- •Рубежный контроль Жасаған 102аб тобы, заңсыз көшірген немесе рұқсатсыз таратқан адам заңмен қудаланады!!!
- •1. Экономика ғылымдарының дамуының негізгі кезеңдері мен пайда болуы
- •2. Мектеп өкілдерінің анықтамасы: лекция даптер
- •4. Экономикалық теория- әдістері лекция даптер
- •6. Адам және экономика . Экономикадағы адамның рационалды әрекетінің түрлі модельдері
- •7. 10. Экономикалық теорияның қызметтері және пәні
- •8. Экономикалық процестерді тану әдістері
- •9. Экономикалық заңдар мен категориялар
- •18. Өндірістік күштер мен өндірістік қатынастар
- •17. Өндірістің негізгі факторлары
- •24. Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді:
- •31.Тауарлы шару/қ,пайда болу себептері
- •32.Жай және капиталистік тауарлар өндірісі
- •33.Тауар,оның қасиеті:құн және тұтыну құны
- •34.Қр мемлекеттік меншіетен жеке меншікке өтудің негізгі бағыттары
- •35.Меншіктің түрлері мен қызметі
- •42. Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуының негізгі бағыттары
- •43. Менеджмент, оның қызметі мен қағидалары
- •45. Маркетинг мәні мен қызметі
- •57.Нарық қатынас жүйесі ретінде, нарықтық қатынастардың субьектілері.
- •58.Нарықтағы табыс пен шығын айналымындағы субьектілердің қарым-қатынасы?
- •60. Өтпелі экономиканың мәнімен оның негізгі формалары , проблемалары?
- •61.Нарықтық қайта құрудың қазақстандық моделі
- •62.Ресурстар нарығы мен түрлері
- •64.Сұраныс.Сұраныс заңы
- •65.Ұсыныс,ұсыныс заңы
- •66. Сұраныс пен ұсыныс , Нарықтық тепе – теңдік
- •67. Икемділік түсінігі. Тұтынушы мінез-құлқының теориялары
42. Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуының негізгі бағыттары
?
43. Менеджмент, оның қызметі мен қағидалары
Менеджмент – бұл басқару теориясы және нарықтық экономиканың қахетті элементі болып табылады. Менеджмент (ағылшынша мanage – басқару, меңгеру, ұйымдастыру) – ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру үрдістерін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы.[1]“Менеджмент” ұғымының мәні мен мазмұны “басқару” түсінігіне ұқсас. Сонымен қатар менеджмент жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, бақылау, ынталандыру сияқты қызметтерді атқарады. Ғылыми менеджменттің негізін салушы белгілі ағылшын ғалымы Фредрик Уинстоу Тэйлор (1856 – 1915). Оның еңбекті ұйымдастыру және өндірісті басқару жүйесі алғаш рет АҚШ-та 19 ғасыр мен 20 ғасыр тоғысында кең пайдаланыла бастады. Қазіргі замандағы менеджмент, негізінен, барлық экономикалық мектептердің тәжірибелері мен бағыттарының жетістіктерін қорытындылау арқылы дамуда. Менеджмент мақсат қоюға, жоспарлауға және саясатты қалыптастыруға міндетті. Ол үшін болжам жасайды. Менеджмент бойынша дәлелденген және жоспарланған операциялары бар ұйымдық құрылым жасау, адамдар арасында міндеттерді бөлу және жауапкершілік деңгейді белгілеу, нұсқау шығару мақсатында әр түрлі шешімдер қабылданады. Қазақстанда менеджмент қағидаттары, тәсілдері, амалдары нарықтық экономиканың өркендеуіне сай кеңінен таралған.
Менеджменттің жалпы қызметтері:
Кәсіпорын жұмысын жоспарлау мен болжау. Басқарну стратегиясын, бағдарлама іс-әрекетін жасау, қаржыландыру көздерін іздестіру және белгіленген шешімдер мен бағдарламаның орындалу мерзімін анықтау.
Ранг дәрежесіне байланысты байланыссыз барлық жұмыскерлердің орындауға, жүзеге асуға тиісті жұмыстарын ұйымдастыру, яғни жұмыстың орындалу құрылымын ұйымдастыра білу қажет, сөйтіп барлық қызметкерлердің күш-жігерін өнімді жұмысқа мақсатпен бөлу және оны жоғарғы тиімділікке мақсатты бағыттау.
Басшы мен оның қарамағындағылардың істерін үйлестіру. Өзінің және басқалардың қызмет атқаруын тұрақты қарау, сөйтіп оны өзінің және сол ұйымның қойған мақсатына жету үшін бағыттау. (Мотивациялау қысқаша)
Алдағы мақсаттарды қамтамасыз ету үшін ұйымның жұмысын бақылау.
Ғылыми басқарудың дәстүрлі емес жүйесінде төмендегідей әдістер қолданылып, олар ғылыми тұрғыдан пайдалану есебінен қолданылатын қолданылатын шешімдердің сапасын арттырады. Біріншіден, ойын теориясы тәсілі қолданылады. Бұл тәсіл қайбір істің бәсекелеске әсер етуін бағалау үшін пайдаланылады.
Екіншіден,имитациялық модельдендіру тәсілі. Бұл кезде арнайы құрылымдар пайдаланылады. Олар нақты өмірді имитация жасайды, яғни өз ұйымының экономикалық жағдайын моделдейді, бәсекелесінің кей кездегі экономикалық жағдайын қарастырады.
Үшіншіден, “бұтақты ағаш тәрізді шешімдер” тәсіл қолданылады. Бұл тәсілде мәселені схема түрінде және баламаларды көзбен шолып қарауды ұсынады.
Төртіншіден, баламаны және оның ықпалдығын айқындау үшін болжау тәсілін қолданады.
