- •II Үй тапсырмасын тексеру.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •III. Жаңа сабақ.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •III. Жаңа сабақ.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •III. Жаңа сабақ.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
Картадан Грекияның орналасқан жерін кӛрсетіңдер.
Крит және Ахей мемлекеттері Грекияның қай бөлігінде орналасқан?
Контур картаға Грекияның Аттика, Пелопоннес аймақтары мен Лаконика, Спарта және
Мессения жерлерін түсіріңдер.
Ежелгі Крит пен Ахей мемлекеттерінде таптар мен мемлекеттердің болғанын оқулық
мәтініндегі материалдарды пайдалана отырып дәлелдеңдер.
Ежелгі Грекияда шаруашылықтың қандай түрлері болған?
V. Бағалау: Серебренников А.:________ Шайкен Н.:__________
VI. Үйге тапсырма: параграф 23, оқу,
Ахейлік қала-мемлекеттердің ішінен ең қуаттысын анықтау.
Ахейлік қала-мемлекеттерге қайсысы жататының анықтау.
Ежелгі грек бағбандылары мен егіншілері қандай жұмыстар атқарды.
Сынып: 6 «а». Сабақ №:____________ Күні:_______________
Пән: Ежелгі дүние тарихы.
Сабақтың тақырыбы: Афины мемлекеті. Грек-парсы соғысы. Грекияда Македония билігінің орнауы.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға Ежелгі Грекия аумағында қала-мемлекеттердің пайда болуын, олардың даму үрдісі, грек-парсы соғысының себептері, македондықтардың белсеңділігі туралы түсінік қалыптастыру;
Оқушыларды тпо болып жұмыс істеуге үйрету;
Оқушыларға Грекия туралы айта келе, оның парсыларға қарсы соғысы туралы аңгімелей келе олардың патриоттық сезімдерін оятуға тырысу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдісі: шағын дәріс, сұрақ-жауап, белсеңділік арттыру.
Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақ.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
V. Бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу.
Оқушыларды түгендеу.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Ахей өркениеті қай аумақта дамыды ?
Ежелгі грек шаруалырының негізгі кәсіптері қандай болды ?
Грекияның табиғат ерекшеліктеріне қарап шаруашылығы туралы қандай қорытынды шығаруға болады ?
Ежелгі Грекия аумағында құрылған қала-мемлекеттердің өзара қарым-өатынастыры қандай болды ?
Жаңа сабақтың жоспары:
Полис. Афины мемлекеті. Басқа да мемлекеттер.
Грекиядағы демократиялық өзгерістер. Парсылардың шапқыншылығы.
Македондықтар. Филлип ІІ саясаты.
III. Жаңа сабақ.
Дорийліктердің шапқыншылығынан кейін Грекия жерінде қайта ӛрлеу басталды. Жергілікті халық жаңа қалалар салды. Грекияда қалалардың өркендеуі, қолөнердің дамуымен қатар сауда да дамыды. Теңіз жағасындағы Грекия қалалары тез гүлденіп, әсем қалаларға айналды. Грекияның кейбір аймақтарында өз алдына бөлек шағын қала-мемлекеттер бой көтерді. Қала-мемлекеттерді полистер деп атаған. Б.з.б.VIII – VI ғасырларда жүзден астам полистер пайда болған. Әр полистің құрамына қала мен оның айналасындағы елді мекендер, бай егіншілердің үй-жайы, егін алқаптары, жайылым-шабындықтары, зәйтүн бақтары мен жүзімдіктері енді. Қала-мемлекеттердің өз өкіметі, әскері мен қазынасы және өз ақшасы да болған. Оларды шонжарлар басқарды. Қала-мемлекеттердің ішінде Афины мен Спартаның күш-қуаты мол болды. Коринф бай қала-мемлекет болып есептелінеді. Ал Милет ең әдемі және ең әсем қала деп саналады.
Афины мемлекеті Аттикада орналасқан. Аттиканың батыс бӛлігінде кең-байтақ жазық дала бар, жазықта құз жартасты төбелер кездеседі. Осы жазықта б.з.б. II мыңжылдықта Афины қаласы пайда болған. Акрополь – грек сөзі, «үстіңгі қала» - қаланың орталық бөлігі. Афиныдағы билік ақсүйектердің қолында болды. Олар ақсүйектер кеңесін құрды. Ақсүйектер кеңесі тоғыз адамнан тұрды. Олар Аттика тұрғындарына үкім жүргізді. Бұл үкімдер ақсүйектердің мүддесіне лайықты етіп жасалынды. Сондықтан ақсүйектердің озбырлығына қарсы Афинының қарапайым тұрғындары наразы болып отырған. Қаланың орталығындағы трапеция нобайлас келіп, айналасы қоғамдық үйлермен, жабық галлереямен, ғибадатханалармен қоршалған ішкі бөлігі агора деп аталды. (Агора – грек сөзі, базар, алаң).
Спартадағы жоғарғы ұйым ақсақалдар кеңесі болды. Ақсақалдар кеңесінің мүшелері халық жиналысында сайланған. Оның құрамы 30 адамнан тұрды. Олардың екеуі патша, ал, 28-і ауқатты ақсүйектер еді. Халық жиналысы айына бір рет жиналып, мәжіліс құрған. Онда соғыс, бейбітшілік және аса маңызды мемлекеттік мәселелер қаралып, шешіліп отырған. Сонымен бірге заңды бұзған тәртіпсіздерді жазаға тартып соттаған.
Афины мемлекетінің құрамына 12 елді мекен кірді. Бұл өңірді Аттика аймағы деп атаған. Аттика аймағының халқы біртұтас афинылықтар деп аталды. Б.з.б. VIII ғасырда шонжар-афинылықтар бүкіл Аттика жерін өздері бағындырып алды. Сөйтіп бағындырылған аймақты ақсақалдар кеңесі басқарды. Ақсақалдар кеңесі ақсүйек-шонжарлардан тұрды. Шонжарлардың билігі аристократия деп аталады. Аттикада ақсүйектерден басқа қарапайым халық – егіншілер, қолөнершілер, саудагерлер және кедейленгендер мекен етті. Оларды демостар (грекше – халық деген сөз) деп атаған. Б.з.б. 594 жылы Солонды архонт (басқарушы) етіп сайлады. Оны Аттиканың бүкіл тұрғындары құрмет тұтты. Солон Афины демосының мүддесін көздейтін заңдар (реформалар) шығарды. Ол заңдар ағаш тақталарға жазылып, қаланың алаңына қойылды. Заңдарда ру ақсүйектердің билігін жойып, оларды ерекше жағдайынан айырды.
Б.з.б. V ғасырда парсы патшасы I Дарий Грекия жерлерін жаулап алуды көздеді. Ол Грекия қалаларының байлығын басып алуға ұмтылды. Бұл грек- парсы соғысына ұласты. I Дарий жаңа үлгідегі әскерді жасақтады. Әскердің құрамында сақтар да болды. Сақтар I Дарийдің кезінде «өлмейтін он мың» деген атау алған патша әскерінің құрамына енді. Ежелгі Грекия жеріндегі ең қуатты мемлекеттер Афины мен Спарта еді. Б.з.б. 490 жылы парсы әскерлері Эгей теңізі арқылы кемелермен Аттика аймағына келді. Мұндай суық хабар афинылықтарға жетті. Афиныда тез арада10 мың әскер жасақталды. Афины әскерін тәжірибелі қолбасшы (стратег) Мильтиад басқарды.
Б.з.б. IV ғасырда Афины қала-мемлекеті қайта өрлей бастады. Бірақ та Грекияның солтүстік шекарасынан Элладаға үлкен қауіп тӛнді. Бұл қауіпті тӛндіруші Балқан түбегінің солтүстік бөлігінде орналасқан Македония еді. Македония елінің патшасы II Филипп болды.
