Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тест казГу.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

12. Хабарлама корреспонденцияның хабарлама жанрлардан айырмашылығы:

A. хабарлама корреспонденцияның, хабарлама жанрларға қарағанда, объектілері-абстрактлы, көбінесе бір ортақ тақырыпқа біріктіріліп, топтастырыла беріледі;

Ә. хабарлама корреспонденция, хабарлама жанрларға қарағанда, ойды жалпылама береді, жаңалық жеріне жеткізіле талданбайды;

Б. хабарлама корреспонденция, хабарлама жанрларға қарағанда, мәселені кеңірек қамтиды, тәптіштей түсіндіреді, тақырыпқа қатысты бірнеше факт, оқиғаны апта, ай ішіндегі істің нәтижесін өз бойына сыйғызып баяндайды;

В. іс нәтижесі корреспонденцияда көпшілік жағдайда қорытындыланбайды, оқиға, хабарлама жанрларға қарағанда, оперативті, жылдам өтеді;

Г. хабарлама корреспонденция, хабарлама жанрларға қарағанда, оқиғаны локальдік ауқымда ғана қамтиды, тәптіштеп түсіндірмейді.

13. Журналисті әміршілдік-әкімшілік озбырлықтан қорғайтындар:

A. Банкирлер, коммерсанттар;

Ә. Заң, оқырман, әріптестер;

Б. Депутаттар корпусы, Президент әкімшілігі;

В. Мораль, әдеп, тәрбие;

Г. Халықаралық қоғамдастық, партия лидерлері.

14. Оқиға дегеніміз:

A. күнделікті, ағымдағы тіршілік процесі;

Ә. баспасөз мәслихаты;

Б. қоғамдық ұйымдар пресс-релизі;

В. кеңістік пен уақыт контексінде қарастырылатын әлеуметтік маңызы бар істер;

Г. заң орындарынан келіп түсетін ақпараттық мәлімет.

15. Ілгерінді газет шолуының басты сипаты:

A. талдамалық;

Ә. жарнамалық;

Б. гедонистік;

В. танымдық;

Г. ағартушылық.

16. Профессор М. Барманқұловтың пікірінше, жауап берушінің мінез-құлқына қарай сұхбат топшасы (подгруппасы) қалай жіктеледі?

A. сұхбат-сұрақ, сұхбат-анкета, сұхбат-саралау, сұхбат-арандату;

Ә. сұхбат-баяндау, сұхбат-талдама, сұхбат-портрет, сұхбат-монолог;

Б. сұхбат-пікір, сұхбат-хабар, сұхбат-эмоция, сұхбат-әлеуметкерлік зерттеу;

В. сұхбат-суреттеме, сұхбат-мінездеме, сұхбат- анықтама, сұхбат-сырласу;

Г. сұхбат-сараптама, сұхбат-корреспонденция, сұхбат-пікірталас.

17. Натуралистік очерктің объектісі:

A. табиғат, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі;

Ә. адамзат дүниесі;

Б. химия өнеркәсібі;

В. майдан оқиғалары;

Г. спорт жұлдыздарының өмірі.

18. "Газет-журнал" атты өлең жазған Алаш азаматы:

A. К. Кемеңгеров;

Ә. Р. Марсеков;

Б. М. Дулатов;

В. Ш. Құдайбердиев;

Г. Б. Сүлеев.

19. Пішін (форма) дегеніміз:

A. мүлде өзгермейтін әдістер жиынтығы;

Ә. журналистің өзіндік қолтаңбасы;

Б. жеке басылымның өзіндік сипаты;

В. жанрлар шекарасы;

Г. өмір шындығын бейнелеуде пайдаланылатын қалыптасқан жүйе.

20. "Жиырма бесінші сөзінде" Абай былай деген:

A. Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпейді, бойды шымырлатып, буыңды құртып, я көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады;

Ә. Осы мен өзім-қазақпын. Қазақты жақсы көрем бе, жек көрем бе? Егер жақсы көрсем қылықтарын қостасам керек еді. Егер жек көрсем, сөйлеспес ем, мәжілістес, сырлас, кеңестес болмасам керек еді;

Б. Адам баласына адам баласының бәрі – дос;

В. Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да - бәрі орыста тұр. Зарарынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек керек. Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі соныменен бірдейлік дағуасына кіреді, аса арсыздана жалынбайды;

Г. Егерде мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі-қазақтың әулиесі сол. Бірақ құдай тағалла қолына аз-маз өнер берген қазақтардың кеселдері болады.

21. Түсіндірмедегі интерпретация:

A. оқиғаның барысын суреттейді;

Ә. құбылыстың уақытын көрсетеді;

Б. оқиғаның болған жерін сипаттайды;

В. түсіндірмешінің дүниетанымын аңғартады;

Г. журналисті психологиясын байқатады.

22. "Ақанның өмірі" атты зерттеу мақала жазған қазақтың ұлы ақыны:

A. І. Жансүгіров;

Ә. М. Жұмабаев;

Б. Т. Ысмайылов;

В. С. Сейфуллин;

Г. Ж. Нәжімеденов.

23. Хабарлама және түсіндірме сұхбаттың түрлері:

A. жедел, саяси, экономикалық, дәстүрлі, келісілген, ақпараттық;

Ә. протоколдық (ресми), түсіндірме, сұхбат-диалог, сұхбат-монолог, баспасөз мәслихаты, анкеталық сұхбат, сұхбат-мазмұндама;

Б. ақылы сұхбат, сұхбат-шолу, аудиториялық сұхбат;

В. жол-сапар сұхбаты, интеллектуалдық сұхбат, интимді сұхбат;

Г. тарихи сұхбат, әлеуметтік сұхбат, сұхбат-шағым, кеңейтілген сұхбат.

24. "Құстар – біздің досымыз" атты кітап жазған белгілі ақын:

A. А. Әлім;

Ә. Б. Серікбай;

Б. Ж. Нәжімеденов;

В. Н. Оразалин;

Г. Е. Раушан.

25. Есеп жанрының міндеті мен мақсаты:

A. есеп жеке адамның, не бір шаруашылықтың озат тәжірбиесін насихаттауға арналады. Тілші есеп жазу үшін объектіні ұзақ зерттейді, асықпай отырып материал жазады;

Ә. журналист әлеуметтік маңызы бар жиындарды мазмұндайды. Түйінді мәселелерді қозғауға жеке бір шешеннің сөзі де таяныш болады;

Б. тек ресми адамдардың немесе ресми орындардың мемлекеттің сыртқы саясаты жөніндегі ой-пікірлері мазмұндалады. Журналист ойдан қосу, өз фантазиясын іске жегу арқылы лауазымды адамдардың ойын байытады;

В. есептің айтар ойы, көздер мақсаты көмескілеу, онда белгілі бір дайын объекті болмауға тиіс. Есепке ойда-жоқта, тосыннан кездесіп қалған оқиға негіз болады;

Г. Есеп тек биресми мәжілістер мен жиналыстардан жазылады. Тілі мен стилі суреттемеге жақын.

26. "Ашық хат Жапан баласына" революциядан бұрын қай газетте жарияланды?

A. Қазақ;

Ә. Семипалатинские областные ведомости;

Б. Түркістан уалаятының газеті;

В. Семиреченские областные ведомости;

Г. Дала уалаятының газеті.

27. Профессор А. Тертычныйдың мақала жанрын жіктеуі:

A. этнографиялық, сипаттаушы, бейнелеуші, марапаттаушы;

Ә. саяси, жалпы экономикалық, таныстырушылық, салыстырушылық;

Б. жалпы зерттеуші, тәжірибелік-талдамалық, пікірталастық;

В. әлеуметтік, жарнамалық, әдеби-көркем, публицистикалық;

Г. нұсқаушылық, ұйымдастырушылық, үгіттеушілік, үкім шығарушылық.

28. Публицистика шеңберіне не кіреді?

A. телевизия хабарлары;

Ә. газет, журнал мәтіндері;

Б. баспасөз, телевизия-радио материалдары, деректі фильм, шешендік сөздер, плакаттар, жарнамалық ақпарат;

В. радио хабарлары;

Г. таблоидтар.

29. Түсіндірме мен түсіндірмеленген фактінің айырмашылығы:

A. түсіндірме көбінесе көкейтесті оқиғаны тілге тиек етеді, ал түсіндірмеленген факт маңызды мәліметті ілі-шала аздап талдап кетеді;

Ә. біріншісі тек фактіні талдайды, екіншісі құбылысқа ден қояды;

Б. түсіндірме мен түсіндірмеленген факті арасында ешқандай айырмашылық жоқ

В. алғашқысы шолудың бір нұсқасы, ал кейінгісі репортаждың бір түрі;

Г. түсіндірме көркем-публицистикалық топқа жатады, ал түсіндірмеленген факт талдамалы жанр қатарына кіреді.

30. «Газеттерде айлар бойында Кәменнің семьясы туралы нелер қызық мақалалар басылды. Радио мен телевидениеден қаншама тілшілер келді, кино да түсірілді,әй, армансыз-ақ шулатты-ау!.." Осы үзінді қай жазушының шығармасынан алынды?

A. Рамазан Тоқтаров;

Ә. Қалихан Ысқақов;

Б. Жайсаңбек Молдағалиев;

В. Сайын Мұратбеков;

Г. Әкім Тарази.