Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 тарау.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
342 Кб
Скачать
☆

2.9. Табиғи газ

Табиғатта мұнай шыққан жерлерде газ да кең мөлшерде кездесіп отырады. Адамзатқа ол ертеден белгілі болғанымен, тұрмыста мұнайға қарағанда едәуір кеш қолданылды. Тарихи мәліметтерге қарағанда, 615 жылы Жапонияда алғашқы газ скважиналары бұрғыланған. Шамасы осы кезеңде Үндістан, Парсы елдері мен Баку қаласы төңірегіндегі елді мекендер газды тұрмыста, көбінесе шырақ жағу үшін пайдаланса керек.

Алғашқы газ шамдары Лондон, одан кейін Париж, Нью-Йорк, Берлин қалаларында пайда болып, 1865 жылы Москваға да жеткен. Бұл уақытта газды көмір мен тақтатастарды жандырып алатын болғандықтан, ол кең көлемде қолдану таба қоймады.

Қазіргі уақытта табиғи газ ең арзан, әрі ең қуатты энергетикалық отын көзі болып табылады. Негізі көміртектерден тұратын табиғи газ, сонымен бірге өндіріс салалары мен химия кәсіпорындары үшін бағалы шикізат. Мысалы, мұнай мен газдан синтетикалық каучуктер алынып, олардан автомобиль дөңгелектері, өндіріске қажетті резина бұйымдары жасалады, ал «Москвич» жеңіл машинасының дөңгелегіне 24 кг каучук, қазіргі алып БелАЗ машиналарының дөңгелегіне 2 т каучук кетеді.

Күнделікті тұрмыста кеңінен пайдаланылып жүрген ыстық пен суыққа төзімді, әрі жеңіл, тоттанбайтын, сынбайтын, әрі иілгіш бұйымдар негізі де мұнай мен газ өнімі — пластмасса. Қазіргі уақытта пластмасса материалдары самолет, тіпті ракета жасауға да кеңінен пайдаланылуда. Олардан алынатын синтетикалық талшықтар әрі төзімді, әрі сәнді капрон, нейлон, лавсан сияқты материалдар алынуы негізінде тұрмыста пайдаланылса, синтетикалық заттар өндіріс пен техникада кеңінен қолданыс табуда. 1976 жылы Батыс Германия фирмаларының бірі синтетикалық талшықтардан «аренка» аталатын жаңа материал алды. Ол ежелден таныс болаттан бес есе қатты болып шықты. Мұндай синтетикалық материалдың болашағы зор.

Орыстың ұлы оқымыстысы Д.И. Менделеев: ...мұнай мен газды жылу үшін жағу, пешке қып-қызыл ақша жаққанмен бірдей—деген екен. Жоғарыда айтылған мұнай мен газ өнімдерінің қатарына синтетикалық әр түрлі кір жуатын ұнтақтар, спирттер, гербицидтер мен медициналық препараттар, аммиак және күкірт қышқылы, тағы да басқа алынатын көптеген заттарды қосатын болсақ, онда Д.И. Менделеев айтқандай, «қып-қызыл ақшаны отқа жағып» отырғанымызды мойындауға тура келеді.

Әйтсе де, қазіргі уақытта мұнай мен газды жағып энергия мен жылу өндірудің маңызы ерекше. Энергетика саласында газ негізінен бу қазандары мен пештерді жағуға, ал мұнай қозғалтқыш отыны ретінде пайдаланылады.

Табиғи газдың басқа энергетикалық отын түрлерінен ерекшелігі:

  • газ жанғаннан кейін басқа отын түрлері сияқты түтін, күйе, күл, болмаса басқадай қалдықтар қалмайды;

  • газ жанғанда бөлінетін жылу мөлшері өте жоғары, көмірмен салыстырғанда 1,5—2 еседей артық;

  • газ өндірісіне жұмсалатын шығын басқа отын түрлерін өндіруге жұмсалатын шығыннан әлдеқайда аз, күрделі құрылыстың өзіндік құны төмен және оны кен орындарын пайдаланудың алғашқы жылдарының өзінде-ақ қайтарып алуға болады. Дүние жүзі елдеріндегі энергетикалық отын балансындағы газдың үлесі 1935 жылы 3% болса, 1950 жылы 9%, ал 1975 жылы 18,5% болды. Ғылыми болжамдарға қарағанда, 2030 жылы оның үлес салмағы 19% шамасында болмақ. Жалпы газ өндіру көлемі жылдан жылға артуда. Егер де 1950 жылы 185,7 млрд. м3 газ өндірілсе, 1960 жылы 513 млрд. м3, 1970 жылы 1145 млрд. м3, 1980 жылы 2,5 трилл. м3 газ өндірілді, ал үстіміздегі ғасырдың аяғына қарай өндірілген газдың көлемі 3,8 трилл. м3-қа жетіп, одан кейінгі жылдары біршама темендейтін болады.

Табиғатта газ түрлері көп, бірақ олардың ең көп тарағаны — метан газы. Бұл газ көмір шахталарында, кейде шымтезек пайда болған жерлерде жиі кездеседі. Дегенмен табиғи газдың мол қоры мұнай кен орындарымен байланысты. Мұнай кендеріндегі мұнай мен газдың өзара қатынасына байланысты табиғи газ орындары бірнеше топқа бөлінеді. Егер бір тонна мұнайға келетін газ мөлшері бірнеше жүз текше метрден аспаса, онда газ «қосалқы», ал газ мөлшері 1000—20000 м3-қа жетсе, ол газ конденсатты кен орны деп аталады. Ал 1 т мұнайға 20000 м3-тан астам газ келген жағдайда, ондай жерлерді таза газ кендері деп атайды. Miнe, осыған қарағанда табиғи газдың жер қойнауында қалыптасқан орындары өте көп. Олардың жалпы қоры да орасан мол. Өкінішке орай, барлық табиғи газ түрлерінің қорын анықтау оңай емес, кейбір мұнай кен орындарындағы қосалқы газдар есепке де алынбайды, олар бұрғыланған скважиналардан шығып, тегіннен-тегін факел болып жанып жатады. Ғалымдардың есептеулеріне қарағанда, тек осындағы қосалқы газдардың қоры табиғи кендеріндегі газдың 40%-ін құрайды екен.

Академик Н.В. Мельниковтың пікірі бойынша, егер де өндіру коэффициенті 80%-ке жеткізілетін болса, онда планетамыздағы табиғи газ қоры 500 млрд. т шартты отын болады.

Ғылыми деректерге қарағанда, газ қорлары жер бетінде біркелкі орналаспаған (2.5 кесте), оның геологиялық қоры шамамен 140—170 трилл. м3 және ізденіс жұмыстары негізінде бұл шама үнемі айқындалып отырады. 2.5 к есте

Т әуелсіз Мемлекеттер табиғи газға өте бай. Ғалымдардың болжамына қарағанда, мұнда шамамен 60 трилл. м3-тан астам газ қоры бар және оны өндіруді интенсивті түрде жүргізуге болады.

Тәуелсіз Мемлекеттерде алғашқы газ құбыры Ұлы Отан соғысы жылдары іске қосылды, ұзындығы 160 км- ден астам газ құбыры Бугуруслан кенінен Куйбышев қаласына тартылды. Қазіргі уақытта мыңдаған километрге созылған газ құбырларының тарам-тарам желілеріне барлық дерлік ірі өнеркәсіп орталықтары қосылған. Мысалы, Москва қаласына газ кұбырының төрт тармағы қосылған, соның ішінде атақты Орта Азия — Орталық құбыры бар. Өзбекстанның, Түркменстанның және Қазақстанның бай кен орындарынан Москваға дейін тартылған газ құбырының ұзындығы 2700 км-ден асады.

ТМД-да тартылған газ құбырлары кейбір Европа елдерін де «көгілдір отынмен» қамтамасыз етіп отыр. Орынбор кен орындарынан тартылған ұзындығы 3000 км-ден астам газ кұбыры көршілес Шығыс Европа елдерін газбен жабдықтап отыр.

Қазір мұнай мен газ дүние жүзі елдерінің энергетикалық отын балансының 75%-ін құрайды, ал транспорт түрлері толығынан мұнай мен газды пайдаланып отыр.

ТМД-ның кең байтақ жерінде жыл сайын ондаған ірі ірі газ кендері ашылып, халық шаруашылығы салаларын арзан газбен қамтамасыз етуге көптеген мүмкіндіктер туып отыр.

Орта Азия республикалары мен Қ а з а қ с т а н аса ірі мұнайлы және газды аудандардың қатарына жатады. Есептеулерге қарағанда, бұл аймақта жылына 60— 100 млрд. м3-тан астам газ өндіруге болады.

Қазақстанда Маңғыстау түбегін зерттеу жұмыстары 1957 жылы басталды. 1961 жылы түбекте бұрғыланған скважиналардан алғашқы газ фонтандары атқылап, бұл өңірдің мұнай мен газ кендеріне бай кендігі белгілі болды. Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының жерлерінен, Орал-Ембі алқабынан қазірдің өзінде елуден астам мұнай мен газ кен орындары ашылып отыр. Мұнай мен газдың барланған қоры бойынша Каспий өңірі алдыңғы қатарлы орынға шықты, мұнда ірі мұнай-газ кешені калыптасуда, ал Шу — Іле, Балқаш — Алакөл ойпаттары, Қызылорда облысындағы Сексеуіл ойпаты, Торғай даласы мен Солтүстік Казақстан облысының солтүстік жазықтары мұнай мен газ кеніне бай аудандар ретінде бағаланып отыр.

Қорыта айтқанда, болашақта Қазақстан энергетикалық отын қорларын өндіру жөнінен дүние жүзінде алдыңғы катардан орын алары сөзсіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]