- •Дәрістің тақырыбы:Жүректі перкуссия әдісімен зерттеу.Жүрек аускультациясы.Қалыпты және патологиялық жүрек үндері.
- •Перкуссия жасау реті:
- •Үш буынды үн - « шоқырақ ырғақ».
- •Жүрек үндерінің жиілігі мен ырғақтығының өзгеруі.
- •Жүрек шулары.
- •Шулардың пайда болу мехаиизмі.
- •Шулардың бір бірінен айырмашылығы.
- •Диастолалық шуға тән ерекшеліктер.
- •4. Диастолалық шудың фунциональдық түрі өте сирек кездеседі. Шулардың сипаты мен күші, анық естілетін орындары.
- •Плевра перикардтық шу.
- •Қан тамырлардың соғуын зерттеу.
- •Капиллярлық пульс.
Шулардың бір бірінен айырмашылығы.
Систолалық шуға тән ерекшеліктер:
1.Систолалық шу үлкен үзілістен кейін бірінші мен екінші үн аралығында естіледі және бірінші үн бәсең болуы мүмкін.
2.Систолалық шу жүрек ұшы түрткісімен және ұйқы артерияларының соғуымен сәйкес болады.
3.Систолалық шудың органикалық және функциональдық түрлері болады.
4.Систолалық шу төмендегі жүрек ақауларында естіледі: митральді қақпақшаның жетіспеушілігінде, үш жармалы қақпақшаның жетіспеушілігінде, қолқа сағасы тарылғанда және тумыстан болған жүрек ақауларында (өкпе артериясы сағасының тарылуы, Толочинова ауруы, ашық боталлов өзегі).
Диастолалық шуға тән ерекшеліктер.
1.Диастолалық шу үлкен үзілісте яғни екінші үнмен бірінші үн аралығында естіледі.
2.Диастолалық шу жүрек үшы түрткісімен сәйкес келмейді.
3.Диастолалық шу төмендегі жүрек ақауларында естіледі: митральді қақпақшаның стенозы мен үш жармалы қақпақшаньщ стенозында, қолқа қақпақшасының жетіспеушілігінде, өкпе артериясы қақпақшасының жетіспеушілігінде.
4. Диастолалық шудың фунциональдық түрі өте сирек кездеседі. Шулардың сипаты мен күші, анық естілетін орындары.
Шулардың қасиеті: А) тембріне қарай; жуан, тырналағандай, дірілді, кейде музыка әуеніндей әуенді шу.Б) мерзіміне байланысты ұзақ немесе қысқа шу. В) күшіне қарай шу ақырын немесе қатты болады.
Шуды тыңдағанда оның ақырын немесе қаттылығына, яғни қуатына, жүрек жұмысының әр кезеңінде қалай өзгеретініне көңіл аудару керек. Дыбыс біртіндеп бәсеңдеуі (бәсендегіш шу) немесе күшеюі (үдемелі шу ) мүмкін. Көбінесе шулар біртіндеп бәсеңдейді, өйткені қан жүректен ірі қан тамырға айдала бастағанда қысым айырмашылығы үлкен болады да, қан өте жылдам ағады. Ал қан айдала оның ағысы біртіндеп баяулап, шу да бәсеңдей береді. Шулар қалыптасқан жерінде айқын болады. Дыбыс өткізгіш жақсы болған жағдайда ғана шулар қалыптасқан жерінен шалғайда жақсы анықталады. Шулар қанның ағу бағытына сәйкес таралады және жүректің кеудеге жақын жайғасқан, өкпе жаппаған жерлерінен жақсы естіледі.
Систолалық шудьщ анық естілетін орындары мен таралу аймақтары.
Систолалық шу митральді қақпақша жетіспеушілігінде жүрек ұшында жақсы естіледі және шу алғашқыда сол жүрекшеге қарай, кейін сол қарынша кеңейгендіктен қанның кері ағысымен сол қолтыққа қарай тарайды. Үш жармалы қақпақша жетіспеушілігінде төссүйегінің төменгі бөлігінде, семсерше өскіншесі тұсында жақсы анықталады. Қолқа сағасы тарылғанда немесе қолқада патологиялық процесстер пайда болғанда, оң жақта екінші қабырғааралығы мен Боткин нүктесінде жақсы естіледі және мойын артериясын қуалай, жүрек тұсының барлық жеріне тарайды, қатты әрі жуан болғандықтан тіпті жауырын аралығынан да естіледі.
Өкпе артериясының стенозы мен ашық боталлов өзегінде сол жақта екінші қабырғааралығынан жақсы анықталады. Толочинова ауруында төссүйегінің орта тұсында жақсы естіледі.
Диастолалық шудың анық естілетін орындары мен таралу аймақтары.
Митральді қақпақша стенозында жүрек ұшында жақсы анықталады, ешқайда таралмайды жэне науқасты шалқасынан немесе сол қырына жатқызып тыңдағанда жақсы естіледі. Қолқа қақпақшасының жетіспеушілігінде оң жақта екінші қабырғааралығынан немесе Боткин нүктесінде жақсы анықталып, сол қарынша жаққа қарай жақсы тарайды. Өкпе артериясы қақпақшасыньщ жетіспеушілігінде сол жақта екінші
қабырғааралығынан, оң жүрекше - қарыншалық тесік тарылғанда (стеноз) төссүйегінің төменгі бөлігінде жақсы естіледі. Шулардың естілуі науқастың төсектегі жағдайына қарай да өзгереді. Систолалық шулар науқасты шалқасынан немесе сол жақ қырына жатқызып тыңдаганда жақсы естіледі. Адам түрегеп тұрғанда қан ағысы жылдамдайды, сондықтан диастолалық шулар науқасты түрегелткенде жақсы анықталады.
Функциональдық шулар жэне олардың органикалық шулардан айырмашылыгы.
Органикалық шулардан айырмашылығы функциональдық шулар жүректің қақпақшалық аппараты зақымдалмаған жағдайда пайда болады. Көбінесе функциональдық шулар қан аздықта, жемсауда, астениктерде, балаларда, жүйкесі жиі қозатын ашуланшақ жэне шаршаған адамдарда байқалады. Функциональдық шу систолалық, қысқа, жұмсақ әрі үрмелі, тұрақсыз болады және ол жүрек ұшында және өкпе артериясында жақсы естіледі, қалыптасқан жерінен алысқа аймақтарға тарамалмайды, жүректі пальпациялағанда анықталмайды. Функциональдық шулар дене қалпы өзгергенде, жүрекке күш түскенде немесе тыныс алудың түрлі фазаларывда жоғалып кетуі мүмкін. Функциональдық шу систоланың басында пайда болады, сирек жағдайларда ғана систоланы түгел қамтиды жэне шу фонокардиограмма да айқын білінеді.
Экстракардиальдық шулар.
Экстракардиальдық шуларға перикардтың үйкеліс шуы, плевра- перикардтың үйкеліс шуы жатады. Қабыну процестерінің салдарынан үлпершек беткейлерінің фибрин қабаттарынан тегістігі бұзылып, үлпершектің (перикардтың) үйкеліс шуы пайда болады.
Перикардтың үйкеліс шуы үлпершек құрғағанда немесе үлпершекті рак түйіршіктері жайлағанда, уремияда, миокард инфарктының 2-3 күндері естіледі. Миокард инфарктынде перикардтың үйкеліс шуын алғаш енгізген ғалым В.М. Керниг.
Перикардтың үйкеліс шуына тән ерекшеліктер:
1. Шудың қалыптасу механизмі плевра үйкелісінің шуына, ал реңі қар немесе қағаз сықырына, енді бірде тырнақпен тырналағанға үқсас.
2. Шу жүрек жұмысының екі фазасында да (систола, диастола) естіледі, бірақ тұрақсыз болады, әрі жүректің қозғалыс кезеңінде күшейеді.
3. Шу жүректің қатаң дыбысты шекарасы аймағынан жақсы анықталады, ешқайда таралмайды.
4. Шу науқас кеудесімен алға қарай еңкейгенде жақсы естіледі.
5. Шу тынысалуды бір мезет тоқтатып түрғаң жағдайда жақсы анықталады.
