- •Жоспар:
- •Кеуденің алдыңғы жағынан перкуссия ету реті:
- •Өкпенің төменгі шегін анықтау.
- •Өкпенің төменгі шекаралары.
- •Өкпе жылжымалылығының екі түрі бар:
- •1. Везикулярлық тыныс.
- •Везикулярлық тыныстың бәсең естілуі.
- •Кеуде қуысында пайда болатын қосымша тыныс шулары.
- •Сырыл.(ronсні)
- •2. Бронхылық тыныс.
- •Патологиялық бронхылық тыныс түрлері:
- •Плевра үйкелісінің шуы.
- •Плевра үйкелісінің шуына тән ерекшеліктер:
- •Бронхофония.
- •Бронхофонияның күшеюі.
Плевра үйкелісінің шуы.
Қалыпты жағдайда плевра үсті тегіс, әрі ол үнемі плевра сұйықтығымен ылғалданып тұратындықтан ешқандай дыбыс шығармайды.
Плевра үйкелісінің шуы кеуде қуысының астары (плевра) қабынып, құрғағанда, онда фибрин түзіліп, бірікпелер қалыптасқанда пайда болады. Көптеген патологиялық жағдайларда мысалы; жарақаттанғанда, құрғақ плевритте - плевра құрғап, оның іргелік (париетальдық) және ағзалық (висцеральдық) беттері бір біріне жабысып құрғап қалады немесе осындай өзгеріс көп құсқанда, іш өткенде байқалып плевра құрғап қалады. Кейде плевра қабаттарының арасында ревматизмнен, қатерлі ісіктерден, бүйрек қызметі жеткіліксіздігінен несеп қышқылы бөлінгенде т.с.с бірікпелер пайда болады. Осы аталған патологиялық жағдайларда плеврада үйкеліс күшейіп, үйкеліс дыбысы қалыптасады. Плевра үйкелісінің шуы қар сықырына, саусақтарды бір- біріне үйкегенде естілетін дыбысқа ұқсас.
Плевра үйкелісінің шуына тән ерекшеліктер:
Плевра үйкелісінің шуы дем алып, дем шығарғанда да, көкетпен дем алғанда да естіле береді.
2. Плевра үйкелісінің шуы көбінесе кеуденің төменгі бөліктерінде әсіресе қолтық пен жауырын аймақтарында ошақты түрде байқалады. Ол естілген ауыруы мүмкін. Кейде шудың қатты(дөрекі) болғандығын пальпациялап (қолмен сипап) анықтауға да болады.
3.Фонендоскопты қаттырақ басса, плевра үйкеліс шуы күшейіп, жөтелғенде өзгермейді.
4. Плевра үйкелісінің шуы сықырдан айырмашылығы кеуде торының үстіңгі беткейіне жақын естіледі.
Бронхофония.
Тыныс жүйесі патологияларын анықтау үшін бронхофония әдісі кеңінен қолданылады, әсіресе хал- жағдайы ауыр, аурудан әлсіреген науқастарды зерттеуде маңызы бар.
Бронхофония - бұл сыбырлатып, ақырын ғана айтылған сөздердің дыбысын кеудеге фонендоскопты қою арқылы тыңдау.
Бронхофонияны анықтағанда науқасқа құрамында (Р) немесе (Ч) дыбысы бар сөздерді, дауыс дірілін өткізгіштігін анықтағандай қатты емес, сыбырлатып, ақырын ғана айтқызу керек. Сау адамдардың сыбыры міңгірлеген (күмілжіген) сөздер түрінде естіліп, кеуденің екі бөлігіне бірдей тарайды.
Өкпедегі немесе плевра қуысындағы патологиялық процесстер салдарынан бронхофония бәсеңдеуі немесе күшеюі мүмкін.
Бронхофонияның күшеюі.
Бронхофонияның күшеюі өкпе қабынғанда, өкпе инфарктынде, өкпе туберкулезінде немесе өкпеде қуыстар пайда болғанда мысалы: каверна, абсцесс, ірі бронхоэктаздар және компрессияателектазында, ашық пневмоторакста байқалады. Бронхофонияның бәсеңдеуі. Бронхофонияның бәсеңдеуі экссудативтік плевритте, гидроторакс, гемоторакс, пневмоторакс және обтурациялық ателектазда байқалады.
