Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Өкпеге перкуссия жасау әдісі!.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
55 Кб
Скачать
☆

Өкпенің төменгі шегін анықтау.

Өкпенің төменгі шегін анықтау науқастың қалыпты тыныс алу жағдайында жүргізіледі.

Өкпенің алдыңғы оң жақ төменгі шегін анықтау.

Зерттеу 2-3 қабырғалар арасынан басталып, төссүйегі маңы, бұғана, басқа да сызықтардың бойымен төмен қарай бағытталады. Осы сызықтар бойынша сол жақта жүректің орналасуына байланысты өкпенің алдыңғы сол жақ төменгі шегін анықтау қиын. Әрі қарай кеуденің екі жағын топографиялық перкуссия көмегімен зерттеу қолтықтың алдыңғы, ортаңғы, атрқы сызығы, жауырын сызығы және омыртқа маңы сызығы бойынша жүргізіледі. Төмендегі кестеде сау адам өкпесінің төменгі шегі кеуденің түрлі топографиялық сызықтарына сәйкес берілген. Әр адамның жалпы тұлғасының ерекшеліктеріне, жас шамасына, жынысына қарай өкпенің төменгі шегі ауытқып отыратындығын ескерген жөн.

Өкпенің төменгі шекаралары.

Перкуссиялайтын сызық

Оң жақ өкпе

Сол жақ өкпе

Төс маңы сызығы:

6-шы қабырғаның жоғарғы қыры

Бұғана орта сызығы:

6-шы қабырғаның төменгі қыры

Қолтықтың:

Алдыңғы сызығы Ортаңғы сызығы

Артқы сызығы

7-ші қабырға

8-ші қабырға

9-шы қабырға

7-ші қабырға

8-ші қабырға

9-шы қабырға

Жауырын сызығы:

10-шы қабырға

10-шы қабырға

Омыртқа маңы сызығы:

11-ші көкірек қылқанды өскіні (остистый отросток) омыртқасының

Жоғарыда көрсетілген сызықтар бойынша өкпенің төменгі шегін анықтауда қалақша саусақ анықталатын шекараға параллель қойылады да, перкуссия жоғарыдан төмен қарай қатаң дыбыс пайда болғанша жасалады. Өкпе шегін анықтағанда белгіні қалақша саусақтың үстіңгі яғни ашық дыбысқа (өкпелік ) қараған қырымен белгілейді. Өкпенің сол қолтық асты аймағының сызықтары бойынша төменгі шегі тимпаникалық дыбыс шығаратын Траубе кеңістігімен шектелетіндіктен осы аймақтағы өкпенің төменгі шегін анықтауда қиындық байқалады.

Өкпенің төменгі жиектерінің жылжымалылығы шегін анықтау.

Өкпенің төменгі жиектерінің жылжымалылығы шегін (подвижность- экскурсия ) анықтау бқғана орта, қолтық асты аймағының ортаңғы немесе артқы сызызықтары, жауырын сызықтары бойынша перкуссия арқылы жүзеге асырылады.

Өкпе жылжымалылығының екі түрі бар:

1.Тыныс алумен байланысты түрі - активті.

2.Дене қалпын өзгерткенде байқалатын түрі -пассивті.

Активті жылжымалылық шегін анықтау науқастың қалыпты тыныс алу кезінде өкпенің төменгі жиегін тауып, белгілеуден басталады.

(1-нүкте) Содан кейін науқасты тынысын терең алғызып, кідіртіп, төмен қарай тұйық дыбыс шыққанша тықылдатып, өкпе жылжымалылығының төменгі шегі анықталады. Бұл 2-ші нүкте қалақша саусақтың ашық дыбысты жағына қойылып, екі аралық сантиметрлі таспамен өлшенеді. Өкпе жылжымалылығының жоғарғы деңгейін анықтағанда, науқасқа демін қатты шығартып, кідірте тұрып, бұрыш анықталған 1 –нүктеден (ортаңғы нүкте) бастап, жоғары қарай, өкпеге ашық дыбыс анықталған жерге дейін перкуссия жасау керек. Осы 3 нүкте қалақша саусақтың тұйық дыбысты жағына қойылады. Бұл нүктелердің де арасы өлшенеді. Өкпенің жоғары немесе төмен қарай жылжымалылығының қалыпты жағдайдағы шекаралары бүғана орта және жауырын сызықтары тұсында 2-3 см, бұл жердегі жалпы жылжымалылық шегі 4-6 см, ал қолтық аймақ сызықтарында 3-4 см, яғни жалпы жылжымалылық 6-8 см-ге тең. (өкпенің төменгі жиектерінің жылжымалылығы терең дем алғанда 4 см-ге, терең дем шығарғанда 4 см-ге тең, жалпы жылжымалылық 8 см) Хал-жағдайы ауыр науқастың, дем алуын кідірте алмаған жағдайда өкпенің пассивті жылжымалылығы ғана анықталады. Ол үшін науқастың дене қалпын өзгерту керек.Мысалы; отырған науқасты жатқызған кезде бауыр ауытқып, қабырғалар мен көкет синустарындағы қысым азаяды да, өкпенің төменгі жиегі 1-2 см-ге төмендейді. Өкпенің төменгі жиектерінің жылжымалылығы өкпеэмфиземасында, плевра қабаттарында бірікпелер қалыптасқанда төмендеп, плевра қуысына көп мөлшерде сұйықтық жиналғанда шектеледі.

Өкпенің төменгі шекаралары патологиялық процесстерден жоғары немесе төмен қарай ауытқуы мүмкін. Өкпенің төменгі шегінің төмендеуі алвеолаларда ауаның мөлшерден артық шоғырлануынан көкет төмен қарай ығысқанда байқалады, бұл өкпе эмфиземасы ауруынан, бронх демікпесінен және құрсақ қуысындағы ағзалар төмен түскенде (энтероптоз немесе спланхноптоз деп аталады) мысалы босанғаннан кейінгі кезеңде және қатты жүдегенде, астениялы тұлғалыадамдарда, өте терең тыныс алғанда көкет төмендегендіктен байқалады

Өкпенің төменгі шегінің жоғары қарай ығысуы.

Өкпе төменгі шегінің жоғары ығысуы жиі өкпеде дәнекер ұлпа дамып, өкпе ұлпасының тыржыюына алып келетін өкпе ауруларында кездеседі- атап айт қанда: созылмалы туберкулез, өкпе абсцесі (іріндігі), пневмосклероз, плеврит әсіресе іріңді түрі, кеуде қуысының бірікпелері т.б. және плевра қуысына сұ йықтық жиналғанда (экссудативті плеврит, гидроторакс, гемоторакс), құрсақ қуысында қысым жоғарылап диафрагманың жоғары орналасуына әкелетін жағдайларда (асцит, жүктілік, метеоризм, кенеттен семіру, аналық без жэне үйқы безінің кистасы т.б.) өкпенің төменгі шегі жоғары көтеріледі. Өкпенің ұшы туберкулез ауруының каверналары, абсцесстер қабысса кішірейіп, өкпе эмфиземасы, бронх демікпесі ауруларынан кеңеюі мүмкін. Өкпе қырының шегі қырының шекарасы да,жылжымалылығы да өзгермелі. Өкпе бө ліктері қабынып, қатайса немесе бүрісіп солса, кеуде қуысына сұй ықтық жиналса, диафрагма жоғары тұрса немесе кеуденің бір жағы ның бұлшықеттері қабынса, қабырға сынса, өкпенің қыры кішіреюі немесе мүлде анықталмауы мүмкін.

Өкпені тыңдау. Аускультация.

Тыныс алу жүйесінің жолдарында ауаның пайда болуы ондағы ауаға байланысты. Ауаның тығыздығы жоғары болуынан өкпедегі қозғалыстан қысым өзгерсе, ондағы ауа тербеліп дыбыс түзіледі. Өкпені тыңдағанда осы дыбыс естіледі. Өкпені тыңдағанда негізгі тыныс шуларыньщ сипатына, ұзақтығына, тыныс алу фазасына қатысы және олардың күшін салыстырып, кейін қосымша шуларға назар аудару керек. Өкпені аускультация жасау ережелері.

1.Науқасты оның жалпы жағдайына қарай отырғызып немесе тұрғызып тыңдауға болады

2 Науқасты шешіндіру қерек.

Терең тыныс алғанда әлсіз науқастардың басы айналып құлап қалмас үшін түрегеп тұрған науқасты дәрігер бір қолымен демегені жөн. Жағдайы көтерсе, науқасты орындыққа отырғызып, қолын тізесіне қойғызып тыңдаған жөн. Ауыр халдегі науқасты егер жағдайы көтерсе бір қырына жатқызып, болмаса сол жатқан қалпында науқасты қозғалтпай тыңдаған жөн.

3.Науқастың жағдайына қарай дәрігер ыңғайлы жайғасуы керек.

4.Өкпедегі патологиялық процесстерді анықтау үшін салыстырмалы аускультация ету керек, яғни тыңдауды кеуденің сау жақ бөлігінен бастап, стетофонендоскопты екі жақтың симметриялы жерлеріне кезек қою керек.

5.Тыңдау кеуденің алдыңғы жағындағы бұғана үсті мен бұғана асты аймақтарынан басталып, төссүйегі мен бұғана орта сызықтарын қуалай төмен қарай жылжип, сол жақта жүректің шекарасы басталатын 3 қабырғаға дейін екі жақты салыстыра отырып тыңдалады.

6.Екі жақтағы қолтық аймақтарын тыңдағанда науқас алақандарын айқастырып, екі қолын желкесіне қоюы керек. Бұл жағдайда да өкпенің екі жағын салыстыра жоғарыдан төмен қарай тыңдаған дұрыс.

7.Арқаның жауырын үсті, жауырын аралығы мен жауырын асты аймағы тыңдалады. Науқас қолдарын кеудесіне айқастырып, иегін кеудесіне тигізуге тырысып, басын алға қарай иіп тұруға тиіс.

Тыныс шулары.

Қалыпты жағдайда естілетін негізгі тыныс шулары екеу:

1.өкпе ұлпасынан естілетін - везикулярлық (альвеолалық) тыныс.

2.көмейде, кеңірдекте, ірі бронхыларда қалыптасатын бронхылық (көмей- кеңірдектік) тыныс.