- •Пәндер атауы және олардың негізгі бөлімдері
- •1.1 Микроорганизмдер биотехнологиясы
- •1.2 Биохимия
- •1.3 Экологилық биотехнология
- •1.4 Микробиология және вирусология
- •1.5 Өсімдік биотехнологиясы
- •1.6 Жануарлар биотехнология
- •1.7 Биотехнологиялық өндірістің негіздері
- •1.9 Тағам биотехнология
- •1.8 Медициналық жəне ветеринарлық биотехнология
- •Оқуға түсу емтихан сұрақтары
- •Қажетті әдебиеттердің тізімі
1.8 Медициналық жəне ветеринарлық биотехнология
Медициналық жəне ветеринарлық биотехнологияда рекомбинанттық ДНҚ əдістерін қолдану (микробиологиялық гендік-инженерлік өндіріс) Гендік инженерияның анықтамасы, гендік инженерия əдістерін пайдалана отырып микроорганизмдер штамдарын жəне биологиялық ырықты қосылыстар. Инсулин. Денсаулық практикасы үшін инсулин алудың екі тəсілі: шошқа инсулинін адам инсулиніне айналдыру (жартылай синтездік əдіс); гендік- инженерлік жолмен адам инсулинін алу. Антибиотиктер. Антибиотиктердің жаңа түрлерін жасау: жаңа штамм-продуценттерді іздеу; қазіргі антибиотиктерді химиялық u1084 модификациялау; мутасинтез. Антибиотиктердің аса көп синтезін қамтамасыз ететін жағдайларды бір қалыпқа келтіру. Табиғи антибиотиктерді химиялық трансформациялау – жартылай синтездік препараттар. Пенициллин алудың технологиялық схемасы антибиотиктерді өнеркəсіптік деңгейде өндірудің мысалы ретінде. Антибиотиктердің товарлы түрін алу. Антибиотиктерге резистенттіліктің проблемалары. Адам жəне жануарлардың жұқпалы ауруларына қарсы интерферондар мен интерлейкиндердің дəрілік формаларын даярлау жəне жасау. Таблетка, гранула жəне капсула түріндегі рекомбинантты интерферондардың энтеральды лекформаларын алудың технологиялары. Вирустық ауруларды емдеу үшін қажетті инъекция жасауға арналған, сонымен қатар май жəне суппозитерий түріндегі лекформалар. Ашытқылардың жоғарғы эукариоттардағы түзетін рекомбинанттық цитокиндерінің өнімдері. Иммуногендер мен вакциналардың биотехнологиялары. Гибридомдық технология жəне моноклональды антидене негізінде кең таралған аурулардың диагностикумдарын өндіру. Моноклональды антиденелерді терапевтік мақсатта пайдалану.
1.9 Тағам биотехнология
Пастердің классикалық зерттеулері өндірістік микробиолгияның негізі болатыны туралы. Тағам микробиологиясы өндірістік микробиологияның бір бөлімі. Биологиялық активті заттар жəне препараттарды микробиологиялық жолмен өндіріу, тағам биотехнологиясының негізгі саласы болып табылады. Ашыту өндірістерінде микроорганиздерден практикалық бағалы өнім алуға пайдалану жəне олардың биохимиялық іс əрекеттері. Ашытқы, зең саңырауқұлақтары, жəне бактерияларды тағамдық өндірістерге пайдалану. Ашытқы өндірісі. Спирт өндіру. Сыра ашыту. Ашытқыны сыра ашытуға пайдалану. Технологиялық процестердің мəн мағанасы жəне олардың негізгі сатылары. Сыра Ашу процесінің биохимиялық негіздері. Шарап ашыту. Ашытқыны шарап дайндауға пайдалану. Шарап дайындау процесінің биохимиялық негіздері. Технологиялық процестер мен олардың негізгі сатылары. Наубайхана өндірісі. Технологиялық процестері жəне сатылары. Сүт өнімдерін өңдеу өндірістерінде пайдалантын микроорганизмдер. Технологиялық процестер жəне оның негізгі сатылары. Органикалық қышқылдар. Белок өндіру. Ашытқыдан белок өндіру. Фототрофты микроорганизмдерден белок алу. Витаминдер өндіру. Ферменттер өндіру. Өндіріске пайдаланатын ферменттердің негізгі топтары. Фермент препараттарын өндіруші микроорганизмдер. Микроорганизмдер ферменттерінің ерекшеліктері. Ферменттік препараттар өндіру технологиялық процестерінің негізі. Аминқышқылдар өндіру. Биологиялық активті қоспаларды алу (БАҚ). Қазіргі биотехнологиялық өндірістердің биоқауіпсіздік проблемалары. Қазіргі тағам биотехнологиясы. Тағам қоспаларын пайдалану. Консерванттар, ароматизаторлар, тағам боюлары, тағам қоспалары компененттері. Генетикалық өзгерген өнімдер. Тағам қоспаларының гигиениялық систематикасы. Тағам өнімдерін микробиологиялық жəне санитарлы-гигиениялық бақылау. Жалпы санитарлық бақылау.
