Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жер пайд окетай.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
107 Кб
Скачать
☆

53. Жер учаскесіне жеке меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын тоқтату негіздерін атап көрсету.

81-бап. Жер учаскесiне жеке меншiк құқығын немесе жер пайдалану құқығын тоқтату негiздерi

Жер учаскесiне жеке меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы:

1) меншiк иесi - жер учаскесiн немесе жер пайдаланушы жер пайдалану құқығын иелiктен шығарып басқа тұлғаларға берген;

2) меншiк иесi меншiк құқығынан немесе жер пайдаланушы жер пайдалану құқығынан бас тартқан;

3) жер учаскесiне меншiк құқығынан немесе жер пайдалану құқығынан Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де жағдайларда айырылған ретте тоқтатылады.

Меншiк иесiнен жер учаскесiн және жер пайдаланушыдан жер пайдалану құқығын олардың келісімінсіз алып қоюға:

1) меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының мiндеттемелерi бойынша жер учаскесiнен немесе жер пайдалану құқығынан өндiрiп алу жүргiзiлген;

2) жер учаскесі мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығарылған;

3) осы Кодекстiң 92 және 93-баптарында көзделген жағдайларда, мақсатына сай пайдаланылмай отырған немесе Қазақстан Республикасының заңдарын бұза отырып пайдаланылып жүрген жер учаскесi меншiк иесiнен немесе жер пайдаланушыдан мәжбүрлеп алып қойылған;

4) радиоактивті ластануға ұшыраған жер учаскесі оның меншік иесінен немесе жер пайдаланушыдан, құны тең жер учаскесі беріле отырып, мәжбүрлеп иеліктен шығарылған;

5) тәркiленген реттен басқа жағдайларда жол берiлмейдi.

Жер пайдалану құқығы бұдан басқа да мынадай негiздер бойынша тоқтатылуы мүмкiн:

1) учаске берiлген мерзiмнiң өтуi;

2) жер учаскесi кепiлде тұрған жағдайларды қоспағанда, жер учаскесiн жалға беру шартының немесе өтеусiз уақытша жер пайдалану шартының мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы;

3) жер пайдаланушыға қызметтiк жер телiмiн берумен байланысты туындаған еңбек қатынастарының тоқтатылуы (осы Кодекстiң 41-бабы).

54. Жеке меншік құқығынан немесе жер пайдалану құқығынан бас тарту жағдайына сипаттама. 82-бап. Жеке меншiк құқығынан немесе жер пайдалану құқығынан бас тарту

Меншiк иесi бұл туралы жария етiп, не жер учаскесiне қатысты өзiне тиесiлi құқығын сақтау ниетiнсiз одан бас тартатынын айқын бiлдiретiн басқа да iс-әрекет жасап, өзiне тиесiлi жер учаскесiне меншiк құқығынан бас тарта алады.

Уақытша жер пайдалану құқығынан немесе жеке меншiктегi жер учаскесiн уақытша пайдалану құқығынан бас тарту жалдау шартын немесе өтеусiз уақытша жер пайдалану туралы шартты тоқтату үшiн белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. Меншік иесі жер учаскесіне меншік иесі құқығынан бас тартқан жағдайда, бұл жер учаскесі Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 242-бабына сәйкес иесі жоқ жылжымайтын зат ретінде есепке алынады.

Мұндай жер учаскесі иесі жоқ жылжымайтын зат ретінде есепте болған кезінде басқа тұлғаға уақытша жер пайдалануға берілуі мүмкін.

Жер учаскесiне жеке меншiк құқығынан ерiктi түрде бас тартқан кезде, жер учаскесi меншiк иесiнiң нотариат куәландырған жазбаша өтiнiшi жер учаскесiн иесi жоқ жылжымайтын зат ретiнде есепке алуға негiз болып табылады.

55. Меншік иесінің немесе жер пайдаланушының міндеттемелері бойынша жер учаскесінен немесе жер пайдалану құқығын өндіруге сипаттама. 83-бап. Меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының мiндеттемелерi бойынша жер учаскесiнен немесе жер пайдалану құқығынан өндiрiп алу

Меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының мiндеттемелерi бойынша жер учаскесiнен немесе жер пайдалану құқығынан өндiрiп алу кезiнде (осы Кодекстiң 63-бабы) меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының жер учаскесiне меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы ауысатын тұлғаның алып қойылған жер учаскесiне меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы туындаған кезден бастап тоқтатылады.

Кепiлге берушiнiң өтiнiшi бойынша сот дәлелдi себептер болған кезде (дүлей апат және өзге де төтенше жағдайлар), сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер кепiлге салынған жағдайда, кепiлге салынған жер учаскесiнен (жер пайдалану құқығынан) өндiрiп алу туралы шешiмде оның сатылуын бiр жылға дейiнгi мерзiмге кейiнге қалдыруға құқылы.

56. Елді мекен жерін пайдалануға сипаттама. 107-бап. Елдi мекендер жерi ұғымы мен оның құрамы

1. Қалаларды, кенттердi, ауылдар мен басқа да қоныстарды дамыту үшiн берiлген жер учаскелерi елдi мекендер жерiнiң санатына жатады.

2. Елдi мекендердiң жерi өзге әкiмшiлiк-аумақтық құрылымдардың жерiнен қаланың шегi, кенттiң шегi, ауылдық елдi мекеннiң шегi арқылы шектеледi.

3. Елдi мекендердің жерi мынадай:

1) тұрғын үй;

2) әлеуметтік;

3) коммерциялық;

4) өзге де функционалдық аймақтарға бөлінеді.

Тұрғын үй аймағына құрылыстар алып жатқан әрi көп пәтерлi және көп қабатты тұрғын үйлер, үй маңындағы жер учаскелерi бар жеке тұрғын үйлер салуға арналған тұрғын жай салатын жер кіреді.

Әлеуметтік аймаққа мемлекеттік және коммерциялық емес объектiлер алып жатқан және оларды орналастыруға арналған қоғамдық iскерлiк құрылыс салатын жер кіреді.

Коммерциялық аймаққа өндiрiстiк объектiлердің, сауда, қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет көрсету объектілерінің, инженерлiк және көлiк инфрақұрылымы объектiлерiнің, сондай-ақ осы объектiлердiң және кәсіпкерлік қызметпен байланысты өзге де объектілердің санитариялық-қорғаныш аймақтарын белгiлеуге арналған жер кіреді.Елді мекен жерлерінің құрамына оның аумағында орналасқан:

1) тұрғын үйлер, үй іргесіндегі жер учаскелері және тұрғын үйлер салуға арналған жер;

2) денсаулық сақтау, мәдениет, сауда, білім беру, мекемелері, әкімшілік, өзге де іскерлік құрылыстар мен ғимараттар салынған және олардың жұмыс істеуіне арналған жер;

3) өнеркәсіп, коммуналдық, инженерлік және көлік инфрақұрылымы және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, осы объектілердің санитарлық-қорғау аймақтары, өндірістік құрылыс салатын жер;

4) көлік, байланыс, инженерлік коммуникациялар жері;

5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер;

6) өзендер, табиғи және жасанды су айдындары, су қорғау аймақтары, гидротехникалық және су шаруашылығы құрылыстары орналасқан жерлер;

7) ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жер;

8) алаңдар, көшелер, тротуарлар, жолдар, жағалаулар, парктер, қаладағы ормандар және халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған өзге де объектілер орналасқан және оларды орналастыруға арналған ортақ пайдаланудағы жер;

9) қала құрылысы қызметіне тартылмаған, елді мекенді аумақтық тұрғыдан дамытуға арналған резервтегі және өзге де жерлер жатады. Жер учаскелерiн елдi мекендер жерiндегi ортақ пайдаланудағы жерлерге жатқызуды, сондай-ақ олардың нысаналы мақсатының өзгеруiне байланысты ортақ пайдаланудағы жердiң құрамынан шығаруды өз құзыретiне сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады.

57. Жерді ерекше шарттармен пайдалану аймақтарына сипаттама. 121-бап. Жердi ерекше шарттармен пайдалану аймақтары

Тұрғын халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және өнеркәсiп, көлiк объектiлерi мен өзге де объектiлердi пайдалану үшiн қажеттi жағдайлар жасау мақсатында аймақтар белгiленедi, аймақтарды белгiлеу мақсаттарына сай келмейтiн қызмет түрлерiне олардың шегiнде шек қойылады немесе тыйым салынады.

Жердi ерекше шарттармен пайдалану аймақтарына:

1) өнеркәсiп орындарының санитарлық-қорғау аймақтары;

2) темiр жол мен автомобиль жолдарына бөлiнiп берiлген белдеуге iргелес жатқан, сел-көшкiн қаупi бар және орманды қорғау аймақтары;

3) бас саға құрылыстарын қорғау аймақтары;

4) әуеайлақ маңындағы белдеулер;

5) магистральды құбыр жолдарының, байланыс, радио және электр желiлерiнiң күзет аймақтары;

5-1) газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтары;

6) су күзету аймақтары;

6-1) тасымалдағыш зымырандардан бөлінетін бөлшектер құлайтын аудандарды қоспағанда, жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің күзет аймақтары;

7) әскери полигондардың аумағы;

8) арнаулы мемлекеттік органдардың пайдалануындағы аумақтар жатады;

9) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне іргелес жатқан аумақ жатады.

Ерекше шарттармен пайдаланылатын аймақтарға енгiзiлген жер сол жерлерде арнаулы белгiлермен көрсетiледi. Бас саға құрылыстарын күзету аймағының бiрiншi белдеуiн қоспағанда, аталған жерлер жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардан алынып қойылмайды.

Осы баптың 2-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген аймақтағы жер учаскелері жер учаскелерінің меншік иелерінен, жер пайдаланушылардан алынбайды.

Осы баптың 2-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген аймақтарды қоспағанда, аталған аймақтардың шекарасы мен олардағы жердi пайдалану режимiн нормаларға және жобалау-техникалық құжаттамаға сәйкес меншiкке немесе жер пайдалануға жердi беру туралы шешiм қабылдаған орган айқындайды.

Осы баптың 2-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген аймақтардың шекаралары мен жерлерді пайдалану режимі осы Кодекске және Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің негізгі қоршауынан кемінде елу метр қашықтықта белгіленеді.