- •Адам мәселесі
- •"Адам" ұғымы
- •Адам бойындағы табиғи және әлеуметтік нышандар
- •4)Меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;
- •Қызметтің сипаты
- •Адамның қызметінің мақсаты
- •Қызмет етуге құлшыныс тудыратын факторлар
- •Қоғамды құраушы бөліктер.
- •Қоғамдық қатынастар.
- •Қоғамдық қатынастардың мазмұны
- •Өмірдің мөні неде?
- •Бакыт дегенді қалай түсінеміз?
- •1. Мемлекет деп нені айтамыз?
- •Мемлекеттің түрлеріне, тарихи тұрпаттарына сипаттама беріңіздер.
- •Қоғамдық өмір аяларын атаңыздар.
- •Материалдық игілік өндірудің түпкі мақсаты
- •Еңбек нарқы, жалақы.
- •Бизнес және кәсіпкерлік
- •Қазақстанды мекен еткен ұлт және этностарға сипаттама беріңіздер.
- •Қазақ жеріне коныс тепкен түрлі этнос өкілдерінің осында келу тарихына көңіл аударыңыздар.
- •Автохтонды ұлт, диаспора, этнос терминдерінің қысқаша анықтамасын дәптерлеріңізге жазып алыңыздар.
- •Адамдар өздерінің бірлескен қызметінде бірінің үстінен бірі билік жүргізбей-ақ іс тындыра ала ма?
- •Тарих сабақтарынан алған білімдеріңізді пайдалана отырып, халық үғымына қатысты ойларыңызды ортаға салыңыздар.
- •Қайткенде халық өзінің қуатын сақтап қалады, өзін-өзі қорғай алатын күшке айналады?
- •Мемлекеттің атқаратын функцияларын өз сөздеріңізбен қысқаша тұжырымдап, дәптерлеріңізге жазып қойыңыздар.
- •Басқарудың президенттік республика мен парламенттік республика формалары арасындағы ұқсастықтар мен ұстанымды айырмаларды атаңыздар.
- •Мемлекеттік биліктің бірлігі, жоғарылығы және тәуелсіздігі деген ұғымдар нені білдіреді?
- •7 )Ойын сабағы;
- •Өкілеттігі бар адамның заңды қолдануы.
- •Азаматтардың Конституция мен заңдарда тұжырымдалған, өздеріне берілген құқықтары мен бостандықтарын пайдалана білуі.
- •Азаматтардың заңда белгіленген талаптардьі сақтауъи
- •Азаматтардың өздеріне тиесілі міндеттерді бұл-жытпай орындап отыруы.
7 )Ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:Сот билігі. Сот билігі мемлекеттік биліктің дербес тармағы болып табылады. Оны республика атынан сот кана жүзеге асыра алады. Сот билігі азаматтардың, қоғамдық бірлестіктердің, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау үшін және Конституцияның, заңдардың, өзге де нормативтік-құқыктық актілердің, халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз ету үшін құрылады.
Сот билігінің азаматтыққа қатыстылығы. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша адам құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуы Қазақстан азаматтығына байланысты емес. Егер Конституцияда, заңдар мен халықаралық шарттарда өзге бір ескерту айтылмаган болса, республикада тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар да республика азаматтарына тиесілі құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, соларға белгіленген міндеттерді атқарады.
Сот жүйесінің құрылымы. Конституция мемлекеттің бірыңғай сот жүйесі болуын көздейді. Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі Жоғарғы сот пен жергілікті соттардан құралады. Жергілікті соттарға жата-тындар: заңмен құрылған облыстық және соларға теңестірілген соттар:
Астана қалалық
Алматы қалалық соттары,
Әскери трибунал
аудандық (қалалық) соттар.
Жеке адамға немесе белгілі бір әлеуметтік топтар өкілдеріне қарсы қуғын-сүргін жүргізу құбылыстарын болдырмау үшін қандай атаумен болса да арнаулы және төтенше соттар құруға Конституция тыйым салады.
Соттың мақсаты мен міндеттері. Азаматтар, шетелдік азаматтар, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер тарапынан басқа азаматтардың, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы жағдайында оларды соттар қорғайды.
Конституция сотқа өз нормаларының, өзге де нормативтік-құқықтық актілердің, халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз ету міндетін жүктейді. Сот, ең алдымен, Конституцияның орындалуын қамта-масыз етуі тиіс. Бұл міндетті сот түрлі тәсілдермен жүзеге асырады. Солардың ішіндегі маңыздыларының бірі — нақты қылмыстық, азаматтық және басқа істерді қараған кезде Конституция нормаларын тікелей қолдану болып табылады. Сот төрелігін жүзеге асырғанда, қолданылып жүрген құқык нормаларының мәніне баға береді. Бұл конституциялық жағдай соттарды іске қатысушы адамдардың өтініші бойынша олар мәлімдемелер жасағанда, түсініктер мен куәліктер бергенде, сотта сөйлегенде өз ана тілін пайдалана алуын қамтамасыз етуге міндеттейді.
Сот билігі азаматтық, қылмыстық және сот жүргізудің заңда белгіленген өзге де нысандары, мысалы, әкімшілік істер бойынша сот жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Кейбір әкімшілік құқықтардың бұзылуы сотта қаралады. Соттың шешімдері, үкімдері, қаулылары, заңды бұйрықтары, талаптары, тапсырмалары барлық азаматтар, лауазымды тұлғалар, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар, мемлекеттік органдар, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар үшін орындауга міндетті болып саналады. Сот шешімдерін орындамау заңды бұзушылық және сотты құрметтемеушілік деп саналады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ұйымның лауазымды тұлғасы соттың үкімін немесе шешімін орындаудан бас тартқан жағдайда оған қылмыстық жауапкершілік белгіленген.
Соттың тәуелсіздігі. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша судьялар тәуелсіз және ауысты-рылмайды. Судьялардың тәуелсіздігі мен ауыстырыл-майтындығы сот төрелігін жүзеге асырғанда, істер қараганда олардың қызметіне ешкімнің араласа алмай-тындығынан, лауазымды орнынан ешкімнің босатып жібере алмайтындығынан және шешімді тек заңға сүйеніп қана шығаратындығынан көрінуі тиіс. Судья-лардың тек қана Конституция мен заңның ережелеріне бағынуы — олардың әрі кәсіби, әрі қасиетті парызы. Өзін өркениетті, салауатты деп есептейтін қоғам соттардың ісіне қол сұғуға ешқашан жол бермейді.
Конституция судьялар ісіне ешкімнің қол сұға алмайтынына кепілдік береді. Судьяны қамауға, әкімшілік орындарына алып барып, одан жауап алуға, оған сот тәртібімен істелетін әкімшілік шараларды қолдануға болмайды. Президенттің келісімінсіз судьяны қылмыстық жауапкершілікке тартуға болмайды. Жоғарғы соттың төрағасы мен судьялары Парламент Сенатының келісімінсіз қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Судьялар ауыр қылмыс жасаған болса немесе қылмыс үстінде ұсталған жағдайда ғана Президент пен Сенаттың келісімшсіз қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Судья жөніндегі қылмыстық істі тек қана республиканың Бас прокуроры қозғай алады.
Судья лауазымын алғаш иеленгендер, қолдарын Қазақстан Республикасының Конституциясына қойып тұрып ант береді. Жоғарғы соттың судьялары, облыстық соттар мен соларға теңестірілген соттардың төрагалары антты Жоғарғы соттың пленумында береді. Қалған судьялар судьялардың тиісті конференцияларында ант береді.
Сот төрелігі. Сот төрелігін заңдарға сәйкес және заңдардың негізінде тек соттар жүзеге асырады. Ешқан-дай басқа орган, ешқандай басқа лауазымды тұлға соттың қызметін өз міндетіне ала алмайды. Сондай-ақ әркімнің өздігінен билік жүргізуіне, өздігінен жаза қолдануына заңмен тыйым салынады. Сот лауазымына талапкер азаматтардың абыройы мінсіз болуға тиіс.
Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 42
Пән: Адам, қоғам, құқық |
Сынып: 9 б |
Сабақ: 47 |
Күні: |
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесі
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесі туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
Кеңестің құрылымы және құрамы. Конституциялык Кеңес 7 адамнан тұрады. Қазақстан аумағында туылған, жасы 30-дан асқан, жоғары білімі бар, кемінде 5 жыл заңгерлік қызмет стажы бар Қазақстан Республикасының азаматтары Конституциялык Кеңестің мүшелері бола алады. Конституциялык Кеңестің мүшелері өкілеттік мерзімі біткенше ауыс-тырылмайды.
Конституциялык Кеңестің төрағасы мен мүшелерін Парламент палаталары тағайындайды. Конституциялық Кеңестің тағайындалған құрамы Қазақстан Республикасының Президентше ант береді.
Конституциялык Кеңестің тәуелсіздігі. Конституциялық Кеңестің төрағасы мен мүшелері мемлекеттің лауазымды тұлғалары болып есептеледі, Конституция мен Конституциялық Кеңес туралы Президенттің жар-лықтарын орындайды. Олар өздерінің міндеттерін билік тармақтарынан тәуелсіз атқарады. Конституциялық Кеңестің қызметіне араласушылыққа, оның мүшелеріне қысым жасауға немесе басқаша түрде ықпал етуге жол берілмейді. Ондай әрекеттер көрініс бере қалса, кінәлілер заң бойынша жауапқа тартылады. Конституциялық Кеңес те, оның мүшелері де ешқандай органның алдында жауап бермейді.
Конституциялык Кеңес ел ішіндегі конституциялық заңдылықтардың іске асу жағдайы туралы жыл сайын парламентке хат жолдап отырады. Бірақ ол арнайы есеп беру емес. Президенттің Конституциялық Кеңес туралы жарлығында Конституциялық Кеңестен өз өкілеттігін жүзеге асыру турасында ешбір мемлекеттік орган немесе лауазымды адам есеп беруді талап ете алмайтыны көрсетілген.
Конституциялық Кеңес төрағасы мен мүшелерінің иммунитеті (қол сұқпаушылық) болады — оларға ешкім қысым жасай алмайды, билігіне араласпайды, тәуелсіздігіне қол сұқпайды.
Конституциялық Кеңестің атқаратын функциялары. Мемлекеттік орган ретінде Конституциялық Кеңес республиканың бүкіл аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары мәртебесін қамтамасыз етеді. Конституциялық Кеңес өз қызметінде мыналарды басшылыққа алады:
— конституциялық нормаларды сақтай отырып, олардың бұлжымастығын, яғни жоғары мемлекеттік органдар нормативтік-құқықтық актілер қабылдағанда, ұйымдастыру шараларын жүзеге асырғанда, конституциялық нормалардың орындалуын қадағалайды;
мемлекеттің тұтастығын, саяси тұрақтылығын қамтамасыз ететін конституциялық ережелердің қатаң сақ-талуын бақылайды;
конституциялық идеялар мен қағидаларды — әлеуметтік мемлекет, құқықтық қоғам, азаматтық қоғам, қазақстандық отаншылық идеяларын ұстанады.
Конституциялық Кеңес өкілеттігінің үш бағыты:
конституциялық нормаларда кездесетін түсініксіз баптарға түсінік беру. Оларға ресми түсінік беру тек Конституциялық Кеңестің құзыреті болып табылады. Конституциялық Кеңестің берген түсінігі бұл норманы қолданғанда жұрттың бәріне бірдей міндетті деп есептеледі.
Конституцияльщ іс жүріізу және оның ерекшеліктері. Конституциялық Кеңес сот органы болып есептелмейді.
Ол — Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғарылығын сотсыз әдістермен қамтамасыз ететін орган. Конституциялық Кеңес өзінің құзыретін конституциялық іс жүргізу жолымен жүзеге асырады.
Конституциялық іс жүргізудің өзіндік ерекшеліктері Конституциялық Кеңестің сот жүйесіне жатпайтынды-ғынан, мемлекеттік органдар жүйесіндегі ерекшелігінен және мемлекеттің дұрыс басқарылуына қызмет ете тұрып, мемлекеттік биліктің де тармағына жатпайтындығынан көрініс береді. Конституциялық іс қозғау жөнінде өзінің талаптарын білдіретін субъектілер саны да шектеулі. Ондай субъектілер конституциялық істі жүргізуге қатысушылар болып есептеледі. Оған жататындар:
Республика Президенті,
Сенат төрагасы,
Мәжіліс төрағасы,
Парламент депутаттарының жалпы санының бестен бір бөлігінен кем болмайтын тобы, премьер-министр, республика соттары, кабылданған актілерінің Конституцияға сөйкестілігі тексерілетін мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар.
Конституциялық Кеңес іс жүргізу жөнінде өтініш түскен күннен бастап бір айдың ішінде қабылданған өтініш бойынша қорытынды шешім шығарады. Конституциялық іс мына жағдайларда шешім қабылдамай тұрып тоқтатылады: егер субъект өзі берген өтінішінен бас тартатын болса; конституцияға сәйкестігі жөнінде талас туғызып отырған актінің заңдык күші бұзылса немесе өздігінен жойылса; егер өтініш Конституциялык Кеңестің қарауына жатпайтын болса.
Сабақты қорытындылау: Тақырып бойынша пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 43
Пән: Адам, қоғам, құқық |
Сынып: 9 б |
Сабақ: 48 |
Күні: |
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
Кез келген мемлекетте өзінің Конституциясын, заңдарын, мемлекет басшысы тарапынан берілетін жарлықтар мен басқа нормативтік актілері талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге тиісті құқық қорғау органдары болады. Құқық қорғау органдарына жататындар:
прокуратура,
ішкі істер органдары,
ұлттық қауіпсіздік органдары.
Прокуратура. Прокуратура — мемлекет атынан әрекет ететін, мемлекет аумағында заңдардың, ҚР Президенті шығарған жарлықтардың, өзге нормативтік-құқықтық актілердің нақты әрі бірыңғай қолданылуын қадағалайтын, іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және атқару істерін жүргізудің заңдылығын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган. Прокуратура Президенттің алдында ғана есеп береді, сотта мемлекеттің мүддесін қорғайды.
Прокуратура (латын. ргосиго — қамын ойлаймын, басқарамын) — заңның дәл орындалуын жоғарыдан бақылауды іске асыратын орган. Кейбір елдерде қылмысты істерді тергеу жумыстарын кадағалайтын орган. Алғаш XIII—XIV ғасырларда Францияда пайда болған.
Қазақстан Республикасьшдағы прокуратура органдары жүйесін ҚР Бас прокуроры басқарады. Жергішкті жерлерде облыстардың, қалалардың, аудандардың прокурорлары болады. Прокуратураның басты мақсаты — барлық мемлекеттік органдардың, мемлекеттік жөне мемлекеттік емес ұйымдардың заңдар мен басқа да нормативтік актілер ережелерін бұрмалаусыз, дәл орындауын бақылап отыру. Сондықтан прокуратура барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мекемелердің, кәсіпорындардың жұмысын мынадай бағыттарда қадағалайды:
а) прокуратура азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалайды.
ө) прокуратура әкімшіліктегі іс жүргізудің заңдылығын бақылайды. Әкімшілік жолмен азаматтардың құқығы бұзылатын болса, оған жол берген әкімшіліктегі азаматтардың құқығы бұзылу жағдайларын тексереді, кінәліні тауып, жауапқа тартады, одан құқық бұзушылық әрекетін дереу тоқтатуды талап етеді;
б) прокуратура жедел іздестіру жұмысын, тергеу ісінің заңдылығын қадагалайды. Тергеу органдары қылмысты істерге тергеу жүргізеді, осы мақсатпен дәлелдер жинастырады, күдікті адамдардан, куәлардан, жәбірлеушілерден жауап алады. Ал прокуратура осындай жұмыстардың үстінде тергеу органдарының құқык бұзушылық жағдайларын, азаматтардың құқыктары мен бостандықтарының бұзылуын, тергеудің тыйым салынған әдістерінің қолданылуын болдырмау жағдайларын бакылайды.
Ол үшін прокуратура тергеу орындарына тексеру жүмыстарын жүргізеді. Тексеру заңдардың бүзылуын немесе өзге де қиянатты жагдайлардың болып жатқанын көрсетіп азаматтар тарапынан жазылган шағымдарға байланысты жүргізілуі мүмкін. Өйткені, прокуратура органдары мемлекеттің гана емес, алдымен өрбір азаматтың мүддесін қорғайды.
Ішкі істер органдары. Ішкі істер министрлігі республика аумағындағы, облыстардағы, қалалардағы ішкі істер басқармаларының бірыңғай жүйесін, көлік жүйесін, қалалык, аудандық, қалалардагы аудандық түзету меке-мелерін — абақтыларды, лагерьлерді, өрттен қорғау бөлімшелерін, ішкі әскерлерді баскарады.
Азаматтардың құқықтарын, мемлекеттің заңды мүдделерін қорғау үшін құқық қорғау органдарының алдына қойылатын ерекше міндеттер және оларга берілетін ерекше құқықтар болады.
Ішкі істер органдарының негізгі міндеттері:
қоғамдық тәртіпті қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
қылмыстардың және құқык бұзушылықтың басқа да түрлерінің алдын алу, оларды анықтап, жолын кесу;
анықтау жүргізу ісін жүзеге асыру және қылмыстық жазалар мен әкімшілік шараларды орындау;
кәмелетке толмаған балалардың қараусыз қалуын және олардың құқықтарының бұзылуын немесе өздерінің құқық бұзушылық әрекеттерін анықтау және болғызбау;
шетел азаматтарының республика аумағында болу ережелерінің сақталуына бақылау жасау;
мемлекеттік және басқа объектілерді қорғау т.б.
Аталған міндеттерді орындау үшін ішкі істер органдарына, олардың қызметкерлеріне мынадай ерекше құқықтар беріледі:
азаматтардан олардың қоғамдық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті сақтауын, құқық бұзушылық әрекеттерді тоқтатуын талап етеді. Бұл талаптар орындалмаған жағдайда, күштеу шараларын қолдануға құқылы;
адамның қылмыс жасағаны немесе әкімтттілік құқықты бұзғаны туралы күдік пайда болса, оның кім екендігін анықтау мақсатымен құжаттарын тексереді, күдікті айқындайды;
жасалған немесе әзірленіп жатқан құқық бұзу әрекеттері туралы түскен арыздарды қарайды, хабарларды тексереді, оларды тіркейді, ондай әрекеттердің алдын алу, ашу, құқық бұзушыларды ұстау үшін дер кезінде шаралар қолданады;
органдарда қылмыстық және басқа әрекеттер жөніндегі материалдар бойынша іс жүргізіліп жатқанда, солар-ға байланысты түсініктер, құжаттар, жауаптар алу үшін тиісті азаматтарды шақырады. Ал шақырылған адам дәлелді себепсіз келуден бас тартатын болса, оны күштеп әкеледі;
құқық бұзған әскери қызметкерлерді ұстап, оларды әскери комендатура, әскери комиссариатка тапсырады;
кәмелетке толмаған, бірақ құқық бұзған жасөспірімдер мен балаларды ұстап, оларды қабылдайтын және орналастыратын орындарға жеткізеді. Қараусыз қалган балалар мен жасөсігірімдерді қамқоршылық және қайырымдылыкпен айналысушы органдарға жеткізіп отырады;
айналадағы адамдарға нұқсан келтіруі немесе қоғамдық тәртіпті бұзуы ықтимал адамдарды арнаулы медициналық мекемелерге жеткізеді;
"қылмыс жасады" деген күдік туғызған адамдардың ізіне түскен жағдайда орган қызметкерлері азаматтардың тұрғын үйлері мен басқа да үй-жайларына тежеусіз кіріп, оларды тексереді;
— көліктерді тоқтатып, жүргізушілердің машина айдауға, жүк тасымалдауга құқық беретін құжаттарын тексереді. Көлік жүргізу, жүк тасымалдау ережелері бұзылған болса, заңда көрсетілген шараларды қолданады:
Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне мына жағдайларда оқ-дәрілі қаруларды қолдануға рұқсат етіледі:
азаматтарды қылмыскерлердің шабуылынан қорғау үшін және кепілдіктегі адамдарды босату үшін;
ішкі істер органдарьшың қызметкерлеріне, олардың отбасындағы адамдарға, жасақшыларға жасалған шабуылды тойтару үшін; азаматтардың тұрғын үйлеріне, мемлекеттік ұйымдардың кеңселеріне жасалған шабуылды тойтару үшін.
Ішкі істер органдары жасалған қылмыстар бойынша анықтау, жедел іздестіру жұмыстарын жүргізеді. Ішкі істер өкілдері қылмыс жасаған немесе "қылмыс жасауға әзірленіп жүр" деген күдік туғызған адамдарды ұстайды. Тергеу жұмыстарының суретке түсіру, дыбыс жазу, кино-теледидар бейнелерін жасау, көтерілген қылмыстық істер бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардан кідіріссіз және қайтарусыз материалдар алу, азаматтарды шақырып, олардан түсінік сұрау, құжаттар талап ету, жауап алу, қылмыстың қандай жағдайда жасалғанын анықтау максатымен жұртшылыққа хабар тарату, оларды осыған жұмылдыру үшін мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану сияқты түрлерін жүргізеді. Тергеушілер қылмыскерлерді әшкерелеп, оларды қылмыстық жауапқа тарту үшін басқа да әрекеттер жасайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдары. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету — Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде дамуының басты шарты. Ұлттық қауіпсіздік сыртқы қауіпсіздік, әскери қауіпсіздік, ақпараттық қауіпсіздік, қоғамдық қауіпсіздік, экологиялық және экономикалық қауіпсіздік болып жіктеледі.
Ұлттык қауіпсіздік объектілеріне жеке адам, оның құқықтары мен бостандықтары, қоғам және оның материалдық-рухани құндылықтары, мемлекет және оның конституциялық құрылысы, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығы жатады.
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштер бар. Оларға:
ҚР Қарулы Күштері,
ұлттық қауіпсіздік,
ішкі істер,
сыртқы барлау,
әскери және салық полициясы органдары,
ҚР Президентінің күзет қызметі,
салық және кеден қызметтері,
төтенше жағдайлардың зардаптарын жою қызметтері жатады. ҚР Президентінің жанынан құрылған кеңесші орган — Қауіпсіздік Кеңесі бар.
Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесі төмендегідей негізгі міндеттерді атқарады:
ұлттық мемлекетке төнуі мүмкін қауіпті болжайды және анықтайды;
олардың алдын алу және залалсыздандыру шараларын жасайды;
ұлттың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерді құрып, оларды үнемі әзірлікте ұстайды;
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жалпыға бірдей және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысады.
Сабақты қорытындылау: Тақырып бойынша пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 44
Пән: Адам, қоғам, құқық |
Сынып: 9 б |
Сабақ: 49 |
Күні: |
Тақырыбы: Азаматтық құқықбұзушылық және ол үшін жауапкершілік
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Азаматтық құқықбұзушылық және ол үшін жауапкершілік туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
Құқық бұзушылық. Адамдар арасындағы қатынастар, олардың әрекеттері жалпыға ортақ және баршаға түсінікті әлеуметтік нормалармен реттеліп отырады. Адамгершілік ұстанымдар мен қағидалар, салт, дәстүр, құқық ережелері барлық әлеуметтік нормалардың негізі болып саналады. Адамдар заң нормаларын үнемі сақтап жүрсе, онда қоғам қалыпты өмір сүретін болады. Ондай қоғамда адам өзінің денсаулығы, мүлкі, келешегі жөнінде алаң болмай, мамыражай өмір сүреді,
Мүшелері заңды және адамгершілік нормаларын сақтамай, толып жатқан жолсыздықтарға мүмкіндік беретін қоғамның болашағы жоқ. Сондықтан қоғамның құқықтық мәдениетін арттырудың өзектілігін ешқашан естен шығармай, адамдардың санасына заң ережелерін сақтау міндетін үнемі орнықтырып отыру қажет. Адамдардың өздерін құқық өлшеміне лайық ұстауы дегеннің не екенін әркім білуі керек. Заң талабы іс жүзіне асырылып жатқан қоғам мүшесінің құқық өлшеміне лайық болуы төмендегілерден көрінеді:
