Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сақтандыру.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
243 Кб
Скачать
☆
  1. Жеңіл автокөліктер және олардың базасында құрылған қозғауыш көлемімен көлік құралдары:

1200 куб. см. дейін қоса есептегенде 1,5 3,0

1200-ден жоғары 1600 куб см-ге дейін 2,0 4,0

1600-дан жоғары 2000 куб см-ге дейін 3,0 5,0

2000-нан жоғары 2500 куб см-ге дейін 5,0 7,0

2500-ден жоғары 3500 куб см-ге дейін 7,0 9,0

3500 куб см жоғары 8,0 10,0

  1. Автобустар, шағын автобустар және олардың базасында құрылған көлік құралдары.

16 жолаушы орнына дейін қоса есептегенде 5,0 6,0

16 жолаушы орнынан жоғары 6,0 7,0

  1. Жүк автокөліктері және олардың базасында құрылған жүккөтергіштік көлік құралдары:

2 тоннаға дейін қоса есептегенде 6,0 7,0

2 тоннадан жоғары 7,0 9,0

4 тролейбустар трамвайлар 7,0

5 мотокөліктер 1,0 1,0

6 жалғағыштар (жартылай жалғағыштар) 1,5 2,0

Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім –шартын жасасқанда төленетін сақтандыру сыйақысын есептеу кезінде, көлік құралының тіркеу орнына тәуелді жылдық сақтандыру сыйақысына келесі көлемдегі аймақтық коффициенттер қолданылады (ҚР аумағына көлік құрацлдарының уақытша сапар жасауынан тыс).

№

облыстар / қалалар

облыс орталығы

басқа пунктер

1

Батыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда

0,80

0,70

2

Ақтөбе, Солтүстүк Қазақстан облыстары

0,85

0,75

3

Ақмола, Жамбыл, Қарғанды, Қостанай және Павлодар облыстары

0,90

0,80

4

Оңтүстүк, Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары

0,95

0,85

5

Астана қаласы

1,0

6

Алматы қаласы

1,1

Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім-шартын жасасқан кезде көлік құралдарының әрбір бірлігіне 12-айдан кем мерзімге келесі көлемдегі сақтандырудың сыйақысы белгіленеді (сақтандыру сыйақысы сомасы пайыздық түрде):

5

күн

10

10

6

күннен

15

күнге

Дейін

қоса есептегенде

15

16

күнен

1

айға

Дейін

қоса есептегенде

20

1

айдан

2

айға

Дейін

қоса есептегенде

30

2

айдан

3

айға

Дейін

қоса есептегенде

40

3

айдан

4

айға

Дейін

қоса есептегенде

50

4

айдан

5

айға

Дейін

қоса есептегенде

60

5

айдан

6

айға

Дейін

Қоса есептегенде

70

6

айдан

7

айға

Дейін

қоса есептегенде

75

7

айдан

8

айға

Дейін

қоса есептегенде

80

8

айдан

9

айға

Дейін

қоса есептегенде

85

9

айдан

10

айға

Дейін

қоса есептегенде

90

10

айдан

11

айға

Дейін

қоса есептегенде

95

11

айдан

жоғары

100

Кешенді келісім-шарт бойынша сақтандыру сыйақысы көлік құралдарының әр бірлігіне төленеді және осы сақтандыру полисінде көрсетілген көлік құралдары үшін белгіленген сақтандыру сыйақысының көлемі сақтандыру сыйақыларынан ең үлкен көлеміне теңестіріліп анықталады. Көлік құралдарының иелері-Ұлы Отан соғысына қатысушулар және солармен бірдей құқыққа ие, І және ІІ топтағы мүгедектер қалыпты келісім шарт жасасқанда сақтандыру сыйақысы көлемінің 50% көлемінде төлейді. Сақтандыру оқиғасы болып көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім-шартында көрсетілген, сақтанушымен көлік құралын пайдалану нәтижесінде үшінші тулғаның мүлкіне және денсаулығына тигізген зияннын орнын толтырудағы, сақтанушының азаматтық - құқықтық жауапкершілігі болып танылады.

Мүлікке тигізілген зиянның көлемі, зиян келтірілген мүліктің қайта қалпына келтіруге кеткен құннан мүліктің есептелген амортизациясын алып тастаған соммасы негізінде анықталады. Мүліке тигізілген зиянның көлемі сақтандыру жағдайының пайда болған күнгі нарықтық бағаның негізінде есептеледі. Мүлік жойылған болып саналады, егер оны қалпына келтіру техникалық турде мүмкін емес немесе экономикалық түрде негізсіз болса. Мүлікті қалпына келтірү экономикалық түрде негізсіз болып саналады, егер мүлікті қалпына келтіруге кеткен шығындар сақтандыру жағдайының пайда болған күнгі нарық құнының 80% асып кетсе. Сақтанушы жауапкершілігінің шекті көлемі бір сақтандыру жағдайы бойынша (сақтандыру сомасы) мынаны құрайды (айлық есептік көрсеткішті есепке алғанда):

  1. әр бір жапа шегушінің өміріне немесе денсаулығына тигізілген зияны және оның себебінен келесі жағдай болғанда,зиянның орны мынадай көлемде өтеледі:

  • егер, ажал болған жағдайда 600;

  • егер, мүгедектік қалпына келсе:

І топ 500;

ІІ топ 400;

ІІІ топ 300.

- мүгедектік қалпына келмей денсаулығына зиян келтірілсе, жарақат алуы немесе басқа да зиян шегуде амбулаторлық стационарлық емдеуге кететін шығынды өтеуде сақтандыру төлемінің көлемі емдеудің әр күні үшін 1,5 айлық есептік көрсеткішінен аз болмауы тиіс, бірақ 200 айлық есептік көрсеткіштен аспаған мөлшерде өтеледі;

  • жапа шегушінің мулігіне тигізілген зиян орны - тигізілген зиян көлемінде, бірақ 400 айлық есептік көрсеткіштен аспаған көлемде өтеледі, ал бірнеше жапа шегушінің мүліктеріне зиян тигізілген жағдайда, оның орны –тигізілген зиян көлемінде, бірақ барлық жапа шегушілерге 1000 айлық есептік көрсеткіш соммасынан көп емес, сонымен бірге сақтандыру төлемі әр жапа шегушіге тигізілген зиянының пропорционалды көлемінде өтеледі.

Сақтандырушыдан сақтандыру төлемін талап ету, сақтанушы немесе басқа да табыс алушы болып табылатын жеке тұлғаның талабы жазбаша түрде және мынадай құжаттарды сақтандырушыға тапсыруымен жүзеге асырылады:

  1. Сақтандыру полисін (оның көшірмесі).

  2. Сақтандыру жағдайының болғанын растайтын және жапа шегушілерге тигізілген зиянның көлемін нақтылайтын құжатты.

  3. Жапа шегушінің уақытша еңбекке қаблетсіздігі жайында денсаулық сақтау ұйымы анықтамасының көшірмесі немесе жапа шегушінің мүгедектік қалпына келу туралы арнайы мекемелердің анықтамасын (егер мұндай фактілер анықталса).

  4. Жапа шегушінің өлімі туралы куәліктің наториалды расталған көшірмесі және жапа шегушінің өлімі - жағдайында табыс алушы (выгодоприобретатель) зиянның орнын өтеу туралы құқығын растайтын құжатын.

  5. Тәуелсіз эксперттердің келтірілген зиян көлемін бағалау туралы құжаттарын (мұндай құжат бар жағдайда).

  6. Сақтанушының (табыс алушы - выгодоприобретатель) (жеке тулға үшін) жеке күәлігінің көшірмесі немесе заңды тұлғаның өкіліне берген сенім хатының түп нұсқасы.

  7. Сақтанушының (сақтандырылған) шығын көлемін растайтын, сақтандыру жағдайына нұқсан келген зиянның азайтылуы немесе тоқтатылуы туралы құжатын.

  8. Сақтанушының (сақтандырылған) немесе көлік құралын жүргізген тұлғаның жүргізуші күәлігінің көшірмесі және осы көлік құралын жүргізуге мүмкіндік беретін құжаттың көшірмесі.

Құжатты алған күннен бастап сақтандыру төлемдері жеті жұмыс күні ішінде сақтандырушымен төленеді. Егерде, сақтандыру төлемінің мөлшері табыс алушымен (выгодоприобретатель) өз пайдасына талап етілсе, бұл жағдайда сақтандырушы осы мерзімде дауылға салынбайтын бөлігін төлеп беруге тиіс. Дауылға салынған бөлігін сақтандырушы бейбіт келісім-шарт жасасқан күннен бастап үш күнның ішінде және осы дау бойынша шешімнің заңдық күшіне енгені жайында соттың бекітілуімен төлеуі керек. Зиян шегушінің денсаулығы күрт нашарласа (мүгедектік және жоғары деңгейдегі мүгедектік байқалса) немесе өлім жағдайы орын алса, сақтандырушы зиян шегушінің түсірген арызы негізінде және осыған сәйкес құжат бойынша сақтандыру төлемінің сомасын қайта есептеуге міндетті. Тұлғаға бірнеше көлік құралдармен зиян тигізілсе, яғни әр көлік иесінің - көлік құралдар иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім-шарттарының болған жағдайында , пайда алушы олардың әрқайсысысынан сақтандыру төлемін алуға құқылы . Әр сақтандырушы сақтандыру төлемін жауапкершілік көлемі шеңберінде және сақтанушы жауапкершілігінің көлеміне сәйкес төлейді. Осымен бірге барлық сақтандырушымен төленген сақтандыру төлемінің жалпы сомасы жапа шегушіге тигізілген шын зиянның көлемінен аспауы тиіс және әр сақтандырушы үшін қаралған жауапкершіліктің шектеулі көлемінен аспауы тиісті.

Сақтандыру төлемін төлеген сақтандырушы сақтанушыдан келесі жағдайларда төленген сома көлемін кері қайтару құқықтарына ие, егер:

  1. шұғыл қорғаныс және өте шұғылдылық жағдайында істелген әрекеттен тыс, сақтандыру жағдайын тудыратын немесе оның пайда болуына әсер ететін, сақтанушының азаматтық–құқықтық жауапкершілігінің арнайы әрекеттер салдарынан пайда болуына қарай;

  2. алкагольді, наркотикалық немесе токсикоманиялық ішкілік жағдайында көлік құралдарын жүргізу салдарының әсерінен сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің пайда болуына қарай;

  3. көлік құралын жүргізуге тұлғаның құқығы болмаған жағдайда;

  4. көлік құралының техникалық бұзылуі туралы сақтанушы білген немесе білу керек салдарынан, яғни соттық талқылау нәтижесінде сақтандыру жағдайының болуы анықталса;

  5. көлік құралы оның техникалық қабілетіне сәйкес емес мақсатында қолданылса;

  6. сақтанушы әдейі сақтандыру жағдайының шығындарын азайту шараларын қолданбаса;

  7. көлік құралын жүргізген тұлға көлік оқиғасы орын алған жерден жасырынса.

Сақтандырушы сақтандыру төлемін төлеуде толықтай немесе жартылай бас тарту құқығына ие, егер сақтандыру жағдайы мыналардың салдарынан орын алса:

  1. шұғыл қорғаныс және өте шұғылдылық жағдайында істелген әрекеттен тыс, сақтандыру жағдайының пайда болуына бағытталған пайда алушының арнайы әрекеті негізінде;

  2. Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген, әдейі қылмыстар және әкімшілік құқық бұзушылықтармен сақтандыру жағдайының байланысын тудыратын, пайда алушының әрекеттері негізінде.

Бұдан басқа сақтандырушының сақтандыру төлемін төлеуден бас тартудың негізі болып келісілер табылады:

    1. зиянды келтірген тұлғадан сақтанушы шығындардың орнын толтыратын өтелімді алған жағдайда;

    2. сақтандыру жағдайы туралы ақпаратты сақтандырушыға дер кезінде немесе мүлдем жеткізбеген жағдайда;

    3. жүргізүге үйретуді орындарда немесе арнайы тексерулерде, көлік құралдарының жарысында сақтанушымен көлік құралын қолдану жағдайында;

    4. көлік құралына тасу немесе тасымалдауда зиян тигізілген жағдайда;

    5. ақшалай, бағалы қағаз, алтын, күмістік бұйымдар, құнды заттар, әшекейлер, өнер туындылары және басқа құндылықтар түріндегі жапа шегушінің мүлігіне зиян тигізілген жағдайда.

Сақтандырушы сақтандыру төлемін төлеуден босатылады, егер сақтандыру жағдайы мыналардың салдарынан туындаса:

  1. ядролық жарылыс, радияциялар және радиоактивтік жұғудың орын алуы;

  2. әскери іс-қимылдар;

  3. азаматтық соғыс, халықтық толқулардың әртүрлері, жаппай тәртіпсіздіктер және көтерілістер.

Ұсынылатын әдебиеттер

Негізгі: [ 1. 39-48, 2 . 38-47, 5. 41-54 бет],

Қосымша: [ 9. 3-11 бет]

Бақылау сұрақтары:

1. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың келісім-шарттары түрлерін сипаттап беріңіз?

2. Көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыруда көлік құралдарының әрбір бірілігіне жылдық сақтандыру сыйақысы қандай көлемде тағайындалады?

3. Сақтанушы жауапкершілігінің шекті көлемінің мөлшері бір сақтандыру жағдайы бойынша?

4. Сақтандырушыдан сақтандыру төлемін талап ету үшін сақтанушы қандай құжаттарды тапсырады?

5. Сақтандыру төлемін төлеген сақтандырушы сақтанушыдан қандай жағдайларда төленген сома көлемін кері қайтару құқықтарына ие?

11-дәріс. Мүліктік сақтандыру

Мүліктік сақтандыру – бұл сақтандырудың бір саласы, мұнда сақтандыру құқық қатынастарының объектісі болып әр түрдегі мүлік саналады. Мүлік болып жеке және заңды тұлғаның жеке меншігінде және оперативтік басқаруындағы заттар мен материалдық құндылықтардың жиынтығы түсіндіріледі. Мүліктің құрамына, сол сияқты бағалы қағаздар мен ақшалар кіреді және заттарды алуға мүліктік құқықтар мен басқа тұлғалардан мүліктік қанағат алу.

Мүлік сақтандырудың экономикалық мазмұны зиян тигізу нәтижесінде пайда болған қатысушылардың шығындарын толтыруға арналған ерекше сақтандыру қорын ұымдастыру және оны пайдаланудан турады. Бұл жерде, сақтандырылған болып сақтанушының (сақтандыру қорының қатысушысы) меншігі болып табылатын мүлік болуы мүмкін. Сондай-ақ, оның қол астындағы, қолдануындағы және әміріндегі мүліктер жатады. Сақтанушылар болып тек қана мүлік иелері саналмайды, сонымен қатар басқа оның сақталуына жауап беретін заңды және жеке тұлғалар жатады.

Бөтен және жеке мүліктің сақтандыру шарттары бір-бірінен өзгеше болуы мүмкін. Бұл, сақтандырудың нақты ережелерінен көрінеді. Сақтандыру мақсатында, мүлікті - шаруашылық субъектілердің түрлері бойынша жіктеу қалыптасқан. Сондықтан, мүлікті сақтандыруда мыналар ажыратылады:

  • өнеркәсіптік кәсіпорындар мүлігі;

  • ауыл шаруашылық кәсіпорындар және фермерлік шаруашылықтар мүлігі;

  • қоғамдық ұйымдар мүлігі;

  • мемлекеттік кәсіпорындар және мекемелер мүлігі;

  • банктер және басқалай қаржы несие институттар мүлігі;

  • кооперативтер мүлігі;

  • көлік және байланыс мекемелер мүлігі;

  • азаматтар мүлігі.

Сақтандыруға жататын мүлік құрамы мыналарды қамтиды:

  • үйлер, ғимараттар, құралдар, курделі құрылыстың бітпеген объектілері, көлік құралдары, машиналар, құрал-жабдықтар, инвентарлар, тауарлы материалдық құндылықтар және кәсіпорын мен ұйымға жататын басқа мүліктер (негізгі келісім-шарт);

  • комиссияалық түрде, сақтауға, қайта өңдеуге, тасымалдауға және т.б. (қосымша келісім-шарт бойынша) ұйымдармен қабылданған мүлік;

  • ауылшаруашылық малдары, үйретілген аңдар, қояндар, үй құсы және ара ұялары.

  • уыл шаруашылық культураларының астығы.

Толық құны және осы құнның белгілі үлесі (пайыз түрінде) негізінде кәсіпорынға жататын мүлікті сақтандырудың келісім-шарты жасалады; құрылыстық сақтандыру бойынша – Қ.Р-сы территориясындағы сақтандыру компаниялары, «Қозғалмайтын мүлікті бағалау орталығыныңң құнынан төмен емес толық және белгілі үлесі бойынша сақтандырады.

Мүлікті сақтандыруда, яғни оның құнын бағалауда келесі шектер қабылданған:

  • негізгі қорлар үшін: максималды-баланстық құны, бірақ олардың жойылу күнгі қайта өндіру құнынан жоғары болмауы тиіс;

  • айналым қорлары үшін: орташа нарықтық тәуелсіз бағамен және жеке өнідірістік бағамен есептелген өзіндік құны алынады;

  • аяқталмаған құрылыс үшін - сақтандыру жағдайы туындаған кезге өндірлген материалдық және еңбек ресурстар шығындары көлемінде есептеледі. Сақтауға, қайта өңдеуге, жөндеуге, тасымалдауға басқа ұйымдардан және халықтан алынған мүлік, алынған құнымен сақтандырылған болып табылады.

Мүлікті сақтандыру ажал немесе өрт жағдайында, борандар, дауылдар, нөсерлер, бұршақтар, опырлып құлау, қалдық сулардың әрекеттері, апаттар (бұның ішіне көлік құралдары, жылу жүйелері, су өткізгіш және канализациялық жүйелер де кіреді) болғанда жүргізіледі. Сақтандыру өтемі барлық жойылған және зақымдалған мүлік үшін төленеді, сонымен қатар сақтанушыға келісім-шарт әрекет ету мерзімінде түскен мүліктер үшін де төленеді. Тасымалдаушының, жүктің жойылуына және зақымдалуына байланысты, жауапкершілігі тасымалдау келісім-шартында анықталмаған жағдайда да, жүкті тасымалдау кезінде сақтандырылған мүлікті тасымалданғанда жойылып және зақымдалса сақтандыру өтемі төленеді. Сақтандыру өтемі мүліктің жойылуы және зақымдануы кезіндегі орналасқан жеріне қарамастан төленеді; ал басқа ұйымдардан және халықтан алынған мүлік үшін, тек сақтандыру туралы арызында көрсетілген жойылу және зақымдану орындары бойынша төленеді. Өзінің ерекшілігі бойынша сақтандырудың бұл саласында ауыл шаруашылығы субъектілерінің мүліктерін сақтандыру және азаматтар мүліктерін сақтандыру айрықшаланады.

Ауыл шаруашылық кәсіпорында келесі мүліктер сақтандырылуы мүмкін:

  1. ауыл шаруашылық культураларының өнімі;

  2. ауыл шаруашылық малдары, үй құсы, ара ұялары, аңдар;

  3. үйлер, ғимараттар, құралдар, жеткізуші қондырғылар, жұмысшы, қуатты және басқа да машиналар және құрал-жабдықтар, инвентарлар, шикізат, материалдар және көп жылдық көшеттер.

Азаматтардың мүліктерін сақтандыру жою, ажал, шығындар, қайғылы жағдайлар, бақытсыз оқиғалар немесе басқа да көңілсіз оқиғалар нәтижесінде зақымданған жағдайында жүргізіледі. Азаматтардың мүлігі болып үй - тұрмыстық мүліктері, жеке шаруашылықта қолданылатын және отбасының жеке қажеттілігін тұрмыстық және мәдени тұрғыдан қанағаттандыруға арналған күнделікті тұтыну заттары қарастырылады. Азаматтардың мүліктік сақтандырудың объектісі есебінде құжаттар, бағалы қағаздар, ақша белгілері, қол жазбалар, жинақтар, басқа тасттар, қымбат металдардың бұйымдары, тастар, діндік заттары және тағы басқа заттар болып саналмайды. Сақтандыру қойылымның көлемдері сақтандырудың ережелерімен қаралады және келісім шарттарымен анықталады.

Азаматтардың мүліктік сақтандырудағы зияны болып мыналар табылады:

  • заттың жойылуы немесе тартып алынуы жағдайында – оның негізгі құны нарықтық баға бойынша анықталады;

  • заттың зақымдалу жағдайында - оның негізгі құнымен сақтандыру жағдайының нәтижесінде күнсыздандырылуы есепке алынған құнның арасындағы айырма саналады.

Зиян сомасына мүлікті құтқару және сақтандыру жағдайының пайда болуына байланысты, оны ретке келтіру шығындары жатады. Мұндай шығындардың көлемі шұғыл түрдегі жұмыстың нормасы және тарифы бойынша есептеледі.

Әдебиет: 11 нег. [100-126], 18 қос. [45-64]

Бақылау сұрақтары

1. Сақтанушы жауапкершілігінің шекті көлемінің мөлшері бір сақтандыру жағдайы бойынша?

2. Сақтандырушыдан сақтандыру төлемін талап ету үшін сақтанушы қандай құжаттарды тапсырады?

3. Сақтандыру төлемін төлеген сақтандырушы сақтанушыдан қандай жағдайларда төленген сома көлемін кері қайтару құқықтарына ие?

4. Мүлік сақтандырудың экономикалық мәні мен мазмұнын ашып көрсетіңіз?

12-дәріс. Жеке сақтандыру

Жеке сақтандыру – бұл адам өміріне оның еңбек қабілеттілігі мен денсаулығына қауіп төндіретін тәуекелдердің алдын алу түрі. Өмір және өлімді ақшалай түрде объективті бағалау мүмкін емес. Сақтанушы мүгедектік және өлім жағдайына ұшыраса, материалдық қиындықтардың тек орнын толтыруға тырысуы мүмкін. Қорғаудың осы түрі құқықтық көзқарасы бойынша келісім-шартпен бекітіледі. Жеке сақтандырудың келісім-шарты-азаматтық-құқықтық келісім, бұл келісім бойынша алдын ала алынған сақтандыру төлемінің есебінен сақтандырушы сақтандыру жағдайы туындаған кезде жасалған шығынның белгілі мерзімде орнын толтыруға, ренталар және басқа да белгілі төлемдерді төлеуге міндеттеледі.

Мүліктік сақтандыруға қарағанда жеке сақтандыруда объективті айқындалған мідденің болмауы мүмкін, бірақ сақтандыру сомасы мен сақтанушы шеккен залалдардың арасында байланыс орын алады. Жеке сақтандыруда тәуекелге ұшырайтын адамның өзі сақтандыру объектісі ретінде көрініс табады, яғни оның өмірі, денсаулығымен байланысты. Сақтандыру сомалары табылған материалдық шығынның немесе залалдың құнын білдірмейді, олар объективті түрде нақтыланбай сақтанушының материалдық қабылетінің негізінде талап-тілектерімен анықталады. Мүліктік сақтандырудағы сияқты жеке сақтандырудың келісім-шарты міндетті немесе ерікті болуы мүмкін және бұдан басқа ұзақ және қысқа мерзімді болады. Жеке сақтандырудың әр түрі бойынша сәйкес келісім-шарттар жасалады.

Жеке сақтандыру әр түрлі негізде жіктеледі. Тәуекелдіктің мөлшері бойынша:

  • қалған өмірін немесе өлім жағдайын сақтандыру;

  • мүгедектік немесе жарамсыздық жағдайын сақтандыру;

  • медициналық шығындарды сақтандыру.

Сақтандырудың жеке түрі бойынша:

  • өмірді сақтандыру;

  • бақытсыз жағдайлардан сақтандыру.

Келісім-шартта көрсетілген тұлғалардың саны бойынша:

    • жеке сақтандыру ( жеке тұлға сақтанушының рөлінде);

    • ұйымдық сақтандыру. (сақтанушылар ретінде жеке тұлғалардың бір тобы).

Сақтандыруды қамтамасыз етіудің мерзімі бойынша:

  • қысқа мерзімді (1 жылға дейін);

  • орта мерзімді (1 - 5 жыл);

  • ұзақ мерзімді (6 – 15 жыл).

Сақтандыру төлемдерін төлеп беру формасы бойынша:

  • сақтандыру сомасын бір уақтылы төлеп беру;

  • сақтандыру сомасын рента түрінде төлеп беру.

Сақтандыру сыйақысын төлеп беру формасы бойынша:

  • бір уақтылы сыйақыларды төлеп беру арқылы сақтандыру;

  • сыйақыны әр жыл сайын төлеп беру арқылы сақтандыру;

  • сыйақыны әр ай сайын төлеп беру арқылы сақтандыру.

Өмірді сақтандыру жеке сақтандырудың кең жайылған және әдетті бір түрі болып табылады. Егер сақтандыру мерзімі ішінде сақтанушының өмірінде қаралған сақтандыру жағдайы туындаған кезде, сақтандырушы алынған сыйақының (сақтанушы төлейтін сыйақы) есебінен белгіленген сақтандыру сомасын төлеп беру міндетін келісім шартпен бекітеді. Сақтандыру оқиғасы болып сақтанушының өлімі немесе және өмір ұзақтығы және қалған өмірі саналады. Сақтандыру келісім-шартының бір тұлғамен жасалған сияқты бірнеше тұлғалар тобымен де жасалуы жеке сақтандырудың ерекшілігі болып табылады. Қандай да бір байланысымен және қызығушылығымен біріккен тұлғалар тобының топтық (ұйымдық) сақтандыруы бір полиспен іске асырылады.

Ұйымдық сақтандырудың негізгі түрлері:

  • қосымша төлемдерсіз бір жылға созылған уақытша жаңарған сақтандыру;

  • жесірлік, жетімдік және мүгедектік бойынша ренталар;

  • сақтандыру сомасын ұзақ мерзімде төлеп беру арқылы сақтандыру;

  • зейнетақы жағдайымен байланысты ренталар.

Жеке сақтандырудың неғұрлым кеңінен таралған түрі болып бақытсыз жағдайлардан сақтандыру болып табылады. Сақтандыру келісім-шартының әрекет етіу мерзімінде табылған сақтандыру жағдайлары болып келесі оқиғалар танылады:

  • жалпы еңбек қабілеттіктің сақтанушымен уақытша жоғалтуы; 16 жастағы тулғалардың денсаулығына зиян тигізу (5 күнен жоғары);

  • сақтанушымен жалпы еңбек қабілеттіліктің тұрақты жоғалтуы (мүгедектің байқалуы);

  • жарақат салдарынан туындаған, улану және басқа да бақытсыз жағдайлардағы сақтанушының өлімі.

Құзырлы органдарының заңдық ретте берген құжаттармен расталған (медициналық мекемелер, сот және т.б.), сақтандыру келісім шарты әрекет ету мерзімінде бақытсыз жағдайлар салдарынан болған оқиғалар, сақтандыру жағдайлары болып табылады. Сол сияқты бақытсыз жағдайдың күнінен бастап 1 жыл ішінде болған, сақтандыру келісім-шартты әрекет етіу мерзімінде болған бақытсыз жағдайдың салдарынан туындаған сақтандыру оқиғалары да сақтандыру жағдайлары болып мойындалады. Сақтандырудың келісім-шарттары бойынша төлем төленбейді, егер бақытсыз жағдайдың себептері мыналар болса:

  • сақтандыру жағдайын туындатуға әкеліп соққан сақтанушының әдейі-іс әрекеті (14 жас және одан жоғары жастағы балалар үшін);

  • сақтандыру жағдайын туындатуға әкеліп соққан пайда алушының әдейі іс -әрекеті;

  • үшінші тулғалардың заңсыз іс әрекеті әсерінен сақтанушының өзін-өзі өлтіруды қоспағанда, өзін-өзі өлтіру (сақтанушының өзіне қол жұмсауға мәжбүрлеу);

  • дене жарақаттарды сақтанушымен өзіне әдейі салуы.

Бақытсыз жағдайды туындататың келесі оқиғаларда, сақтандырушы сақтандыру төлемін төлемейді:

  • халықтың көтерілісі және шеруі, әскери іс әрекет салдары;

  • радияциялық және радиоактивты залал, ядролық жарылыс.

Сақтандыру сомасы тараптарының келісімі бойынша белгіленеді және 1000 теңгеден кем болуы мүмкін емес. Сақтандыру төлемдерінің көлемі сақтандыру тәуекелділігі және сақтандыру мерзіміне байланысты келесі бір жыл үшін сақтандыру сомасының %-мен белгіленеді:

  • орта, арнайы және жоғары оқу орындарда оқитын оқушылар, үй шаруасы және жұмыссыз зейнеткерлерді сақтандыруда - 1%;

  • жарақат алудың жоғарғы тәуекелдігі жоқ, кәсіпорындарда жұмыс істейтін тұлғаларды сақтатандыру - 3%;

  • жарақат алудың жоғарғы тәуекелдігі бар жұмыс шартында қызмет ететін тұлғаларды сақтандыру - 5%;

  • бақытсыз жағдайдың болу мүмкіндігі жоғарғы тәуекелділікпен байланысты жұмыстағы тұлғаларды сақтандыру - 10%.

Сақтанушы сақтандыру төлемін бір уақытта және бөліп төлеуі мүмкін, бірақ 2 мерзімнен көп емес уақытта. 1-ші төлем, белгіленген төлем сомасынын 50% нан аз болмайды . 2-ші төлем, 1-ші төлем төленгеннен кейін 3 ай ішінде төленуі тиіс. Сақтанушы төлемдерді келесідей төлеуі мүмкін:

  • колма-қолсыз есептесу жолымен, кәсіпоырын, мекеме ұйымының бухгалтериясы және банктегі шот арқылы;

  • қолма-қол ақшамен, міндетті сақтандырушының өкіліне - бырақ ол белгіленген нысандағы квитанцияны беруі тиіс.

Келісім – шартты бекітудің негізі болып сақтанушының арызы табылады. Сақтанушы бақытсыз оқиғадан мерт болған жағдайында басқа туысқанын сақтандыру өтемін алуды белгілеуіне құқығы бар. Сақтандыру келісім – шарты кез-келген мерзімге жасалуы мүмкін, келісім – шарттың әрекет ету мерзімі тараптардың келісімі бойынша белгіленеді. Сақтандыру келісім шарты мынандай төлемдерді төлеуде күшіне енеді:

  • сақтандырушының өкіліне қолма-қол ақшаны төлеп, яғни төленгеннен соң келесі күннен бастап;

  • банк мекесі арқылы және қолма-қолсыз есептеу жолымен төлеп, яғни есептелген сақтандыру төлемдер сомасы төленгеннен соң келесі күннен бастап.

Төлеу күні болып сақтандыру төлем сомасының сақтандырушы шотына түскен мерзімі саналады. 1 жылдан кем жасалынған келісім-шарт бойынша, сақтандыру төлемдері сақтандырудың әр айына 1/12 жылдың төлемімен есептеліп төленеді. Сақтандыру төлемі төленгеннен соң, сақтанушыға сақтандыру полисі беріледі. Полистің жоғалуы жағдайында, сақтанушының арызы негізінде, сақтандырушы сақтанушыға полистің көшірмесін береді. Будан кейін жоғалған полис жарамсыз болып есептеледі және ол бойынша төлем төленбейді. Сақтандыру келісім-шарты келесі іс-әрекет жағдайларында тоқтатылады:

- іс-әрекет мерзімінің аяқталуында;

- толық түрде сақтандырушы өзінің міндеттерін орындауда;

- сақтанушы мерт болған дағдайда;

  • келісім-шарт бойынша сақтандырушы белгілеген мезгілінде сақтандыру төлемдерін сақтанушымен төлемеуі, бұл жағдайда сақтандыру келесім-шарттың іс-әрекеті кезекті төлеу мерзімі біткеннен кейін кезекті төлеу күннен бастап тоқтатылады, егер бұл уақытқа дейін есептелген сома сақтандырушының шотына түспесе;

- Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіппен сақтандырушының жойылуы.

Сақтандыру жағдайы болған жағдайда сақтандырушы сақтанушыға келісім-шарт бойынша шартты сақтандыру өтемін төлеуге міндетті. Келісім-шарт бойынша сақтандыру өтемі сақтандыру сомасынан аспауы тиіс. Бақытсыз оқиға нәтижесінде қайтыс болған сақтанушыға сақтандыру сомасы, сақтандыру төлем көлемінде төленеді. Егер, бақытсыз оқиға мүгедектікке әкеліп соқса сақтандыру өтемі келесі мөлшерлерде төленеді:

І топ - сақтандыру сомасының 100% көлемінде;

ІІ топ - сақтандыру сомасының 80% көлемінде;

ІІІ топ - сақтандыру сомасының 60% көлемінде.

Егер бақытсыз жағдай өлімге немесе мүгедектікке әкеліп соқпаса, бірақ сақтанушы үздіксіз мерзімді (5 күннен аз емес) станционарлық және амбулаториялық емдеуді талап етсе, әр емделген күні үшін сақтандыру сомасының 0,5 % төленеді, ол төлемдер 50 күн үздіксіз емдеуден артық төленбейді. Сақтандыру төлемін бөліп төлеу кезінде, сақтандыру төлемі жылдық сома және түскен сома айырмасы көлемінде сақтандыру өтелімінен ұсталынады. Егер, бақытсыз оқиға нәтижесінде, ұзақ стационарлық және амбулаториялық емдеу қажет етілген жағдайда, сақтандыру өтелімі төленіп кетсе, онда мүгедектікті тағайындағаннан кейін сақтандыру өтемін төлеуде алдын ала төленген өтелім сомасы устап алынады. Сақтандыру өтелімі келесі жағдайда төленеді:

  • сақтанушы мерт болған жағдайында - заң бойынша пайда алушыға (выгодоприобретатель) және мурагерге;

  • мүгедектік байқалған кезінде, амбулаториялық және стационариялық емдеуде - сақтанушының өзіне (егер сақтандырылған бала болса – сақтанушыға).

Сақтандыру өтелімін алу үшін сақтанушы сақтандырушыға келесі құжаттарды шұғыл түрде тапсыру керек:

а) мүгедектілік тағайындалған жағдайда:

- арызын;

- сақтандыру полисін;

- бақытсыз жағдай туралы акт немесе медициналық мекеменің анықтама қағазын;

- мемлекеттік өкілетті органның мүгедектік туралы бекіттемесін;

б) стационарлық және амбулаториялық емдеу кезінде:

- арызын;

- сақтандыру полисін;

- еңбекке жарамсыздық туралы қағаз немесе медициналық мекеменің анықтамасын;

в) сақтанушының мерт болған жағдайында пайда алушы және мұрагер сақтандырушыға заң бойынша мынадай құжаттарды тапсыруға міндетті:

  • арызын;

  • сақтандыру полисін;

- бақытсыз жағдай туралы акт немесе анықтама қағазын;

- өлім туралы куәлігінің көшірмесін;

- мұрагерлік құқық туралы куәлік.

Сақтандыру өтелімі мыналар үшін төленеді:

  • жарақаттар (соғып алу, жаралау, буыннын таюы немесе сүйектін сынуы, патологиялық сынықтардан тыс, бұлшық еттердің ыдырауы, еріндердің кебірсуі, ішкі органдардың зақымдалуы, үсіп қалуы, тістердің жарақаттық жойылуы, құлаққа зақым келуі, тоқпен соғу, басылып қалу), бақытсыз оқиғасының нәтижесінде, ұулы өсімдіктер, химиялық заттардың, сапасыз тағамдардың (сальмонеллеза, дизентерия), ішкі органдарды алып тастауға мәжбүрлеген - дәрі дәрмек, патологиялық босану,маткадан тыс жүкті болу, клещ энцефалитімен ауру әсерінен ұлану, егер олар сақтандыру келісім шарттың мерзімінде орын алса;

  • жоғарыда көрсетілген жағдайлардан басқа жағдайда сақтанушының мерт болуы, сондай-ак дем алу жолдарына басқа заттардың кездейсоқ түсүі (егер, сақтанушы ауру қалында болса қусудан тыс және алкогольдік, наркотикалық, токсикалық мастанудан тыс) суға батып қалуы, анафилактикалық дағдарыстан, 36 градустан төмен дененің суып кетуінен (суық тиюден мерт болудан басқа).

Әдебиет: 11 нег. [100-126], 18 қос. [45-64]

Бақылау сұрақтары

1. Жеке сақтандыру дегеніміз не?

2. Жеке сақтандыруды әр түрлі негізде жіктеп беріңіз?

3. Жеке сақтандыруда сақтандыру өтелімі қандай жағдайда төленеді?

13-дәріс. Жолаушылар алдындағы тасымалдаушының азаматтық - құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру

Жолаушылар алдындағы тасымалдаушының азаматтық - құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың (әрі қарай - тасымалдаушы жауапкершілігін міндетті сақтандыру) объектісі болып тасымалданушының мүліктік қызығұшылығы, яғни жолаушыларды тасымалдауда олардың өміріне, денсаулығына немесе мүлігіне келтірген зиянды өтеп беруде, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген міндеттерімен байланысты тасымалдаушының мүліктік қызығұшылығы табылады. Ал, жолаушыларды тасымалдау кезінде, сақтандыру өтелімін төлеу арқыры олардың мүліктік қызығұшылығын қорғауды қамтамасыз ету, тасымалдаушы жауапкершілігін міндетті сақтандырудың мақсаты.

Тасымалдаушы жауапкершілігін міндетті сақтандырудың негізінде келесі қағидалар орын алады:

  • зиян шегушілердің мүліктік қызығұшылығын қорғауды қамтамасыз ету;

  • тасымалдаушы жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша, жолаушылардың сақтандыру полисінің негізінде оларды және мүліктерін тасымалдауын қамтамасыз ету;

  • тасымалдаушы жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім-шарты бойынша тараптардың өз міндеттерін орындауды қамтамасыз ету.

Теңіз, ішкі су, әуе, автомобиль және қалалық электрлі көліктермен тасымалдайтын, Қазақстан Республикасының тасымалданушылар резиденттерінің азаматтық - құқықтық жауапкершілігі сақтандыруға жатады. Сонымен бірге, жолаушыларды және олардың мүліктерін тасымалдауда қолданылатын көлік құралының әр бірлігі бойынша тасымалдаушының жауапкершілігі сақтандыруға жатады. Тасымалдаушыны, жолаушылардың алдында тасымалдаушының азаматтық – құқықтық жауапкершілігін ерікті сақтандыру келісім шартының жасалуы тасымалдаушы жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім-шартын жасау міндетінен босатпайды. Сақтандырушымен сақтанушының арасындағы жасалынатын келісім шарттың негізінде тасымалдаушы жауапкершілігін міндетті сақтандыру іске асырылады. Бұл келісім шартта, мүліктің тауарлық қүның жоғалтуды қоса алғанда зиян шегушінің табысын жоғалтумен моральдық зиянды өтеуді, сонымен бірге тауарды жеткізу немесе жұмысты өндіру мерзімінің бұзылуымен байланысты айып-пұлдың орнын толтыруды және келісім шарттағы басқа міндеттемелерді қоспағанда, зиян шегушінің мүлігіне немесе денсаулығына, өміріне зиян келтірумен байланысты міндеттемелер бойынша сақтандыру өтелімін жасау қарастырылады. Келісм шарт, сақтанушыға сақтандырушымен жазбаша түрде сақтандыру полисін беру арқылы, міндетті сақтандырудың осы түрі (сынып) бойынша қызмет етуге құқығын айқындайтын лицензиясы бар сақтандырушымен жасалынады. Бұл жерде, тасымалдаушы жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім шартың жасаудың негізі болып сақтанушының өтініші табылады. Тасымалдаушы жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім-шартында көрсетілген жағдайлардың толық еместігіне сақтандырушы жауапты. Сақтанушы сақтандырушыны таңдауында ерікті.

Тасымалдаушы жауапкершілігін міндетті сақтандыруды іске асыруда көлік құралының бірлігіне сақтандыру сыйақыларының келесідей жылдық көлемі белгіленеді (айлық есептеу көрсеткіштерінде):

№ п/п

Көлік құралының аталымы

Жылдық сақтандыру сыйақысының көлемі

1

Автомобильді:

- жеңіл автокөліктер, автобустар, шағын автобустар:

4 жолаушы орнына дейін қоса есептегенде

4 -тен 7 – ден дейін дейін қоса есептегенде

7-ден 16 – ға дейін дейін қоса есептегенде

16-дан 30-ға дейін дейін қоса есептегенде

30-дан жоғары жолау орнынан

- трамвайлар, троллейбустар

3

5

11.5

16

23

7

2

Әуе:

- ұшақтар:

50 жолаушы орнына дейін қоса есептегенде

50-ден 120-ға дейін қоса есептегенде

120-дан 200-ге дейін қоса есептегенде

200-ден жоғары

- тік ұшақтар

400

990

2180

3820

135

3

Теңіздік:

50 жолаушы орнына дейін қоса есептегенде

50-ден 100-ге дейін қоса есептегенде

100-ден 150 дейін қоса есептегенде

150-ден 300 дейін қоса есептегенде

300-ден жоғары

50

100

150

300

530

4

Ішкі су:

50 жолаушы орнына дейін

50-ден 100-ге дейін қоса есептегенде

100-ден 150-ге дейін қоса есептегенде

150-ден 300-ге дейін қоса есептегенде

300-ден жоғары

17.5

35

50

90

160

Темір жол тасымалдауларын атқаратын тасымалдаушы жауапкершілігінің міндетті сақтандыру бойынша, сақтандыру сыйақысының мөлшері, тасымалдаушы жауапкершілігін сақтандыру келісім шартының іске асыру мерзімінде Қазақстан Республикасы аумағы бойынша, жолаушыларды және олардың мүлігін тасымалдау қызметін көрсетуден табылған табыстын сомасынан 0,2 пайыздың көлемінде белгіленеді, ол бір ай аралығында алынған табыстын көлемінен айсайын төленентін сақтандыру қойылымы ретінде төленеді. 12-ай мерзімінен кем уақытқа тасымалдаушы жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім - шартын жасасқанда келесі көлемде сақтандыру сыйақылары белгіленеді (Кесте 2).

Тасымалдаушы жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім-шартты сақтанушының сақтандыру сыйақысын төлеген уақытынан бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады, ал оны бөліп төлеген кезде алғашқы сақтандыру қойылымы төленгеннен кейін енеді. Сақтандыру селісім шарты күшіне енген уақытан бастап 12 ай мерзіміне жасалынады және барлық сақтандыру мерзімінде әрекет етеді, сонымен қатар өзінің іс-әрекетін алғашқы сақтандыру оқиғасы бойынша тоқтатпайды. Егер тасымалдаушының жолаушыларды және олардың мүліктерін тасмалдауды іске асыру құқығы 12 айдан аз мерзімде бітсе, онда тасымалдаушы жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім-шарты тек сол кезеңде жасалады. Тасмалдаушы жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім-шартының мерзімінен ерте тоқталуы үшін сақтанушы (сақтанушының өлімі жағдайында - мұрагері) сақтандырушыға жазбалы түрде арыз береді.

Кесте 2.

№п/п

Сақтандыру мерзімі

Сақтандыру сыйақысының көлемі (жылдық сақтандыру

сыйақысының % түрінде )

1

1 айға дейін қоса алғанда

20

2

1 айдан 2 айға дейін қоса алғанда

30

3

2 айдан 3 айға дейін қоса алғанда

40

4

3 айдан 4 айға дейін қоса алғанда

50

5

4 айдан 5 айға дейін қоса алғанда

60

6

5 айдан 6 айға дейін қоса алғанда

70

7

6 айдан 7 айға дейін қоса алғанда

75

8

7 айдан 8 айға дейін қоса алғанда

80

9

8 айдан 9 айға дейін қоса алғанда

85

10

9 айдан 10 айға дейін қоса алғанда

90

11

10 айдан 11айға дейін қоса алғанда

95

12

11 айдан жоғары

100

Тасмалдаушы жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім-шартының мерзімінен ерте тоқталуы кезінде сақтанушы сақтандыру сыйақысын келесі көлемдерде қайтарып алуға құқығы бар:

№п/п

Тасымалдаушы жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім шартының күшіне енген уақытынын бастап оның мерзімінен ерте аяқталуына деінгі мерзім.

Сақтандыру сыйақысының сақтандырушымен ұстап қалу көлемі (жылдық сақтандыру

сыйақысының % түрінде )

1

1 айға дейін қоса алғанда

20

2

1 айдан 2 айға дейін қоса алғанда

30

3

2 айдан 3 айға дейін қоса алғанда

40

4

3 айдан 4 айға дейін қоса алғанда

50

5

4 айдан 5 айға дейін қоса алғанда

60

6

5 айдан 6 айға дейін қоса алғанда

70

7

6 айдан 7 айға дейін қоса алғанда

75

8

7 айдан 8 айға дейін қоса алғанда

80

9

8 айдан 9 айға дейін қоса алғанда

85

10

9 айдан 10 айға дейін қоса алғанда

90

11

10 айдан 11айға дейін қоса алғанда

95

12

11 айдан жоғары

100

Темір жол тасымалдау қызметімен айналысатын тасмалдаушының жолаушы алдындағы жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім-шартын жасасқанда, сақтандыру сыйақысының мөлшері тасмалдаушы жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім-шартын іске асыру мерзімі бойы, сақтандыру тәуекелін бағалау негізінде, Қазақстан Республикасынын аумағында жолаушы және олардың мүліктерін тасымалдау арқылы табылған табыстын колемінен 0,5 пайыздан аспайтын шекте көбейтілуі мүмкін. Темір жолдан басқа жолаушы тасымалдаудың басқа түрлерін іске асыратын тасымалдаушы жауапкершілігін сақтандыру келісім-шартың жасауда, сақтандыру тәуекелін бағалау нәтижесінде, сақтандыру сыйақысының мөлшері сақтандырушымен 50%-дан көп емес шекте өсуі мүмкін.

Тасымалдаушы жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша, сақтандыру оқиғасы болып тасымалдаушымен жолаушыларды тасымалдаған кезде олардың мүлкіне, деңсаулығына, өміріне тигізілген зиянның орнын толтырудағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің болу жасау фактісі саналады. Жапа шегушінің өміріне және деңсаулығына тигізілген зиян, өзіне, оның өлімі уақытша немесе тұрақты еңбек қабілеттілігінің жоғалуымен байланысты зиянның материалдық түрін қамтиді. Жапа шегушінің өміріне және денсаулығына тигізілген зиянның көлемі сәйкес ұйымдар берген құжаттар негізінде анықталады. Жапа шегушінің мүлігіне тигізілген зиян өзіне тасымалдау кезінде, тасымалдаушы тасымалдауға қабылдаған жүк немесе жолаушының жанындағы мүлік, жолаушының жойылған мәні бар және зақымдалған мүліктің құнын қамтиді. Жүктін жоғалуы, кемістігі және зақымдауында немесе жолаушының жанындағы заттарына, тасымалдаушының кінәсы бойынша тигізілген зиян көлемі келесі түрде анықталады:

  • жолаушының жанындағы заттарының, жүктің жоғалу немесе жетіспеу жағдайында – олардың құнының көлемінде;

  • жолаушының жанындағы заттары, жүктің зақымдалу жағдайында – олардың қүнының төмендетілген көлемінде, ал зақымдалған жүкті қалпына кетіру мүмкінсіз болғанда нақты қүнының көлемінде;

  • тасымалдауға берілген жүктің жоғалуы жағдайында оның бағасын жариялауымен бірге - жүктің жарияланған бағасы көлемінде төленеді.

Сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемі бір сақтандыру оқиғасы бойынша келісіні құрайды (айлық есептеу көрсеткішінде):

  1. теңіз және әуе тасымалдаулары бойынша:

- әр жапа шегушінің өміріне және денсаулығына зиян үшін:

ажал болған жағдайда – 2000;

мүгедектің белгіленуі:

І топ – 1600;

ІІ топ – 1200;

ІІІ топ – 800;

- жара - жарақат немесе мүгедектің белгіленуінсіз денсаулықтың басқа зақымдалуы – амбулаторлық немесе стационарлық емдеудің емдеу шығындары көлеміне тең, бір-ақ 200-ден көп емес;

- осымен бірге сационарлық емдеудің әр күні үшін айлық есептеу көрсекішінің 1,5-нан кем болмауы керек;

- әр жапа шегушінің мүлкіне тигізілген зиян үшін - тигізілген зиян көлемінде, бірақ 250-ден көп емес;

2) темір жол, ішкі су және автомобильді тасымалдаулар бойынша:

- әр жапа шегушінің өмірі мен денсаулығына тигізіген зияны үшін:

ажал болған жағдайда - 1000;

мүгедектің белгіленуі:

І топ - 800;

ІІ топ - 600;

ІІІ топ - 400;

- жара - жарақат немесе мүгедектің белгіленуінсіз денсаулықтың зақымдалуы - амбулаторлық немесе сационарлық емдеудің емдеу шығындары көлемдеріне тең, бірақ 200-ден көп емес;

- осымен бірге стационарлық емдеудің әр күні үшін айлық есептеу көрсеткішінің 1,5 - нан кем болмауы керек;

  • әр жапа шегушінің мүлкіне тигізілген зиян үшін - тигізілген зиян көлемінде, бірақ 250-ден көп емес.

Тасымалдаушы жауапкершілігін міндетті сақтандыру келісім- шарты бойынша франшизасы бір сақтандыру жағдайы және әр жапа шегуші бойынша айлық есептеу көсеткішінің 5 есе көлемін құрайды. Тигізілген зиянның көлемі белгіленген франшиза көлемінен асып кеткен жағдайларда сақтандыру өтелімі толық көлемде төленеді. Жапа шегүшінің өміріне және денсаулығына тигізілген зияны үшін сақтандыру төлемі франшизаның қолданылынуынсыз іске асырылады.

Сақтандыру өтелімін төлеу туралы талаптар, сақтанушы немесе табыс алушы болып табылатын басқа тұлғамен сақтандырушыға, сақтандыру төлемдерін төлеуге қажетті және міндетті құжаттар негізінде жазбалы түрде қойылады. Сақтандыру өтілімін төлеу туралы арызбен бірге, келесі түрдегі құжаттар талап етіледі:

- сақтандыру полисі (оның көшірмесі);

- сақтандыру жағдайын және жапа шегушілерге тигізілген зиян көлемін растайтын құжаты;

- тасымалдаушының, көлікте болған сақтандыру жағдайы туралы жасаған актісі;

- жолаушыға билет беру немесе заң жүзінде белгіленген бетімен безендірілген күәлік көрсеткіштер жағдайында, жол жүру билеті немесе оның орнын ауыстыратын, құжаты (билеттерді сату тізбесінің көшірмесі немесе тасымалдаушы арқылы расталған билет);

- уақытша мерзімді еңбекке жарамсыздық туралы денсаулық сақтау ұйымының анықтамасының көшірмесі немесе жапа шегушінің мүгедектігінің белгіленуі туралы арнайы мекемелердің анықтамасы - оның белгіленуі жағдайында;

- наториалды расталған, жапа шегушінің өлімі туралы жеке куәлік көшірмесінің және пайда алушының зиян орнын толтыру құқығын растайтын құжаты (көшірмесі) – оның мерт болған жағдайында;

- жапа шегушінің жоғалған, жетпенген немесе зақымдалған мүлігінің тізімі - мүлекке зиян тигізілген жағдайында;

- сақтандыру оқиғасы болған кезде шығынның көлемін ескету немесе азайту мақсатында, сақтанушының шеккен шығындарын растайтын құжаты - олардың бар жағдайында.

Аталған құжаттарды сақтандырушымен алған күннен бастап, сақтандыру өтелімі 7 жұмыс күні ішінде төленеді. Егерде, сақтандыру төлемінің мөлшері табыс алушымен (выгодоприобретатель) өз пайдасына талап етілсе, бұл жағдайда сақтандырушы осы мерзімде дауылға салынбайтын бөлігін төлеп беруге тиіс. Дауылға салынған бөлігін сақтандырушы бейбіт келісім-шарт жасасқан күннен бастап үш күнның ішінде және осы дау бойынша шешімнің заңдық күшіне енгені жайында соттың бекітілуімен төлеуі керек. Зиян шегушінің денсаулығы күрт нашарласа (мүгедектік және жоғары деңгейдегі мүгедектік байқалса) немесе өлім жағдайы орын алса, сақтандырушы зиян шегушінің түсірген арызы негізінде және осыған сәйкес құжат бойынша сақтандыру төлемінің сомасын қайта есептеуге міндетті. Сақтандыру өтелімін қайта есептеуде алдан ала төленген сомалар есепке алынады.

Сақтандыру төлемін төлеген сақтандырушы сақтанушыдан келесі жағдайларда төленген сома көлемін кері қайтару құқықтарына ие, егер:

- шұғыл қорғаныс және өте шұғылдылық жағдайында істелген әрекеттен тыс, сақтандыру жағдайын тудыратын немесе оның пайда болуына әсер ететін, сақтанушының азаматтық–құқықтық жауапкершілігінің арнайы әрекеттер салдарынан пайда болуына қарай;

- алкагольді, наркотикалық немесе токсикоманиялық ішкілік жағдайында көлік құралдарын жүргізу салдарының әсерінен сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің пайда болуына қарай;

- көлік құралын жүргізуге тұлғаның құқығы болмаған жағдайда;

- көлік құралының техникалық бұзылуі туралы сақтанушы білген немесе білу керек салдарынан, яғни соттық талқылау нәтижесінде сақтандыру жағдайының болуы анықталса;

- сақтанушы әдейі сақтандыру жағдайының шығындарын азайту шараларын қолданбаса.

Сақтандырушы сақтандыру төлемін төлеуде толықтай немесе жартылай бас тарту құқығына ие, егер сақтандыру жағдайы мыналардың салдарынан орын алса:

- шұғыл қорғаныс және өте шұғылдылық жағдайында істелген әрекеттен тыс, сақтандыру жағдайының пайда болуына бағытталған пайда алушының арнайы әрекеті негізінде;

- Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген, әдейі қылмыстар және әкімшілік құқық бұзушылықтармен сақтандыру жағдайының байланысын тудыратын, пайда алушының әрекеттері негізінде;

- зиянды келтірген тұлғадан сақтанушы шығындардың орнын толтыратын өтелімді алған жағдайда;

- сақтандыру жағдайы туралы ақпаратты сақтандырушыға дер кезінде немесе мүлдем жеткізбеген жағдайда;

- ақшалай, бағалы қағаз, алтын, күмістік бұйымдар, құнды заттар, әшекейлер, өнер туындылары және басқа құндылықтар түріндегі жапа шегушінің мүлігіне зиян тигізілген жағдайда.

Сақтандырушы сақтандыру төлемін төлеуден босатылады, егер сақтандыру жағдайы мыналардың салдарынан туындаса:

  1. ядролық жарылыс, радияциялар және радиоактивтік жұғудың орын алуы;

  2. әскери іс-қимылдар;

  3. азаматтық соғыс, халықтық толқулардың әртүрлері, жаппай тәртіпсіздіктер және көтерілістер.

Әдебиет: 11 нег. [100-126], 18 қос. [45-64]

Бақылау сұрақтары:

1. Тасымалдаушы жауапкершілігін міндетті сақтандырудың қағидаларын атаңыз?

2. Тасымалдаушы жауапкершілігін міндетті сақтандыруды іске асыруда көлік құралының бірлігіне сақтандыру сыйақыларының жылдық көлемі қандай мөлшерде белгіленеді?

3. Сақтандыру өтелімін төлеуге қажетті және міндетті құжаттар атап беріңіз?

4. Сақтандыру төлемін төлеген сақтандырушы сақтанушыдан қандай жағдайларда төленген сома көлемін кері қайтару құқықтарына ие?

5. Қандай жағдайларда сақтандырушы сақтандыру төлемін төлеуден босатылады?

14-дәріс. Тәуекел және сақтандыру

«Тәуекелң түсінігі күтілетін құбылыстың жағымсыз нәтижесінің болу қауіпін білдіреді. Залал болуының жорамалданған мүмкіндігі. Әрбір нақты тәуекел (мысалы, өрт тәуекелі, сел, жер сілкінісі), ол белгілігі бір оқиғаның болу мүмкіндігімен сипатталады (мысалы, сақтандырылған объектінің өртенуі). Тәуекел дегеніміз – адам қызметінің кез-келген өрісінің объективті құбылысы және көптеген бөлек, жеке тәуекелдер ретінде көрініс табады.

Тәуекелді математикалық жолмен ықтималдықтар теориясын және үлкен сандар заңын пайдалану арқылы нақты өлшеуге болады. Тәуекел өзінің табиғаты бойынша болашақта белгісіз көлемде болуы мүмкін, тиімсіз экономикалық нәтижеге ие, жағымсыз оқиға болып табылады. Тәуекел түсінігі мен залал түсінігі тығыз байланысты. Адам зерттемеген тәуекел ең үлкен залал әкеледі. Тәуекел деңгейі көтеріледі, егер:

- мәселелер кенеттен және күтілімге қарамастан пайда болса;

- комерциялық ұйымының өткен тәжірибесіне сәйкес емес мақсаттардың қойылуы (рыногтық жағдайларда жұмыс істеу тарихы аз болып табылатын біздің компанияларға аса өзекті);

- қаржылық шығынға әкеліп соғатын (қосымша немесе турақты табыс алу қабылетінің төмендету), компания басшылығының қажетті және мерзімді шараларды қабылдау мүмкінсіздігі;

- нақты жағдайы бойынша кейбір оптималды шараларды қолдануға, заңнама жүйесінің жетікіліксіздігі немесе компания қызметінің тәртібі.

Тәуекел факторлары және пайда болған залалдың орнын толтыру сақтандырудың қажеттілігін айқындайды.

Тәуекел, мынадай керексіз кездейсоқ нәтижелердің болуымен сипатталады:

- алынған өнім (қызмет) төлемсіз қалған себебінен табылған шығын және табысты жоғалту;

- ресурстік базаның қысқартылуы.

Сонымен қатар тәуекел көлемі төмендеген сайын, үлкен табыс алу мүмкіндігі төмендейді, сондықтан:

- бір жағынан, әр өндіруші өзінің тәуекелін төмендетуге тырысады және бірінші балама шешімдердің ішінде ен төменгі тәуекелді таңдайды;

- екінші жағынан, тәуекел мен іскерлік, табыстылы дәрежесі арасындағы оптималды қатынасты таңдау қажет.

Салыстыру шамасы ретінде қолданылатын тәуекел міндеттемлерінің орташа көлемі орташа тәуекел тобы деп аталады. Сақтандыру объектісін бағалау, мынаған қажет:

- сақтандырушы жағынан ахуалдық шамасын анықтайтын сақтандыру сомасын белгілеуге;

- кездейсоқ залалдың көлемімен нақтыланатын, сақтандыру сыйақысының көлемін белгілеуге;

- берілген тәуекелдің мүмкіндігі мен мүмкінсіздігін бағалауға.

Сақтандыру тәжірибесінде тәуекел бағалаудың әртүрлі әдістері қолданылады, оларды төменде қарастырамыз:

- Индивидуалды бағалау әдісі тәуекелдің орташа типімен салыстыруға мүмкін емес тәуеклдерге ғана қатысты қолданылады. Субъективті көзқарасын және кәсіби тәжірибесін білдіретін, сақтандырушы ерікті бағалауды жасайды.

- Орташа көлемдер әдісіне тәуекел топтарының шағын топтарға бөлінуі тән. Сол арқылы тәуекел белгілері бойынша ауқымды анықтауға аналитикалық негіз (база) құрылады (мысалы, сақтандыру объектісінің баланстық құны, өндірістің жиынтық қуаттылығы, өндірілетін циклдік түрі).

- Пайыздар әдісі тәуекелдің орташа типінің оң және теріс ауытқу мүмкіндігіне тәуелді иеліктегі аналитикалық базаға, жеңілдіктер мен үстемеақылардың жиынтығын көрсетеді. Қолданылатын жеңілдіктер мен үстемақылар пайыз түрінде (кейде промилль түрінде)тәуекел типі бойынша көрсетіледі.

Тәуекелді бағалағанда, оның келесі негізгі түрлерін бөліп қарастырады:

- сақтандырылатын тәуекелдер;

- сақтандырылмайтын тәуекелдер;

- қолайлы тәуекелдер;

- сақтандырушы тәуекелдері, бойынша тиімсіз, жағымсыз (В.В. Шахов).

Сақтандыруға мүмкін тәуекелдер ең үлкен топты құрайды. Залалдың мөлшерлік көлемі мен сақтандыру оқиғасының болу ықтималдығы тұрғысынан бағалауға болатын тәуекел, сақтандыру тәуекелі болып табылады.

Сақтандыру тәуекелің анықтайтын негізгі шарттар:

- өтелуге қажетті, сақтандырушының жауапкершілік көлеміне кіретін тәуекел;

- тәуекелдің кездейсоқ мінездемесі;

- берілген тәуекелдің кездейсоқтығын біртекті объектілердің жиынымен салыстырылуы;

- тәуекелдің жүзеге асуын бейнелейтін сақтандыру оқиғасының болуы, сақтанушының еркі немесе басқа да қызығушы тұлғамен байланысты болмауы тиіс, яғни сақтанушының мұқтаждықтарымен байланысты тәуекелдерді сақтандыруға болмайды;

- сақтандыру оқиғасының болу ақиқаты уақыт және кеңістікте белгісіз;

- сақтандыру оқиғасы апат көлемінде болмауы керек, яғни үлкен залал әкелмей, ірі сақтандыру жиынтығының шегіндегі объектілер массасын қамтымауы тиіс;

- тәуекелдің іске асу салдарының зиянының объективті өлшеу және бағалау қажет.

Қауіп көзіне байланысты келесі тәуекелдер бөлінеді:

- табиғаттың апат күштерінің шығуымен байланысты – жер сілкіністері, су басу, селдер, қуаншылық және басқа табиғи құбылыстармен байланысты;

- адамның мақсаты іс-әрекеті мен және материалдық құндылықтарды өзіне алу процесімен байланысты – ұрлық, тонау, вандализм және басқа да заң бұзушылық әрекеттер.

Сақтандырушының жауапкершілік көлемі бойынша тәуекелдер жеке және әмбебап болып бөлінеді. Мысалы, сурет өнерінің біртумасын тасымалдау және вандализм актілері бойынша экспозициясын сақтандыру шартымен бейнеленеді. Мүліктік сақтандыру шарттарының көбісі бойынша сақтандырушының жауапкершілік көлеміне кіретін әмбебап тәуекел дегеніміз – тонау.

Ерекше топты спецификациялық тәуекелдер құрайды: аномальді және апаттық. Сәйкес объектілеріді сақтандыру жиынтығының топтарына жатқызуға мүмкіндік бермейтін тәуекелдерді аномальларға жатады.

Сақтандырылған объектілері немесе сақтаушылардың үлкен санын қамтитын, аса ірі ауқымда зор залал әкелетін апаттық тәуекелдер маңызды топ құрайды. Бұл тәуекелдер табиғаттың апаттық күштерінің көрінісімен байланысты, сонымен қатар материалдық құндылықтарды игеру процесіндегі адам қызметімен (мысалы, АЭС-ғы авария) байланысты.

Кәсіпкер тәуекелмен өзінің қызметінің әртүрлі сатыларында кездеседі, және нақты тәуекел жағдайының пайда болу себептері өте көп болуы мүмкін. Оқиға нәтижесінің белгісіз болуының шартты пайда болуы себебін түсіндіреді. Тәуекел үшін мұндай көздер: фирманың тікелей шаруашылық қызметі; кәсіпкерлік қызмет нәтижесіне әсер ететін сыртқы ортаның жағдайы туралы ақпарттың жетіспеушілігі, және т.б.

Осыған сүйене отырып мыналарды ажырату қажет:

- шаруашылық қызметпен байланысты тәуекел;

- кәсіпкер тұлғасымен байланысты тәуекел;

- сыртқы ортаның жағдайы туралы ақпараттың жетіспеушілігімен байланысты тәуекел.

Шетелдегі серіктестің немесе Қазақстандағы салық салу туралы ақпарттың жетіспеушілігі- мемлекеттік органдардың фирмадан айыппұл санкцияларын өндіріп алу нәтижесіндегі залал көзі. Кәсіпкер үшін басекелес туралы ақпараттың жетіспеушілігі де залал көзі болуы мүмкін. Кәсіпкер тұлғасымен байланысты тәуекел кәсіпкерлердің кәсіпкерлік аясындағы әртүрлі көлем, кәсіпкерлік қызметі жүргізудің дағдылары және тәжірибесі, бөліп алынған мәліметтердің тәуекелділік деңгейінде болуымен анықталады. Тәуекелдің тағы екі үлкен топтарын бөлу қажет:

- статистикалық (жай);

- динамикалық (спикулятивтік).

Статистикалық тәуекелдер кәсіпкерлік қызметке іс жүзінде әрқашан залал әкелуімен ерекшеленеді. Жеке фирманың залалы әдетте жалпы қоғам залалын білдіреді. Залалдардың себебіне сәйкес статистикалық тәуекелдер келесі топтарға бөлуі мүмкін:

- табиғи апаттардың (оттың, судың, жер сілкінісінің, дауылдың және т.б.) фирма активтеріне зиянды әрекет нәтижесінде ықтималды залалдар;

- қылмыстық іс-әрекет нәтижесінде ықтималды залалдар;

- компанияға тиімсіз заңнаманы қабылдау салдарынан ықтималды залалдар (жетілмеген заңдама үшін айыптыдан өмағыны немесе тікелей мүлікті өндіріп алу мүмкін еместігі мен байланысты залалдар);

- тұтынушы немесе жеткізуші негізіне қызметтің мәжбүрлі тоқтатылуына әкелетін үшінші тұлғалардың мүлік қауіпі нәтижесінде ықтималды залалдар;

- компанияның маңызды қызметкерлері әлде оның негізгі иесінің өлімі немесе қабілетсіздігі залалдары (мамандырылған кадрлер таңдау мүдделігі, сонымен қатар мүліктік құқықтарды берумен байланысты).

Статистикалық тәуекелмен салыстырғанда динамикалық тәуекел фирмаға залал әкелетін – динамикалық тәуекелдер, бір мезгілде бүкіл қағидаға пайда әкелуі мүмкін. сондықтан динамикалық тәуекелдерді басқару қиын болып табылады.

Әдебиет: 11 нег. [100-126], 18 қос. [45-64]

Бақылау сұрақтары:

  1. Тәуекел және сақтандыру арасындағы байланыс немен анықталады?

  2. Тәуекелдің негізгі факторларын атаңыз?

  3. Тәуекелді бағалауда қандай әдістер қолданылады?

  4. Тәуекелдер қандай критерийлер бойынша жіктеледі?

  5. Тәуекелдердің негізгі түрлерін сипаттаңыз?

  6. Қаржылық тәуекелдерге нелер жатады?

15-дәріс. Тәуекел түрлері, олардың қысқаша мінездемесі

- саяси тәуекел;

- өндірістік тәуекел;

- комерциялық тәуекел;

- қаржылық тәуекел;

- техникалық тәуекел;

- салалық тәуекел;

- инновациялық тәуекел.

Саяси тәуекел – мемлекеттік саясат нәтижесінде пайда болуы мүмкін залалдар немесе пайда көлемінің қысқаруы. Ол өкімет бағытының, оның қызыметінің басыңқы бағытарының өзгеруі мүмкіндігімен байланысты. Берілген тәуекел түріне есеп жүргізу заң шығару жетілмеген, кәсіпкерлік мәдениетті және дәстүрі жоқ елдерде аса маңызды. Саяси тәуекел кәсіпкерлік қызыметке тән, одан бас тартуға болмайды, тек нақты бағалауға және есепке алу керек.

Саяси тәуекелдерді 4-топқа бөлуге болады:

- Бара бар өтем ақысыз ұлттандыру және экспроприация тәуекелі; Ұлтандыру тәуекелін кең мағынада түсіндіріледі – экспроприациядан бастап компания мүлігін мәжбүрлеп сатып алу немесе инвесторларды активтерді басқаруға шығуын шектеу.

- Трансферт тәуекелі жергілікті валютаның айрбастауында мүмкін болатын шектеулер. Трансферт тәуекелі жергілікті валютаны шетел валютасына аударумен байланысты. Кәсіпорын қызыметі пайдалы болып, пайданы ұлтық валютада алады, бірақ несие бойынша есеп айырысу үшін оны инвестор валютасына аудара алмауы мысал бола алады. Оған көптеген себептер болуы мүмкін, мысалы айырбасқа (конвертациялық) қызыметінің мәжбүрлі ұзақ болуы.

- Контрагент – компаниясы болатын мемлекет билігінің іс-әрекетіне байланысты шартты үзу тәуекелі. Шартты үзу тәуекелі шартта көрсетілген айыппұл санкциялары да, арбитраж да, көмек көрсетпейтін жағдайларды ескереді: шарт серіктеске тәуелсіз себептерге байланысты үзіледі, мысалы ұлтық заңдардың өзгеруі.

- Әскери іс әрекеттер және азаматтық тәртіпсіздік тәуекелі нәтижесінде копания шығындары көп болады және ол банкроттыққа ұшырауы мүмкін.

Сонымен қатар саяси тәуекелді мемлекеттік, аймақтық, халықаралық деп бөліуге болады. Мемлекеттік саяси тәуекел компания қызыметінің нәтижесіне әсер ететін мемлекеттегі ішкі саяси жағдайдың тұрақсыздығымен сипатталады. Нәтижесінде олардың қаржылық жағдайының құлдырау тәуекелі өсіп банкроттыққа дейін әкелуі мүмкін. Аймақтық саяси тәуекел кәсіпкерлік фирмалардың қызмет нәтижесіне ықпал ететін белгілі бір аймақтағы саяси жағдайдың тұрақсыздығымен бейнеленеді. Халқаралық саяси тәуекелді есепке алу кәсіпкерлік қызыметтің халқаралық рынокта қызымет ететін фирмаларға да, шетелдік серіктестері бар фирмаларға да маңызды.

Кез келген өндірістік қызымет жаңа техника және технология игерумен, резервтерді іздеумен, өндіріс қарқынын жоғарлатумен байланысты. Бірақ жаңа техника және технология енгізу табиғатқа, адамдарға, өндіріске зиян келтіретін техногендік апат қаупіне әкеледі.

Техникалық тәуекел анықталады:

- өндірісті ұйымдастыру деңгейімен;

- алдын алу шаралардың жүргізілуімен (үнемі жабдық профилактикасы, қауыпсыздық шаралары);

- фирманың өз күшімен жабдықтарды жөндеуді жүргізу мүмкіндігімен. Техникалық тәуекелдерге мыналар жатады:

- ғылыми–зертеу жұмыстарының нәтижесінде зиян шегу ықтималдығы;

- конструкторлық және техналогиялық талдамаларды жүзеге асырғандағы жоспарланған техникалық параметірлерге қол жеткізбеу нәтижесіндегі залал ықтималдығы;

- жаңа талдамалардың нәтижелерін игеруге бермейтін, өндірістің төмен технологиялық мүмкіншіліктер нәтижесінде зиян шегу ықтималдығы;

- құрал – жабдықтардың істен шығуы және бұзылуы нәтижесінің залал ықтималдығы; техникалық тәуекел ішкі тәуекелдер тобына жатады – кәсіпкер осы тәуекелдерге тікелей ықпал ете алады, және олардың пайда болуы көбінесе кәсіпкердің қызыметіне байланысты.

Өндірістік тәуекел келесілермен байланысты:

  • қызмет, тауар және өнім өндірумен;

  • өндірістік қызыметтің кез келген нысанын жүзеге асыру процесіндегі шикізатты дұрыс қолданбау, өзіндік құнының өсуі, жұмыс уақытының жоғалуы, өндірістің жаңа әдістерін пайдалану.

Өндірістік тәуекелдің негізгі себептеріне мыналар жатады:

  • еңбек өнімділігінің төмендеуі, құрал-жабдықтардың тұрып қалуы, еңбек уақытының шығысы, бастапқы материалдардың болмауы, өндірілетін өнімнің жарамсыздық пайызының жоғары болуы нәтижесінде өнім өткізу және жоспарланған өнім көлемінің төмендеуі;

  • қызмет немесе өнім өткізудің жоспарланған бағаларының төмендеуі, өнім сапасының жеткіліксіз болуы, рыноктық коньюнктураның жағымсыз өзгеруі, сұраныстың төмендуімен байланысты;

  • энергия, отын, шикізат материалдарды артық жұмсау, сауда, көлік және басқа да жанама шығындардың көбеюі;

  • жоспарланаған қызметкерлер саны немесе бөлек алынған қызметкерлерге еңбекақыны көтеру есебінен еңбекақы қорының ұлғаюы;

  • салық қойылымының фирмаға қолайсыз өзгеруінің нәтижесінде салықтық төлемдер және басқа да аударымдардың өсуі;

  • өнім жеткізу тәртібінің төмендігі, отын және электроэнергиямен қамтамасыз етуіндегі іркілістер.

  • кәсіпорын құрал жабдықтарының физикалық және моральдық тозуы.

Комерциялық тәуекел – кәсіпкер сатып алған немесе өндірген тауарлар мен қызметтерді өткізу процесінде пайда болатын тәуекел. Комерциялық тәуекелдің негізгі себептері:

  • Фирмамен өткізілетін тауарға сұраныс немесе қажеттілікітің төмендеуі, оның бәсекелес тауарларымен ығыстырлуы, сатуға шектеулердің енгізілуі.

  • Кәсіпкерлік жобаны жүзеге асыру процесінде тауардың сатып алу бағасының көтерілуі.

  • Бүкіл операция масштабын кішірейтетін және өткізілетін тауар бірлігі көлемінде шығындарды өсіретін (шартты – тұрақты шығындар есебінде) сатып алу көлемінің белгіленген сатып алу көлемімен салыстырғанда төмендуі.

  • Тауар ысырабы.

  • Тауар бағысының төмендеуіне әкелетін айналыс аясындағы (тасымалдау, сақтау кезінде ) тауар сапасының ысырабы.

  • Фирма пайдасының төмендеуіне әкелетін айыппұл төлеу, болжамбаған баждар және аударымдар нәтижесінде белгіленген мөлшерімен салыстырғанда айналыс шығындарының өсуі.

Комерциялық тәуекелге келесілер мен байланысты тәуекелдер кіреді:

  • тауарларды (қызметтерді) рынокта өткізумен;

  • тауарларды тасымалдаумен (транспорттық);

  • сатып алушы тауарды (қызыметті) қабылдаумен;

  • сатып алушы төлем қаблетімен;

  • форс – мажорлық жағдайлармен.

Транспорттық тәуекелдерді бөлек қарастыру қажет. Қазіргі уақытта транспорттық тәуекелдер жауапкершілік деңгейі бойынша төрт топқа жіктеледі: E,F,C,D.

Е тобына бір жағдай жатады – егер жөнелтуші (сатушы) тауарды өзінің қоймаларында ұстаса (Ex Wosks). Сатып алушы тауарды қабылдау мезетіне дейін жөнелтуші тәуекелді өзіне алады. Сатушы ғимаратынан соңғы пунктке дейін тасмалдау тәуекел сатып алушы өзіне қабылдайды.

F тобы сәйкес тәукелдердің жауапкершілігін берудің нақты үш жағдайын қамтиды:

FCA – сатушының тәуекелі мен жауапкершілігі белгіленген жерде тауарды беру мезетінде сатып алушыға ауысады;

FAS – келісім шартта анықталған кеме жай тауар үшін жауапкершілікпен тәуекел жөнелтушіден сатып алушыға ауысады.

FOB – кеме бортынан тауарды түсіргеннен кейін сатушы жауапкершілікті өзінен алып тастайды.

С тобы экспортер сатушы сатып алушымен тасымалдауға шарт жасасады, бірақ өздеріне ешқандай тәуекелді қабылдамайтын жағдайлар кіреді. Олар :

CFK – сатушы тасмалдау құнын кеме жайға жеткенге дейін төлейді, бірақ тәуекелді және тауар сатушының жауапкершілігін және қосымша шығындарды сатып алушы өз мойнына алады.

CІF – CFK жағдайындағы міндеттерінен басқа , сатушы тасмалдау уақытындағы тәуекелді сақтандыруды төлейді және қамтамасыз етеді.

СРТ – сатушы және сатып алушы тәуекелдерді және жауапкершілікті өзара бөліседі. Белгілі бір мезетте (көбінесе тасмалдаудың белгілі бір пунктінде) тәуекелдер толығымен сатушыдан сатып алушыға өтеді.

СІР – тасымалдаудың белгілі бір аралық пунктінде тәуекелдер сатушыдан сатып алушыға өтеді, сонымен қатар сатушы тауарды сақтандыру құнын тө лейді және қамтамасыз етеді.

Соңғы D тобы барлық тасымалдау тәуекелдері сатушыға жататынын білдіреді. Бұл топқа келесі нақты жағдайлар жатады:

DAF – анықталған мемілекеттік шекараға дейін тәуекелдерді сатушы өзіне қабылдайды. Кейін тәуекелдерді сатып алушы өзіне алады.

DES – тәуекелдерді сатушыдан сатып алушыға табыстау кеме бортында жүзеге асырылады:

DEQ – тауардың жүктеу портына жеткен мезете тәуекелдерді табыстау жүзеге асырылады:

DDU – сатып алушы аумағында келісім шартта белгіленген жерде (көбінесе ол қойма) тасымалдау тәуекелдерін сатушы өзіне қабылдайды.

DDP – сатып алушы аумағының анықталған жеріне дейін тасымалдау тәуекелдеріне сатушы жауапты, бірақ оларды сатып алушы төлейді.

Қаржылық кәсіпкерлікті немесе қаржылық мәмілелерді (қаржылық кәсіпкерлікті тауар ретінде валюта, бағалы қағаздар, ақшалай қаражаттар танылады) жүзеге асыру кезінде пайда болатын тәуекелдік қаржылық деп танылады.

Қаржылық тәуекелге мыналар жатады:

- валюталық тәуекел;

  • несиелік тәуекел;

  • инвестициялық тәуекел.

Валюталық тәуекел - өзара шарт жасасу мен ол бойынша есептеулер жасау кезеңі арасында болуы мүмкін валюта бағамының өзгерістер нәтижесінде қаржылық залал ықтималдығы. Валютаның сатып алу қабылетін есепке ала отырып белгіленетін валюталық бағам, біршама өзгермелі болады. Халықаралық экономикалық қатынастарға қатысушылар валюталық тәуекелдің бір бөлігі болып табылатын комерциялық тәуекелдермен байланыстар. Валюталық тәуекел – шетел валютасын әртүрлі бағам бойынша сатып алу – сату кезіндегі залал тәуекел. Валюта бағамдарының бір-біріне қатынастырының өзгеруі көптеген факторларға байланысты, сонымен қатар валюта ішкі құнының өзгеруіне, бір елден екінші елге ақша аударымдарының тұрақты құйылымы, алып сатарлық және т.б.

Кез келген валютаны сипаттайтын негізгі фактор резидент және резидент еместердің валютаға сенімділік дәрежесі. Валютаға сенімділік келесі көрсеткіштерден тұрады, ол көп факторлы критерий:

  • берілген елдегі саяси режиміне сенімділік;

  • оның экономикасының ашықтық деңгейі;

  • экономиканың ырықтандырылуы және айырбас бағамының режимі;

  • базалық макроэкономикалық көрсеткіштер және елдің болашақтағы даму тұрақтылығына инвесторлардың сенімділігі;

Несиелік тәуекел өзінің қызметін қаржыландыру үшін сыртқы қарызды пайдалану нәтижесінде фирманың инвестор алдыңдағы қаржылық жауапкершіліктерін орындамау мүмкіндігі. Несиелік тәуекел кәсіпорынның өзінің несие берушілерімен іскерлік, әріптестік процесінде пайда болады:

  • банкпен және басқа да қаржылық мекемелермен;

  • контрагенттер, жеткізушілер және делдалдармен;

  • акционерлермен.

Несиелік операциялардың әртүрлілігі несиелік тәуекелдің ерекшеліктері және пайда болу себептерін анықтайды:

  • несие алған қарызгердің адал ниеті;

  • комерциялық немесе банктік несие алған нақты фирма бәсекелік орнының нашарлауы;

  • экономикалық коньюнктураның қолайсыздығы;

  • фирма басшылығының біліксіздігі және т.б.

Инвестициялық тәуекел фирманың әртүрлі жобалары ақшалай қаражаттар жұмсау ерекшеліктерімен байланысты. Отандық экономикалық әдебиеттерде көбінесе инвестициялық тәуекел ретінде қаражаттарды бағалы қағаздарға жұмсаумен байланысты тәуекелдер танылады.

Инновациялық тәуекел – рынокта күтілетін сұранысқа ие болмауы мүмкін, жаңа тауарлар және қызметтер өндіруді фирманың қаражат жұмсау кезінде пайда болатын залал ықтималдығы.

Инновациялық тәуекел келесі жағдайларда пайда болады:

- Тауарлар немесе қызметтерді өндіру әдісінің қолданылып отырғанымен салыстырғанда өндірудің арзандау әдісін енгізгенде. Берілген технологияның жалғыз иесі болғанға дейін, мұндай инвестициялар фирмаға уақытша үстеме пайда әкеледі. Бұл жағдайда фирма тәуекелдің тек бір түріне кез болады – ол өндірілетін тауарға сұранысты бағалау қателігінің мүмкіндігі.

- Жаңа тауарлар немесе қызметтерді ескі жабдықтармен жасау кезінде.

Берілген жағдайда инновациялық тәуекелге мыналар кіреді:

  • жаңа тауар немесе қызметтің сатып алушыны таба алмау мүмкіндігінің тәуекелі;

  • жаңа тауар немесе қызмет өндірулер қажетті талаптардың жаңа жабдықтар және технологияларға сәйкес болмауының тәуекелі;

  • құрылған жабдықты сату мүмкінсіздігінің тәуекелі, өйткені ол басқа өнімді өндіруге жарамайды.

Әдебиет: 11 нег. [100-126], 18 қос. [45-64]

Бақылау сұрақтары:

    1. Тәуекел және сақтандыру арасындағы байланыс немен анықталады?

    2. Тәуекелдің негізгі факторларын атаңыз?

    3. Тәуекелді бағалауда қандай әдістер қолданылады?

    4. Тәуекелдер қандай критерийлер бойынша жіктеледі?

    5. Тәуекелдердің негізгі түрлерін сипаттаңыз?

    6. Қаржылық тәуекелдерге нелер жатады?

    7. Иновациялық тәуекел дегеніміз не?

    8. Экономикалық тәуекелдер нені сипаттайды?