Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жер пайд окетай.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
107 Кб
Скачать
☆

41. Жерге орналастыруды жүргізу тәртібін талдау.

Жерге орналастыру — мемлекеттегі жер қатынастарын, жерді пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралар жүйесі. Жерге орналастыру жұмыстары: жерді аймаққа бөлудің республикалық, облыстық, және аймақтық жобалары мен жер ресурстарын пайдалану, жақсарту және қорғау бағдарламаларын әзірлеуді; жер пайдалану ісін жолға қою мен ретке келтіру жөнінде шаруашылықаралық жобалар жасауды; жер учаскесіне меншік құқығына және жер пайдалану құқығына құжаттар дайындауды; орналасқан жерінде елді мекендердің шекарасын анықтау мен белгілеуді; әкімшілік-аумақтық құрылымдардың, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және жерді пайдалану мен қорғаудың ерекше жағдайлары бар басқа да жер учаскелерінің шекараларын белгілеуді; бүлінген жерлерді жаңғырту мен жаңа жерді игеру жобалары жатады. Сондай-ақ, жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да жобаларды әзірлеуді; жерді есепке алу ісін жүргізуді, пайдаланылмай жатқан, ұтымды пайдаланылмай жүрген немесе нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай отырған жерді анықтауды; топографиялық, геодезиялық,картографиялық, топырақтық, геоботаникалық және басқа да зерттеу мен іздестіру жұмыстарын жүргізуді; жер кадастры мен жер мониторингін жүргізуді; жер ресурстарының жай-күйі мен пайдаланудың кадастрлық және тақырыптық карталары мен атластарын жасауды; жер-бағалау жұмыстарын жүргізуді қамтиды. Жерге орналастыру жобасы дегеніміз – халық шаруашылығында, әсіресе ауыл шаруашылығында жерді жаңаша орналастыруда жасалатын шаралардың жобасы және олардың тиімділігін экономикалық, техникалық және заңдық түрде дәлелдеу құжаттарының (есептеулер, сызбалар және т.б.) жиынтығы.Жерге орналастыру облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының шешімі бойынша не мүдделі жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың өтініші бойынша жүргізіледі.

Жер учаскелерiнiң мүдделi меншiк иелерiнiң немесе жер пайдаланушылардың бастамасы бойынша жүргiзiлетiн жерге орналастыру олардың тиісті жергілікті атқарушы органға беретiн өтiнiштерiнiң негiзiнде жүзеге асырылады. Жерге орналастыру жұмыстарын азаматтар мен заңды тұлғалар орындайды. Жерге орналастыру жұмыстарын орындау тәртiбi мен технологиясы орталық уәкiлеттi орган бекiтетiн нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi, олар жерге орналастыру жұмыстарын орындаушылардың барлығы үшiн мiндеттi.

42.44. Сервитут ұғымына жалпы сипаттама. Сервитут – бөтен жер учаскелерін шектеулі мақсатты жерді үтымды пайдалану мен қорғау мәселелеріне байланысты қабылдаған бұйырықтарды, үсыныстарды , өкімдерді барлық пайдалану, оның ішінде жаяу өту, көлікпен өту, қажетті камуникацияларды тарту мен пайдалану, аң шаруашылығы және өзге де қажеттер үшін пайдалану құқығы. Сол себепті, мемлекет халықтың – жер пайдаланушылардың мұндай қажеттіктерін қанағаттандыруға мүдделі. Халықтың аталған қажеттіктеірн қанағаттандыру нарық жағдайында да аса қажет. Өйткені, бөтен жер учаскесінің бөлігін шектеулі пайдалану экономикалық мақсатты көздейді және нарығын дамытуға қызмет етеді, бұл Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарының міндеттерінен көрініс тапқан.

43. Сервитут түрлерін талдау. Жалпы сервитуттың 2 түрі бар. Олар:

1. Жекеше сервитут – жеке меншік иесі немесе жер пайдаланушы басқа жеке меншік иесінен немесе жер пайдаланушыдан қөрші немесе өзге де жер учаскелерін шектеулі пайдалану құқығын беруді талап етуге құқығы бар. Жекеше сервитут жер учаскесінің меншік иесімен немесе жер пайдаланушысымен шарт бойынша сол жер учаскесінің аумағында белгіленеді.

2. Қауымдық сервитут - мемлекеттің және жергілікті халықтың мүдделерін қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органның құқықтық актісімен (әкімнің шешімімен немесе өзге де актілер) белгіленген жер учаскелерін алып қоймай, шектеулі жер пайдалану құқығын беру.

45. Сервиут туындауынң негіздерін атап көрсету. Сервитуттың туындау негіздері ҚР Жер кдексінің 67 – бабының 2 – тармағында қарастырылған. Аталған бапқа сәйкес, бөтен жер учаскесін шектеулі нысаналы пайдалану құқығы (сервитут) мына жағдайларда туындауы мүмкін:

- тікелей нормативтік құқықтық актіден;

- мүдделі тұлғаның меншік иесімен немесе жер пайдаланушымен шартының негізінде;

- жергілікті атқарушы органның актісі негізінде;

- сот шешімі негізінде;

- Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда.

Егер нормативтік құқықтық актіде мүдделі тұлғаның меншік иесімен немесе жер пайдаланушымен шарты негізінде сервитут белгілеу көзделсе, олардың мұндай шарт жасасудан немесе меншік иесі не жер пайдаланушы қоятын шарттың талаптарынан бас тартуына мүдделі тұлға меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға талап - арыз беру арқылы сот тәртібімен дауласа алады. Егер бұл мемлекеттің және жергілікті халқтың мүдделерін қамтамассыз ету үшін қажет болған жағдайларда жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерінің негізінде жер учаскелерін алып қоймай, қауымдық сервитуттар белгіленуі мүмкін. Қауымдық сервитуттар мыналар үшін белгіленуі мүмкін:

- ортақ пайдаланудағы объектілерге, зираттарға, қорымдарға және де ғибадат объектілеріне жер учаскесі арқылы жаяу немесе көлікпен өту;

-жер учаскесін коммуналдық, инженерлік, электр және басқа да желілер мен тораптарды, сондай-ақ көлік инфрақұрылымының объектілерін жөндеу мақсатында пайдалану;

- жер учаскесінде межелік және геодезиялық белгілер мен оларға өту жолдарын орналастыру;

- су алу және суат;

- жер учаскесі арқылы мал айдап өту;

- жер учаскесін белгіленген мерзімде және белгіленген тәртіппен аң аулау, жер учаскесінде орналасқан тұйық су айдындарында балық аулау, жабайы өсімдіктерді жинау мақсатында пайдалану;

- іздестіру, зерттеу жіне басқа да жұмыстар жүргізу мақсатында жер учаскесін уақытша пайдалану;

- жағалау белдеуіне еркін өту;

- мемлекеттік органдардың шешімімен жер учаскесін мәдени көпшілік іс-шаралар өткізуге пайдалану;

- қоғамдық және мемлеттік мүдделерге байланысты өзге де жағдайларүшін.

Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше белгіленбесе, жекеше сервитут ауыртпаулығын көтеруші жер учаскесінің меншік иесі немесе оның жер пайдаланушысы солардың мүддесіне орай сервитут белгіленген тұлғалардан мөлшерлес төлемақы талап етуге құқылы.Мемлекет меншігінде және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелері бойынша сервитут белгіленген кезде, сервитут ұшін төлемақы жергілікті бюджетке түседі.Егер севитутты белгілеу жер учаскесін пайдалануда елеулі қиындықтарға әкеп соғатын болса, қауымдық сервитут ауыртпалығын көтеруші жер учаскесінің меншік иесі немесе оның жер пайдаланушысы қауымдық сервитутты белгілеген мемлекеттік билік органынан мөлшерлес төлемақы талап етуге құқылы.

46. Көрші немесе өзге де жер учаскесін шектеулі пайдалану құқығын талдау. Жеке меншiк иесi немесе жер пайдаланушы - көршi жер учаскесiне жеке меншiк немесе жер пайдалану құқығының субъектiсiнен, ал қажет болған жағдайда өзге учаскеге де жеке меншiк немесе жер пайдалану құқығының субъектiлерiнен осы учаскелердi шектеулi пайдалану құқығын (жекеше сервитут) табыстауды талап етуге құқылы. Көрші немесе өзге де жер учаскелерін шектеулі пайдалану мынандай жағыдайларда қолданылады:(жекеше сервитут)

1) егер жеке меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының өз учаскесiне басқа жолмен өтуi мүмкiн болмаса, өте қиын болса немесе шамадан тыс шығындарды керек етсе, көршi немесе өзге де жер учаскесi арқылы жаяу және көлiкпен жүрiп өтудi;

2) көршi немесе өзге де учаскеге сервитут белгiленбейiнше қамтамасыз етуге болмайтын, электр таратудың, байланыстың қажеттi желiлерiн тартуды және пайдалануды, сумен, субұрғышпен, жылумен жабдықтауды, газбен жабдықтауды, мелиорацияны және жеке меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының басқа да қажеттерiн қамтамасыз ету үшiн белгiленуi мүмкiн.

Көршi немесе өзге де учаскеге жекеше сервитут осы учаскелерге жеке меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы субъектiлерiмен жасалатын шарт бойынша белгiленедi.

Жер учаскесiн шектеулi құқықпен пайдаланушы құқық субъектiсi жеке меншiк иесiне немесе жер пайдаланушыға сервитутпен байланысты келтiрiлген барлық шығынды өтеуге тиiс.

47. Қауымдық сервитутқа сұлба құрастыру. Қауымдық сервитут дегеніміз — мемлекеттің және жергілікті халықтың мүдделерін қамтамасыз ету үшін қажет болған жағыдайларда жергілікті атқарушы органдардың нормативтік –құқықтық актілерінің негізінде туындайтын жер учаскелерін меншік иесінен немесе жер пайдаланушыдан алып қоймай белгіленетін сервитут түрі. Қауымдық сервитут мынандай жағыдайларда белгіленеді:

1. ортақ пайдаланудағы объектілерге, зираттарға, қорымдарға және өзге де ғибадат объектілеріне жер учаскесі арқылы жаяу немесе қөлікпен өту:

2. жер учаскесін коммунальдық, инженерлік, электр және басқа да желілер мен тораптарды, сондай-ақ көлік инфрақұрымының объектілерін жөндеу мақсатында пайдалану:

3. жер учаскесінде межелік және геодезиялық белгілер мен оларға өту жолдарын орналарстыру:

4. су алу және суат:

5. жер учаскесі арқылы мал айдап өту:

6. жер учаскесін белгіленген мерзімде және белгіленген тәртіппен аң аулау, жер учаскесінде орналасқан тұйық су айдындарында балық аулау, жабайы өсімдіктерді жинау мақсатында пайдалану;

7. іздестіру, зерттеу және де басқа да жұмыстар жургізу мақсатында жер учаскесін уақытша пайдалану:

8. жағалау белдеуіне еркін өту:

9. мемлекеттік органдардің шешімімен жер учаскесін мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізуге пайлану:

10. қоғамдық және мемлекеттік мүдделерге байланысты өзге де жағыдайлар үшін белгіленуі мүмкін.