Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бронхит.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
101 Кб
Скачать
☆

Жіктемесі

І.Этиологиясы бойынша: бактериялық, вирустық, микоплазмалық, шанды, химиялық және физикалық ықпалдардан дамыған түрлері.

ІІ.Қабыну процесініц түріне карай: қатаральді; ірінді; қатаральді-іріңді; фибринді; геморрагиялық.

///. Функциялықөзгерістері бойынша: обструкциясыз; обструкциялы.

IV. Фазалары: ремиссиясы, өршуі.

V. Асқынулары:

Өкпе эмфиземасы.

Қан қақыру (әдетте сирек, науқастардың 10-15%-да қақырықтағы қанды талшықтар түрінде).

Тыныс шамасыздыгы (жедел, созылмалы және созылмалының үстіне қосылған жедел түрі).

Созылмалы өкпетекші журек дамуына алып келешін екіншілік өкпе гипертензиясы:

а) транзиторлық - өтпелі сатысы;

ә) қанайналым шамасыздығы жоқ тұрақты сатысы;

б) қанайналым шамасыздығы бар тұрақты сатысы.

5. Бронхоэктаздардың дамуы.

Созылмалы бронхитте сонымен қатар, бронх тармағының зақымдану деңгейін айырады:

— проксимальді бронхит (ірі бронхтардың басым зақымдануы). "Созылмалыпроксимальді бронхит" термині созылмалы обструкциясыз бронхит түсінігіне сәйкес;

созылмалы дистальді бронхит —ұсақ бронхтар мен бронхиолалар-дың зақымдануы. Бұл шет елдерде қолданылудағы "ұсақ ауа жолдарының ауруы" түсінігіне сай. Созылмалы дистальді бронхит, міндетті түрде, обструкциялық синдроммен жүреді.

V.Клиникалық көрінісі.Негізгі шағымдар: жөтел, қақырық тастау және ентікпе. Созылмалы бронхиттің ең ерте белгісі — таңертеңгілік жөтел. Ұйқыдан тұрып, қимылдай бастағанда жөтелу.Бұл мукоциллиарлық транспорттың түнгі мезгілдегі шамасыздығының белгісі. Бронхиттің жаңа басталған шағында жөтел салқын, ылғалды маусымдарда күшейіп, жазғы уақыттарда тыйылады. Кейіннен жөтел тәулік уақытымен санаспай жиіленеді. Егерде ұсақ бронхтар басым зақымданса (рефлексогендік зоналары жоқ), жөтел болмайды, тек қана ентікпе мазалайды.

Аурудың өршу фазасында, жөтелдің рефлексогендік аймақтарының сезімталдығынын артуынан жөтел күшейеді және әртүрлі тітіркендіргіш ықпалдардан жөтел ұстамалары пайда болады.Мысалы ауа температурасының күрт езгерістері — жылыдан салқынға шығу немесе салқыннан жылы жерге кіру, ауаның тітіркендіргіш заттары. Үздіксіз және булықтырып қиналдыратын қақырықсыз жөтел ұсақ бронхтардың басылуына, кілегейдің кідіруіне және эмфмзема мен бронхоктаздардың тез дамуына соқтыралы. Мүндай жөтелдің корғаныс касиеті жоқ, сол себептен оны тыю керек. Булыктырып, киналдыратын қақырыксыз жөтел обструкциялық синдромның болуын және жөтелдің рефлексогендік аймақтарының қатты тітіркенуін көрсетеді.

Созылмалы бронхиттің, қай түрі болсын, өршу кезінде бронхтық обструкция синдромы пайда болуы мүмкін.

Созылмалы бронхтық обструкция мына белгіліермен сипатталады:

тыныш қалыптағы немесе физикалық күш түсу кезіндегі ентікпе;

тітіркендіргіш ықпалдардан ентікпенің күшеюі;

булықтырып қиналдыратын қақырықсыз жөтел;

тыныс шығарудың ұзаруы , әсіресе демді күштеп шығарған кезде;

тыныс шығарудағы ысқырықты сырылдар;

өкпенің обструкциялық эмфиземасының белгілері.

Созылмалы бронхтық обструкция тыныс жетіспеушілігіне алып

Келеді.Тыныс жетіспеушілігі ентікпемен, сыртқы тыныс көрсеткіштершің төмендеуімен және қанның газдық құрамының бұзылыстарымен білінеді. Созылмалы бронхиттегі обструкция қайтымды не тұрақтты болады.

Қайтымды обструкцияньщ себептері:

бронхтардың гиперреактивтілігінен дамитын бронхоспазм;

бронхтар кілегей қабығының вазоматорлық ісінуі;

кілегейдің гиперсекрециясы;

бронхиттің өршу кезінде бронхтар қабырғасының қабынып ісінуі және жасушалармен инфильтрациялануы.

Бронхоспазмның дамуында вагустық компоненттің катысу мүмкіндігін ескеру қажет. Егер жатқан кезде жөтел мен ентікпе күшейсе және М-холиноблокаторлармен олардың алдын алу мүмкін болса, бұл бронхоспазмның дамуына ваготониялық компоненттің қатысуын дәлелдейді. Тұрақты бронхтық обструкңияның себептері:

І.Фиброздық өзгерістерден бронхтардың кілегей және кілегей асты қабықтарының қалыңдауы.

2.Бронхтар өзегінін тарылуынан және облитерациялануынан ауа өтетін жолдар санының азаюы.

3. Трахея-бронхтық гипотониялық дискинезияның дамуы —жұкарып созылған және эластикалыққасиеті жойылған трахея мен бронхтардың мембраналык бөлігінің тыныс жолдарының ішіне салбырап түсуі. Кеуде іші қысымы жоғарылағанда, мәселен күш түскенде немесе бірнеше рет қатты жөтелгеннен кейін, сылбырланған мембраналық бөлік ішке қайырылып, тыныс жолдарын тарылтады. Бұл кезде аса булықтырып қиналдыратын жөтел ұстамасы, тұншығу, стридорозды тыныс кенет пайда болады. Науқас тұншыққан кезінде мидың гипоксиясынан синкопальдік күйге түсуі мүмкін. Бұл жағдайда бронхолитиктер әсер етпейді. Трахея-бронхтық гипотониялық дискинезиясыбар науқастар жөтелін ұстауға немесе жайжөтелуге тырысады. Олардың сақ жетелі певриттік жөтелге ұқсас.

4.Өкпе эмфиземасы. Сау адамада тыныс шығару кезінде бронхтардың өзегі ашық тұрады. Эмфиземада ұсақ бронхтар және бронхиолалар тыныс шығару кезінде ұлғайған альвеолалармен басылып қалады, өйткені бронхтардың қабырғасын радиальді керіп тұратын өкпенің эластикалық тарту куаты жойылган әрі бронхтар қабырғасының тонусы төмендеген.

Сонымен, созылмалы бронхиггегі обструкциялық синдромның дамуы бір емес, бірнеше себептердің қатысуымен жүреді.

Қакырық тастау — созылмалы бронхиттің басты белгілерінің бірі. Оның себебі — кілегейдің гиперсекрециясы. Танертеңгі кақырық өте кою, оның тәуліктік мөлшері 50 мл-ден аспайды, өршу кезінде қақырықтың іріңдігі көбейеді. Іріңді қақырық аса тұткыр және қою, оның бөлінуі әсіресе салқын, ылғалды кезендерде қиындайды.

Интоксикацияға байланысты өршу кезінде селкостық, субфебрильді қызба, әлсіздік, әсіресе түнгі тершеңдік байқалады ("ылғалды төсек" белгісі), жөтел күшейіп, қақырықтын мөлшері мен іріндігі молаяды. Егерде өкпетекті жүрек болса, онда ентікпенін күшеюінен, қанайналым шамасыздығының керіністері пайда болады немесе ауырлай түседі.

Жиі және қатты жөтелуден, жөтелге қатысты бұлшықеттер ауырсынуы мүмкін. Бронхиттің жаңа басталған шағында перкуссиялық өзгерістер байқалмайды. Эмфизема қалыптасса, онда қорапты дыбыс, өкпе шеті қозғалысының шектелуі анықталады. Өршу кезіндегі аускулыациялық белгілер: қатаң тыныс, құрғақ және ылғал сырылдар. Бронхоспазм болса - тыныс шығару фаза ұзарады және құрғақысқырықты сырылдар естіледі. Сырылдардың тынысты күштеп шығарған кезде күшеюі тән.

Ремиссиялық фазада везикулалық тыныс, ал эмфизема болса -әлсіз везикулалық тыныс естіледі.

Диагностикасы.Көбінде, өршу фазасының өзінде, қанның жалпы анализінде айтарлықтай өзгерістер болмайды. Аурудың айқын өршуінде лейкоцитоз, ЭТЖ-ның ұлғаюы байқалады. Эмфизема мен тыныс жетіспеушілігінде эритроцитоз бен гемоглобин деңгейлері жоғарылайды. Биохимиялық анализдер көбіне калыпты, кейде фибриногеннің, сиал қышқылдарының көбеюі және С-реактивті белоктың, дмспроте-инемияның болуы ықгимал. I

Аурудың өршу фазасында қақырықтын, мөлшері мен іріңдігі көбейеді.Қақырықта нейтрофильдердің, ДНК талшықтарының саны, қышқыл мукополисахаридтердің мөлішері көбейеді, ал лизоцим азаяды. Міндетті түрде, қықырықтың себіндісінен флораның түрін және ммкробтардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтайды.

Аурудың алғашқы кезіндегі рентгендік зерттеудегі өзгерістер шамалы. Эмфизема мен бронхтардың бойында фиброз дамығанда өкпе эмфиземасының, пневмофмброздың тор тәрізді көріністері және өкпе өрнегінің деформациясы анықталады.

Бронхоскопияда - жалпылама эндобронхиттің (қатаральді, ірінді, профиялық, гипертрофиялық, фибриндік-жаралы) көріністері тән.

Бронхография арқылы бронхоспазмды -"қыл тәрізді бронхтар", кілегейдің іркілісін -бронхтардың толу кемістігін, бронхтың "үзілуін" сипаттайтын белгілерді көруге болады.

Сыртқы тыныс фунқциясын тексергенде бронхтық обструкцияның басты белгілері анықталады: ФТШК,, Тиффно индексінің төмендеуі және пневмотахометрия арқылы — тыныс шығару күшінің азаюы.

Емі.Созылмалы бронхиттің емдік шаралары оның клиникалық түрлеріне, барысының ерекшеліктеріне тәуелді.

Этиологиялық себептерін жою.Егерде этиологиялық себептер жойылса, онда созылмалы бронхиттің өрістеуі баяулайды, өршуінің жиілігі мен асқынулары азаяды. Осы мақсатта орындалатын шаралар:

-темекі тартуды доғару;

-кәсіптік зиянды ықпалдардан кұтылу;

-инфекция ошактарын тиімді емдеу;

-созылмалы бронхиттің өршулері жағымсыз метеорологиялық факторларға байланысты болса, онда климаты құрғақ, жылы аймақка коныс аудар;

-локальды бронхоэктаздарда хирургиялық ем жасау.

Стационарлық ем және төсек тәртібі.Созылмалы бронхиттің өршуі көбіне емханада емделеді. Стационарлық ем мен төсек тәртібін мына жағдайларда қолданады:

— тыныс жетіспеушілігінің күшеюіне алып келген және белсенді амбулаториялық емге берілмейтін созылмалы бронхиттін қатан өршуі;

жедел тыныс жетіспеушілігінің дамуы;

созылмалы бронхиттің үстіне жедел пневмонияның қосылуы немесе спонтанды пневмоторакстың дамуы;

оң қарынша шамасыздығының дамуы немесе ауырлауы;

кейбір диагностикалық немесе емдік шараларды (бронхоскопияны, т.б.) жасау қажеттілігі;

ірінді бронхитте интоксикацияның күшеюі және жағдайдың нашарлауы.

Тағаммен емдеу.Созылмалы бронхитпен ауыратындарға витаминдері жеткілікті, баллансы келтірілген диета ұсынылады. Диетаға жас көкөністерді, жемістерді, шырындарды қосқан тиімді.

Ірінді бронхитге қақырықпен бірге белок жойылады. Мұндай да диета белоққа бай болуы тиіс және альбумин, аминоқышқылдар қоспасы (полиамин, нефрамин, альвезин) тамшылатып енгізіледі. Өкпетекті жүректің декомпенсацияланған сатысында N10 емдәм беріледі (энергиялық сапалылығы сақталғаң, бірақ тұзы мен сұйықтық мөлшері шектелген, калийдін мөлшері көбейтілген).

Антибактериялық ем. Антибактериялық емді іріңді созылмалы бронхиттін өршуінде және пневмония қосылған жағдайда қолданады. Емді 7-10 күн жүргізеді (ұзақ, ауыр өршуінде - 14 күн). Антибактериялық дәрмектердің түрін бұрын жүргізген емнің нәтижесіне қарап таңдайды. Антибактериялық ем тиімділігінің критерийлері:

оң клиникалық динамика;

ірінді қақырықтың кілегейліге ауысуы;

• қабыну белгілерінін жойылуы —ЭТЖ-ның, лейкоциттік формуланың, биохимиялық көрсеткіштерінін қалпына келу.

Созылмалы бронхиттің емінде қолданатын антибактериялық дәрмектер: антибиотиктер, сульфаниламидтер, нитрофурандар, трихопол, антисептиктер (диоксидин), фторхинолондар, фитонцидтер.

Ең тиімдісі- антибактериялық дәрмектерді қабыну ошағына тікелей эндотрахеальді және эндобронхеальді әдіспен енгізу.

Антибиотиктермен емдеу. Антибиотиктерді қакырык флорасынын сезімталдығына карап таңдайды. Ол үшін какырықты Мульдер әдісімен немесе бронхоскопия арқылы алынған қақырықты тексерген тиімді. Микробиологиялық зерттеудің нәтижесі дайын болғанға дейін, антибиотиктерді Грамм бойынша боялған қақырық анализіне қарап таңдайды. Әдетте, кеселдің өршуіне бір ғана микроб емес, бірнеше микробтардың косындылары алып келеді. Қоздырғыштардың ішінде грамтеріс флора, микоплазмалар да болуы мүмкін. Ең жиі кездесетін микробтардың қоспалары:

микробтар + микоплазмалар 31%;

микробтар + вирустар 21%;

микробтар+ вирустар + микоплазмалар 12%.

Көбінде созылмалы бронхиттің өршуіне әкелетіндер: хламидиялар, легионеллалар, микоплазмалар. Мұндайда макролидтер, солардың ішінде азитромицин (сумамед), рокситромицин (рулвд), ровамицин (спирамицин) күшті әсер етеді.Ішкеннің өзінде бұл дәрмектер бронх жүйесіне жақсы өтіп, сол жерде ұзақ ұақыт жеткілікті концентрацияда болып, нейтрофилдер мен альвеолалық макрофагтардың ішінде жиналады. Ал фагоциттер осы дәрмектерді қабыну ошағына апарады.

Рокситромицин (рулид) — тәулігіне 151 мг 2 рет, азитромицин (сумамед) — тәулігіне 250- 500 мг 1 рет, ровамицин (спирамиңин) -3 млн. ХБ күніне 3 рет ішуге беріледі. Емнін курсы - 5-7 күн.

Бронхоспазмды туғызу қауіптілігінен және емдік әсерінің шамалылығынан антибиотиктерді аэрозоль түрінде сирек қолданады.

Грам оң коктік флорада жартылай синтезделген пенициллиндер, әсіресе қоспа түрлері —ампиокс 0,5 г күніне 4 рет Бұлщыкетке немесе ішке, цефалоспориндер —кефзол, цефалексин, клафаран 1 г бұлшыкетке күніне 4 рет немесе цефалоспориндердін соңғы туындысы —фортумды 1 г күніне 2-3 рет бұлшықетке енгізеді.Грамтеріс коктік флорада - аминогликозидтер: гентамицин 0,08 г күніне 2 рет бұлшықетке немесе амикацин 0,2 г бұлшыкетке күніне 2 рет, пенициллин тобынан — карбанециллин 1 г күніне 4 рет бұлшықетке немесе цефалоспориндердің соңғы туындысы фортум 1 г күніне 3 рет бұлшыкетке енгізеді. Қақырықтың флорасы анықталмаған жағдайларда кең спектрлі антибиотиктерді — макролиттерді: эритромицинді 0,5 г күніне 4 рет, олеандомицинді 0,5 г 4 рет ішкізеді немесе бұлшықетке енгізеді; немесе эрициклинді ( эритромицин мен тетрациклиннің қоспасы) капсулада 0,25 г, 2 капсуладан күніне 4 рет ішкезеді; тетрациклиндерді, әсіресе ұзақ әсерлі метациклинді немесе рондомицинді 0,3 г күніне 2 реттен, доксициклинді немесе рондомицинді - капсулада 0,1 г күніне 2 реттен ішкізуге болады.

Сонымен, осы кездегі ұғымдар бойынша созылмалы бронхиттің емінде бірінші қатарда қолданатын дәрмектерге ампициллин, амоксициллин, соның ішінде оньш b-лактамаза ингибиторларымен қосарланған түрлері (клавулан қышқылымен — аугментин, амоксиклав немесе сульбактаммен - уназин, сулациллин), ІІ-ІІІ туындылық оральдік цефалоспориндер, фторхинолондар жатады. Микоплазма, хламидия, легионелладан күдіктенгенде макролидтік антибиотиктерді, әсіресе азитромицинді, рокситромицинді немесе тетрациклиндерді - доксициклин, вибрамицинді, т.б. қолданған тиімді.

Сульфаниламидтер. Созылмалы бронхиттің емінде сульфаниламидтер грамоң, грамтеріс флорада химиотерапиялық белсенділік танытады, әсресе, әсері ұзартылған дәрмектер тиімді.

Бисептол — 0,48 г күніне 2 таблеткадан 2 рет. Сульфатон —0,35 г бірінші күні 2 таблеткадан таңертең және кешке, қалған күндері - 1 таблеткадан 2 рет - таңертең және кешкілікте беріледі. Сульфамоно-метоксин, сульфади-метокат — 0,5 г таблетка түрінде бірінші күні 1 г күніне 2 рет (таңертең және кешке), қалған күндері 0,5 г күніне 2 рет. Бірақ, соңғы кездері сульфаниламидтердің түкті эпителийге теріс әсер етуі туралы мәліметтер бар.

Нитрофурандар. Нитрофурандық дәрмектердің әсері кең спектрлі. Фуразолидон 0,15 г 4 рет тамақтан кейін, трихопол — 0,25 г күніне 4 реттен.

Антисептиктер. Кең спектрлі антисептиктерден жиі қолданатыны — диоксидин. Диоксидин — 0,5% ерітіндісінің 10- 20 мл натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісінің 10-20 мл-не қосып венаға баяу енгізеді немесе 1% ерітіндісінің 10 мл эндобронхиальді жіберді. Оның 1% ерітіндісінің 10 мл аэрозольдік ингаляциямен де қолданады.

Фитонцидтік дәрмектер. Хлорофиллипт — эвкалипттің жапырағынан алынған, антистафилококтық әсер ететін фитонцид; 1% спирттік ерітіндісін 25 тамшыдан күніге 3 рет ішкізеді немесе 0,25% ерітіндісін 2 мл натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісінің 38 мл қосып, венаға жай енгізеді. Сарымсақ шырыны - ингаляция түрінде.

Эндобронхиальдік санация. Жергілікті анестезия үстінде жасаған фибро-бронхоскопиялық санация жақсы әсер етеді. Санациясыны жасағанда 1:5000 фурациллин, 0,1% фурагин, 1% риванол, 1% хлорофиллипт ерітінділерін, ал бронхоэктаздар болғанда антибиотиктерді 3-5 мл енгізеді.Фибробронхоскоп болмаса дәрмекті трахеяның ішіне көмекей шприці немесе катетермен енгізеді. Алдымен трахеяға 37°С дейін жылытқан 30-50 мл физиологиялық ерітіндіні жіберіп шамалы күтеді. Жөтеліп, қақырық тастаған соң — антисептикті енгізеді.

Аэрозальдік терапия. Бүған ультрадыбыстық ингаляторлар қолайлы. Осымен фитонцидтердің және антисептиктердің ингаляциясын жасайды. Ультрадыбыстық ингаляторлар бөлшектері аса ұсақ біркелкі аэрозольді жасап шығарады. Мұндай аэрозоль бронх тармақтарының ұштарына дейін барады және дәрмектердің концентрациясының жоғарылығын, бронх тармақтарында біркелкі тарауын қамтамасыз етеді. Аэрозоль түрінде фурациллинді, риванолды, хлорофиллиптті, диоксидинді, және пияз, сарымсақ шырындарын (новокаинның 0,25%ерітіндісімен 1:30 арақатынасында), т.б. қолданады. Аэрозольдік терапиядан кейін постуральдік дренажды, вибрациялық массажды жасаған жөн.

Бронхтардың дренаждық функиясын жақсарту.Бронхтардың дренаждық функциясы жақсарса клиникалық ремиссия тезделеді.Созылмалы бронхитте кілегей түзуші жасушалардың саны көбейеді және қакырық қоюланып, тұтқырланады. Қакырықтың көбеюі мен коюлануы бронхтардың дренаждық функциясын төмендетіп, вентиляция мен перфузияның ара қатынасын бұзады, бронхөкпе жүйесінің жергілікті қорғаныс қуатын нашарлатады.Дренаждық функцияны жақсарту үшін қақырық түсіргіш дәрмектерді, бронхоспазм болса — бронходилататорларды, постуральдік дренажды және массажды қолданады.

1 Қақырық түсіргіш дәрмектер. Созылмалы бронхиттің емінде ең тиімдісі — мукорегуляторлар: бромгексин, ласольван. Мукорегуляторлар — вазицин туындылары, муколитиктердің жаңа генерациясы. Бұлар комплексті әсер етеді: мукопротеиндер мен мукополисахаридтерді деполимеризациялау арқылы қақырықты сұйылтып түсуін жеңілдетеді; жыбыр эпителийдің регенерациясын жақсартады; II типті альвеолалық макрофагтармен сурфактанттың синтезін арттырып, оның бейтарапталуын тежейді.; Бромгексин (бисольвон) — организмде амброксолға айналады. Ішуге 1-1 таблеткадан (0,008-0,16 г) күніне 3 рет беріледі, венаға 16 мг (2 ампуладан) тәулігіне 2-3 рет енгізеді немесе 4 мл ингаляция түрінде күніне 2 рет қолданады. Ем курсы — 7-10 күн.Тыныс жүйесінің созылмалы рецидивтеуші ауруларында емді 3-4 апта жүргізген тиімді. Дәрмекпен қатар постуральдік дренажды, вибрациялық массажды жасаған жөн. Амброксол (ласольван) — бромгексиннің белсенді метаболиті. Таблеткада 30 мг, венаға, бұлшықетке салатыны 2 мл (15 мг) ерітінді түрлерінде шығарылады.

Қиналдыратын жөтелде қақырық түсіргіш дәрмектерді жөтелді басатын дәрмектермен қатар қолданады.

Бронходилататорлар. Бұл топқа симпатомиметиктер, пурин туындылары (фосфодиэстераза ингибиторлары)—метилксантиндер және холинолитиктер кіреді. Бұларды созылмалы бронхиттің обструкциялықтүрінде қолданады.«Бронходилататорлар бронхоспазмды жойып бронхтардың өтімділігін жақсартады, ал метилксантиндер мен Ь-агонистер, оған қосымша жыбыр эпителийдің қимылынтездетіп, қақырықтың шығуын жеңілдетеді.

Симпатомиметиктер - Ь-адренорецепторларды стимулдау арқылы аденилциклазаның белсенділігін арттырады да, цАМФ мөлшерін көбейтеді, соның нәтижесінде бронхтарды кеңітеді. Эфедрин- Ь-адренорецепторларды стимулдау арқылы бронхтарды кеңітеді, ал а-адренорецепторларды стимулдау арқылы бронхтар қабырғасының ісінуін қайтарады; ішке 0,025 г күніне 2-3 рет беріледі; теофедрин - кұрама дәрмек, дозасы —1/2 таб, күніне 2-3 реттен; бронхолитин — кұрама дәрмек, 1 ас қасықтан күніне 4 реттен, бронхтарды кеңітетін, жөтелді басатын және қақырық түсіретін әсер етеді.Бұларды таңертен ерте ішкізген тиімді, өйткені бронхоспазмның ең күшейетін кезі-осы уақыт.

Бұл дәрмектерден, b1-адренорецепторларды қоздыруынан – тахикардия,эксрасистолия, ал -адренорецепторларды қоздыруынан — артериялық гипертензия болуы мүмкін. Сондықтан, қолдануға селективті b2- адреностимуляторлар — сальбутамол, тербуталин, вентолин, беротек , астмопент тиімді. Олар дозаланған аэрозоль түрінде 1-2 ингаляциядан күніне 4 реттен қолданады. Бұларды ұзақ қолданса тахифилаксия болуы мүмкін (бронхтар бұлшықеті мембраналарының бетіндегі Ь2 адренорецепторлар санының азаюынан бронхтардың дәрмектерге сезімталдығының төмендеуі.Соңғы жылдары әсері 12 сағатқа дейін ұзартылған аэрозоль түріндегі Ь,-адреностимуляторлар колдануда — сальметерол, формотерол ( 1-2 ингаляциядан күніне 2 реттен). Бұл дәрмектерге тахифилаксия сиректеу қалыптасады.

Пурин туындылары (метилксантиндер.) Бұлар бронхтардың аденозиндік рецепторларын және фосфодиэстеразаны тежеу арқылы бронхтарды кеңітеді.

Ауыр обструкцияда 2,4% эуфиллин ерітіндісінің 10 мл натрий хлоридінің изотологиялық еріндісінің 10 мл қосып венаға өте баяу енгізеді немесе оның әсерін созу үшін 2,4% ерітіндісінің 10 мл натрий хлоридінің изогониялық ерітіндісінің 300 мл қосып венаға тамшылатады.

Айқын обструкцияда эуфиллинді 0,15 г күніне 3-4 рет таблетка түрінде немесе жақсы сіңетін спирттік ерітінді түрінде (эуфиллин — 5 г, 70% этил спирті —60мл., су — 300 мл,) тамақтан кейін 1-2 ас қасықтан күніне 3-4 рет ішкізеді. Әсері ұзартылған теофиллиндер өте тиімді: 12 сағат әсер ететіндерді - теодур, теолонг, теобилонг, теотард 0,3 г күніне 2 реттен; 24 сағат әсер ететіндерді күніне 1 реттен ішкізеді. Қанда теофиллиннің концентрациясын тәулік бойы бір деңгейде ұстайтынунифиллин 0,4 г күніне 1 рет беріледі.

Холинолитиктіктер. Бұлар ацетилхолиндік рецепторларды блоктау арқылы бронхтарды кеңітеді, кілегей гипрсекрециясынан болатын обструкцияда аса тиімді әсер етеді. Созылмалы обструкциялық бронхитте М- холииолитиктерді мына жағдайларда қолданады:

1) Бұлардың бронходилатациялық әсері Ь,-адреностимуляторлардың әсеріне тең немесе артық болса;

2) холинолитиктердін әсері ұзақ уақыт қолданғанның өзінде төмендемсе. Хлинолитиктер тобынан дозаландырылған аэрозоль түріндегілері қолдануда — ипратропиум бромиді (атровент) 1-2 ингаляциядан 3 рет және ұзақ әсерлі холинолитик — окситропиум бромиді (оксивент, венталат) 1-2 ингаляциядан 2 рет ( таңертең және кешке жатар алдында), әсер етпесе — ісүніне 3 реттен.

Холинолитиктердің бір өзі әсер етпесе, оларды Ь,-адреностимуляторларымен қосарлайды. Атровент пен Ь,-адреностимулятор — фенотеролдың (беротектің) қоспасы — беродуал, дозаландырылған аэрозоль 1-2 дозадан күніне 3-4 рет колданады.

Позиңиялық дренаж. Позициялық (послуральдік) дренаж - қақырық түсуін жеңілдететін дененің белгілі бір қалпында жату, Позициялық дренажды созылмалы бронхиттің ірінді түрінде, жөтел рефлексі әлсіреген және қақырығы өте қою науқастарға қолданады.

Дезинтоксикаңиялык ем. Созылмалы іріңді бронхиттің өршу кезеңінде дезинтоксикация мақсатымен 400 мл гемодез, глюкозаның 5% ерітіндісін тамшылатып енгізеді және сусынды мол ішкізеді.

1 Организмнің бейспецификалық резистенттігін арттыру. Бейспцификалық төзімділікті адаптогендермен күшейтеді. Элеутерококк экстрактын - 40 тамшыдан күніне 3 рет, жень-шень сіріндісін 30 тамшыдан күніне 3 рет, аралияның, қызғылт семізоттың, пантокриннің сірінділерін осы дозада және сапаралды 0,05 г күніне 3 рет ішкізеді. Бұлар иммундықжүйеге, алмасу процестеріне оң әсер етеді, организмнің инфекция мен сыртқы ортаның зиянды ықпалдарына төзімділігін арттырады.

Физиотерапия. Созылмалы бронхитте физиотерапияны қабыну процесін басу және бронхтардың өтімділігін жақсарту мақсатымен жасайды. Ұсынылатын физиотерапиялық процедуралар:өкпе түбірлерінің аймағына ультра жоғары жиілікті токтар, олиготермалық дозада, күн ара 10-12 минуттан; микротолқындық терапия күн сайын немесе күн ара 10-15 процедура (ұсақ бронхтардың өтімділігін жақсартады); индуктотермия немесе қыска толқындық диатермия жауырын аралығына 15-25 минуттан күн сайын немесе күн ара (барлығы 10-15 процедура), бронхиттің басыла келген өршуінде балшықтан, озокериттен, парафиннен аппликацияларды жасаған жөн, т.б.

Емдік дене шынықтыру (ЕДШ)-созылмалы бронхиттің емінде міндетті түрде қолданады. Дәстүрлі ЕДШ-ды жүргізгенде жалпы қуаттандыратын жаттығулармен бірге, науқас жаттығулардын статикалық және динамикалық түрлерімен көбірек шүғылдануы тиіс. Ірінді бронхитте - дренажды жақсартатын жаттығуларды қосады.