- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§2 Соңындағы сұрақтарға ауызша жауап дайындау.
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •«Қазақстан Республикасының саяси картасы».
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •«Қазақстан Республикасының саяси картасы».
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§8 Соңындағы 5-7 сұрақтарға ауызша дайындалу
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •Ежелгі тас дәуірі
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •«Қазақстан Республикасының саяси картасы».
- •§10 Бойынша сұрақтарға ауызша жауап беру
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§11 Бойынша сұрақтарға ауызша жауап дайындау.
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§ 12. Сұрақтарға ауызша жауап дайындау.
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •Қоғамдық құрылысы
- •§ 17. Қазақстандағы алғашқы мемлекеттер
- •«Қазақстан Республикасының саяси картасы»
- •§ 18. Ерте орта ғасырлардағы империялар
- •«Тегін»- мұрагер -//- Бектер
- •«Шад»- ханзада -//- Тектілер
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§19. XIV ғасырларда және XV ғасырдың бірінші жартысындағы қазақстан аумағындағы хандықтар
- •Ақ Орда –Әбілқайыр хандығы- Моғолстан мемлекеті
- •Көк Орда
- •Ноғай Ордасы
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •Сұлтандар, қожалар
- •Билер, бай-шонжарлар, батырлар, ақсақалдар
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§ 22. Орта ғасырларда қазақ жерінде рухани мәдениеттің дамуы
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§23. Қазақ даласында туған тарихи шығармалар
- •§24. Қазақ халқының әдебиеті мен мәдениеті
- •«Қазақстан Республикасының саяси картасы».
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§ 25. Эпостық аңыздар мен ақын-жыраулар
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§27. Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері
- •§27; Оқулық соңындағы сұрақтарға ауызша дайындалып келу.
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§ 28. Ұлы Жібек жолы және оның тарихи маңызы
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§ 29. Қазақстанның Ресейге қосылуы қарсаңындағы саяси жағдайы
- •«Қазақстан Республикасының саяси картасы»
- •§29. Тақырып соңындағы сұрақтар бойынша жауап әзірлеу; қосымша дерек материалдарын оқу.
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§30. Қазақстанның Ресейдің құрамына кіруі
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§31. Ресейдің қазақ жеріне әкімшілік-саяси басқару жүйесін енгізуі
- •§ 32. Қазақстанның Ресей империясының шикізат базасына айналуы
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§33. Патша өкіметінің Қазақстандағы қоныстандыру саясаты
- •Патша өкіметінің шаруаларды Қазақстанға қоныстандырудағы мақсаты
- •Ресейдің орталық аудандарындағы күшейіп келе жатқан толқуды әлсірету.
- •Жерсіз қалған шаруаларға шет аймақтардан құнарлы жер беріп, жер мәселесін шешу.
- •Шет аймақтарға қоныстанушылардың санын көбейтіп, олардың арасынан бай-кулактарды шығарып, өзіне тірек дайындау.
- •Қоныстанушылардан құрылған болыстар
- •Қазақ жеріне қоныстандыру арқылы отарлау саясатының көріністерін атаңдар
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§ 34. Патша өкіметінің қазақ жеріне орыстандыру саясатын жүргізуі
- •§34 Оқып, тақырып соңындағы сұрақтарға ауызша дайындалу
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
10 Сынып. Қазақстан тарихы
§31. Ресейдің қазақ жеріне әкімшілік-саяси басқару жүйесін енгізуі
Сабақтың мақсаты:
Орта және Кіші жүздегі хандық биліктің әлсіреуін және ішкі талас-тартысты пайдаланған патша үкіметінің хандық өкіметті жойып, басқарудың жаңа әкімшілік басқару жүйесін енгізуін түсіндіру, оның мәнін ашып көрсету. ХІХ ғасырдың 80-90 жылдарында қазақ жеріне енгізілген басқару, сот реформаларының отаршылдық, таптық мәнін ашу.
Сабақтың жоспары:
1822 жылы «сібір қырғыздары туралы Жарғы» және хандық өкіметтің жойылуы.
Патша өкіметінің 1867-1868 жылдардағы қазақ жерінде жүргізген әскери-саяси басқару реформасы.
1886-1891 жылдардағы реформалар бойынша әкімшілік және сот құрылысына енгізілген өзгерістер.
Сабақты бастау алдында оқушыларға өткен сабақты қайталатып шолу жасалады. Мұғалім қайталауға оқушылардың барынша қатысқанын бақылауы тиіс.
130 жылдай уақыт ішінде Қазақ хандығының жері Ресейдің қол астына өтіп, отарына айналды. 1822,1867-68, 1886-1891 жылдары қазақ жерлерін басқарудың жаңа реформалары енгізілді. Оқушылардың осы реформаларды талдап, ерекшеліктерін ашып көрсетіп, салыстырып, қорытынды жасауына мүмкіндік туғызу мақсатындасабақты топтық жұмыс арқылы ұйымдастыруға болады. Ол үшін сынып оқушылары топтарға бөлінеді (6 топ).
Бірінші, екінші топқа-1822 жылы «Сібір қырғыздары туралы Жарғы».
Үшінші, төртінші топқа-1867-1868 жылдардағы қазақ жерін әскери-саяси басқару реформалары.
Бесінші, алтыншы топқа-1886-1891 жылдардағы реформалар бойынша әкімшілік және сот құрылысына енгізілген өзгерістер.
Әр топ оқушылары мәнітді жеке-жеке оқып дайындалады. (5 мин уақыт беріледі). Талқылау уақыты аяқталғаннан кейін, оқулықты жауып, шетке шығарып қояды. Карточка сұрақтары таратылып беріледі. Сұрақтар бойынша жұмыс жасалады. (10 минут).
Дайын болған топ жауап береді.
Карточкалық сұрақтар
І.
«Сібір қырғыздары туралы Жарғы» қай жылы, кімдердің қатысуымен жазылды?
«Сібір қырғыздары туралы Жарғы» бойынша қазақ жерлері қандай әкімшілік бөліктерге бөлінді және басқару ісі қалай жүргізілді?
Жарғы бойынша сот істері қалай құрылды?
«Орынбор қырғыздары туралы Жарғы» Кіші жүзде қандай басқару жүйесін енгізді, ерекшелігі қандай?
ІІ.
Патша өкіметінің 1867-1868 жылдары қазақ жеріне жаңа реформа енгізуінің себебі неде?
Реформа бойынша патша өкіметі басқарудың қандай жүйесін енгізді?
1867-1868 жылдардағы реформа бойынша әскери сот комиссиялары мен уездік соттар қалай құрылды?
Реформалар салық және жер мәселесіне қандай өзгерістер енгізді?
ІІІ.
Патша өкіметінің ХІХ ғасырдың 80-90 жылдары жаңа реформа енгізуінің себебі неде және ол реформалар қалай жүзеге асырылды?
1886-1891 жылдардағы реформалар бойынша қандай жаңалықтар болды?
«Ереже» бойынша сот ісіне қандай өзгерістер енгізілді?
Ресей өкіметінің реформалары отарлау мақсатында қандай рөл атқарды?
Сабақты қорытындылап, оқушыралды бағалаған соң, үйге тапсырма беріледі.
Үй тапсырмасы:
Реформаның қазақ елі үшін жағымды және жағымсыз жақтарын жазып келу
Тапсырманы кесте түрінде толтырып келуге де болады.
ХІХ ғасырда Ресейдің қазақ жеріне жасаған әкімшілік-саяси басқару реформасы
Реформаның жағымды жағы |
Реформаның жағымсыз жағы |
|
|
