олардың биотехнологияға негізгі объектісі болуы. Өсімдік биотехнологиясының негізгі салалары. Өсімдік клеткаларын іn vіtro жағдайында өсірудін теориялық жəне əдістемелік негіздері. Клеткалардың қоректенуі. Қоректік орталардың жалпы сипаттамасы. Өсімдіктердің экономикалық маңызы зор заттарын өндірудің клеткалық технологиялары. Өсімдіктердің қосымша метаболиттері. Өсімдіктерді клондық микрокөбейтудің пайдасы. Клондық микрокөбейтудің əдістері. Қолтық бүршіктердің дамуын индукциялау. Гаплоидтардың селекциядағы маңызы. Тозаңқаптарды іn vіtro өсіріп гаплоидтарды алу. Клеткалық инженерия - өсімдіктердің түбегейлі жаңа фомаларын шығару жолы. Гендік инженерия – рекомбинанттық ДНҚ-ны құрастыру əдісі. Басқа организмге тасымалданатын қажетті генді бөліп алу. Іn vіtro гендер банкін жасау. Өсімдік клеткаларын мұздатып сақтау. Клеткаларды мұздатуға дайындау. Криопротекторлар. Мұздату мен сақтау. Еріту жəне криопротекторлардан тазарту. Клеткаларды қайтадан өсіру жəне оларды талдау.