- •Дәрістің тақырыбы:Жүректі перкуссия әдісімен зерттеу.Жүрек аускультациясы.Қалыпты және патологиялық жүрек үндері.
- •Перкуссия жасау реті:
- •Үш буынды үн - « шоқырақ ырғақ».
- •Жүрек үндерінің жиілігі мен ырғақтығының өзгеруі.
- •Жүрек шулары.
- •Шулардың пайда болу мехаиизмі.
- •Шулардың бір бірінен айырмашылығы.
- •Диастолалық шуға тән ерекшеліктер.
- •4. Диастолалық шудың фунциональдық түрі өте сирек кездеседі. Шулардың сипаты мен күші, анық естілетін орындары.
- •Плевра перикардтық шу.
- •Қан тамырлардың соғуын зерттеу.
- •Капиллярлық пульс.
Үш буынды үн - « шоқырақ ырғақ».
Миокард инфаркты, сол қарыншаның аневризмасы, кардиосклероз, созыл малы нефрит, гипертония ауруларынан жүректің бұлшықеті зақымдалып әлсіресе, қалыпты жағдайда байқалатын үшінші мен төртінші үндер қатаюы мүмкін. Патологиялық үшінші мен төртінші үннің біреуінің қатаюынан ат тың шоқырақ шабысына ұқсас, «шоқырақ ырғақ» деп аталатын үш буынды ырғақ пайда болады. «Шоқырақ ырғақты» В.П. Образцов «диастолалық» деп атауды ұсынған, себебі үш буынды ырғақ диастола кезінде патологиялық үшінші мен төртінші үннен қалыптасады. Патологиялық үшінші үн, екінші үннен 0,12-0,15 немесе 0,08-0,14 сек. кейін бұлшықеті гипертрофияға ұшыр ап әлсізденген, қуысы кеңейген қарынша қабырғаларының тербелісінен туын дайды. Шоқырақ ырғақ диастоланың қай кезеңінде пайда болса соған қарай ; протодиастолалық (диастоланың басында), мезодиастолалық (диастоланың ортасында) және пресистолалық (диастоланың соңында) деп аталатын түрлерге бөлінеді. Шоқырақ ырғақ бәсең әрі төмен, дүмпулі дыбыс, сондық тан тікелей құлақпен тыңдағанда да, қолмен сипалағанда да анық білінеді. Шоқырақ ырғақ жүрек ұшында немесе үшінші мен төртінші қабырға аралығында науқасты сол жағына жатқызып тыңдағанда жақсы естіледі.
Шоқырақ ырғақ жүрек қызметінің бұзылысын білдіреді, сондықтан В.П.Образцов , шоқырақ - бұл жүректің көмек сұраған айқайы (галоп - это крик сердца о помощи) деп анықтама берген.
Жүрек үндерінің жиілігі мен ырғақтығының өзгеруі.
Қалыпты жағдайда жүректің жиырылу жылдамдыгы 60-80 рет минутына тең болады. Жүректің соғуының жиілеуі тахикардия (tachycardia ) деп аталады, ол физиологиялық және патологиялық жағдайларда байқалады. Физиологиялық жағдайларға; жүгіру, физикалық жұмыс, көңіл күйдің өзгеруі, адамның жасы мен бойының ұзындығы т.б. жатады. Патологиялық жағдайларға; дене қызуының жоғарылауы, өткір жэне созылмалы жүрек аурулары, шок, жедел қан жоғалту, тиреотоксикоз т.б. жатады.Бұл жағдайларда жүректің жиырылу жылдамдығы 100-120 ретке дейін болады.
Жүрек соғуының сиреуі брадикардия (bradycardia ) деп аталады . Брадикардия кейде сау адамдарда мысалы спортсмендерде, ваготониктерде байқалса, ал патологиялық жағдайда сарғаюда, іш сүзекте, менингитте, ми шайқалғанда жэне ми ісігінде, инсультте, микседемада, жүрек гликозидтерін мөлшерден артық қабылдағанда, қолқа сағасы тарылғанда байқалады.
Жүрек соғуының кенеттен 20-30 рет минутына сиреуі жүрекше -қарыншалық блокада кезінде байқалады. Жүректі тыңдағанда бірінші үнге қарай жүректің жиырылу жылдамдығын санауға болады. Аритмия жағдайында жүрек пен тамыр соғу жиілігі арасында айырмашылық (puis deficiens) болады.Жүрек тің жиырылу жылдамдығы жиілегенде кәрі жілік артериясында емес жүректе санаған дұрыс. Жүректі тыңдағанда жүректің ырғақты жұмысының бұзылыстары анықталуы мүмкін мысалы; маятник тәрізді ырғақ, эмбриокардия, экстрасистолия, жүрек блокадасы, мерцательді аритмия . Маятник (тіл) тәрізді ырғақ кезінде диастола кезеңі қысқарып, систола кезеңіне тең болады, ал аускультация еткенде жүректі үндері маятниктің тербелісіндей бірдей болып қалады және бұл ырғақ жүрек бұлшық еттерінің ауыр зақымдалуына тән. Маятниктің тербелісіндей ырғақ кенеттен жүректің жиырылуының жиілеуіне әкелсе эмбриокардия деп аталады. Кей де қалыпты ырғақтан кейің, жүректің кезектен тыс кенеттен жиырылуы салдарынан жүректі тыңдағанда бірінші үн күшейіп, одан кейінгі үзілі ұзарады . Экстрасистолия кезінде екінші үн естілмеуіде мүмкін. Митральдіқақпақша ақауында, тиреотоксикозда,кардиосклерозда пайда болатын мерцательді аритмиямен (жыбырлы аритмия) науқасты тындағанда жүректің жұмыс істеу ырғақтығытолық бұзылған болады. Сол қарыншаның қанмен толық толмауынан жүрек ұшында бірінші үннің күшеюі анықталады. Жүрекше - қарыншалық нерв шоғыры сабақтарыныңөткізгіштігі толық тежелгенде (полная блокада) брадикардияменқатар жүрекше мен қарыншаның бір мезетте жиырылуы салдарынанмылтық тарсылына ұқсас Н.Д. Стражесконың «зеңбірек үні» естіледі.
