Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бронхит.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
101 Кб
Скачать
☆

Асқынулары:

1) өкпе жағынан: өкпе эмфиземасы, ателектаз, өкпе шамасыздығы,пневмоторакс, астмалық статус т.б.

2) өкпеден тыс: компенсацияланған немесе декомпенсацияланған өкпетекті жүрек, миокардтың дистрофиясы.

Клиникалық көрінісі. Бронхтық астмаға тән синдромдар:

  • Бронхтық обструкция (экспирациялық ентікпе мен ұстамалар, тыныс шығарудың ұзаруы, құрғақ ысқырық сырылдар, ӨТС-ның, тездетілген өкпенің тіршілік сиымдылығының (ТӨТС), Тиффно көрсеткішінің төмендеуі, пневмотахометриялық мәліметтерден — тыныс шығарудағы бронхтық кедергінің күшеюі);

  • қабыну (қызудың көтерілуі, қақырық бөлінуі, ЭТЖ-ның жоғарылауы, формуланың солға ығысуымен лейкоцитоз, интоксикациялық белгілер);

  • аллергиялық(аллергенмен жұғысканда болатын ұстама; аллергиялық риносинусопатия, есекжем, қышыну, белгілі бір тағамның немесе дәрінің жақпауы; терілік және ингаляциялық оң сынамалар; эозинофилия; қақырыкта бронхтық астманың "үштігі", лимфоциттердің дегрануляциясы; дисиммуноглобулинемия; қан мен несепте биологиялық белсеңді заттардың — гистаминнің, серотониннің, брадикининнің көбеюі).

Бронхтық астманың негізгі клиникалық белгілері — бронхтардың жалпылама қайтымды обструкциясынан дамитын экспирациялық ентікпе мен ұстама. Обструкцияның себептері: кілегей қабықтың ісінуі және кілегейдің гиперсекрециясы. Атопиялық астманың ұстамасы үш кезеңмен дамиды:

1. Продромдық немесе хабаршы белгілер кезеңі. Науқастардың бір қатарында болғалы ұстаманың жаршы белгілері пайда болады: мұрын-көмекейдің, терінің қышуы, мұрынның бітелуі, кеуденің қысылу сезімі, ұйқының келуі, есінеу.

2. Тұншығу ұстамасы. Алдымен қиналдыратын құрғақ жөтел пайда болып, содан кейін науқас ентіге бастайды. Ұстама кезінде тыныс шығару 3-4 есе ұзарады. Тыныс фазасының екеуінде де алыстан естілетін құрғақ сырылдар болады, ал аса қатаң ұстамада, бронхоспазм күшее келе, сырылдар бәсеңсиді, тіпті жойылады. Ұстаманың кезінде дене мәжбүр қалыпта, әдетте, науқас қолдарын тізесіне немесе отырғыштың арқалығына тіреп, иық белдемесін бекітіп отырады. Тыныс қызметіне иық белдемесінің, кеуденің,құрсақтын қосымша бұлшықеттері белсенді қатысады. Эмфиземаға байланысты кеуде кеңейеді, перкуссиялық дыбыс қорап реңді немесе қорап дыбыстыға айналады. Өкпенің шеті төмен түседі, қозғалысы шектеледі, тыңдағанда тыныс шығаруы ұзарған әлсіз везикулалық тыныс және құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Жүректің нағыз түйықтығы кішірейеді, тондары шаққа естіледі. Ұстама бірнеше сағатқа созылуы мүмкін. Ол өз-өзінен немесе емнен басылады.

3 Ұстаманың басылу кезеңі. Ұстама басылар алдында науқас қайтадан үсті-үстіне жөтеліп әйнек тәрізді мөлдір кілегейлі, түйіршікті қақырықты тастайды. Қақырық түскен соң тыныс шығару жеңілденіп қысқарады, құрғақ сырылдар азаяды. Бірақ, ұстамадан кейін тыныс шығарудын ұзарғандығы және құрғақ сырылдар біршама уақыт сақталады. Ұстамалардың жиіленуі немесе уақытында басылмаған ұстама астмалық статусқа ауысуы ықтимал.

Науқастың аллергологиялық анамнезін мұқият тексереді. Осылардың нәтижесінен бронхтық астманың атопиялық түрін анықтауға болады, мәселен поллинозға байланысты. Поллинозда астма маусымға тәуелді, көбіне көктем мен жазда өршиді және коньюнктивит, ринит-пен бірге жүреді. Атопиялық астмада аллергияның өзге көріністері қабаттасады: есекжем, Квинке ісінуі, кейбір дәрмектердің немесе тағамның жақпауы.

Науқасты объективті тексергенде аллергияның немесе иммундық бұзылыстардың белгілері табылуы мүмкін: есекжем, коньюнктивит, риниттің болуы аллергиялық астмаға тән; экзема, нейродермит, псориаз, эритемалық папулалық бөртпелер бронхтық, астманың иммундық генезін растайды.

Тері, тырнақтардағы саңырауқұлакшалық зақымданулар немесе гайморит организмде сенсибилизация көзінің болуын дәлелдейді. Ринит және мұрын полипозы болар астма ретінде қаралуы тиіс.

Науқастың өкпесінен эмфиземаның, бронхтық обструкцияның белгілері анықталуы ықтимал (әлсіз везикулалық тыныс, тыныс шығарудың ұзаруы және ысқырықты құрғақ сырылдар). Пневмосклероз болса, онда өкпенің белгілі бір аймағында "тысырлаған" ылғал сырылдар үнемі естіледі.

Ұстамадан тыс кезде жасырын бронхоспазмды тапқан маңызды. Ол үшін тынысты екі-үш рет барынша күштеп шығартқызып барып тындайды, сол кезде тыныс шығарудың ұзаруы және бірен-саран ысқырықды сырылдардың пайда болуы жасырын бронхоспазмның болуын дәлелдейді.

Бронхтық астманың дамуында вагустық механизмнің қатысуын анықтау маңызды, ол үшін науқасты жатқан күйінде тыңдайды -"вагустық" механизм қатысатын болса, онда дененің горизонтальды қалпында құрғақ сырылдар көбейіп күшейеді.

Бронхтық астманың кейбір түрлерінің клиникалық ерекшеліктері:

Броихтық астманың тағамдық түрі ерекше бөліп карастыруды талап етеді. Негізінде бұл аллергиялық астманың бір түрі. Ерекшелігі - аллергеннің тағам арқылы түсуі.

Сонау өткен ғасырдың өзінде кейбір клиницистер мұндай науқастарда ұстаманың алдында метеоризммен, іштің ұстамалы түйіліп ауыруымен білінетін астмалық аураның ерекше түрін және нәжіспен Шарко-Лейден кристалдарының бөлінуін атап өткен. Кейін, асқазан-ішекжәне тыныс жолдарының эмбриологиялық біртектілігі және иммундық реакцияларының ұқсастығы дәлелденген. Астманың дамуына аллергендік қасиеті жоғары тағамдар (томат, балық, құлпынай, шоколад, дәндік, т.б.) алып келеді. Тағамдық аллергияның дамуына септігін тигізетін - асқазан-ішек экологиясының бұзылысы (дисбактериоз). Әдетте, дисбактериоз үстіндегі аллергиялық реакциялар қатаң түрде дамиды. Сонымен қатар бұл астманың дамуында кампилобактерлік инфекцияға көп мән берілуде. Астмамен ауыратын адамдардың 100%-да асқазанның кілегей қабығында HP анықталған. Астманың дамуына (өсіресе түнгі астманың) рефлюксэзофагиттің болуы да септігін тигізеді.

Аллергиялық емес астма. Бронхтық астманың бұл түрі бронхтардың аллергендік емес ықдалдардан бейспецификалық реактивтілігің күшеюінен болады (инфекциядан; аэрополлютанттардың, дәрмектердің, кәсіптік заттардың әсерінен; дене қызметінен, нервтік-психикалық күйзелістерден, т.б.) Көбіне мұндай астманың дамуы мен өршуіне түрткі болатын инфекция, әсіресе бронх-өкпе жүйесінің инфекциясы. Сондықтан кейбір зерттеушілер астманың "инфекияға тәуелді" түрін айыруды ұсынады. Инфекция келесі механизмдермен астманың дамуына үлесін қосуы мүмкін:

  • инфекциялык қабыну салдарынан бронх қабырғаларына атопиялық аллергендер өтуінін жеңілденуі, осыған байланысты атопиялық астманың өршуі;

  • инфекциялық агенттін (көбіне вирустың) тікелей әсерінен мастоциттердің дегрануляциясы;

  • инфекциялық агенттің бронхтардың рецепторларына тікелей әсер етуінен бронхтық астманың даму мүмкіндігі.

Бронхтар реактивтілігінің біріншілік күшеюінде белсенді дене қимы-лынан, салқын ауа жұтқанда немесе өткір иістен экспирациялық ентікпе пайда болады. Ертеректе белсенді дене қимылынан болатын астма "дене қызметі астмасы " аталған. Астманың Бұл түрінде қимылды амалсыздан тоқтатқаннан 5-10 минуттан кейін кәдімгі астмалық ұстама дамиды. Мұндай астма көбіне балалық жасөсшрім шақта кездеседі, балалардың спортпен немесе ойынмен шүғылдануын шектеп қатты қинайды. Спортпен шұғылдану мәселесін қарастырғанда, мұндай балаларға тек жылы бассеинде суда жүзуге рұқсат етіледі.