- •Курстық жұмыс
- •Курстық жұмыс
- •Курстық жұмыстың орындалуын бағалау
- •5В073100 – Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
- •Тапсырма
- •Графигі
- •Мазмұны
- •1 «ҚазТрансОйл» aқ мекемесінің географиялық, админастиациялық жағдайы
- •2.1 Кәсіби аурулар мен өндірістік жарақаттануларға және олардың себептеріне талдау
- •2 Жарақаттануды және өндірістік ауруларды талдау негізінде еңбек жағдайын жақсарту шараларын өңдеу
- •2.2 Еңбек жағдайын жақсарту шараларын өңдеу
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Хаттама № 88-13-7 Зиянды өндірістік факторларды өлшеу туралы
- •Хаттама № 77-13-7 жарақат қауіпсіздігін бағалау
2 Жарақаттануды және өндірістік ауруларды талдау негізінде еңбек жағдайын жақсарту шараларын өңдеу
2.1 Кәсіби аурулар мен өндірістік жарақаттануларға және олардың себептеріне талдау
Кәсіби уланулар мен кәсіби ауруларды тіркеу және анықтау тәртібі. Кәсіби уланулар мен кәсіби ауруларды тіркеу және анықтау «Инфекциялық, паразиттік, кәсіптік аурулар мен улануларды тіркеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 12 қарашадағы N 706 Бұйрығына сай жүргізіледі.
Барлық бірінші айқындалған созылмалы кәсіби аурулар, уланулар және әрбір өткір кәсіби аурулардың түрлері анықталуға жатады.
Медпункттің немесе басқа медициналық мекеменің дәрігері бір тәулік ішінде науқастың қаралған жүгінген уақытынан бастап санитарлық-эпидемиологиялық станцияға (СЭС) ауру немесе улану туралы хабарлама жіберуге міндетті.
Жарақат алу қауіпсіздігін бағалау. Өндірістік объектілердің жарақаттану қауіпсіздігін бағалауды ұйымдар жеке жүргізеді, және ол жарақат қауіпсіздігінің 2 нысаны бойынша рәсімделеді.
Жарақат алу қауіпсіздігі, жарақат алу, кәсіптік ауру деңгейіне қарай кәсіптік тәуекелдіктің сыныбына және жабдықтардың, машиналардың, тетіктердің қауіпсіздігінің техникалық жағдайына қарай кәсіптік тәуекелдік
2.1-сурет – Жарақаттанудың шығу себептері
Басқару, қадағалау, жұмыс беру және кәсіподақ ұйымдарын бірігіп келісу әрекеттерінен 2010 жылға қарағанда 2012 жылы жалпы өндірістік жарақаттану 2,5%, ал кәсіби ауру деңгейі 36,7% төмендейді.
Өлім жағдайымен аяқталған және ауыр жарақаттардың болу себептерінің негіздері ол өндіріс істерін ұйымдастыруды бұзу, жұмыс орынның ұйыдастырудағы жетіспеушіліктер мен қанағатсыздықтар.
ҚР-ның әлеуметтік сақтандыру Мемлекеттік еңбек инспекциясының оперативті берілімдері бойынша 2012 жылы 1489 сәтсіз оқиғалар талдау нәтижесінде сақтандыруларына тиіс деп қабылданған. Мұнын ішінде 2012 жылы 102 адам қаза болуымен аяқталған, ал 2010 - 64 адам. Кәсіптік аурулар 2012 жылы 274 адамда, ал 2010 жылы - 433 адамда анықталған.
Зақым деп сыртқы ықпалдың әсерінен адам мүшелері мен тері функцияларына физиологиялық немесе аналитикалық тұтастығының бұзылуын айтамыз. Өндірістік жағдайда сәтсіз оқиғаның нәтижесінде денсаулықтың зақымдануы қызметкерлерге қандай да бір қауіпті өндірістік факторлардың кенеттен болған әсерінің салдарынан: механикалық (сыну, жаралану мен соғуларға алып келеді), химиялық (химиялық күйіктер, тұншықтырулар мен өткір улануды тудырады), термиялық (күйік, ыстық соғу) және т.б.
Жазатайым оқиғалар әр-түрлі жағдайларда орындалуы мүмкін, олар өзімен түрлі құқықтық зардаптарға соқтырады. Шартты түрде сәтсіз оқиғаны екі сатыға бөледі: тұрмыста болған жазатайым оқиға, заңнамамен көзделген жай жапсарлы орыны бар жазатайым оқиға.
Зиянды өндірістік факторлардың (химикаттар, шаңды ауа және т.с.с.) адамға әсері әдеттегідей ауыр зардаптарға соқтырмайды. Бірақ бұл шектеулі рұқсат етілген концентрациядан немесе деңгейі асатын зиянды факторлардың ұзақ әсер етуі созылмалы улану немесе кәсіби ауруға соқтыруы мүмкін.
Ұйымдық себептерге жататындар: қанағаттандырылмаған ұйымдастыру мен жұмыс орнының күтімі, ЖҚҚ жоқтығы немесе қолданылуы, еңбектің қауіпсіз әдіс-айлаларына оқытудың кемшілігі және т.б.
Монографиялық сараптама әдісі сәтсіз оқиғаның болуынан іс шараларды толық және мүмкіндігінше дұрыс анықтауға мүмкіндік береді.
Экономикалық әдіс өндірістік жарақаттануға кеткен экономикалық шығынды анықтайды. Ол еңбек қорғау іс шараларына кеткен қаржының экономикалық тиімділігін анықтайды.
Эргономикалық әдіс. Адамның физиологиялық және психологиялық қасиеттерін ескеріп, оның антропометриялық өлшемдері, адамның денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігі, оның ағзасының биологиялық серпіндерінің жұмыс істеуі мен гелиогеофизикалық көрінісі (күннің белсенділігі, Жердің магнитті және гравитациялық өрісі). Бұл әдіс «адам-машина-орта» жүйесін кешенді зеріктеуге тиімді.
Топографиялық әдіс. Сараптама жүргізу барысында барлық уақиғалар, жарақаттылықтың көрсеткіштері сәтсіз оқиға орнына қарай жинақталады, яғни өндірістік участкілер, цехтар, аумақ.
Жарақаттану сараптамасын зеріктеуге өндірістік филиалда және зертханада, яғни өндірісте жүмыс уақытында болған сәтсіз оқиғаны алдық.
Статистикалық әдіс. Негізгі көрсеткіштер бойынша кәсіпорын есебін сараптауға негізделген: сәтсіз оқиғалар саны, ауыртпалық және жиілік коэффициенті бойынша жұмысқа жарамсыздық күндері. Бұл әдіс цех пен учаскілер бөлімшелері, сондай ақ кәсіпорын бөлімшелері, салалық және аймақ бойынша жарқаттанушылық динамикасын салыстыруға мүмкіндік береді. Жарақаттануды зерттеу көрсеткіштері 2008-2011 жылдардағы жарақаттанудың арту немесе төмендеу заңдылығын айқындау мүмкіндігін береді.
Кәсіби аурулар мекемеде көрсетілмеген.
2.3-сурет – 2009-2013 ж. жарақаттану көрсеткіштері
Жарақаттың себептерін талдау әдістері. Өндірістегі жазатайым оқиғалардың себептерін талдау, оларды жою және алдын - алу бойынша шаралар әзірлеу мақсатында жүзеге асырлады. Бұл үшін монографиялық, топографиялық, статистикалық және экономикалық әдістер қолданылады.
Өндірістегі жазатайым оқиғалардың себептерін дәл және жан-жақты түсіну үшін монографиялық әдісті қолданады.
Жазатайым оқиғалардың көптеген бөлігі қауіпті болмағандықтан оларға құжат толтырылмайды. Сонымен қатар барлық жазатайым оқиғалар, қауіпті жағдайлар, сонымен қатар адамға зардап келтірмейтін жарақаттар талдау жасау үшін статистикалық мәліметтер алуға мүмкіндік береді.
Статистикалық әдістің бір түрі жарақаттар тобын зерттеу әдісі болып табылады.
Осы әдіске сәйкес жазатайым оқиғалар белгілері бойынша жеке топтарға бөлінеді: жарақат алған уақыты, зардап шеккен мамандар мен біліктіліктері, жұмыстың түрі, жасы және т.б. Ең маңызды белгілерін сәйкестендірудің бірі алдын - алу шараларының әзірлеу белгілері.
Жазатайым оқиғалардың қауіпті нүктелерін анықтау және жоғарғы жылдамдығын сипаттау үшін топографиялық әдіс қызмет етеді. Қауіпті кеңістіктегі өндірістің (басқару аймағы) апат болған жердің шартты белгісі, сабаптері мен зақымдалған дене жарақаттары статистика бойыша жинақталады. Осы кеңістіктің қауіптілік дәрежесі жазатайым оқиғалардың жиілігі бойынша, сондай-ақ олардың дәрежесімен бағаланады.
Жарақаттанудың экономикалық талдау әдісі жазатайым оқиғалардың апаттық жағдайларын алдын алу жөніндегі іс-шараларының әлеуметтік-экономикалық тиімділігін бағалау, олардан келген шығындардың залалын анықтау болып табылады.
Өндірістегі жазатайым оқиғалардың адам өміріне төндірген қауіптері қоғамға орны толмас залал әкелуде. Осы өндірістегі материалдық салдары жан - жақты болып есептеледі. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды Н - 1 б. 17 актісі бойынша келесідей көлемде қарастырады.
- жұмысқа жарамсыздық күндерінің саны;
- еңбек демалысына төленетін төлем;
- зақымданған құрылғылар мен құралдардың, материалдар және қираған ғимараттар мен құрылымдардың құны.
Жазатайым оқиғаларға негізінен тікелей әсер ететін көлемді адам шығынының тізімі жатады. Шындығына келгенде бұл шығындар маңызды болып табылады.
2.4-сурет – Мұнай және газ өнеркәсібі нысандарындағы апаттар мен өлімге әкелетін жарақаттардың 2011-2014 жылдар аралығындағы көрсеткіштері
«КазТрансОйл» АҚ 2011-2013 жж. аралығында жарақат алу нәтижесі (адам саны бойынша).
Бұл жерде электрден жарақаттануды айта кететін болсақ, ол ағзаға электр тоғынан зақым келуі. Электрлік жарақаттану бір жерде және жалпы (күйіктер) болады. Қысқа тұйықталу нәтижесінде дененің бір бөлігіне тоқтың әсерінен бір жерде электрден жарақаттану болады. Жалпы электрлік жарақаттану электр тоғының ағза арқылы өтіп, тікелей әсер етуінен пайда болады. Жалпы зақымға ұшырауда бұлшық еттер тамырларының тартылуы, жүрек қызметінің нашарлауы, тыныс алу жолдарының бұзылуы байқалады.
2.5-сурет – 2011-2013 жж. жарақаттану нәтижесінің диаграммасы
Зардап шегушіні міндетті түрде алғашқы көмек көрсету қажет, ол үшін тоқ әсерінен босатыпу керек және рубильникті өшіріп электр сымын шауып лақтырып тастау керек. Қолдан дем алдырып және жүрекке массаж жасап, зардап шегушіні емдеу мекемесіне жіберу қажет.
Ауруға немесе жарақатқа байланысты еңбекке жарамсыздық парағы, МӘСК (медициналық әлеуметтік сараптама комиссия) мүгедектік орнатпағанша немесе еңбекке жарамды болмағанша, еңбекке жарамсыздық парағы толық кезеңге беріледі. [3]
«КазТрансОйл» АҚ 2011-2013 жж. аралығында еңбекке жарамсыздық нәтижесі (адам саны бойынша).
2.6-сурет – 2011-2013 ж.ж. еңбекке жарамсыздық нәтижесінің диаграммасы
Кәсіпорында жарақаттанумен қатар өлім жағдайы болатын болса, онда ол бірінші ретте тіркеледі. Оның әсері анық кездейсоқтық сипатты негіздейді, алайда ол туралы мәліметтер кәсіпорынның қауіпсіздік күйі туралы ұсынысты бермейді. Статистика бойынша өлім жағдайын жіберу үшін 50 жарақаттану жағдайы,150 алғашқы көмекке қаралу, 1000 жабдық шығыны жағдайы, 1000 ережені бұзу (қауіпті әрекеттер), олардың тіркеуге енуінен тәуелсіз болуға тиісті. Техникалық жағынан мұнда қиындықтар жоқ, барлық деңгейдегі қауіп-қатерді іздестіру қажет. Бұл үшін талдау әдісін және апаттылықтың және жарақаттанудың деңгейін жоспарлау керек.
Соңғы жылдары жүргізілген өндірістік жарақаттарды талдау оның себептерінің үлесі қызметкерлердің бұрыс амалдарымен байланысты немесе ұйымдырдың деңгейі үнемі өсуде және қазіргі уақытта техника-технологиялық себептерден үлесі айтарлықтай асуда. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі алдымен ұйымдастыру жүйесінің тепе-теңдігінің бұзылуымен және стандартқа сай емес, регламенттік емес ережелер мен жағдай нормаларының санының өзгеруімен байланысты. Сондықтан ішкі нормативтік-техникалық базаны қалыптастыру, нақты өндірістік процестерді ескерусіз, тиісті әсерді бермейді. Өзгеліктерге жатқызуға болады: жабдықтардың озуы, қызметкерлерді саралау, шектес процестердің қатысуы және т.б. Бұдан басқа, динамикалық өзгеретін өндірістің процесі жаңа қауіп-қатердің пайда болуын арандатады.
