Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6 сын. Д.т. 3 чтв 2013-14.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
74 Кб
Скачать
☆

IV. Жаңа сабақты бекіту.

  1. Оқушыларға Қытайда болып өткен көтерілістер туралы өздік жұмыс тапсырылады, кесте толтыру.

Көтерілістің себептері

Көтерілістің қозғаушы күштері

Тұлғалар

Нәтижелері

V. Бағалау: Серебренников А.:________ Шайкен Н.:__________

VI. Үйге тапсырма: параграф 21, оқу, мәтін астындағы сұрақтарға жауап беру.

Сынып: 6 «а». Сабақ №:____________ Күні:_______________

Пән: Ежелгі дүние тарихы.

Сабақтың тақырыбы: Ежелгі Қытай мәдениеті.

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға Ежелгі Қытай мемлекетінің мәдениеті туралы, ғылымы туралы, өнірі туралы толық білім қалыптастыру;

  • Ілім мен ғылымның ежелгі Қытайдан бастау алғаны туралы айтып, оқушыларды білім алуға деген құштарлығын арттыру;

  • Ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдісі: шағын дәріс, сұрақ-жауап, белсеңділік арттыру.

Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылармен амандасу.

  • Оқушыларды түгендеу.

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Жібек матаның қолданылуының неден көрініс тапты ?

  2. Ұлы Жібек жолының негізгі бағыттары ?

  3. Б.з.д. ІІІ ғасырда Қытайдағы билеуші әулет ?

  4. Осы әулеттін күшеюі неден көрінді ?

  5. Не себепті Қытай жерінде үкіметке қарсы көтерілістер бола бастады ?

  6. «Сары ормандылар көтерілісі» қай уақытта болып өтті ?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Қытай жазу жүйесі мен әдебиеті.

  2. Кун-фуцзы.

  3. Сыма Цянь.

  4. Ғылым мен білім. Өнер.

III. Жаңа сабақ.

Қытай оқымыстылары бірнеше мыңға жуық иероглифтерді біліп және көркем жаза білген.

Кун-фуцзы (Конфуций) – Ежелгі Қытай данышпаны

Б.з.б 551 ж – туылған жылы; 525 ж.-музыканы меңгерді; 523 ж. – ұстаздық жолының    басталуы.481 ж -Өсиет кітабының дүниеге келуі.Б.з.б. 479ж. –Қайтыс болды

Сыма Цянь – қытай тарихының атасы

Сыма Цянь Б.з.б. 151 жылы дүниеге келген. Сыма Цянның еңбегі кейінгі дәуірлердегі көптеген тарихшылар үшін үлгі болды.Ғылыми білімі мен өнер табыстары

Ежелгі Қытайдағы қағаз жасау өндірісі

Тәрбие негіздері

Ежелгі қытайдағы тәрбиелі адамның қылықтары:

-Тек қана тізесін бүгіп отыру

-Аяғының ұшымен жалаң аяқ жүру;

-Екі таяқшамен тамақтану:

-Үнемі шашы түйілген. Шашты жаюға болмайды.

-Үнемі таза киіммен жүру;

-Жаман сөз айтуға мүлдем тыйым салынған және т.б.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

  1. (кестені толтыр)

    Қытай данышпандары

    Ғылыми еңбектері

    Не туралы?

    Кун-фуцзы

    “Нақылдар”

    Өсиет

    Сыма Цянь

    “Тарихи жазбалар”

    Қытай тарихының өте үлкен кеңіндегі-екі жарым мың жылдағы оқиғалар баяндалады

  2. Тест сұрақтары.

1.”Ұлы Қытай қорғаны” қай тайпалардан қорғану үшін салынған?

а)Үйсіндерден.

в)Оғыздардан

с)Қыпшақтардан

д)Ғұндардан

2.Ежелгі Қытайда қай жылдар шамасында шағын мемлекеттер пайда болған?

а)Б.з.б.ІІ мыңжылдық

в)Б.з.б.ІІІ мыңжылдық

с)Б.з.б. І мыңжылдық

д)Б.з.б. Ivмыңжылдық

3.Ежелгі Қытай қай жерде орналасқан?

а)Кіші Азияда

в)Батыс Азияда

с)Алдыңғы Азияда

д)Шығыс Азияда

4.Ежелгі Қытайда қай ғасырда бір орталыққа бағынған мемлекет құрылды?  а)Б.з.б.ІІІ ғасырда в)Б.з.б.ІІ ғасырда с)Б.з.б. І ғасырда д)Б.з.б. Iv ғасырда 5.Ежелгі Қытайдағы ең алғашқы патшалық қалай аталды? а)Ұжан в)Цинь с)Ле Бану д)Үжау 6.Цинь патшалығы қанша әкімшілікке бөлінді?  а)40 в)20 с)45 д)36 7. Ежелгі Қытайда нешінші мыңжылдықтан бастап жібек өндіріле бастады? а)Б.з.б.VI мыңжылдық в)Б.з.б.V мыңжылдық с)Б.з.б. ІII мыңжылдық д)Б.з.б. II мыңжылдық

8.Ең алғаш қай мемлекетте қағаз ойлап табылған? а)Ежелгі Үндістанда в)Ежелгі Қытайда с)Ежелгі Парсыларда д)Ежелгі Хеттерде 9.Сыма Цянь қашан дүниеге келді? а)Б.з.б.151ж в)Б.з.б.155ж с)Б.з.б. 160ж д)Б.з.б. 140ж 10.Данышпан Кун неше жасында қайтыс болды? а)70жасында в)73жасында с)72жасында д)74жасында

Тест жауаптары

1.   Д               6. Д

2.   А               7. С

3.   С                8. В

4.  А                 9. А

5.   В                10. С

V. Бағалау: Серебренников А.:________ Шайкен Н.:__________

VI. Үйге тапсырма: параграф 22, оқу, үнді мәдениетімен салыстыру.

Сынып: 6 «а». Сабақ №:____________ Күні:_______________

Пән: Ежелгі дүние тарихы.

Сабақтың тақырыбы: Грекиядағы алғашқы өркениет ошақтары.

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға Грекияның орналасуы, пайда болып, құрылып, күйренген өркениеттері, Грекия жеріндегі алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің пайда болуы туралы түсінік қалыптастыру;

  • Оқушыларды топ болып жұмыс істеуге үйрету, олардың білім алуға құштарлықтың қалыптасуына ат салысу;

  • Оқушыларға тақырыпты айта келе олардың өзге мемлекеттердің даму жолын құрметтеуге үйрету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдісі: шағын дәріс, сұрақ-жауап, белсеңділік арттыру.

Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылармен амандасу.

  • Оқушыларды түгендеу.

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Қытай аумағында пайда болған философиялық ағымдар ?

  2. Конфуций кім, оның негізгі қызметі, өмір жолы ?

  3. Сыма Цяньнің мәдениет саласындағы жетістіктері қандай ?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Грекияның орналасуы. Табиғаты.

  2. Крит-Ахей мемлекеттері. Күйреуі.

  3. Б.з.д. ХІ-ІХ ғ.ғ. Грекия.

III. Жаңа сабақ.

Ежелгі Грекия Балқан түбегінің оңтүстік бөлігінде орналасқан. Жері – таулы жартасты. Онда жүзім мен зәйтүн

ағаштары жақсы өскен. Балқан түбегін айнала теңіздер қоршап жатыр. Олар: Эгей, Ионияжәне Жерорта теңіздері. Теңіз шығанақтары құрлыққа терең еніп жатқандықтан кеме

тоқтауға қолайлы еді.

Табиғат жағдайына байланысты Грекия үш бөлікке – оңтүстік, орта және

солтүстікке бөлінеді. Оңтүстік Грекияны – Пелопонес, ал орта Грекияны – Аттика аймағы

деп атайды. Теңіздерде аралдар көп. Олардың ең үлкені – Крит аралы.

Грекияда Крит-Ахей өркениеті б.з.б. 2000 жылдары қалыптасты.

Криттегі ең ірі қалалар Кносс пен Фест болды. Археологтар Кносс қаласынан көп қабатты үлкен сарай қалдығын тапқан. Бұл сарайда Криттің ең атақты патшасы Минос тұрған. Сарайдың жүздеген бөлмелері, баспалдақтары мен дәліздері болған. Сән-салтанат өткізетін залдарының қабырғалары фрескалармен (фреска – әшекейленген сурет, сылақ кеппей тұрып, қабырғаға салынған) өрнектелген. Сарай қабырғаларында суретшілер салған әр түрлі суреттер бар. Соның бірінде Критте киелі деп саналған бұқамен шайқас ойыны бейнеленген. Криттен табылған заттай мәдени бұйымдар б.з.б. II мыңжылдықта бұл жерде әр түрлі қолӛнер кәсібі болғанын дәлелдейді.

Қазба жұмыстары кезінде бетінде жазуы бар жүздеген қыш тақталар табылған. Демек, олардың өз жазуы болған.

Археологиялық зерттеулер б.з.б. XV ғасырда Крит аралының солтүстік

жағалауындағы Фера аралында орасан зор вулкан атқылағанын анықтады. Соның салдарынан Крит патшалығы күйреген.

Ахей мемлекеті оңтүстік Грекиядағы Пелопоннес аймағында орналасқан. Осы аймақта Крит мемлекетінен сәл кейін бірнеше ахейлік қала-мемлекеттер пайда болған. Олар Микены, Пилос, Тиринф және тағы басқалар. Микены ахейлік мемлекеттер ішіндегі ең ірі, әрі қуаттысы саналды.

Б.з.б.XII ғасырда Балқан түбегіне үлкен қауіп төнген-ді. Бұл қауіп солтүстіктен оңтүстік түбекке гректердің жаңа тайпасы – дорийліктер шапқыншылығы салдарынан туған еді. Шапқыншылықтың нәтижесінде алғашқы ірге көтерген шағын мемлекеттер талқандалды.

Б.з.б. XI – IX ғасырларда ежелгі Грекия жерінде бірте-бірте алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, құл иеленушілік құрылыстың белгілері пайда болды. Руластар арасында теңдік жойылды. Ру мүшелерінің кейбірі байып, ал кейбіреулері кедейленді. Соның ішінде ру мен тайпа көсемдері байи түсті.

Оларды шонжарлар деп атады. Ал кедейленген руластар шонжарлардың жерін жыртып, малын бақты, кейбіреуі құлға айналды.