Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9 сын. Қ.н. САБАҚ ЖОСП-ЛАРЫ 2.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆
  1. Мемлекеттің атқаратын функцияларын өз сөздеріңізбен қысқаша тұжырымдап, дәптерлеріңізге жазып қойыңыздар.

  2. Басқарудың президенттік республика мен парламенттік рес­публика формалары арасындағы ұқсастықтар мен ұстанымды айырмаларды атаңыздар.

Сабақты қорытындылау: Тақырыпты пысықтау

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: § 23

Пән: Адам, қоғам, құқық

Сынып: 9 б Сабақ: 26 Күні:

Тақырыбы: Демократияның басты құралы,

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Демократияның басты құралы туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар: оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

Сайлау. Демократиялық ұстанымдарды өмірге енгізу жалпыға бірдей ашық сайлау өткізу арқылы жүзеге асырылады.

Демократиялық жолмен сайлау өткізу деп үкіметтің әрекетіне сын көзбен қарауға, онысын жариялауға және балама ұсыныстар енгізуге еркі бар азаматтардың мемлекет басқарушыларды мейлінше әділ жолмен таңдап алуын айтамыз. Сайлау әділеттілігінің өлшемі — бәсекелестік, кезеңділік, өкілеттілік және түпкілікті сайлау жүйелерінің болуымен айқындалады.

Сайлау жүргізу үрдісінде бәсекелестік, ең алдымен, оппозицияның сайлауға қатысуға мүмкіндік алуынан көрініс береді. Сайлауды шын бәсекелестікпен өткізу жағдайында оппозиция өкілдерінің баспасөзге, эфирге шығуы қамтамасыз етіледі, ашық сөйлеуге, жиналыстар өткізуге еркіндік беріледі. Оппозиция пікірі қосымша цензураға ұшырамауы керек. Әділетті сайлау өткізу үшін сайлауға түсетін кандидаттардың бірнешеу болуы шарт.

Оппозиция (лат. oppositio — қарсы қою) —

1) өз көзқарасын, ұстанатын саясатын билік басындағылардың көзқарастарына, саясатына қарсы қоя отырып, әрекет ету;

2) көпшіліктің немесе билік иелерінің пікірлеріне қарсы шығушы партия немесе жеке адамдар тобы. Парламентте үкіметтің құрамына еңбей қалған белгілі бір партия жігін құрайтын депутаттар тобы да оппозиция болуы мүмкін. Оппозиция саяси партиялардың өз ішінде де болады. Кейде жекелеген адамдар тобы партияның белгілі бір ұстанымды қағидаларымен келіспеуі мүмкін.

Фракция (лат. fradio — ұсақтап бөлу) — парламентте, жергілікті билік органдарында немесе өзге ұйымдарда өзінің саясатын жүргізетін саяси партияның ұйымдасқан тобы. Фракция саяси партияның өз ішінде де болады. Партияның өз ішіндегі фракцияны құрушылар оның басты бағытымен келіспеуі, жарғылық қағидаларының кейбіреулеріне қарсы болуы мүмкін.

Сайлаудың кезеңділігі, конституцияда көрсетілгендей, белгілі бір мерзім өткен сайын қайта жүргізіліп отырылуынан көрінеді. Демократиялық қоғамда кез келген жетекшінің сайланбай қалуы немесе қайта сай-лануы әбден мүмкін. Көптеген елдерде кесімді мерзімге сайлаудың соттарға қатысы жоқ. Оның өзіндік қисыны бар.

Өкілеттілік өлшемі түрлі ұлттық, діни, нәсілдік азшылық өкілдерінің үкімет құрамына енуін қамтамасыз етуден көрінеді.

Демократиялық сайлау жүргізу арқылы билік тұтқасына келген жетекшілер конституцияға сүйене отырып, іс жүзінде өздерінің биліктік құзырын көрсете алуы сайлаудың тіршілік екендігінің көрінісі.

Сайлау жүйесі. Сайлау дегеніміз — әр азаматтың — тұлғаның өмірлік қызметіндегі қажетті, кепілдікті конституциялық минимум болып табылады. Бір жағынан алып қарағанда, азаматтың сайлауға және сайлануға қатысу құқығы болса, екінші жағынан, бұл демо­кратиялық ұстанымдарды өмірге ендіруге мүмкіндік беретін, әр азамат орындауға тиісті міндет.

Мажоритарлық (франц. majorite — көпшілік) жүйе бойынша өткізілген сайлауда округ бойынша көп дауыс алған кандидат сайланған болып саналады. Бұл жүйенің абсолютті көпшілік дауысты жеңіп алу (сайлану үшін сайлаушылардың 50%-нан астамының дауысын жинау) және салыстырмалы көпшілік дауысты жеңіп алу (өзге кандидаттармен салыстырғанда көп дауыс жинау) сияқты түрлері болады. Мажоритарлық жүйемен сай­ланған өкімет орнықты болып, байсалды жұмыс жасайды. Депутаттар мен сайлаушылар арасындағы байланыс жақсы жолға қойылады. Елде саяси жанжалдар мен дағдарыстар аз болады.

Абсолютті көпшілік дауыс алу жүйесі бойынша сайлау екі турмен өткізіледі. Алғашқы турда сайлаушылардың жарымынан астанымының дауысын жинай алмаған кандидаттардың салыстырмалы көп дауыс алған екеуі келесі турда дауысқа түсуге құқық алады. Партиялар сайлау барысында ымыраға келеді. Келесі турға өте алмаған кандидаттардың сайлаушылары енді екінші турға өткен кандидаттардың бірін таңдайды. Мұндайда бірінші турда жеңіске жеткен кандидаттың екінші турда жеңіліп қалуы әбден мүмкін.

Шектеуші шарттар. Дүниежүзілік практикада сайлауға қатысушыларды шектейтін шарттар да қол-данылады. Олардың түрлері, мөлшері мен сипаты әр елде әрқалай. Шектеуші шарттар жасқа, азаматтыққа, кейде белгілі бір моральдық нормаларға байланысты алынуы мүмкін.

Кейбір елдерде шектеу жасы сайлаушы мен сайланушы үшін бірдей болып келеді. Мысалы, Қазақстанда – 18 жас, Швейцарияда — 20 жас, Аустралияда, Ұлыбританияда, Ирландияда, Норвегияда — 21 жас, Данияда — 23 жас. Көптеген мемлекеттерде жоғары заңды органдарға үлкен өмірлік тәжірибесі бар адамдар сайлануы керек деген тұрғы ұсталады. Бұл меже де әр елде әрқалай: АҚШ-та, Үндістанда, Жапонияда — 30 жас, Бразилияда, Францияда — 35 жас, Бельгияда, Ливияда, Түркияда — 40 жас.

Сайлау цензі (лат. census — тізім жасау, санау) — конституциямен немесе сайлау туралы заңмен бекітілген, азаматқа сайлауға қатысуға және сайлануға дауысқа түсуге құқық жағдайлар.

Сабақты қорытындылау: Тақырыпты пысықтау

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: §24

Пән: Адам, қоғам, құқық

Сынып: 9 б Сабақ: 27 Күні:

Тақырыбы: Сайлау үрдісі

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Сайлау үрдісі туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар: оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

Легитимация. Саяси аренада билікке таласушы күштер арасында қақтығыстардың болып жатуы заңды. Кейде екі жақ бір-бірінің қадамын аңдып, қарсыласының ісін жоққа шығару мақсатында түрлі амал қолдануы мүмкін. Бұқара алдында қарсыласының беделін түсіретін материалдар жариялау да осыған жатады. Кандидаттары сайлауда жеңіліске ұшыраған жақ ондайда сайлау үрдісінде жіберілген қателіктер мен заңсыздықтарды алға тартып, қарсыласының сайлануын заңсыз деп таныту бағытында әрекеттер жасайды. Адамның билік тұтқа-сынакелуінің заңдылық деңгейін айқындауда легитимді немесе легитимді емес деген терминдер қолданылады.

Легитимация (лат. legitimus — заңды) — белгілі бір әрекетті, оқиғаны, айғақты немесе лауазымды тұлғаны қоғамның тануы.

Мынадай:

  • оппозициялық күштерге әкімшілік қысым көрсету;

  • сайлаушылардың тізімін жасаудағы бұрмалаушылықтар;

  • сайлауға қатыспаған азаматтардың дауыстарын пайдалану;

  • оппозициялық партиядан түскен кандидаттардың соңынан түсіп, қылмыстық іс қозғау;

  • қарсыласына күйе жағып, жалған ақпарат тарату.

  • Мұны қара күйе дейді (черный пиар ағылш. pullig relation — әлеуметпен байланыс);

  • электронды дауыс беру жүйесіне байланысты бұрмалаушылықтар;

  • болымсыз немесе ойдан шығарылған себептермен бақылаушыларды тіркемей қою.

Сайлауға қатысу шарттары. Демократиялық елдердің бәрінде сайлауға қатысатын партиялар мен блоктар үшін белгілі бір шарттар қойылады. Олардың негізгілері:

1) ақшалай кепіл;

2) партияның жарғысы мен бағдарламасы туралы мәлімет;

3) кандидаттың үкіметпен байланысы болмауы (үкіметтік мекемелерден түсім түсіріп тұратын жағдайы болмауы керек).

Сайлау алдындағы үгіт. Демократиялық елдерде мемлекет азаматтарға, қоғамдық бірлестіктерге белгілі бір кандидатты, саяси партияны жақтап не қарсы кедергісіз сайлау алдындағы үгіт жүргізу құқығына кепілдік береді. "Қазақстан Республикасының сайлау туралы Конституциялық заңының" 28-бабының 6-тармағында былай делінген: "Жергілікті атқарушы органдар тиісті сайлау комиссияларымен бірлесіп, барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орын белгілейді және оларды стенділермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырады. Үгіттік баспа материалдары барлық кандидаттар үшін құқықтарын тең қамтамасыз ететін жағдайда орналастырылады. Канди­даттар үгіттік баспа материалдарын тиісті объект иесінің рұқсатымен өзге орындарға іліп қоюға құқылы".

"Қазақстан Республикасының сайлау туралы" Заңы бойынша бұқаралық ақпарат құралдары кандидаттардың, саяси партиялардың, сайлау науқанын объективті ашып көрсетуге, кандидаттың немесе саяси партияның іскерлік абыройына нұқсан келтіретін үгіт материалдары мен өзге ақпараттарды жариялаудан аулақ болуға міндетті. Алайда демократиялық институттары әлі жетілмеген, билікте авторитарлық басқару амалдарын қолданатын адамдар отырған елдерде саяси қарсыласына қара күйе жағу құбылысы жиі ұшырасады. Мұндай құбылыстардың биліктің жоғары органдарын сайлау үрдісінде орын алатын жағдайлары да аз емес.

Сайлауды қаржыландыру. Сайлау үрдісін қаржыландырудың бірнеше арналары бар. Олардың ішіндегі бастылары:

  • партия кассасы,

  • мемлекет тарапынан қаржыландыру,

  • демеушілер қаражаты,

  • кандидаттың өз қаржысы.

Құжаттар дайындауға, теле-радиохабарларға шыққан шығындар мемлекет тарапынан бөлінген қаржымен жабылады. Әдетте, мемлекеттің қаржысын парламенттік партия пайдаланады. Жәрдем ақша мөлшері парламенттегі орындар санына тәуелді болады.

Дауысты санау. Сайлау үрдісіндегі ең жауапты мезеттің бірі — дауысты санау болып табылады. Белгілі бір кандидатқа берілген дауыстарды санау барысында неше түрлі бұрмалаушылықтар кездесіп жатады. Дауыс санау үрдісінде бұрмалаушылықтарды болдырмау үшін қолданылып жүрген екі ереже бар. Оның біріншісі — дауыс қағаздарымен жүргізілетін операцияларды орындаудың заңда көрсетілген тетіктерін қатаң сақтау; екіншісі — урнаны ашу мен дауысты санауды бақылауға сенім білдірілген адамдарды, кандидаттардың, партиялардың және халықаралық ұйымдардың бақылаушыларын, БАҚ өкілдерін қатыстыру.

Әр азаматтың дауысының маңызы. Азаматтың өз елін тікелей өзі немесе сайланған өкілдер арқылы басқаруға қатысу құқығы аса маңызды саяси құқықтардың бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясы әр азаматқа мемлекеттік және жергілікті басқару органдарына сайлау және сайлану құқығын береді.

Неміс философы К Ясперс былай деген екен: "Келешек — адамдардың таңдау жауапкершілігімен және тәртібімен, түптеп келгенде, өмір сүріп жатқан миллиардтардың ішіндегі әр адамның жауапкершілігімен айқындалады.

Сабақты қорытындылау: Тақырыпты пысықтау

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: § 25

Пән: Адам, қоғам, құқық

Сынып: 9 б Сабақ: 28 Күні:

Тақырыбы: Қоғамдық бірлестіктер

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Қоғамдық бірлестіктер туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар: оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

Қоғамдық бірлестіктер. Өркениетті қоғамда мемлекеттік саясатқа ықпал етіп отыратын толып жатқан күштер — қоғамдық бірлестіктер, әскери-өнеркәсіп кешені,

Коалиция (лат. coalitio — бірігу) — мемлекеттердің, саяси партиялардың, өзге қоғамдық бірлестіктердің бәріне ортақ саяси, әскери, экономикалық мақсаттарды көздей отырып бірігуі.

Саяси партиялар дегеніміз — уақыт өткен сайын елдегі және дүние жүзіндегі даму үрдістерін ескере отырып, өзгеріп отыратын, қоғамдағы саяси белсенді адамдардың динамикалық ұйымы болып табылады. Қазіргі демократиялық қоғамды саяси партияларсыз немесе "бір партиялы" құрылыммен көзге елестету мүмкін емес.

Биліктік құрылымдағы орнына қарай партиялар: билеуші және оппозициялық болып бөлінеді.

Билеуші партия деп сайлауда көпшілік дауысты жеңіп алып, үкіметті құруға мандат (лат. mandatum — өкілет-тікті куәландыратын құжат) алған, заң шығарудың, басқарудың (кейбір елдерде сот билігінің де) барлық органдарына өз адамдарын отырғызып, мемлекеттік билікті толық немесе басым жүзеге асырып отырған партияны айтады.

Оппозициялыц партиялар үкіметтің қызметіне сыни көзқарас танытып, оның кемшіліктері мен қателіктерін көрсетіп отырады.

Саяси партиялардың атқаратын негізгі міндеттері:

  • қоғамдағы түрлі әлеуметтік топтардың арасында делдалдық қызмет атқарады;

  • сайлау науқанын идеялық және ұйымдық жағынан қамтамасыз етеді;

— депутаттыққа кандидаттар ұсынады.

Қоғамдық ұйымдар. Түрлі әлеуметтік топтар өкілдерінің ортақ мүдделеріне қарай бірігуінің формалары мен түрлері қоғамдық ұйымдар деп аталады. Олар —одақ, ұйым, қоғам, қозғалыс, ассоциация, комитет, гильдия т.б. аталады. Көпшілік жағдайда олардың қызметтерінің сипаты "халықтық", "азаматтық", "бұқаралық" деген анықтаушы сөздермен айқындалады

Қоғамдық ұйымдар халық бұқарасының саяси белсенділігін арттыруға, қоғамдық прогрестен туындаған мәселелерді шешуге көпшілікті жұмылдыруға, өзекті әлеуметтік мәселелерге үкіметтің назарын аудартуға ықпал ете отырып, үлкен істер атқара алады.

Бекіту кезеңі:

  1. Саяси партия мен қоғамдық ұйымдардың арасындағы ұстанымды айырманы атаңыздар.

  2. Қазақстанның саяси сахнасында әрекет ететін саяси партияларды атаңыздар және оларды мәтінде аталған түрлер бойынша саралаңыздар.

Сабақты қорытындылау: Тақырыпты пысықтау

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: § 26

Пән: Адам, қоғам, құқық

Сынып: 9 б Сабақ: 29 Күні:

Тақырыбы: Саяси мәдениет

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Саяси мәдениет туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар: оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

Саяси мәдениет деп азаматтардың саяси білімінің, баеаларының және әрекеттерінің деңгейі мен сипатын, сонымен қоса, саяси қатынастарды ретке келтіретін әлеуметтік құндылықтардың, дәстурлердің нормалардың мазмұны мен сапасын айтамыз.

Саяси мәдениеттің негізінде қоғам мүшелерінің саяси құндылықтарды игеруін қамтамасыз етуге бағытталған қызметі — саяси тәрбие жүзеге асырылады. Жеке адам өзінің азаматтық сапалық қасиеттерін, саяси ынтасын, белгілі мәселелерді шешу белсенділігін көрсетеді, өзінің тәртібін саяси нормалар мен демократиялық институттарға саналы және ерікті түрде бағындырады.

Діл (орыс. менталитет, лат. mens—ақыл, ойлау, ой бейнесі, жан құрылымы) — ұжымдық және жеке сана тереңдігінің деңгейі, жеке адамның немесе әлеуметтік топтың әрекетке, ойлауға, дүниені белгілі бір бейнеде қабылдау мен сезінуге дайындығының, құлшынысы мен зауқының жиынтығы.

Саяси мәдениет дегеніміз — қоғамның саяси өміріндегі факторлар мен құбылыстарды үнемі саралап, ой елегінен өткізіп отыру деген сөз.

Популизм (лат. pcpuu—халықтың, бұқараның құқықтары мен мүдделері үшін күрес) — бұқараға негізсіз уәделер беру арқылы танымал болуға тырысу әрекеті. Популистер қашанда, қай елде болмасын, аз болмаған. Олардың саяси мәдениеті төмен елдерде тіпті көп болуы заңды. Үйіп-төгіп берген уәдесінен сайланып алғаннан кейін айнып кете беретін саясатшылар қай заманда да болған.

Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) — халық бұқарасына ақпарат жеткізудің қазіргі замандық арналары — баспасөз, теледидар, радио, өзге де дыбыс бейне тарату құралдарының жиынтығы.

БАҚ-тың қайсысы болса да бұқараны елде және одан тыс жерлерде болып жатқан саяси және өзге оқиғалармен таныстыра отырып, ақпараттық-ағартушылық қызмет атқарады. Демократиялық қоғамда дұрыс шешім қабылдау үшін адамдарды жан-жақты ақпаратпен қамтамасыз ету бағытындағы БАҚ-тың қызметі ерекше мәнге ие. Баспа өнімдері, теледидар мен радио бағдарламалары қоғамға қажетті өнім болып табылады.

Бекіту кезеңі:

  1. Демократиялық режімдер жағдайындағы БАҚ-тың қызметін әңгімел еңіздер.

  2. Бұқаралық ақпарат құралдарын, әдетте, "төртінші билік" деп атайды. Оның мәні неде деп ойлайсыздар?

Сабақты қорытындылау: Тақырыпты пысықтау

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: § 27

Пән: Адам, қоғам, құқық

Сынып: 9 б Сабақ:30 Күні:

Тақырыбы: Қазақстан Республикасы саяси сипаттама

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасы саяси сипаттама туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар: оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

Егемендік (орыс. суверенитет, франц. souverainete — жоғарғы билік) — мемлекеттік биліктің бірлігін, жоғарылығын және дербестігін айқындайтын мемлекеттің мәні. Бұл ұғым мемлекеттің өз билігін өз қолына алуын, өзінің жер аумағына, жер қойнауындағы қазба байлықтарына, суға, аспан кеңістігіне иелік етуін, экономикасын басқаруын білдіреді.

Мемлекеттік биліктің бірлігі қазіргі Қазақстанда тек бір ғана мемлекеттік биліктің болу мүмкіндігінен және бар екендігінен, оның тәуелсіз толыққанды биліктерге бөлінбейтінінен көрінеді.

Егемендік пен тәуелсіздік — бір тарихи оқиғаныц екі сатысы. Бұл тұжырым бүкіл дүниежүзілік тарихи үрдістегі заңдылықты түсіндіру құқығына ұмтылмайды, қазіргі Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігін алуына қатысты алғанда ғана объективті болады.

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында Қазақстан Республикасына саяси сипаттама берілген. Ол сипаттаманың аса маңызды қағидаларының бірі, Конституцияның 1-бабының 1-тармағында көрсетілгендей, "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратыны" болып табылады. Бұл ашық және азаматтық қоғам құрудың бастамасын көрсетеді.

Демократиялық мемлекет ұғымы — алдымен консти­туция қабылдап, тікелей мемлекет басшысын және парламентті сайлауға, өкілетті мерзімі біткен соң оларды ауыстыруға болатынын білдіретін жөне халықтың құрылтайшылык билігі үстемдік ететін, мемлекетті республикалық құрылыстағы құрылым ретінде танытатын ұғым.

Зайырлы мемлекет — азаматтардың дін ұстануы мен діни мекемелердің мемлекеттен бөлектігін білдіреді. Дін мемлекеттік идеологияға ықпал ете алмайды. Қазақстанда мемлекеттік немесе міндетті дін жоқ. Бұл Қазақстанда кең таралған екі әлемдік дін — ислам мен православиелік діндерге бірдей қатысты. Дін негізінде саяси партия құруға жол берілмейді. Мемлекеттік органдар тек конституция және соның негізінде жасалған салалық заңдарды басшылыққа алып жұмыс істейді.

Конститу циялыц мемлекет — құқықтық мемлекеттің бастауы әрі шарты. Оның негізгі ұстанымдары, азаматтар үшін: "Заңда тыйым салынбағанның бәріне рұқсат", мемлекеттік лауазым иелері үшін: "Заңда нақты не көрсетілсе, соған ғана рұқсат" деп тұжырымдалады.

Мемлекеттің әлеуметтік сипаты өз азаматтарына конституция бойынша кепілдік берілген білім алу, денсаулық сақтау, ғылым мен мәдениетті дамыту, тұрғындардың шұғылданушылығын қамтамасыз ету, еңбекті қорғау, әлеуметтік қамсыздандыру және табысы аз тұрғындар тобын қорғау сияқты әлеуметтік шараларды жүзеге асыруынан көрінеді.

Әлеуметтік мемлекет — социалистік мемлекет емес. Ол нақты экономикалық мүмкіндіктерге сай, жүзеге асыруға болатын әлеуметтік қамқорлықтарды ғана міндетіне алады. Ал азаматтардың өздері еңбекпен, кәсіпкерлікпен айналыспаса, олардың санасын масылдық пен теңгермешілік психология меңдегенде, әлеуметтік мемлекет оларды тұңғиықтан сүйреп шығара алмайды. Сондықтан адам мен адам құқығын, бостандығын бекіте отырып, ҚР Конституциясы (II бөлім) жеке адамның лайықты өмірін және еркін жетілуін қамтамасыз ету тек мемлекеттің ісі емес, алдымен, оның өзінің, адам мен азаматтың санасы мен ерік-жігерінің ісі екендігін көрсетеді.

Бекіту кезеңі: