- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§2 Соңындағы сұрақтарға ауызша жауап дайындау.
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •«Қазақстан Республикасының саяси картасы».
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •«Қазақстан Республикасының саяси картасы».
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§8 Соңындағы 5-7 сұрақтарға ауызша дайындалу
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •Ежелгі тас дәуірі
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •«Қазақстан Республикасының саяси картасы».
- •§10 Бойынша сұрақтарға ауызша жауап беру
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§11 Бойынша сұрақтарға ауызша жауап дайындау.
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§ 12. Сұрақтарға ауызша жауап дайындау.
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •Қоғамдық құрылысы
- •§ 17. Қазақстандағы алғашқы мемлекеттер
- •«Қазақстан Республикасының саяси картасы»
- •§ 18. Ерте орта ғасырлардағы империялар
- •«Тегін»- мұрагер -//- Бектер
- •«Шад»- ханзада -//- Тектілер
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§19. XIV ғасырларда және XV ғасырдың бірінші жартысындағы қазақстан аумағындағы хандықтар
- •Ақ Орда –Әбілқайыр хандығы- Моғолстан мемлекеті
- •Көк Орда
- •Ноғай Ордасы
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •Сұлтандар, қожалар
- •Билер, бай-шонжарлар, батырлар, ақсақалдар
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§ 22. Орта ғасырларда қазақ жерінде рухани мәдениеттің дамуы
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§23. Қазақ даласында туған тарихи шығармалар
- •§24. Қазақ халқының әдебиеті мен мәдениеті
- •«Қазақстан Республикасының саяси картасы».
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§ 25. Эпостық аңыздар мен ақын-жыраулар
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§27. Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері
- •§27; Оқулық соңындағы сұрақтарға ауызша дайындалып келу.
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§ 28. Ұлы Жібек жолы және оның тарихи маңызы
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§ 29. Қазақстанның Ресейге қосылуы қарсаңындағы саяси жағдайы
- •«Қазақстан Республикасының саяси картасы»
- •§29. Тақырып соңындағы сұрақтар бойынша жауап әзірлеу; қосымша дерек материалдарын оқу.
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§30. Қазақстанның Ресейдің құрамына кіруі
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§31. Ресейдің қазақ жеріне әкімшілік-саяси басқару жүйесін енгізуі
- •§ 32. Қазақстанның Ресей империясының шикізат базасына айналуы
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§33. Патша өкіметінің Қазақстандағы қоныстандыру саясаты
- •Патша өкіметінің шаруаларды Қазақстанға қоныстандырудағы мақсаты
- •Ресейдің орталық аудандарындағы күшейіп келе жатқан толқуды әлсірету.
- •Жерсіз қалған шаруаларға шет аймақтардан құнарлы жер беріп, жер мәселесін шешу.
- •Шет аймақтарға қоныстанушылардың санын көбейтіп, олардың арасынан бай-кулактарды шығарып, өзіне тірек дайындау.
- •Қоныстанушылардан құрылған болыстар
- •Қазақ жеріне қоныстандыру арқылы отарлау саясатының көріністерін атаңдар
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
- •§ 34. Патша өкіметінің қазақ жеріне орыстандыру саясатын жүргізуі
- •§34 Оқып, тақырып соңындағы сұрақтарға ауызша дайындалу
- •10 Сынып. Қазақстан тарихы
§ 32. Қазақстанның Ресей империясының шикізат базасына айналуы
Сабақтың мақсаты:
Қазақстан Ресей империясының отарына айналғаннан кейінгі, оның ауыр және жеңіл өнеркәсібі үшін басты шикізат көзіне айналғанын, сауданың дамығанын түсіндіре отырып, білімдерін тереңдету.
Сабақтың жоспары:
Қазақстанның Ресей жеңіл өнеркәсібінің шикізат базасына айналуы
Қазақстанның Ресей ауыр өнеркәсібінің шикізат базасына айналуы.
Сауданы дамуы, жәрмеңкелер
Сабақта «ХІХ ғасырдағы Ресей», «ХІХ ғасырдағы Қазақстан» карталарын пайдалана отырып, капиталистік қатынастар дами бастаған Ресей өз өнімдерін шет аймақтарға шығара бастағанын оқушылардың есіне түсіре отырып, Қазақстан да өз шикізатын шығаратын аймаққа айналғанын және оның негізгі себептерін түсіндіреді.
Қазақстанның негізгі шаруашылығы қандай? Мал шаруашылығынан қандай өнемдер алынды? Сол уақытта Қазақстан шет елдерге қандай тауар шығарды? Т.б. сұрақтар қоя отырып, оқушылардың ізденісін туғызамыз.
Сабақты түсіндіру барысында төмендегідей сызбаны пайдалануға болады.
Қазақстан-Ресейдің мал шаруашылығынан түсетін шикізат көзі
Бір жылда
Ақмола, Қарқаралы, Сарысу уездері арқылы Ресейге 60мың ірі қара200 мың қой.
Петропавл, Қорған, Шадринск арқылы Ресейге 340 мың ірі қара, 550-600 мың қой.
Мұнда тек мал шаруашылығы өнімлері ғана емес, астық, тұз, балық, т.б. өнімдер шығарылатынын атап өту керек.
Екінші мәселеде Ресей капиталы, негізінен, Қазақстандағы кен өндіру өнеркәсібіне жұмсалғаны туралы түсіндіру.
Оқушылардың есте сақтау қаюілетін арттыру және жаңа материалды меңгеру үшін мұғалім сабақта картаны, сызбаны және т.б. көрнекі құралдарды пайдалануы тиіс.
Қарқаралы уезі- темір, никель, мырыш, мыс
Атбасар, Жезқазған уезі-мыс, күміс, қорғасын.
Қарағанды, Көкшетау, Өскемен уездері- көмір, алтын
Үшінші мәселеде сауда қатынастарының дамуында жәрмеңкелердің маңызын көрсету керек. Сауда байланысында Ресейдің өнеркәсір бұйымдары әкелініп, қазақаннан көбінесе шикізат алынып отырғанын, өзара тең сауда болмағанын түсіндіру кезінде төмендегі сызбаны пайдалануға болады.
Жыл сайын өткізілетін жәрмеңкелер
Тайынша көлі /Петропавл маңы/
Константинов /Ақмола/
Петров /Атбасар/
Қоянды /Қарқаралы/
Шар /Семей/
Қарқара /Жетісу/
Әулиеата /Сырдария/
Ойыл, Темір /Орал/
Жаңа сабаққа қорытынды жасалып, бекіту сұрақтары қойылады.
Патша өкіметі Қазақстанды шикізат базасына қалай айналдырды?
Ресейдің жеңіл өнеркәсібі үшін Қазақстан шикізат көзі болғанын немен дәлелдей аласыңдар?
Қазақстанда қандай кен орындары болды?
Кен орындарының Ресей үшін қандай маңызы болды?
Қазақстанда капиталистік қатынастардың екеуін неден көруге болады?
Жәрмеңкелердің қандай экономикалық маңызы болды?
10 Сынып. Қазақстан тарихы
§33. Патша өкіметінің Қазақстандағы қоныстандыру саясаты
Сабақтың мақсаты:
-ХІХ ғасырдың 60-жылдарынан басталған Қазақстанға жаппай қоныстандырудың мақсатын көрсету, мәнін ашу. Қоныстанушылардың жағдайын, қоныстандырудың қазақ халқына тигізген зардаптарын, ұйғыр, дүнгендердің Жетісу аймағына қоныс аудару себебін түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі:
«ХІХ ғасырдағы Қазақстан» картасы.
Кесте, сызба.
Сабақтың жоспары
Көші-қон саясатының басты мақсаты.
Қазақ жеріне қоныстандырудың алғашқы кезеңі
Қоныс аударудың жаңа кезеңі
Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы
Қоныстанушылардың кәсіптері
Сабақ басында мұғалім Ресейдің 1861 жылы ақпандағы «Басыбайлылық құқықты жою» Ережесін оқушылардың есіне түсіреді. Сабақты әрі қарай жалғастырып ереже шыққаннан кейінгі Ресейдегі шаруалар толқуын, шаруалардың жаппай шет аймаққа көше бастауын, Ресей үкіметінің «Қоныстандыру басқармасын» құрып, қоныстандыруды заңдастырғанын айта отырып, оның түпкілікті мақсатын ашып көрсетеді. Төмендегі сызбаны пайдалануға болады.
