Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
etn.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

24. Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді:

  • толық құнды ақшалар (нағыз ақшалар);

  • толық құнсыз ақшалар (құндық белгілері).

Толық құнды ақшалар

Толық құнды ақшалар (нағыз ақшалар) — номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін ақшалар.

Металл ақшаларға: мыстан, күмістен және алтыннан жасалғандары жатады. Металл ақшалар әр түрлі нысанда болған. Монета түріндегі нысаны — бұл олардың соңғы нысаны. Монетаның бет жағы — аверс, артқы жағы — реверс және жаны — гурт деп аталады.

Толық құнсыз ақшалар

Толыққұнсыз ақшалар (құнның белгілері) — номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар.

Оларға мыналар жатады:

  • құнның металдық белгілері—арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар;

  • құнның қағаздан жасалған белгілері.

Құнның қағаздай белгілері екіге бөлінді: қағаз ақшалар және несиелік ақшаларға.[4]

25.Металдық айналыска қатысты аталып өткен екі ақша жүйесі — биметаллизм және монометаллизмге тән. Биметаллизм — бұл ақша жүйесінде жалпы құндық эквивалент рөлін заңды түрде екі металл атқарады. Алтын және күміс монеталар кең көлемде соғылып, еркін айналысқа түсті, биметаллизмнің үш түрі болды: параллельді валюта жүйесі, алтын және күміс монеталар арасындағы қатынас металдың нарықтық бағасына сәйкес стихиялы түрде бекітілді; қосарлы валюта жүйесі, бұл қатынасты мемлекет анықтады; «ақсак» валюта жүйесі, күміс монеталар алтын белгісі болып қалыптасты. Ақша ретінде екі металдың колданылуы жалпыға ортақ эквивалент табағатына қарама-қайшы болды. Алтын мен күміс арасындағы шекті қатынасты белгілеуде қиындыктар туды. Қосарлы ақша жүйесін мемлекетаралық реттеу нәтижесіз болды. Күмістің құнсыздануы нәтижесінде алтын монеталар айналыстан қазынаға кете бастады. Монометаллизм — жалпыға эквивалент рөлін бір ғана металл (не алтын, не күміс) атқаратын ақша жүйесі. Алтын монометаллизмі алғаш рет Ұлыбританияда 1816 ж., Германияда — 1871-1873 жж., Францияда — 1876 -1878 жж., Ресей мен Жапонияда 1897 ж., АҚШ-та — 1900 ж. белгіленді. Күміс монометаллизм Ресейде 1834 — 1852 жж., Үндістанда 1852 -1893 жж., Нидерландыда 1847 — 1875 жж. қолданылды.

26) шы сұрақ - Қоғамдық Еңбек бөлінісі – бұл қоғамдық еңбектің тарихи анықталған жүйесі. Ол қоғамның даму процесінде іс-әрекеттің сапалық дифференциация нәтижесінде қалыптасады.

Еңбек бөлінісі тек қана бөлектену процесі емес, сонымен қатар еңбекті біріктіру әдісі. Мұндай диалектикалық бірлік халықаралық деңгейде ерекше көрінеді.

Қоғамдық еңбек бөлінісі өндірістік әрекет түрлеріне байланысты мынадай нысандарға бөлінеді:

1) қоғамдық еңбек бөлінісінің жалпы түрі (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, байланыс, құрылыс, денсаулық сақтау, білім беру, қызмет көрсету т.б.);

2) қоғамдық еңбек бөлінісінің дербес түрі (сала ішіндегі еңбек бөлінісі);

3) қоғамдық еңбек бөлінісінің жеке-дара түрі (кәсіпорын ішіндегі еңбек бөлінісі).

Ол жекелеген елдердің эконономикалық пайдалы өндіріске тұрақты түрде маманданып, белгілі сандық және сапалық арақатынастар арқылы басқа елдермен өндіріс өнімдерімен алмасуы.халықаралық еңбек бөлінісі әлемдік экономиканы ұйымдастырудың тәсілі ретінде көрінеді, яғни әрбір елдің кәсіпорындары белгілі бір тауарлар мен қызметтер өндіруге маманданады, одан кейін олармен айырбас жасайды.

Халықаралық еңбек бөлінісінің дамуына әсер етуші факторлар. Бұл факторларға:

Елдің ішкі нарығының көлемі.

Нарығы дамыған ірі елдерде қажетті өндіріс факторлары мен тұтынушы тауарларын табуға мүмкіндік жоғары. Сондықтан елдің халықаралық мамандану мен тауар айырбасына қатысу қажеттілігі төмен болады. Сол кезде елдегі жетілген нарықтық сұранс экспорттық мамандануды кеңейтумен орнын толтыра отырып, импорттық сатып алуды кеңейтуге ынталандырады.

Ел экономикасының даму деңгейі.

Елдің экономикалық потенциалы неғұрлым төмен болса, соғұрлым елдің халықарлық еңбек бөлінісіне қатысу қажеттілігі жоғары болады.

Елдің табиғи ресурстармен қамтамасыз етілуі.

Елдің моноресурстармен (мысалы, мұнаймен) жоғарғы дәрежеде қамтамасыз етілуі елдің халықаралық еңбек бөлінісіне белсенді түрде қатысуына қажеттілік тудырады.

Ел экономикасы құрылымындағы негізгі өнеркәсіп салаларының (энергетика, металлургия, қағаз шығаратын сала) үлес салмағы.

Халықаралық өндіріс “ескі” дәстүрлі халықаралық еңбек бөлінісіне, сонымен қатар өндірістік қатынастарда жаңа функциялары бар дамушы елдерді қатыстыра отырып, жаңа халықаралық еңбек бөлінісіне негізделеді.

Халықаралық еңбек бөлінісін өлшеу үшін экономистер бірқатар коэффициенттерді ұсынады. Олардың ішінде:

өндірілген өнімнің жалпы көлеміндегі экспорттық үлес салмағы;

экспорттың жалпы құнындағы саланың үлес салмағы;

мемлекеттің барлық өнеркәсібінің өсу қарқынымен салыстырғанда экспорттық мамандану саласының өсу қарқыны.

Аймақтық деңгейде халықаралық еңбек бөлінісінің даму көрсеткіштері мыналар:

әрекеттесуші елдердің қоғамдық өндірісінің өсуімен салыстырғанда өзара тауар айналым өсуінің өзу коэффициенті;

осы елдердің қоғамдық өндірісте өзара тауар айналымының үлесі;

жалпы сыртқы сауда айналымының өсуімен салыстырғанда өзара тауар айналым өсуінің озу коэффициенті.

27 . Еңбек өнімі — материалдық-заттық (материалдық өнім), рухани ақпараттық (ақыл-ой еңбегінің өнімі) формадағы не орындалған жұмыс пен атқарған қызмет түріндегі адам еңбегінің, шаруашылық әрекеттің нәтижесі. Өндіріс процесі кезінде белгілі бір мұқтаждыққа байланысты өңдеуден өткен еңбек заттары өз формасын өзгертіп, еңбек өніміне айналады. Е. ө. өндіріс құрал-жабдығына (қ. Еңбек құрал-жабдығы) және тұтыну заттарына бөлінеді. Өндіріс құрал-жабдықтары (машиналар, металл, отын т.б.) өндірісте тұтынылады, ал тұтыну заттары (тамақ өнімі, киім, т.б.) жеке тұтынуға жатады. Е. ө. тауар өндірісі жағдайында рынокқа арнап сату үшін өндіріледі.Еңбек өнімі- өндіріс құралдар көмегімен формасын өзгертіп, адамның қажетіне бейімделген табиғат заты. Адам еңбегінің нәтижесінде өнім дайын күйінде қоғамдағы адамдарға жетеді. (Әрине тұтыну заты ретінде) Еңбек өнімі-өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттары.

Тауар — қоғамда айырбастау, сатып алу-сату жолымен бөлінетін, құны бар еңбек өнімі, яғни материалдық-заттық пішіндегі өндірістік-экономикалық қызметтің кез келген өнімі, қажеттілікті қанағаттандыратын және базарға жұрттың назарын аудару, сатып алу, пайдалану не тұтыну мақсатымен ұсынылатын нәрселер, яғни сатып алу-сату, сатушы мен сатып алушы арасындағы нарықтық қатынастар нысаны.Әрбір тауардың тұтынушылық құны, яғни адамның қандай да болсын қажетін өтеу қасиеті болады. Бірақ ол Тауарды жасаушының қажетін емес, басқа адамдардың қажетін қанағаттандырады, яғни қоғамдық тұтыну құны болып табылады. Тауардың осы қасиеті айырбас құны деп аталады, ол құнның нысаны, оның айырбас барысындағы сыртқы көрінісі болып табылады. Барлық Тауардың құны сапалық жағынан біртекті және тек сан жағынан, оларды өндіруге жұмсалған қоғамдық еңбек шығынының көлемі жағынан ғана айырмашылығы бар. Тауарға жұмсалған қоғамдық еңбек оның құнын құрайды. Тауардың пайдаланылуы қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді болуы мүмкін.

28. Қоғамдықпайдалылықтұтынукөлемініңөсуінебайланыстыөсутенденциясынаиеболса, шектіпайдалылықжәнеоныменқосажалпысұранымтөмендеуқасиетінеие, егер де ұсынымөссе. Бұлзаңдылық «шектіпайдалылықтыңтөмендеузаңы» депаталады. Шектіпайдалылықтеориясыныңнегізінде «Госсензаңының» біріншіжәнеекіншітүрлерібастауболды. Бұлзаңнемісэкономисі Герман Госсенніңатыменаталған. Осы заңныңнегізіндеГоссенсубъектііс-әрекетініңрационалдыережесінсуреттеп, өзініңшаруашылыққызметіненмаксималдыпайдатабуғаұмтылатындығынкөрсетеді.

Біріншізаңғасәйкес, тұтынуданіс-барысында тола түсуізаттыңпайдалығынтөмендетіп, игіліктерқорыұлғаятүседі. Игіліктерқорыкөпболса, пайдалылықтөменболады. Демек, әрбіркелесіигіліктербірлігініңбағалығытөмендейді.

Экономикалық субъект тепе-теңдікжағдайынаГоссенніңекінші «заңын» қолданғандақолжеткізеді. Олзаңныңмәнімынада: игіліктіңрационалдыкомбинациясынасолкездежетугеболады, қайуақыттаадамүшінәртүрлісоңғытұтынылғантауарларпорциясыбірдейпайдалылықкөрсетсе.

Тұтынушыныңойынша, игілікқоры аз болса, ондаадамныңкөзалдындаәрбір бар тауарүлкенпайдалылыққаиеболады.

Бюджеттіксызықнемесебюджеттікшектеуекітауардыңмүмкіндігіншеболатынкомбинациясынкөрсетеді, ондатұтынушы бар мөлшеріндегібюджеттенжәне осы кездегібағадеңгейіненалыпотыруымүмкін. Әрбіртұтынушыбюджеттікшектеушеңберіндеөзініңтабысынәртүрлітұтынутауарыарасынанемесеқызметкөрсетуге, салуғатырысады, себебіпайдалылықтымаксималдыққажеткізуқажет.

Тұтынушы табысының ұлғаюы бюджеттік сызықты оңға қарай параллельді ығыстырады, ал түсуі – солға қарай ығыстырады.

Бюджеттік сызықтың орналасуы ақшалай табыс мөлшеріне де байланысты. Ақша табысы өзгеруінің бюджеттік сызыққа әсері

Тауарға бағаның өзгеруі бюджеттік сызықты оңға ығыстырады, ал бағаның көтерілуі солға ығыстырады.

Егер бір тауардың бағасы ғана өзгерсе(мысалы, тағам өнімдеріне баға төмендейді), ал бар тауардың (киім) бағасы мен табыс мөлшері өзгеріссіз қалса, онда бюджеттік сызықтық соңғы нүктесі оңға жылжиды.

Қорытынды –Тауар неғұрлым көп болса,сонша оның тұтынушыны қанағаттандыру деңгейі жоғары болады да,оның нақты пайдалылығы мен құндылығы төмен болады,керісінше тауар неғұрлым аз болса онда оның пайдалылығы мен құндылығы жоғары болады бұл Госсен заңы деп аталады.

29. Өндіріс – бұл қоғамның дамуы мен өмір сүруі үшін қажетті материалдық және рухани игіліктерді құру процесі. Өндіріс ұғымы жалпы алғанда – бұл абстракция, бірақ ақылға сыйымды абстракция, себебі ол шын мәнінде жалпылағаны мағынаны білдіреді және өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс сияқты жиынтық өндірісте көрінеді.

Өндіріс бір мезгілде тұтыну процесінде бола алады. Өсімдік химиялық элементтерді тұтына отырып, өзін-өзі ұдайы өндіреді. Адам тамақтану процесінде өзінің тәнін ұдайы өндіреді. Өнеркәсіп өндіріс жұмыс күшін, шикізат пен материалдарды тұтына отырып, материалдық игіліктерді ұдайы өндіреді. Тұтынусыз - өндіріс процесі жоқ. Өндіріс процесі тек қана үш факторлардың – адамның жұмыс күші, еңбек заты мен еңбек құралдары - өзара іс-әрекеті арқылы (бұл К. Маркс бойынша) жүзеге асуы мүмкін.

1. Өндіріс оның мәні және факторлары:

Әрбір адам жеке жұмыс істейді, бірақ барлық еңбек процесі ұжымда, қоғамда жүзеге асады. Өндіріс әрқашан қоғамдық сипат алып, оның екі жаны болады: өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар.

Өндіргіш күштер бұл өндіріс құрал жабдықтары ең алдымен еңбек құралдары, сонымен қатар, материалдық игіліктер өндіретін адамдар. Адамдар қоғамының басты өндіргіш күші, олар ғана өндіріс құрал-жабдығын іске қосады. Өндіргіш күштерде ерекше орынды жер алады. Кейбір салаларда ол еңбек заңы (қазба өндірісінде) ретінде қолданылады.

Ресурстардың шектеулілігі және оларды талдау мәселелері

Теоретикалық экономикада «экономикалық ресурстар деген ұғым бар. Бұл немене екен? Экономикалық ресурстар бұл да өндіріс факторы, табиғаттан пайда болады және оны адам өндіреді. Оған көмір газ мұнай, бензин, керосин, темір рудасы, болат, машина, станоктар, үйлер және т.б. жатады. Адам ресурстары олардың еңбек әлеуеті, кәсіпкерлік қабілеттілігі болмақ.

2. Қоғамдық өндірістің құрылымы:

Адам қоғамының дамуы негізін материалдық өндіріс жатады. Өмір сүру, оқу және жұмыс істеу үшін, адамдарда тамақ өнімдері, киім, тұрғын-үйі және т.б. болуы қажет. Материалдық және рухани игіліктер өндірісін тоқтатқан болса, адам қоғамы жойылып кеткен болар еді.

Материалдық өндірістер саласы - халық шаруашылығы салаларының төмендегідей материалдық игіліктер өндірісі (өнеркәсіп, ауыл, шаруашылығы құрылыс) және материалдық қызмет көрсету саласы бойынша (өнім қозғалысын тұтынушыға дейін қамтамасыз ететін көлік пен сауда, коммуналды шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету – киімді өңдеу мен тігу, жуу, тазалау және т.б.) екіге бөлінеді.

3. Өндірістік құрылым және оның түрлері:

Кәсіпорындарды құру және олардың құрылымдық бөлімшелерінің негізіне өндірістік процестер жатады. Өнімді өндірумен байланысты кез келген технологиялық процес түрлі операциялар көлемін, оның ішінде негізгі, қосымша, қызмет қызмет көрсету, басқару және т.б. жұмыстарын іске асырады. Дайын өнімді жасауда жоғарыдағы көрсетілген операциялардың рөлі түрліше. Өнімді қалыптастыру негізгі өндірістік процестердің кезінде шығады, ал басқа процесте оны жасауға тек ықпал етеді. Мұның барлығы тиісті бөлімшелерді қалыптастырудың негізі болып табылады.

4. Өндірістік құрылымның негізгі көрсеткіштері және оларды жетілдірудің жолдары:

Кәсіпорын құрылымын толық сипаттау үшін түрлі көрсеткіштер қолданылады. Олардың ішіндегі негізделері:

• оның құрамына кіретін бөлімшелердің жалпы тізімі;

• бөлімшелер қызметкерлерінің саны;

• жабдықтардың қуаты;

• өндірістік қорлардың құны;

• өнім шығару көлемі;

• мамандандыру және механикаландыру;

• күрделі қаржының құрылымы.

Кәсіпорынның құрылым көрсеткіштерін дұрыс таңдап өндірістің «осал жерлерінің ашуға және осы кәсіпорынның оңтайлы құрылымын таңдауға мүмкіндік туғызады.

5. Өндірістік процестерді ұйымдастырудың негізгі принциптері:

Өндіріс процесінің бірқалыпты жұмыс істеуі үшін ең тиімді еңбек процесінің үлесуін және өндірістің материалдық элементтерін белгілі бір жүйеге келтіруін қамтамасыз ету қажет: олардың үздіксіз, жоғары өнімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және өндірістің тапсырыс ырғағын түпкілікті қорғау. Сонымен, өндіріс процесі уақыт пен кеңістік жағдайында үлестілігі болу керек. Өндірістік процесті былай ұйымдастыру қажет, егер де бірлестіктер, кәсіпорындар, фирмалар, өндірістік бөлімшелердің ұжымдарының бірлескен жұмыстары жоғары сапалы және шығындарды аз жұмсай отырып, өнімдерді ең көп шығаруды қамтамасыз ететін болса.

6. Өндірістік қуатты қарқынды пайдаланудың факторлары:

Кәсіпорынның өнім шығарудағы әлеуетті мүмкіндіктері олардың өндірістік қуаттарын тұлғалайды. Кәсіпорындардың қабілеттілігі және олардың бөлімшелерінің өнімді ең көп мөлшерде дайындауды, олардың жарақтандырылуы тікелей сапасына, жетілдіру және еңбек құралдарының іс-әрекетке қабілеттілігінен тұрады. Еңбек құралдары ең алдымен актив бөлігі еңбек құралын кәсіпорынның өндірістік қуатын қалыптастырудың негізгі факторы деп есептеуге болады. Алайда, бұдан өндірістік қуатты еңбек құралдарының өндірістік-техникалық параметрлер негізінде кәсіпорынның осы уақыт аралығындағы нақтылы жағдайын есепке алмай-ақ анықтауға болады деген қорытындыға келісуге болмайды.

7.Қоғамдық өндіріс ресурстары

Қоғамның тіршілік етуі үшін өндіріс процесі қажет. Экономикалық игіліктерді өндіру үшін ресурстар, яғни қоғамның әлеуметтік мүмкіндіктері өндіріс процесінде қолданылады. Ресурстар – бұл материалдық және рухани игіліктер мен қызметтерді жасау процесінде пайдалануы мүмкін әртүрлі өндіріс элементтерінің жиынтығы. Оның мынандай түрлері бар:

  1. табиғи ресурстар- адамдардың күнкөріс көзі ретінде пайдалынылатын табиғат элементтері;

  2. материалдық ресурстар- өндіріс процесінде өңдеуге, қайта өңдеуге арналған элементтердің кешені;

  3. еңбек ресурстары- халықтың еңбекке жарамды бөлігі;

  4. қаржы ресурстары- шаруашылық жүргіуші субьектілер мен мемлекет жасақтайтын ақшалай кіріс.

Өндіріс процесінде бастапқы ресурстар адамдардың қажеттіліктеріне бейімделеді, игіліктердің жасалуы жүзеге асады.

Қажеттілік– бұл адамдардың белгілі- бір пайдалылығы бар игіліктерді иелену мен пайдалануға деген ынталылығы. Игіліктер қажеттіліктерді қанағаттандыратын құралдар болып табылады.

Қорытынды:

• Кәсіпорынның өндірістік құрылымы оның бөлімшелері, кооперациялары арасындағы еңбек бөлінісін сипаттайды. Өндірістік процесті кеңістікте оңтайлы тұрғызу – оның тиімділігінің қажетті шарты.

• Кәсіпорынның өндірістік құрылымы оның жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ететін элементтердің өзара іс-қимылын тұлғалайды.

• Кәсіпорынның өндірістік құрылымының басты элементі жұмыс орны, учаскелер және цехтар болып табылады.

30. Натуралды шаруашылық - қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың ертедегі түрі болып табылады. Алғашқы қауымдағы адамның еңбек құрал сайманының қарапайымдылығы оған өнімді тек өзінің тұтынысы үшін жасауға мүмкіншілік береді. Яғни натуралды дегеніміз – адамдар өнімді айырбасқа нарыққа шығаруға ұмтылмастан, тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндірілетін шаруашылықты айтамыз.Ол алғ.қауымдық, құл иеленушілік және феодалдық құрылыс тұсында кеңінен орын алған. Оның ерекшеліктері: тұйықтылық, әр шаруашылық бірлік өз өндіріс ресурстарына сүйенеді, еңбек бөлінісінің болмауы, еңбектің ең қарапайым құралдарын пайдалану, еңбек өнімділігінің төмендігі.Олардың негізгі белгілері мыналар:

- өндіргіш күштер мен оларды ұйымдастыру аса қарапайым;

- өндірілетін өнімдер жиыны ғасырлар бойы өзгерместен жылдан- жылға бірдей көлемде өндіріледі.

Натуралды шаруашылық;

1. Экономикалық қатынастар тұйық жүйелі түрде болады.

2. Еңбек бөлінісі дамыған негізінде қолмен жасалатын еңбектің түрі.

3. Өндіріс пен тұтынудың арасында тікелей экономикалық байланыста болады. Өндірілген өнім айырбасқа қатыспай-ақ тікелей тұтынылады.

Тауарлы шаруашылық: пайда болу шарттары мен себептері, негізгі белгілері. Тауарлы деп- өнімдер сату үшін өндіріліп, ал өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыс нарықтың көмегімен жүзеге асырылатын шаруашылық аталады. Тауарлы шаруашылықтың пайда болуының қажетті шарты: нақты бір өнім шығарушыға өндірушілердің мамандануын білдіретін қоғамдық еңбек бөлінісі, яғни тауарлы шаруашылық - өндірілген өнім айырбасқа (сатуға) түседі; жеке меншіктің болуы; тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануы. Тауарлы өндірістің шығу себебі жеке меншік және шаруашылық қатынастары арқылы өндірушілердің бір - бірінен оқшаулануы. Ол жеке меншік алғашқы қауымдық қоғамның ыдырау кезеңінде бой көтерді. Белгілері: Тауарлы өндірістің даму сипаты айырбаспен нарықтың дамуына байланысты: жеке меншіктің пайда болуы; тұтынушылар өз қажетін қанағаттандыра алу қабылеттілігі; еркін кәсіпкерлікпен айналысуға жол ашылды; қоғамдық өнімнің басым бөлігі тек жеке тұтыну үшін емес, нарық арқылы сатуға арналды; экономикада мемлекеттік және жеке сектордың болуымен сипатталады. Тауар – сатуға немесе айырбасқа түсетін өнім. К.Марстың ойынша, тауардың екі қасиеті бар: адамның сұранысын қанағаттандыру, яғни тұтыну құны; басқа затқа айырбастау мүмкіндігі, яғни айырбас құны (өз құны). Тұтыну құны – тауардың пайдалылығы, адамның белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті. Айырбас құны (тауардың өз құны) – тауардың басқа тауарларға айырбасталу қабілеттілігі. Дамымаған нарыққа негізделген тауар өндірісі (жай тауар өндірісі) — қоғамдық еңбек бөлінісіне, өндірісі құрал жабдықтарына, жеке меншікке, тауар өндірушілердің өз еңбектеріне негізделген. Жай тауар өндірісі кезінде жасалған өнімнің бір бөлігі ғана нарыққа шығарылады. Сондықтанда, ол, бүкіл, экономиканы қамтымайды, яғни оның жалпылама сипаты бола алмайды. Еркін нарыққа негізделген тауар өндірісі (капиталистік) — өзіне тән ерекше белгілері бар. Оған жататындар: а) адамның жұмыс күші тауарға айналады және өндірушінің өз еңбегін жалдамалы еңбекке алмастырады; б) қоғамда өндірілген өнімнің басым бөлігі жекелей тұтыну үшін емес, нарыққа, сатуға арналады. Бұл кездегі тауар өндірісі еркін бәсекеге негізделеді, сондықтан да оны еркін бәсеке дәуіріндегі капитализм немесе “еркін экономика ” деп атайды. Шаруашылық қызметтерін ұйымдастыруда нарықтар мен баға жүйесін кеңінен пайдаланатын тауар өндірісінің мұндай түрін капиталистік экономика деп атайды.

Тауарлы шаруашылық

1.Экономикалық қатынастар ашық жүйелі түрде болады.

2. Еңбек бөлінісі мен тауар айырбасы мамандарылған еңбек.

3. Өндіріс пен тұтынудың арасындағы жанама экономикалық байланыс. Өндірілген өнім нарықта айырбасқа сатуға түсіп, кейін тұтынылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]