Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
тест казГу.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

31. Ғ. Қайырбековтің ғ. Мүсіреповке арналған эссе-кітабы:

A. Ұлы тұлға;

Ә. Торғай толқындары;

Б. Елтінжал;

В. Дала қоңырауы;

Г. Құрдастар.

32. Ақпаратқа (заметкаға) қойылатын талаптар:

A. Оған іріктелген, типтік факт арқау болады, дерегі соны, жазылуы қысқа, тілі ұғымды, ойы - нақты;

Ә. Оның негізі - кез келген факт, дерек, оқиға, әлеуметтік астар еске алынбайды;

Б. Жарнамалық қажеттілікке татитын қас қағымдағы өтпелі дерек іске жаратылады;

В. Тек ірі-ірі саяси-қоғамдық деректер, оқиғалар сүзіліп алынады, тілі сөйлеу мәнеріне тетелеу;

Г. Тек сенсациялық дерек пен оқиға көлденең тартылады.

33. Ақпарат көкейтестілігінің «қас жауы»:

A. Оқиға;

Ә. Оқырман;

Б. Уақыт;

В. Журналист;

Г. Демократия.

34. Оқиғаның басты үш элементі (Д. Рэндалл):

A. Мазмұны, формасы, автор беделі;

Ә. Хабар көзі, хабардарлық, уақыт факторы;

Б. Факт, дерек, мәлімет;

В. Автор, мұрағат, хабар агенттіктері;

Г. Көз, құлақ, иіс сезімі.

35. Портрет жанрының түрлері:

A) Экономикалық портет, репортаждық портрет;

Ә) Мемориалдық, мерейтойлық, саяси портрет;

Б) Полемикалық, жарнамалық, буклеттік;

В) Фотопортрет, ауызекі портрет, жағымды портрет;

Г) Журналдық, газеттік, кітаби, библиографиялық.

36. Сауал қою өнерін игеру үшін Дэвид Рэндалл қанша міндет қояды?

A) Тоғыз;

Ә) Жеті;

Б) Жиырма;

В) Он екі;

Г) Он үш.

37. Эпистолярлық жанр түрлері:

A) Үндеу, ашық хат, оқырмандар хаты, оқырманға хат, жол- сапар хаты;

Ә) Рапорт, нота, интимді хат, аноним хат;

Б) Елден жазылған хат, көкейтесті хат, жедел хат;

В) Амандық хат, хат-мінездеме, ресми хат, биресми хат;

Г) Саяси хат, әлеуметтік хат, экономикалық хат, электронды хат.

38. Лирикалық "мен" және журналистік "мен":

A) Екеуі бір ұғымды білдіреді;

Ә) Лирикалық "мен" деректі, журналистік "мен" абстрактылы;

Б) Лирикалық "мен" абстрактылы, журналистік "мен" деректі;

В) Лирикалық "мен" суреттемеге лайық, журналистік "мен"- мақалаға;

Г) Лирикалық "мен" - прозада, журналистік "мен" – драмада.

39. Ақпараттық хабарлардағы түсіндірменің үш типі (Д. Рэндалл):

A) Жария, жасырын, абайсыз;

Ә) Ресми, биресми, тәуелсіз;

Б) Жедел, баяу, байыпты;

В) Өтпелі, тұрақты, динамикалы;

Г) Маусымдық, мезгілдік, кеңістіктік.

40. С.Сейфуллин "Баспасөзді күшейту жұмысы" атты мақаласында былай депті:

A) Газет-журналға жазылыңыздар, мемлекет сол үшін сендерге көмек береді;

Ә) Қазақ еңбекшісі газет оқымасаң-меңіреу, құлақсыз, саңыраусың;

Б) Азат баспасөз үшін күрес бір күн де толастамақ емес;

В) Көзі ашық адам газет-журналдың жанашыры болғаны жөн;

Г) Оянған далаға оятушы газет-журнал қажет.

41. Хроника жанры:

A) Мерзімі көрсетілген ресми ақпарат;

Ә) Мәдени оқиғаларды сөз ететін ақпараттық жанр;

Б) Топтастырылып берілген түсіндірме;

В) Күнделік түріндегі очерк;

Г) Саяси репортаж.

42. "Егер очерк адам "мінез-құлқының тарихы" болса, онда репортаж ең алдымен "оқиғаның тарихы". Авторы:

A) Е. Журбина;

Ә) С. Гуревич;

Б) В. Пельт;

В) А. Аграновский;

Г) Н. Чернышевский.

43. Көлеміне қарай есеп түрлері:

A) Облыстық, аудандық;

Ә) Аймақтық, халықаралық;

Б) Қысқаша, кеңейтілген;

В) Ауқымды, шағын;

Г) Шектеулі, шектеусіз

44. Б.Майлиннің "Раушан коммунисінде" түрмеден шыққан Бәкен қай мекемеге келеді:

A) Болысқа;

Ә) Прокуратураға;

Б) Әйелдер комитетіне;

В) Газет басқармасына;

Г) Журнал редакциясына.

45. Сұхбат-мазмұндама, ресми (протоколдық) сұхбат:

A) Біріншісінде айтылған ой, қойылған жауап түгелдей беріледі, екіншісі кез келген екі адамның болымсыз оқиғаға берген бағасы;

Ә) Сұхбат-мазмұндама-қойылған сұрақтарға орай берілген жауаптарды талдап жазған мақала. Ресми сұхбат - өнер қайраткерлерінің тілші сауалдарына қайтарған дәл де нақты жауабы;

Б) Сұхбат-мазмұндама-очерктің құрамдас бөлігі. Ресми сұхбат-тұрмыстың көлеңкелі жақтарын мінейтін фельетонның компоненті;

В) Сұхбат- мазмұндамада қойылған сұрақтар да , берілген жауаптар да қаз-қалпында келтірілмейді, сұхбат беруші пікірінің түйіні ғана мазмұндама ретінде хабарланады. Ресми сұхбат - лауазымды ресми адамның ішкі және сыртқы саясат хақында ақпарат құралдары өкілдеріне берген жауабы;

Г) Сұхбат-мазмұндама-баспасөз мәслихатына қатысқан журналистер пікірлерін түп-түгел мазмұндайды, оқырманға кеңінен таныстырады. Ал ресми сұхбат кезінде лауазым иесі тек жағымды тұстарға назар аударады.

46. Баспасөзге шолудың басты мақсаты:

A) Баспасөздің кем-кетігін аяусыз сынау, бетке басу;

Ә) Журналистер мектебінің, кәсіби деңгейінің төмен екенін дәлелдеу;

Б) Баспасөзді одан әрі дамыту, жақсарту, жанашырлық пікір білдіру, оның кемшілігі мен жетістігіне әділ баға беру;

В) Әлеуметтік тапсырысты орындау;

Г) Баспасөзге жазылу науқанын ұйымдастыру мақсатында тек мадақтау.

47. Диалогтық жанрлар:

A) Сұхбат, баспасөз мәслихаты, пікір жарыс;

Ә) Ақпарат, очерк, есеп;

Б) Корреспонденция, суреттеме, репортаж;

В) Баспасөзге шолу, түсіндірме, шолу;

Г) Эссе, өндірістік репортаж, рецензия.

48. В.Д. Пельт рецензияны қандай түрге бөледі?

A) Театр рецензиясы, әдеби рецензия;

Ә) Публицистикалық рецензия, әлеуметтік-экономикалық рецензия;

Б) Теориялық рецензия, көркем рецензия;

В) Жалпылама рецензия, нақты рецензия;

Г) Гуманитарлық рецензия, техникалық рецензия.

49. Дипломат, сыншы, журналист, қоғам қайраткері Н. Төреқұлов туралы деректі кітап жазған қазақ дипломаты, қоғам қайраткері:

A) Қ. Тоқаев;

Ә) М. Есеналиев;

Б) Т. Мансұров;

В) Б. Әйтімова;

Г) О. Сүлейменов.

50. «Кітаптар туралы» эссесінде: «Мен жаңа авторларды сирек оқимын, өйткені маған байырғылар аса мазмұнды және аса сезімтал көрінеді»,- деген автор:

A) Шекспир;

Ә) Сервантес;

Б) Петрарка;

В) Монтень;

Г) Ибсен.

51. Қазіргі суреттемеге тән қасиеттер:

A) Ұлт мәселесін, тіл проблемаларын саясаткерлік тұрғыдан зерделейді;

Ә) Ол ғылыми-техникалық жетістіктерді рыноктық қатынастар елегінен өткізуге тырысады;

Б) Жастар аудиториясына арналады, пейзаждық ашық бояулар, романтикалық сарын басым болады, құбылыс пен факті пәлендей терең талданбайды;

В) Ол көбінесе цифр, дерек, статистикалық мәліметтер айналасында мәселе көтереді;

Г) Суреттеме проблеманы нақты қояды, оны ғылыми жағынан терең саралайды.