Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9 сын. Қ.н. САБАҚ ЖОСП-ЛАРЫ 1 !!!!.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Адам құқықтары

Адамдардың табиғи құқықтары

Азаматтыққа байланысты құқықтары мен бостандықтары

Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар

Адамның өмір сүру құқығы, оның жеке басының бостандығы, құлдықтан азат болу құқықтары.

Азаматтық алу, еркін жүру, тұрғылықты жерін тандау, некеге отыру, отбасын құру, баспана иесі болу, ұждан бостандығы, шерулерге қатысу, мемлекет істерін басқаруға қатысу құқықтары.

Адамның еңбек ету, өз қалауы бойынша жұмыс тандау, еңбегіне сай ақы алу, меншік иесі болу, кәсіптік одақтарға бірігу, білім алу, демалу, адамға лайық тұрмыс құру құқықтары.

1966 жылы БҰҰ Бас асамблеясы экономикалық, саяси және мәдени құқықтар туралы шарттар қабылдады. Бұл шарттар Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының ережелері негізінде қабылданды.

Адам құқықтары мен бостандықтарын мейлінше толық және дәйекті көрсететін негізгі заңды құжат Конституция болып табылады.

Адам мен азаматтың Конституцияда жазылған құқықтары мен бостандықтары олардың мемлекеттегі, қоғамдағы жағдайын айқындайды.

Құқықтық қоғам орнатуды басты нысана етіп отырған Қазақстан қоғамы да осы үдеріске ден қояды. Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия жетекші рөл атқарады. Комиссия адам мен азаматтардың құқықтарын қорғау және бостандықтарын қамтамассыз ету жөнінде жауапты органдар мен лауазымды тұлғалардан бұл бағыттағы жұмыстар туралы қажетті мәліметтер, құжаттар мен материалдар сұратып алады, олардың хабарларын тыңдайды. Содан кейін адам құқықтарының қорғалуы туралы қорытынды жасайды.

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына ең негізгі кепілдік – оның құқықтары мен бостандықтарына шек қоюшылықты болдырмау. Құқық пен бостандыққа шек қою немесе олардан айыру жағдайлары тек қана Конституцияда көрсетіледі. Конституция бойынша адамды құқығы мен бостандығынан айыру немесе шектеу төтенше жағдайда және уақытша ғана қолданылады.

Шынайы демократиялық мемлекетте әрбір адам өзінің құқығы мен бостандығын өзі қорғауы тиіс. Ондайда азаматтың сөзі де, ісі де заңға сәйкес, мемлекет органдарының қадіріне, лауазымды адамдардың жеке басына, арына тимейтін, ешкімнің ізіне түсіп, қудалау жасамайтын деңгейде болған жөн.

  1. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:

Адам құқықтары неше топқа бөлінеді және оның ерекшеліктеріне тоқталыңдар.

Адамдардың табиғи құқықтары

Азаматтыққа байланысты құқықтары мен бостандықтары

Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар

  1. Жаңа материалды бекіту:

  1. Қандай халықаралық құқық қорғау ұйымдарын білесіңдер?

  2. Қазақстанда адам құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ететін органдарды атаңдар.

  3. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қандай кепілдіктер берілген және оларды қорғайтын Қазақстан Республикасында қандай органдар құрылғанын айтып беріңдер.