- •Жоспар:
- •Зертханалық зерттеу әдістері.
- •Қанды зертханалық зерттеу.
- •2. Биохимиялық зерттеу.
- •3.Иммунологиялық зерттеу.
- •4. Микробиологиялық зерттеу.
- •5. Гемостаз жүйесіндегі патологияны зерттеу.
- •3.Цитологиялық зерттеу.
- •Несептің физикалық қасиеті.
- •1. Жалпы клиникалық зерттеу.
- •2.Биохимиялық зерттеу.
- •Несептің салыстырмалы тығыздығы.
- •2. Несепті биохимиялық зерттеу.
- •Несепте глюкозаны анықтау.
- •Несепте билирубинді анықтау.
- •3. Несенті микроскопиялық жолмен зерттеу.
- •Лейкоциттерді анықтау.
- •Бүйректің несеп сұйылту қызметін тексеру.
- •1. Жалпы клиникалық зерттеу.
- •Қақырықты бактериологиялық зерттеу.
Несептің салыстырмалы тығыздығы.
Несептің салыстырмалы тығыздығының маңызы өте үлкен, себебі ол несепте еріген заттардың мысалы- мочевина, несеп қышқылы, т.б. заттардың концентрациясы туралы мәлімет береді және бүйректің концентрациялау, еріту қызметінің көрсеткіші болып табылады. Қалыпты жағдайда несептің салыстырмалы тығыздығы 1.010 - 1.028 аралығында болады және оны урометрмен өлшейді. Несептің салыстырмалы тығыздығы несептің мөлшеріне байланысты өзгереді, полиурия кезінде азаяды, олигурия кезінде керісінше көбейеді. Несептің салыстырмалы салмағының көбеюі қант диабеті ауруына тән симптом. Несептің салыстырмалы тығыздығы көптеген факторларға байланысты болғандықтан, бүйрек қызметінің жағдайын тексеру үшін функциональды жанама әдістердің бірі Зимницкийдің сынама әдісін қолданады. Зимницкий әдісі көмегімен тәуліктік диурезді 8 рет бөліп (4 рет күндіз, 4 рет түнде) жинап, әр порцияның көлемі мен салыстырмалы тығыздығын, тәулік ішіндегі несептің салмағыныңөзгерісін анықтайды. Қалыпты жағдайда несептің салыстырмалысалмағы 8 порцияның кез келгенінің бірінде 1016болуы тиіс. Несептің меншікті салмағының азаюы - гипостенурия, монотонды біркелкі болуы изостенурия, меншікті салмағының біркелкі, әрі төмен болуы гипоизостенурия деп аталады.
2. Несепті биохимиялық зерттеу.
Бұл мақсатта несеп құрамындағы белок, қант, ацетон (кетонды денелер), билирубин, уробилиноидтар, тұздар және несеп реакциясы, қажет жағдайда гормондар, ферменттер мөлшері анықталады.
Несеп реакциясы қалыпты жағдайда қышқылды немесе әлсіз қышқылды, РН 4,5 - 8,4 арасында, орта есеппен РН 6,0 тең. Несеп қышқылдығы қант диабетінде, туберкулезде, бүйрек шамасыздығында, ацидоз, алкалозда көбейеді. Несеп реакциясының сілтілі болуы тоқтаусыз қуықта, несеп жолдарының созылмалы инфекциялық ауруында жэне тағам кұрамында көкөністер көбірек болса байқалады.
Несеп құрамындағы белокты анықтау.
Тәжірибелік тұрғыдан алғанда несепте белок болмауы керек деп есептелінеді. Несепте белоктың пайда болуы протеинурия деп аталады. Протеинурия физиологиялық жэне патологиялық болады. Сау адамда белок мөлшері өте аз болады, бұл өткінші физиологиялық протеинурия болып табылады және ол физикалық жұмыстан кейін, салқын тигенде, вертикаль қалыпта ұзақ тұрғанда, көп жүргенде, жүктіліктің бірінші жартысында байқалады. Физиологиялық протеинурия бүйректе қан іркілісіне байланысты пайда болады. Патологиялық протеинурияның бүйректік және бүйректен тыс себепке байланысты түрлері болады.
Бүйректік патологиялық протеинурия; өткір, созылмалы нефритте, нефрозда, нефросклерозда, амилоидозда кездеседі, ал бүйректен тыс себепке байланысты протеинурия несеп жолдары мен жыныс жолдарының қабынуында кездеседі.
Несепте глюкозаны анықтау.
Қалыпты жағдайда несепте глюкоза анықталмайды. Несепте глюкозаның пайда болуы глюкозурия деп аталады. Глюкозурия қандағы глюкоза мөлшері (қалыпты жағдайда 4,6-6,6 ммоль.л 9,9 ммоль/л-н жоғары болғанда пайда болады. Несептегі глюкоза мөлшерін индикатор қағаз «глюкотест», «глюкофан» көмегімен анықтауға болады. Физиологиялық глюкозурия мөлшерден артық көмірсутегілерді(алиментарлық глюкозурия) және кейбір дәрілерді (кофеин, кортистероидтар) қабылдағанда (эмоциональдық глюкозурия) пайдаболады. Патологиялық глюкозурия қант диабетінде, тиреотоксикозда, Иценко-Кушинг синдромында, бауыр циррозында, бүйрекауруларында байқалады.
